Физикалық сәттіліктің


Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын денсаулық сақтау технологиялары



бет2/3
Дата01.07.2016
өлшемі281 Kb.
#171191
1   2   3

1.2. Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын денсаулық сақтау технологиялары
Оқушының жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау, қажудың алдын алу мен зорығуды болдырмау үшін, олардың еңбегі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру арқылы шешу денсаулық сақтау педагогикасының негізгі міндеті болып табылады. Ол үшін мектеп өмірінің негізгі жағдайларын ескеру қажет: сабақтың ұзақтығы, оқу күні мен аптасының ұзақтығы, сабақтың ұйымдастырылуы, сабақ кестесі, үзілістер. Жұмысқабілеттілік динамикасы сызығына жүргізілген арнайы зерттеулер сабақтың 45-тан ұзақ болуының қажет еместігін көрсетеді. Бірақ бастауыш сынып оқушылары үшін, әсіресе 1-сыныпқа 45 минуттық сабақ ұзақтығы ауыр соғады. Жұмысқабілеттілік сызығы сабақтың 35 минутына дейін балалар жұмысының жылдамдығы мен нақтылығы бірқалыпты, ал соңғы 10 минутта күрт төмендейтінін көрсетеді. Бұл адам миының сұр бөлігінің шаршайтындығын түсіндіреді [7]. Педагогикалық бақылаулар сабақтың соңғы 10 минутында балалардың жартысынан көбі мұғалімді тыңдамайтындығы мен басқа шаруамен айналыса бастайтынын байқаған. Сабақтың ұзақтығы 35 минутқа қысқарту орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайын жақсартады және оқушының жоғары жұмыс қабілеттілігін оқу күні барысында сақталуына мүмкіндік береді [10,3].

Мектеп ұжымның келісімімен бастауыш сыныптардағы сабақ ұзақтығын (әсіресе 1 - сыныптарда) 35 минут жасауға құқығы бар. Бірақ көп жағдайда мектеп ұйымдастыру қиыншылықтарына байланысты бұл құқықты пайдалана бермейді. Бала денсаулығын сақтауды ойластырған мектеп үшін бұл шешілмейтін мәселе емес. Мысалы, 1 сыныптағыларды мектепке бейімдеу мақсатында алғашқы 2 айда (қыркүйек - қазан) 3 сабақтан 30 минуттық ұзақтықпен, ал қарашада 4 сабақ 30 минуттан, желтоқсаннан бастап 4 сабақ 35 минуттан етіп біртіндеп ұзақтығы мен жүктемесін ұлғайту керек [10,7].

Оқушының сабақ үлгерімі мен денсаулығының оң нәтижелері оқу үрдісін ұйымдастыруда биологиялық ритмін ескерілу қажет екендігін көрсетті. Күннің бірінші жартысында сабақ ұзақтығы 45 минуттан 35 минутқа төмендеуі (жұмыс қабілеттіліктің төмендеуіне байланысты) қажет. Ал күннің екінші жартысында (2 - кезекпен оқытылатын мектептерде) алғашқы сабақ 30 минуттан, соңғы сабақтарды 45 минуттық етіп қоюға болады. Оқуды 6 жастан бастаған балалар үшін қысқартылған (30 - 35 минуттық) сабақтар аса қажет.

Соңғы жылдары көптеген мектептерде 5 күндік оқуға көшулеріне байланысты бір күнде оқылатын сабақтар саны көбейген, ал сабақ ұзақтығы 40 минуттан болды. Бұл дұрыс шешім, бірақ бастауыш сынып оқушылар үшін, әсіресе 1 - сыныптар үшін 40 минут өте ұзақ [5].

Бәрімізге белгілі 1- сынып балалары балабақшадан мектепке бейімделетін өтпелі уақытты кешеді, маңыздысы оның аса күрт болып, балаға ауыр соқпау керек.

Оның үстіне балалар бақшаның дайындық топтарында 2-3 сабақты 25 минуттық ұзақтықпен оқиды. Арада бірнеше ай ғана айырмашылықпен бірден 4 сабақпен 35, кейбір жағдайда 45 минуттық сабақ үлкен ауыртпалық болып есептеледі. Бұндай оқу күні 1-сынып оқушылары үшін әсіресе алғашқы уақытта қиын соғады. Зерттеулерге сүйенсек, 30-35 минуттық сабақтың өзінде оқушылар қажетті деңгейді меңгереді, ал 45 минуттық төрт сабақ (әсіресе І - жартыжылдықта) 6 жасарларға ғана емес, 7 жасар балалар үшін де ауырлық жасайды.

Сондай-ақ, 1-сыныптар үшін төрт сабақ өте тиімсіз. Мысалы, олардың 4-ші сабақтағы жұмыс жылдамдығы 1-сабақпен салыстырғанда 1,6 есе, жұмыстың орындалу нақтылығы 2,6 есе төмен. Оның үстіне 1-3 сабақтарда оқушылардың жұмыс қабілеттілігі біртіндеп түссе, 4-ші сабақта күрт, секірмелі төмендеу байқалады. Бұл «секіру» критикалық нүкте ретінде физиологиялық мақсаттылық пен мүмкіндік шегін көрсетеді. Бұл әсіресе апта соңындағы 4 сабақта айқын байқалады [5].

Демек қазіргі міндет аз уақыт ішінде көлемді оқу материалын игерту қажет. Бұл міндетті шешудің бірнеше бағыттары бар. Біріншіден, адамның қордағы мүмкіндіктерін белсендіретін оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін жасау. Екіншіден, мектептің оқу уақытын ұзарту, ол жылдың соған сәкес күндік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Үшіншіден, мектептің кәсіби бағыты бойынша арнайы бағдарламалармен оқыту, яғни мамандығына қажетті пәндерді ғана оқыту арқылы, сабақ жүктемесін азайту. Сонда оқу сағатының санын көбейту арқылы көп мәлімет білдіреміз деу бала денсаулығына физиологиялық сәйкес келмейді және тиімсіз.

Ал оқытудың жаңа құралдары мен әдістеріне келетін болсақ, олардың салауатты болуы шарт, яғни оқушы денсаулығына зияны болмауы керек. Бүгінгі күні педагогикада дамыту және оқыту технологиялары көп, бірақ олардың барлығы салауаттылық мақсатты ұстана бермейді. Мысалы, В.Н.Зайцевтің технологиясы төменгі сынып оқушыларының жалпы оқу біліктерін жоғары нәтижеге жеткізуге бағытталған.

Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесінің мақсаты - тұлғалық жан-жақты үйлесімді дамуы, т.б.

Практикада бір-біріне кедергі келтірмейтін, керісінше бірін-бірі толықтыратын, жетілдіретін бірнеше оқыту технологиялары бар. Олардың ішінде қазіргі мектептерде жиі кездесетін - дәстүрлі және дамыта оқыту технологиялары бар.

Дәстүрлі оқытудың негізі ерекшелігі авторлық педагогикаға негізделген, мектепті «білім» көзіне айналдырады. Ол өз кезегінде оқушылардың көпшілігін оқу күнінің соңында, не оқу жылының соңында жаппай зорығуына әкеп соқтырады [16].

Ал дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы бірлесе отырып оқып үйренеді, бұндай оқыту өз кезегінде оқушы дамуын қамтамасыз етеді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы, дәстүрлі оқытуға қарағанда, денсаулық сақтау педагогикасы принциптеріне жауап береді.

Сондай-ақ, ойын технологиялары арнайы ұйымдастырылған жағдайда, белгілі ережелерге сай іс-әрекеттерге сүйеніп, оқушының жасына сай әрекеттік негіздегі жолдар мен құралдар арқылы оқу әрекетіне ауысады.

Оқушының мектепке келгендегі оқуға деген қызығушылығын пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастырудың маңызы зор, себебі бала қызыққан нәрсесін тез игереді.

Оқу әрекеті дұрыс ұйымдастырылғанда ғана (мектептің сабақ режимі қатаң сақталғанда, сабақ кестесіндегі пәндерді баланың жұмыс қабілеттілігін ескере отырып ретпен қойғанда, көрнекі құралдарды қолдану, гигиеналық талаптарды орындау, жағымды эмоциялық дем беру, т.б.) денсаулық сақтау педагогикасының міндеттерінің бірі - оқушының жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау мен қажуын болдырмауды шешуге болады. Қазіргі мектеп оқушылардан арнайы білім мен біліктерді ғана емес, аналитикалық-синтетикалық күрделі ақыл-ой әрекетін талап етеді, ол өз кезегінде үлкен жұмыс қабілеттілікті қажет етеді.

Ал ақыл-ой қабілеттілік деп баланың өнімді және ұзақ уақыт белгілі бір ақыл-ой әрекетін өз жасына лайықты жүйке-физиологиялық аз шығынмен орындай алу қабілеті. Ол мектепте табысты оқытудың негізгі маңызды шарты. Бастауыш сынып оқушыларында ақыл-ой қабілеттілік жоғары шегіне көтеріле алады, әсіресе ол инновациялық бағдарламаларды оқыту кезінде байқалады. Бірақ бұл барлық балаларға тән емес. Практика жүзінде байқағанымыздай, әсіресе бастауыш сынып оқушыларында қажу тез болады, осыдан келіп үлгермеушілік туады. Сондай-ақ төменгі сынып оқушыларының ақыл-ой қабілеттілігіне олардың физикалық дамуы мен денсаулық жағдайы әсер етеді.

6 жастан мектепке келгендердің 39%-да құжаттағы жастан биологиялық жасының кешігуі байқалады. Баланың 6-7 жасқа келгені, оның мектепке психологиялық жетілгендігі мен дайындығын көрсетпейді. Керісінше бұл кезеңде балалардың дамуының ауытқулары мен денсаулық жағдайлары бақылау жасауды талап етеді. Балалардың 90%-ның жұмысқабілеттілігі төмен болуы себепті сабақта пассив болады. Олардың оқуға деген қызығушылығы төмен, ақыл-ойды жұмсауды қажет ететін тапсырмаларға селқос болады.

Оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін көтеру үшін бастауыш сынып оқушыларының сабағын ұйымдастыру жағдайын үнемі өзгерту, сабаққа сергіту минуттарын енгізу, оқу материалдарын игеруді ойын түрінде өткізіп отыру қажет. Мазмұны әртүрлі қозғалыс ойындары арқылы, физикалық жаттығулар арқылы баланың биологиялық табиғатына әсер етіп, оның денсаулығын шынықтыруға, физикалық жетілдіруге болады. Дамуы кешеуілдеген балалармен күнделікті жеке жұмыс жасау арқылы, олардың ақыл-ой қабілеттілігін көтеруге болады. Жұмысқабілеттіліктің бір күндегі динамикасына қарайтын болсақ 2 типті: І тип 800-1200 сағаттың арасы, ІІ тип 1600-1800 сағат арасында жоғары жұмысқабілеттілікті көрсететіндігін байқауға болады.

Осыған орай сағат 1200 –ден соң жұмыс қабілеттілік төмендейді. Оның үстіне балалардың жұмыс қабілеттілігі бір деңгейде тұрмайды, ең оптималды уақыт 9 – ден 12-нің арасы болады. Бір сабақ барысының өзінде ол әртүрлі болып тұрады.

Адамның жұмысты бастауға кірісу кезі ену фазасы деп аталады. Бұл кезде жұмыс қабілеттілік төмен болып, біртіндеп көтеріле бастайды. Ересектерге қарағанда балаларда ену фазасы қысқа болады, ол олардың жүйке жүйесінің функционалдық қызметінің тез қозуымен түсіндіріледі. 80% балаларда ол 2-7 минутқа созылады. Одан соң жұмысқабілеттілік бір қалыпты деңгейде болады да, 20 минуттан соң төмендей бастайды. Сондықтан сабақтың алғашқы 7 минутынан соң, жаңа материалды игерту жұмыстары жүргізілу қажет. Кейбір мәліметтер бойынша (М.В.Антропова) бастауыш сынып оқушыларының белсенді зейінділік көрсететін уақыты 15-17 минут деп анықталады. Сол себепті 6 жасар балалар 15-20 минуттан соң, 7 жастағылар 20-25 минуттан соң әр нәрсеге алаңдап, олардың зейіні төмендейді. Сабақтың соңғы 5-10 минуты педагогикалық өнімділігі төмен уақыт, сол себепті «соңғы секіру» деп аталады. Осыған байланысты оқушылардың оқу белсенділіктерін ескеру қажеттілігі туралы көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап кетеді [28].

Бір күндегі жұмысқабілеттілік динамикасына талдау жасайтын болсақ, 1-ші сабақ аса өнімді болмайды. Себебі ол ену фазасына түседі, ал 2-3 сабақтар оптималды жұмыс қабілеттілік кезеңге келеді, сондықтан оқушылар өте өнімді жұмыс жасайды. 4-сабақ жұмыс қабілеттіліктің төмендеген кезеңіне тап болады, сондықтан өнімсіз болады. Ал оқу күні мен аптасындағы жұмыс- қабілеттілік сабақ кестесінің түзілуіне қойылатын физиологиялық-гигиеналық талаптарға байланысты. Сабақ кестесін құру кезінде пәндердің меңгеру деңгейі қиындығы ескерілу қажет. Пәндердің қиындық шкаласын пайдалана отырып деңгейлеу қажет. Жұмысқабілеттіліктің ең төменгі көрсеткіші дүйсенбі күні байқалған, сондықтан дүйсенбі және сенбі күндері оңай сабақтар қойылу қажет. Оқушының жұмыс қабілеттілігі бір күн ішінде ғана өзгеріске түспейді, апта күндерінде де өзгерісі болады. 6 жасынан оқуға келгендердің апталық динамикасы оқу пәндерінен қиындығына байланысты. Жоғары сынып оқушыларына қарағанда бастауыш сынып оқушылары апта ортасында жеңілдетілген күн тәртібін сұранады, олардың жұмыс қабілеттілігі төмендеп, көңіл-күйлері бұзылады. Жоғары жұмыс қабілеттілікті сақтау үшін сабақтың ұзақтығы мен оқушы әрекетінің әртүрлі болуына назар аудару қажет [29]. Сабақ қаншалықты біртекті, монотонно өтсе, соғұрлым балалар тез қажиды. Әсіресе бұл бастауыш сынып оқушыларына тән. Бұдан басқа, бастауыш сынып оқушыларына бірінші сигнал жүйесі арқылы оқыту, яғни көрнекілік арқылы оқытуды қолдану қажет. Оқушының оптималды жұмыс қабілетінің ұзақтығын көрсету үшін сабақты мұғалімнің монологы түрінде емес, оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолданып, оқушымен мұғалімнің сұхбаты түрінде өткізу керек. Сабақ барысында әрекеттің бір түрінен, екінші түріне көшіп отыру оқушылардың қажуын ұмыттырады.

Сабақ кестесін түзу кезінде оқушының күн және аптадағы жұмыс қабілеттілік динамикасын ескере отырып, жұмыс қабілеттілік жоғары болатын сағаттар мен күндерге қиын пәндерді, ал төмендейтін сағат пен күндерде оңай пәндерді қою керек. Әрине, қиын-жеңіл екендігі оқушының қабілеті мен икемділігіне, оның пәнді қалай эмоционалды қабылдайтынына да байланысты. Сондай-ақ, пәннің қиын-жеңілдігі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне де баланысты. Сонда пәннің қиын - жеңілдігі туралы пікір субъективті болып шығады [30].

Дегенмен көптеген зерттеулерде пәннің қиындық деңгейлері анықталған. Бастауыш мектепте оқу мен жазу сабақтары арифметикаға қарағанда қиын екендігін көрсетті, ол оқушылардан белгілі бір дағдының қалыптасу қажеттігін көрсетеді. Ең жеңіл сабақтарға дене шынықтыру, еңбек, бейнелеу өнері, музыка сабақтары екендігі анықталған.

Егерде оқушының еңбегі мен демалысы ауысып отырса, қандай болса да әрекеттердің өнімділігі жоғары болады. Демалыс ретінде сабақ арасында үзілістер қойылған. Олардың ұзақтығы мен дұрыс ұйымдастырылуы арқылы оқушылардың жұмысқабілеттілігін сақтап қалуға болады.

Демалыстың 2 фазасы белгілі: а/ жоғалған жұмыс қабілеттілікті толтыру, б/ толтырылғанды бекіту. Бұл фазаны жүзеге асыру үшін оқушының шаршауына байланысты уақыт берілу қажет. Физиолог, медик, гигиена қызметі мамандары анықтағандай 45 минут сабақтан соң 10 минут жеткілікті. Осыған орай үзілістің 10 минуттан кем болмауы қадағалану қажет. Көптеген мектептерде бұл да ескерілмейді.



ІІ. Бастауыш мектеп жағдайында денсаулық сақтау технологияларын падалану мүмкіндіктері

2.1. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда денсаулық сақтау технологияларын қолдану ерекшеліктері
Денсаулық сақтау педагогикасы барлық басқа педагогикалық жүйелер мен әдістемелерге балама бола алмайды. Оның басқа педагогикалық жүйелер мен бағыттардан айырмашылығы – оқушы мен мұғалімнің денсаулығына қамқорлықтың басымдылығын жүзеге асыруы. Денсаулық сақтау технологиясы, тұлғалыққа бағытталған педагогика және де т.б. білім беру жүйелерімен ұстанымдары мен ерекшеліктері мәндес болып келеді [16].

Сыныптан тыс жұмыстарға тән нәрсе – оқушылар өз сұранысы мен қызығушылығы бойынша ерікті, саналы, белсенді шешімі бойынша қатысады. Жоғары сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың өздері ұйымдастыратын болса, төменгі сыныптарда оны мұғалім ұйымдастырады.

Көптеген зерттеушілер төменгі сынып оқушыларының сыныптан тыс іс-шараларына оқушының және ұжымның әрекетінің әр түрлі формаларын жатқызады. Сыныптан тыс іс-әрекет дегеніміз – оқушының жеке қызығушылығы мен сұранысы негізінде орындалатын мақсатшылық. Бірақ жұмыс барысында педагог балаға орындалып жатқан әрекеттерге қоғамдық мәні бар негіз береді, оның негізінде тұлғалық мәнін сезінеді және қабылдайды.

Сыныптан тыс әрекеттер үрдісінің мазмұны денсаулық мәні, салауатты өмір салты, оны ұйымдастыру тәсілдері, төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескерілген педагогикалық бейнелеу материалдары негізінде құрылады. Зерттеу барысында үрдістің осындай ерекшеліктері мен баланың салауатты өмір салтын қалыптастыру міндеттерін салыстыра отырып, төменгі сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарының қызметтерін анықтадық:



  • когинтивті – оқушының денсаулықты сақтау мен шынықтыру бағытындағы түсініктерін кеңейту және терең білдіру; салауатты өмір салтының ережелері мен нормалары туралы, салауатты өмір салтын өзі ұйымдастыру тәсілдері туралы, денсаулықты нығайтудың халықтық тәсілдері туралы, зиянды әдеттердің (алкоголь, есірткі заттар, темекі шегу) ағзаға әсері туралы, т.б.

  • Дамытушы – оқушының денсаулық сақтау мен нығайту, салауатты өмір салты, шығармашылық қабілеттерін таныту, т.б. бағыттарда танымдық қызығушылығын дамыту.

  • Бекітуші – денсаулықты сақтау және нығайту бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту, оқу үрдісі барысында қалыптасқан білік пен дағдыларын жетілдіру;

  • өзін-өзі ұйымдастырушы – денсаулықтың барлығымызға белгілі аспектілеріне сәйкес әрекетімізге өз белгімізше білік пен дағдыны қалыптастыру; бос уақытты тиімді жоспарлау, өзін өзі оқыту мен тәрбиелеудің білік пен дағдыларын дамыту;

  • тәрбиелеуші – оқушының өз денсаулығы мен қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту мәселелеріне өзіндік көзқарасын қалыптастыру, өз мүмкіндігі мен қабілеттеріне балама баға беру, адамгершілік сапаларын, өзбеттілік, тәртіптілікті, жауапкершілікті, ұжымдықты және т.б.

  • Практикалық-іс-әрекеттік – денсаулықты сақтау мен нығайтудың теориялық білімдерін ғана емес, денсаулыққа байланысты практикалық білік пен дағдыларды жүзеге асыра білуі керек.

Төменгі сынып оқушыларының сыныптан тыс әрекетінің жоғарыда келтірілген қызметтерін кешенді жүзеге асыру оны сауатты ұйымдастыра білуге байланысты. Ол мұғалімнің келесі педагогикалық әрекеттерінен тұрады: диагностика мақсаткерлік, жоспарлау, жобалау, басқару, бақылау, талдаудан тұрады.

Оқушының денсаулығын сақтау мен нығайту бағытындағы жұмыстарын үш стратегияның біріне сәйкес жүргізу керек [16].



  1. Дәстүрлі стратегия. Мұнда негізгі міндетті медициналық-гигиеналық технологиялар негізінде дәрігерлер шешеді, ал педагогтар олардың тек шешімдері мен нұсқауларын орындайды. Бірақ қазіргі қоғамның адамы денсаулығына зиянды әсері мен денсаулық сақтау мекемелерінің қаржылық мүмкіндіктерінің төмендігі аса нәтиже бере қоймайды.

  2. Нүктелік стратегия жұмыстың жүргізіліп жатқандығынан әсер беретін жеке әрекеттер, шешімдер, іс-шаралар. Бұған мектептерде фитобарларды ашу, психологиялық жүктемені азайту бөлмесі, бірнеше стендтер, "Денсаулық күні" мен "Денсаулық мерекесін" өткізу, салауаттану факультатив сабағын енгізу, т.б. Бұлардың тәтижесі де мардымсыз және тұрақты емес.

  3. Мектептің денсаулық сақтау кеңестігін қалыптастыру стратегиясы. Ол үшін мектеп бірнеше қадамнан тұратын жұмысты жүргізу керек.

1-қадам. Бұл жобамен жұмыс істеуге шет білдірген (5-10 адам) бірнеше адамнан жұмыс тобын құру. Оның құрамына мұғалімдер, мектеп мамандары, ғылыми ұйымдар өкілдері, ата-аналар кіруіне болады.

2-қадам. Жобаны құрау: мақсатын анықтау, міндеттері мен қолдағы қорды бағалау (материалдық-қаржылық, кадр құрамы, ұйымдастырушылық, ақпараттық)

3-қадам. Жобаны жүзеге асыру үшін қосымша ресурстар қарастыру және қамтамасыз ету. Ғылыми орталықтармен серіктесіп жасау келісім шарттарын жасау, ата-аналар комитетінің, мұғалім, демеушілік мүмкіндіктерін белсенді ету.

4-қадам. Жобаның жұмыс нұсқасын жасау және жергілікті жағдайды ескере отырып, кезеңімен жүзеге асыру жоспарын жасау. Жобаға қатысушылардың міндеттері мен жауапты бағыттарды бөліп беру.

5-қадам. Оқушы денсаулық жағдайы мен денсаулыққа зиянды әсер ететін факторларды диагностикалау бағдарламасын жасау. Оқушының жеке көрсеткіші картасын құрастыру.

6-қадам. Оқушылардың денсаулық жағдайы нәтижесі мен патогенді факторлар құрылымына талдау жасау. Келесі кезеңде мектептің жұмысын жоспарлау мен түзетуде алынған нәтижелерді ескеру.

Бастауыш мектепке денсаулық сақтау технологиясын ендіру жағдайын бағалаудың бірнеше индикаторларын келтірейік:


  1. Оқушының денсаулық мониторингі мен мектептегі өзгерістердің нәтижесін жасау.

  2. Оқушылардың мектепке келу ынтасының болуы – өте ақпараттық көрсеткіш, олай дейтін себебі бұл оқушының мұғаліммен қарым-қатынасын, сыныптағы психикалық климатты көрсетеді.

  3. Оқушының оқу жүктемесінің көлемі – сабақтар саны мен үй тапсырмасына бөлінетін уақытты

  4. Зиянды әдеттерге бейім оқушылар саны.

  5. Мектептің гигиеналық жағдайы – оқушының денсаулығына деген қамқорлық қарапайым гигиеналық талаптарды орындаудан басталады.

  6. Дене шынықтыру сабағының мазмұны және физикалық даму мен спортпен үнемі және шын көңілмен айналысуға сұранысы.

  7. Сабақ біткеннен кейінгі мектеп өмірі: мектеп 2/3 тәулікке бос бола ма, сабақтағы сияқты жұмыс жүргізіледі ме.

  8. Төменгі сынып оқушыларының белсенділігі мен қызығушылығы, денсаулық тақырыбындағы іс-шараларға қатысуы. Есеп үшін жасала салған іс-шаралар үлкен зиян келтіреді. Балалар алдамшы жасалған әрекет пен сөздерге сенбейді.

  9. Педагогикалық ұжымның психологиялық климаты. Бір ғана директор және бірнеше мұғалім жұмысы басқа мұғалімдер қолдамаса жүзеге аспайды. Оны мұғалімдер бөлмесі мен педкеңеске қатысу арқылы бірден тануға болады.

  10. Сабақтан шыққан оқушы түрі (әсіресе күннің ортасында): оқу жүктемесімен бастырылған, мұғалімнің авторитарлық стилі, келесі сабақты күшпен күтеді, немесе эмоционалды, көтеріңкі көңіл күймен дайындығын көрсетеді.

  11. Оқушының мұғаліммен және бір-бірімен қарым-қатынасының сипаты: бауырмалдық, бір-бірі түсіну, бір-біріне көмек беруге дайын болу, т.б.

  12. Оқушылардың ата-аналарының мектепке қарым-қатынасы: олар мектепке шақыру бойынша ғана келеді ме, әлде мектеп өміріне өз еркімен белсенді араласады ма.

Педагогикалық қауымдастық оқушы денсаулығына дәрігерден гөрі мұғалім үлкен ықпал ететіндігін мойындаған. Бірақ мұғалімге дәрігер міндетін атқаруын емес, психологиялық-педагогикалық технологияны үйрету қажет.

Төменгі сынып оқушылары үшін ересектер – олардың ата-аналары мен мұғалімдерінің әрекеті, педагогикалық іс-шаралардың жүйелігі мен тұтастығы үлкен әсер етеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстары мына бағытта жүргізілуі қажет: оқушылармен жұмыс, ата-аналармен жұмыс, қоғаммен жұмыс.

Сондықтан да бірінші кезекте сынып жетекшісі мен ата-аналар – баланың қызығушылығы мен жас ерекшеліктерін ескеріп, оның рухани және физикалық еркін дамуына жағдай жасау, қорғау қажет. Сынып жетекшісі барлық балалардың физикалық дамуы туралы білу керек, ал ата-ана мен балалар өз денсаулығындағы күдікті жағдайлар болса ол туралы жасырмай айту қажет. Оқушы тек орындаушы ғана емес, оның тұлға болып қалыптасуына көмек берілу керек. Адамды қорғау позициясы олармен жеке жұмыс жасау болып саналады.
Неліктен бірінші кезекке баланың физикалық және психикалық денсаулығы қойылады? Қазіргі уақытта біздің мемлекетте дені сау балалар 14% - ды, 50% - ның денсаулығында ауытқу барлығы, 35% созылмалы аурулардан зардап шегетіндігі белгілі. Невроздық оқушылардың 20%-да кездеседі, олардың 3% бірнеше жыл тәжірибесі бар нашақорлар. Оқушының физикалық денінің сау болуы мен болмауы оның жұмысқабілеті мен танымдық белсенділігіне әсер етеді.

Мысалы, бала бас ауруына мазасызданады, оның барлық нәрсе жүйкесіне тиеді, бірақ ол өзінің көруі нашарлап жатқанын білмейді.Ал басқа біреулер үнемі мазасыз, қызба, тиянақтылық жоқ. Медиктердің анықтауы бойынша, бұл жағдайдың 70% ас қорыту жүйесінің ауруларына немесе ұйқының бұзылуына байланысты екендігі белгілі болған. Егер оқушыда созылмалы салқын тию мен жөтел бар болса, ол оның ұйқы безі, бүйрек үсті безі, ішкі секреция бездері аурулары бар екендігін білдіреді.

Бұл бағыттағы сынып жетекшінің жұмыстары:

1. «Денсаулық» бағдарламасы бойынша балаларды ақпараттандыру.

2. Бұл жұмысқа дене шынықтыру мұғалімдерімен ата-аналарды тарту.

3. Денсаулықтың құндылығын бағалау сенімін дамытуға бағытталған сыныптық іс- шараларды дайындау және өткізу.

Сынып жетекшілерінің жұмысының екінші бағыты – тілдесу. Балалар тілдесу арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге әкеледі. Бұл жақсы ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жүйесі арқылы қалыптасады және оқушы үшін үйреншікті болуы керек.

1. Ең жоғары құндылық – адам өмірі. Оны ешкімде жоюға құқығы жоқ.

2. Сенің үйің, сенің жанұяң, бауырларың және жақын адамды және олардың сенің өміріңдегі маңызы.

3. Адамның өзін-өзі түсіну құқығы, өзінің «келісетін» және «келіспейтін» тұстары, өзіне-өзі көмек бере алуын жетілдіруі.

4. Әлемнің мәдени құндылықтары, олардың адамның дамуы мен қалыптасуындағы маңызы, олардың өз өміріндегі қажеттілігі мен маңызын түсінуді қалыптастыру.

Жалпы адамзаттық құндылықтардың оқушы, ата-ана мен мұғалімдер мен қарым-қатынасындағы мәселелерді шешуге көмегі қандай? Олардың ең негізгі ролі – адам қарым-қатынасында реттеуші, адам әрекетін бағалау критерийлері болады.

Сынып жетекшісінің үшінші бағыттағы жұмысы – баланың танымдық іс-әрекеті. Бұл кезеңде сынып жетекшісінін міндеті барлық пән мұғалімдеріне әрбір оқушының мүмкіндігін таныстырып қорғап отыру.

Бұл мәселені шешу үшін: ата-анамен бірлесе отырып, оқушының оқу біліктері мен танымдық белсенділігін дамытудың бірлескен тактикасын жасау керек; оқушының танымдық қызығушылығы мен танымын кеңейтетін іс-шаралар өткізу;

Әр оқушы мен бүкіл сыныптың оқу біліктерін түзету бағдарламаларын жасайтын психо-педагогикалық консимумдар өткізу; оқушының оқу біліктері мен мүмкіндіктерін жетілдіретін сынып сағаттарын ұйымдастыру.

Сынып жетекшісінің 4 бағыттағы жұмысы: оқушы өсіп, қалыптасып, тәрбиелейтін жанұя. Сынып жетекші оқушыны тәрбиелей отырып, оның жанұялық тәрбиелеуге әсер ететіндігін түсіну қажет. Педагог оқушының жанұясының материалдық жағдайы мен өмір сүру әдебін білу керек. Керекті жағдайлар: оқушының жанұялық атмосферасы, оның жанұя мүшелерімен қарым-қатынасы, ата-ананы мектепте өтетін жиындарда, кеңес, әңгімелесулерде, психологиялық-педагогиқалық ақпараттандыру, ата-ана мен балалардың бос уақыттарын бірге өткізуді ұйымдастыруы; қиын жанұялардағы балалардың қызығушылығы мен құқықтарын қорғау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет