Фк-03-3к2 тобының студенті Қошқарова Алияның «Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық ерекшеліктері»



бет1/6
Дата21.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#151320
  1   2   3   4   5   6





ФК-03-3к2 тобының студенті Қошқарова Алияның

«Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық ерекшеліктері» деген тақырыбындағы дипломдық зерттеу жұмысына

Аннотация
Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық және эксперименталды бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Кіріспеде балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық жағдайының ғылыми-теориялық мәселелер бөлімі жинақталған.

Бірінші яғни теориялық бөлімінде балалар психологиясының қазіргі таңдағы дамуының психологиялық жағдайы берілген. Сонымен қатар, балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктері және балалар үйіндегі тәрбиешілер мен қызметкерлердің эмоционалды өзара әрекеттестігі кеңінен талқыланады.

Екінші бөлімде балалар үйінде тәрбиеленген эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеудің негізі қарастырылып, оның нәтижесі өңделген. Сонымен қатар, балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-еріктік қасиеттерінің түзету бағдарламасы жайлы және сөз етіліп, бала үйінің қызметкерлері, ата-аналар, ересектер үшін практикалық әдістемелік нұсқаулар ұсынылады.

Қорытынды бөлімінде бүкіл жұмысшыларға тұжырымдамалар мен пікірлер келтірілген. Қосымшада әдістеме сұрақтары маңызды жоғары еңбектер қатарынан құралып, мәтіндегі ғылыми сілтемелер ретінде сай реттеліп берілген.



МАЗМҰНЫ

Кіріспе..................................................................................................................... 3

I БӨЛІМ. Балалар үйіндегі психологиялық жағдайдың ғылыми-теориялық мәселелері.

    1. Қазіргі таңдағы балалар психологиясы дамуының психологиялық мәселелері................................................................................................................9

    2. Балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін теориялық талдау.................................................................................................23

1.3 Балалар үйіндегі тәрбиешілер мен қызметкерлердің эмоционалды өзара әрекеттестігі................................................................................................29

I бөлім бойынша тұжырымдамасы ..................................................................32

II БӨЛІМ. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеудің эксперименталды бөлімі.

2.1 Эксперименталды зерттеу бөлімінің мақсат-міндеті, әдістемелер кешені....................................................................................................................34

2.2 Балалар үйіндегі жасөспірімдердің эмоционалды-еріктік қасиеттерінің түзету бағдарламасы............................................................................................47

2.3 Балалар үйінің қызметкерлері, ата-аналар, ересектер үшін практикалық-әдістемелік нұсқаулар.........................................................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................61

ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................66

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еліміздегі жариялылық дәуірі қоршаған ортаның көптеген “қара дақтарын” айқындады. Солардың бірі: балалар үйінде тәрбиеленетін балалар мәселесі. Қазіргі таңда баспасөз беттерінде балалар үйі мен мектеп-интернаттардағы жағдай туралы, ондағы тәртіп пен материалдық жағдай жайлы ашық әрі көптеп жазылып жүр. Бірақ балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса қиын жағдайда. Бұл жағдайға қатысты негізгі мәселелердің қомақтылары мыналар: жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық орналасуына жағдай жасау, психикалық даму ерекшеліктерін жетілдіруді қамтамасыз ету.

Демек, балалар үйіндегі тәрбиеленушілер дамуының ерекшеліктері психология ғылымының маңызды да, қызықты мәселенің бірі болып отыр. Бұл мәселенің көкейкестілігі психология ғылымының отандық деңгейде қарастырылуымен, қаракөз жетімдер санының күннен-күнге қарқынды өсуімен және соған байланысты әртүрлі құрылымдағы балалар үйінің пайда болуымен өсе түсті. Балаланың әлеуметтік мәнді қатынастар жүйесіне енуіне даярлық ретінде жас дамуының түрлі кезеңдерінде психологиялық тұрғыдан дамуын басты орынға қою қажеттілігі туындап отыр. Психологиялық еңбектерді қарастыру баланың психикалық дамуын қамтамасыз ететін әртүрлі көзқарастардың бар екендігін көрсетеді.

Бала психикасының дұрыс қалыптасуында жанұяның ерекше орын алатыны белгілі. Жанұяның мәні баланың тәжірибе жинақтауға жасалатын жағдайларымен анықталады. Адам ерте балалық шағынан бастап, ересектерден тек жүру, сөйлеу, заттарды дұрыс қолдану, ойлану,білім алу, еңбек етуге ғана емес, сезімдерге, ойлауға, күйзеліске, өзіне және өзге адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Жанұяда бала табиғи жағдайда өмірге бейімделе алады, себебі күнделікті, таңертеннен кешке дейін ата-аналары, аға-апайлары, апа-аталары баланың алдында мінез-құлық, жүріс-тұрыстың әртүрлі үлгілерін ұсынады: сөйлеу және ым-ишара мәселелері, еңбекке баулу, адамдармен қарым-қатынас жасау, саясатқа деген көзқарасын қалыптастыру т.б.

Жанұяда бала тек қалай өмір сүру керектігін ғана емес, нені білу керегі мен шын мәніндегі өмірді түсінуді естіп-біледі.: адамның өзара және өзге адамдармен қарым-қатынасы олардың бағалаулары мен пікірлері, күйзелістері мен ой толғаулары. т.б.

Жанұя тәрбиесінің ерекшелігі туыстық сезімге негізделген ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігінен көрінетін эмоционалды мінез-құлық, жүріс-тұрыстан тұрады. Баланың туғаннан мектепке дейінгі кезеңді туыстық эмоционалды байланысқа сүйене отырып, бірінші кезекте ана мен бала байланысы қарастырылады. Мектепке дейінгі кезеңде баланың қарым-қатынасқа түсетін адамдары ортасының өзіндік ерекшеліктері бар. Психологтар мен педагогтардың пікірінше, сүйіспеншілікке, сенімге , өзара қызығушылыққа негізделген ересектермен жақын қарым-қатынас, жанұялық тәрбиені сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады. Олай болса, жеке адам дамуының негізгі шарты — баланың адамдармен қарым-қатынасқа түсуі болып табылады. Осындай пікірдің аясында, бұрынғы Кеңес Одағында алғашқы қарым-қатынасқа түсу болып табылады. Осындай пікірдің аясында қарым-қатынас мектебі ашылды. Онда А.Г Харчевтің (1974) тұжырымдамасы ұсталынды: «бала туғаннан бастап өз ортасы мен қоғамдық дәстүрлі мәдениетін, өнегеліктің біртұтас жүйесін жанұядан меңгереді. Дәл осы нәрестелік кезеңнен бастап балада адамдар мен қоршаған ортасына деген сенім, қоршаған орта мен өзге адамдардан қорқыныш сезімі мен мазасыздық қалыптаса бастайды. Осы кезеңде қалыптасқан сезімдер адамда өмір бойы сақталып, басқа адамдармен қарым-қатынастағы эмоционалды үндестігінен, ерекше стилінен көрініп, отыратындығын зерттеулер нәтижелері анықтаған».

Дүниежүзінің әр түкпірінде әртүрлі құрылымдағы балалар мекемелері ашылуда, олардың бірінде балалр тек 2-3 сағаттарын ғана осындай мекеде өткізіп, қалған уақытта жанұяда болса, екіншісінде аптаның бес күнін сонда өткізіп, сенбі-жексенбіде өз үйіне барып тұрады, ал үшіншісінде , балалрға тәрбие беру мекемелерінде тұрақтап тұрады да, жақын туыстары кездесуге келіп тұрады. Бұлардың біріншісі — күнделікті келетін мекемелер, екіншісі – тәуіліктік немесе апталық, үшіншісі жабық түрдегі мекеме деп аталады.

У. Денис пен П. Наджарьян Ливанда 100 жетімді зертей отырып, балалар үйінде тәрбиеленушілердің өмірінің бірінші жылының аяғында-ақ жанұяларда тәрбиеленуші өз қатарластарынан психикалық даму жағынан кейін қалатындығын анықтаған. Зерттеушілер бұндай ерекшеліктердің себебін ана мен бала қарым-қатынасының кемшілігінен деп тапқан.

Л. Ярроу анасымен және анасыз тәрбиеленген балалардың биологиялық және әлеуметтік жағынан дамуында ерекшеліктері болатындығын анықтаған. Дәл осындай қорытындыға М. Раттер жабық түрдегі мекемелерде тәрбиеленуші балалардың «кері» тәрбиеленуінің себебі анасымен жеткіліксіз эмоционалды қатынасы, сенсорлы және әлеуметтік стимуляциялардың адығынан деп түсіндіреді.

Егер Р. Заззо жазбаларына үңілетін болсақ (1967) . француздар бастапқыда, бала-бақшалардың құрылуына қарсы болған . Олар балалрын мұндай жалпылық мекемелерде «нақұрысқа» айналдырды деп есептеген және сондай жағдайдың пайда болуынан сақтаған.

Р. Спиц жазбаларынан анасынан бөлініп, жабық түрде гі мекемелерге келген сәбилердің бір жасқа деңгейінің 70% шегінетінін, ал қалған бөлігінің ақыл-ойлары артта қалатындығын көруімізге болады.

Ана бала үшін жалғыз ғана жақын адамы, қамқоршысы болады. Балалр үйінде де бірнеше қамқоршы-тәрбиешілер бар, олар сондағы балалардың туған анасын алмастыруға әрекеттер жасайды. Балалар үйі тәрбиешілерінің жұмысының тиімділігі , балалардың жеке адам болып қалыптасып, дамуы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысына тигізетін әсері туралы мәселелерді көптеген психологтар жан-жақта қарастырған. Г.Х. Рейнгольд пен Н. Бейли (1959) көп аналардың балаға тигізер психологиялық әсерін сипаттады. Олар өз эксперименттерінде екі топтағы балаларды қарастырады.: бірінші топта – 6 айлық баланы 8-айының соңына дейін бір ғана тәрбиеші күткен, ал екінші топтағы балаға төрт тәрбиеші қамқор болған. 3 ай мерзімінде жүргізілген эксперимент нәтижесі бірінші топтағы баланың екінші топтағы балаларға қарағанда әлеуметтік реактивтіліктің жоғарылығын көрсетті, ал 1 жылдан соң, бұл эксперимент алдыңғы нәтижені қайталамады. Зертеушілер балаға бір немес бірнеше тәрбиешінің қамқорлығында болуы оның дамуына ерекше әсер етпейтіндігі туралы қорытындыға келеді. Осы мәселеге байланысты өзге зерттеулерде ғалымдар мынадай қорытындыға келеді: «Қанша адамның қамқор болуы бала үшін маңызды емес, аса маңыздысы әр баланың қамқорлық пен сүйіспеншілікті біліп, сезініп өсуінде»,—дейді. Тәрбиешінің аздығы баланың дамуын етежейді, даму ең алдымен ересектермен қарым-қатынас процесінде, іс-әрекетте ілгері басады. Нәресте неғұрлым жас болса, соғұрлым ол әлсіз болады, сондықтан да қай ортада өмір сүрсе, соған тәуелді болады.

Жанұяда және жанұядан тыс тәрбиеленген балалардың психологиялық дамуы жөніндегі ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, көп жағдайда жанұя тәрбиесіндегі балаларға қарағанда жанұядан тыс тәрбиеленушілердің даму барысының әлде қайда баяу екендігін көреміз. Вербалды емес функцияның қалыптасуының тоқырауға ұшырауы ерте жастағы ойлауға , балалардың айналадағы адамдармен қарым-қатынасына, сөйлеуіне, т.б іс-әрекеттері де із қалдырады.

Мектеп интернаттарында балалар дамуындағы шынайы қауіп — оларды «өзгелердің ақылымен» басқарыла отырып, өмір сүруінде. Үнемі қатарластарының ішінде жүруі, шулы уақытта бос өткізетін ортада жүруі, ересектердің оларға сирек көңіл аударуы, балалардың жүйкесінің шаршауына себепші болады. Бұл тәрбиенің жетіспеушілігі болып табылады.

Жалпы айтқанда балалар үйінде тәрбиеленушілер психикасы жағынан кейін қалып отырады және де ауытқулары да байқалады.

Сонымен балалар үйінде тәрбиеленушілердің психикалық дамуын қарастыра келіп, аталған мекеменің әр тәрбиешінің жеке даралық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы ұйымдасқан психологиялық қызмет көрсетуді талап етіп, айтуымызға болады. Себебі, жабық түрдегі мекеме психологы балалардың психикалық дамуындағы өзгерістерінің орнын басуға мүмкіндік беретін дамытушы, психокоррекциялық бағдарламаларды құруы балалар үйінде тәрбиеленушілердің көптеген мәселелерін шешуге жол ашар еді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Балалар үйінде тәрбиеленушілердің эмоционалды –еріктік аумағының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен пәніне орай келесі зерттеу міндеттері туындады:


  1. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеуге арналған әдебиеттерге (шетелдік, отандық, Ресейлік), толық теориялық талдау жүргізу;

  2. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоциясы мен ерік аумағын дамытуға ықпал ететін факторларды анықтау;

  3. Балалар үйіндегі балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу;

  4. Балалар үйіндегі балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеу;

  5. Осы балалардың эмоционалды–еріктік ерекшеліктерін дамытуға көмектесетін түзету шараларының кешенін анықтап зерттеу.

Зерттеу жұмысының обьектісі: Балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдер.

Зерттеу жұмысының міндеттеріне орай, келесі зерттеу болжамы ұсынылады: Балалар үйіндегі балалармен түзету-дамыту жұмыстарын психологиялық тұрғыдан дұрыс өткізген жағдайда, олардың эмоционалды –еріктік ерекшеліктерін жетілдіруге қол жеткізуге болады.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы, А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы,

С.Л. Рубинштейннің сана мен іс-әрекеттің бірлігі жайлы теориясы, Джеймс-Лангенің эмоцияның перифериялық теориясы.



Зерттеу әдістері мен әдістемелері:

  1. Эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін зерттеу әдістемесі.

(Р.С Немовтың өңдеуі бойынша)

2. Эмоцияны бағалау шкаласы (Б.И. Додонов)

3. Бақылау.

4. Әңгімелесу.

5. Эмоционалды көңіл-күйді өзіндік бағалау әдісі. (Ағылшын психологтары А.Е Уэссман және Д.Рикс бойынша өңделген)


  1. Эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін дамытуға бағытталған түзету тренингтері.

7. Эмоцияны басқару мен ерікті жұмсауға арналған ойындар,тесттер, тренингтер.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: балалар үйіндегі балалардың эмоционалды-еріктік ерекшеліктеріне арналған қазақ тіліндегі теориялық материал толықтырылды.

Практикалық құндылығы: балалар үйіндегі балалардың эмоциясы мен ерік аумағын дамытудың жолдары, шараларын анықтау арқылы, қоршаған орта мен қарым-қатынасы мен осы орындардағы оқу-тәрбие процесін жақсартуға қол жеткізуге болады. Эмоционалды-еріктік әрекетін қалыпқа келтіруді көздейтін түзету-дамыту жұмыстарының кешені оқытушы-тәрбиешілердің бірден-бір негізгі құралдарының бірі болмақ.

Дипломдық зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.Дипломдық зерттеу жұмысының жалпы көлемі 65 бет.

Дипломдық зерттеу жұмысының базасы: Облыстық жасөспірімдер үйі.
I БӨЛІМ Балалар үйіндегі психологиялық жағдайдың ғылыми-теориялық мәселелері

1.1. Қазіргі таңдағы балалар психологиясы дамуының психологиялық мәселелері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет