Физиология - 1, ЖМФ 2 курс Тәжірибелік сабақ № 5 - Жүйке талшығымен қозу өткізу «заңдары». Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: - - жүйке талшықтары және синапстар қасиеттері, құрылысы, олар арқылы қозуды өткізу механизмі бойынша білім алу және оны бекіту;
- - парабиоз, кезеңдері, механизмдері және парабиоздың теориялық және практикалық медицинада маңызы бойынша білім алу және оны бекіту;
- - тәжірибеде жүйке бойымен қозуды өткізілу бағытын дәлелдеу және жүйке –бұлшық ет препаратындағы қажудың дамуы анықтау бойынша дағдыларды үйрену және оны бекіту;
Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары: - 1.Миелинді жүйке талшықтарының миелинсіз жүйке талшықтарынан айырмашылығы
- қандай?
- 2.Ранвье үзілісі дегеніміз не?
- 3. Жүйке талшықтарының неше түрін білесіз?
- 4. Синапстың құрылымдық элементтерін атаңыз?
- 5.Қандай синапстардың түрлері сіздерге белгілі?
- 6.Парабиоз дегеніміз не?
- 7.Парабиоз кезеңдерін атаңыз.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: - 1. Рефлекс ұғымы, рефлекстік доға құрылысы.
- 2. Рецепторлар қасиеті және жіктелуі.
- 3. Рецепторлы және генераторлы потенциал.
- 4. Жүйке талшықтарының жіктелуі, құрылымы және физиологиялық қасиеттері.
- 5. Миелинді және миелинсіз жүйке талшықтарын- да қозуды өткізу.
- 6. Жүйке талшықтары бойымен қозуды өткізудің негізгі заңдары.
- 7. Введенский парабиозы,оның сатылары, теориялық және практикалық медицинада маңызы.
- 8. Синапстардың физиологиялық қасиеттері, ультрақұрылым, жіктелуі. ҚПСП.
РЕФЛЕКС - Организмнің ішкі немесе сыртқы ортаның өзгерісіне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын күрделі жауап реакциясы.
РЕФЛЕКСТІК ДОҒА - Рефлекстік іс әрекеттің негізгі материалдық негізі – рефлекстік доға.
- Ол 5 бөлімнен тұрады: рецептор, афференттік жүйке талшығы, жүйке орталығы, эфференттік жүйке талшығы, эффектор.
Достарыңызбен бөлісу: |