Фиолетовый Диагональные Блоки Предложение по Продажам Презентация по продажам



Дата15.11.2023
өлшемі3.4 Mb.
#483343
Фиолетовый Диагональные Блоки Предложение по Продажам Презентация по продажам


Орындаған:Күзембайқызы Гүлсипат
Тексерген:Жексенаева А.Б
Малдың иммундық статусын, стресс жағдайын, өнімділігін реттейтін дәрілік заттар. Ауыр металлдар препараттары
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»КеАҚ
Жоспар
1.Иммуностимуляторлар
2.Стресске қолданылатын дәрілік заттар
3.Мал өнімділігін реттеуші дәрілік заттар
4.Ауыр металл препараттары
Иммуностимуляторлар
Организмді патогенді микроорганизмдерден қорғайтын ең негізгі факторлар – қарсы денелер (антитела). Оның мөлшері көптеген жануарларда жалпы қанның 1 %-ы мөлшерінде. Індетті ауруларда олардың саны күрт көбейеді. Олардың продуценты лимфоциттерден туындайтын плазматикалық торшалар. Олар екі топқа бөлінеді: тимустәуелді – Т- лимфоциттер және бурсотәуелді – В- лимфоциттер. Т- лимфоциттер тимуста, ал В- лимфоциттер сүйек кемігінде түзіледі. Т- лимфоциттер өз кезегінде Т- хелперы (көмекшілер), Т- супрессоры (депресанттар) және Т- киллеры («өлтіргіштер») болып бөлінеді.
Иммуностимуляторларды қолдану негізгі қажеттілік
    • организмнің иммундық статусын реттейді, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімділігін арттырады, вакцинация кезіндегі иммундық жауапты жоғарылатады;
    • организмнің қорғау күшін белсендендіреді, соның салдарынан қолданылатын көптеген дәрілік заттардың тиімділігі жақсарады;
    • регенерация процессі жақсарады, жаралардың тез жазылуына себепкер болады;
    • малдардың өсіп-өнуін тездетеді;
    • организмнің стресс-факторларға қарсы тұру қабілеттілігін реттейді.

Левамизол
Левамизол – Levamizolum. Фениламидазотиазол туындысы. Суда еритін, ақ түсті ұнтақ. Арнайы Т- лимфоциттердің функциясына дем береді, фагоцитозды үдетеді, торша иммунитетін реттейді. Организмнің жалпы қолайсыз жағдайға қарсы тұруын жоғарылатады. Иммундық жеткіліксіздіктің әртүрлерінде еттің ішіне жіберу арқылы қолданады
Стресс – төтенше тітіркендіргіштердің әсерінен организмнің бейімділік механизмдерінің ерекше қиын жағдайға ұшырауы. «Стресс» ағылшынша – қиналу, немесе организмнің төтенше тітіркендіргішке жауабы.Организмнің стресс-реакциясының үлгісі:
Тітіркендіргіш – Гипоталамус – Кортикотропты фактор – Гипофиз – АКТГ – бүйрек үсті безі – Кортикостероидтар мен Катехоламиндер.
Стресске қарсы қолданылатын дәрілік заттарды 3 топқа бөледі:
Стресс – протекторлар;
Адаптогендер;
Стресстің белгілеріне қарсы қолданылатын дәрілік заттар.
Стресс-протекторлар мен адаптогендердің бөлінуін тек шартты түрде деп қараған жөн. Бір препараттар дозаларына байланысты екеуінің де ролін атқаруы мүмкін.
Лейролептик. Техногендік стресстерде қолданылады. Орталық нерв жүйесін аздап қажытады, антиадренергиялық, антихолинергиялық әсерлері бар. Дене қызуы мен артериялық қысым төмендейді. Гистаминге қарсы әсері оның қабынуға және аллергияға қарсы әсерлерін қамтамасыз етеді. Препаратты ауыз қуысы арқылы және еттің ішіне жібереді .
Осыған сәйкес әсер ететін препараттардың қатарына хлорпротиксен, галоперидол, резерпин, литий карбонаттары жатады.
Аминазин – Aminazinum
Феназемап.Адаптогендер
Феназепам. Транквилизатор. Негізінен дофаминді рецепторларды қажытады, тартылуға қарсы, миорелаксантты және ұйықтататын әсерлері бар. Аз уақытты техногенді стресстерде балапандарға ауыз қуысы арқылы тағайындайды.
Нозепам, амизил, бромидтер, кейбір өсімдікдәрілері де осыған ұқсас әсер етеді.
Адаптогендер. Адаптогендер негізінен организмнің қорғаныс күшін жоғарылатады және оны бейімдейді. Олар гипоталамо-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесіне қоздырушы әсер етеді. Стресске қарсы «вакцина» тәрізді деп түсінген жөн.
Метилурацил – Methyluracilum. Пиримидиннің туындысы. Медицинада баяу жазылатын жараларды, күйікті, сүйек сынықтарын емдеуде қолданады. Кілегей қабықта нуклеиннің алмасуын қалыптастырады. Асқазан мен он екі тұтам ішектің ойық жараларында, гастрит, гепатит, панкреатит ауруларында қолданылады. Техногендік стресстерге организмнің резистенттілігін жоғарылатады.
Ұқсас әсер ететін препараттар: бемитил-2, агаротін препараты, элеутрококк, лимонник, женьшень тамыры, левзеи экстракті, родиола, заманиха тұнбасы, аралии.
Стресске қарсы әртүрлі бағытта әсер ететін препараттардың қатарына этимизол, эндогенді опиаттар жатады.
Мал өнімділігін реттеуші препараттар
Мал өнімін молайтудың негізгі жолдары – асыл тұқымды, жоғарғы өнімді мал өсіру және оларды азықтандыру мен күтіп-бағудың тиімді жағдайын туғызу. Бұл талаптардың дұрыс орындалуына кедергі келтіретін жағдайлар да жоқ емес:
    • Барлық талаптарға сай келетін малды күтіп-бағу технологиясын қамтамасыз етудің қиындығы;
    • Барлық жағынан талапқа сай жауап беретін мал азығының сирек болуы;
    • Малда кездесетін әртүрлі аурулар.

    • Осындай қайшылықтарды реттеу үшін әртүрлі биологиялық белсенді заттар: витаминдер, антибиотиктер, ферменттер, микроэлементтер және т.б. заттар кеңінен қолданылады. Малшаруашылығында қолданылатын биологиялық белсенді заттарды 2топқа бөлуге болады:
    • Мал өміріне аса қажетті емес заттар – эрготропиктер;
    • Мал өміріне өте қажетті, қоректік бағалы заттар – қосымша азықтар.

Пробиотиктер
Адамдар мен малдардың ас қорыту жүйесіндегі өміршең симбионтты микроорганизмдердің негізінде биотехнология әдістері арқылы алынған құрғақ стандартты препараттар. Құрамына сүт қышқылы, пропион қышқылы бактериялары; әртүрлі дрожждар және микроорганизмдер кіреді.
Препараттың механизмінің негізінде олардың шіріткіш және шартты патогенді микрофлорамен бәсекелестік қарым-қатынасы жатыр. Осының нәтижесінде микрофлора қалыптасады, қоректік заттардың сіңуі жақсарады. Құрамында әртүрлі өсу факторлары болғандықтан, олар жалпы зат алмасу процессін белсендендіреді.
Өндірісте пробиотикалық препараттардың екі түрі шығарылады: құрғақ ацидофилин және пропиовит.Бұл препараттар төлдердің ас қорыту жүйесінің ауруларының алдын алу және малдың өнімділігін арттыру үшін ұсынылған.
Қазіргі кезде өндірістік тексеруден пропиоцид және СБА пробиотиктері өтуде. Пропиоцид пропиовит пен ацидофилиннің қосындысы, құрамында микроорганизмдердің 3 түрі бар: бифидобактерии, сүт қышқылды стрептококк және ацидофиль таяқшасы.
Пробиотиктер
Эрготропиктер (гр. эрго – энергия, тропизм – бағыт). Қоректік заттардың энергиясын мал өнімділігін жоғарылатуға бағыттау. Оларды 3 топқа бөлуге болады:
    • Ішек стабилизаторлары: азықтық антибиотиктер, ферменттер, хиноксалин туындылары, мес қарынның микрофлорасын реттеушілер, пробиотиктер, органикалық қышқылдар;
    • Зат алмасу процессін реттеушілер: гормондар, биогенді пептидтер, иммуностимуляторлар, тін препараттары, адаптогендер, стресс-протекторлар;
    • Әртүрлі топтардың препараттары.

Назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет