Сабақ: №
Сыныбы: 7
Күні:
Тақырыбы:Кіріспе. §1. Материктер мен мұхиттар географиясында не оқытылады?
Сабақтың оқыту мақсаты: пәннәң мазмұны мен құрылымы туралы жалпы түсінік беру
Сабақтың тәрбие мақсаты: алғашқы сабақ болғандықтан, оқу жұмысын ұйымдастыру шараларына ерекше назар аударып тіл табысу, адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер мен оларды шешу барысында жүргізіліп жатқан халықаралық шараларға ерекше тоқталу қажет.
Сабақтың дамыту мақсаты: алдыңғы сыныпта алған білім негізінде қарапайым географиялық түсініктерді еске түсіру керек.
Сабақтың оқу жабдығы: 7 с. атласы, дүние жүзінің физикалық картасы, жарты шарлар картасы, әр түрлі сызбалар.
Сабақтың барысы:
Амандасу
Танысу
Оқулық, атлас, дәптер, күнделік, бояу карандаштарын түгендеу.
Кезекшіге бүгінгі күн мен тақырыпты жазғызу.
Міне балалар биыл сендер материктер мен мұхиттар географиясын оқығалы
тұрсындар. Ал былтыр сендер қандай география оқулығын оқыдындар? Физикалық география пәнінен нені меңгердіндер? Қане еске түсірейік? (жер, глобус, масштаб, карта, географиялық қабықтары /литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера бір-бірімен байланыстырып сызба жасау/, географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді, табиғат зоналары, нәсілдер, дүние жүзінің саяси картасы.
Ал енді биылғы жылы осы алған білімдерінді одан әрі тереңдетіп, яғни географиялық қабықтың жалпы заңдылықтарын материктер мен мухиттар тұрғысында және олардағы жекелеген аумақтық табиғат кешендері ауқымында қарастырасындар. Материк дегеніміз не? Жер шарында неше материк бар? Дүние бөлігі дегеніміз не? /тарихи қалыптасқан түсінік/ неше дүние бөлігі бар? қандай материк екі дүние бөлігінен тұрады? қандай дүние бөлігі екі материктен құралады? Айта кететін ерекшелік бырынгай аралдардан құралған Океанияны географтар тағы бір дүние бөлігі деп атайды. Қандай материкте экватор мен бас мередиан қиылысады? қандай материкті дүние жүзінің барлық мұхитт сулары шайып жатыр? /картадан көрсету/.
/дәптерге жазу/ Материктерге сипаттама берудің жоспары:
Материктің географиялық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Жағалық сызықтың тілімденуі;
Материктің ашылу және зерттелу тарихы;
Жер бедері мен пайдалы қазбалары,
Климаты;
Ішкі сулары;
табиғат зоналары;
халқы мен елдері.
Материктегі жекелеген табиғат компоненттеріне және мұхиттарға сипаттама берудің жоспары оқулық соңындағы қосымшада берілген.
Әр материктің ерекшеліктерін атап кетіп оның себептерін географиялық орнымен байланыстыру. Материктер мен мухиттар табиғатын үйренудің өзіндік реті бар. Географиялық орны мен табиғатының ортақ белгілеріне сәйкес материктер екі топқа біріктіріледі
Материктер мен мұхиттар жер шарындағы ең ірі табиғат кешендері, яғни олар географиялық қабықтың ірі бөліктері. Сондықтан олардың табиғаты бір бірімен тығыз байланысты. Мыс: Антарктиданың мұзы жер шарының климатына үлкен әсер етеді, Тынық мұхитында қалыптасатын тропиктік циклондар Оңтүстік-Шығыс Азия мен мұхит аралдарының жағаларына күшті апаттар әкеледі. Сахарадан соғатын ыстық аңызақ желдер екпіні жер шарының кқптеген бөліктеріне жетеді. Міне осы аталған себептерге байланысты Тынық мұхиттан басқа мұхиттар материктер табиғатымен бірге қарастырылады.
Материктер мен мухиттар байлықтарын қорғау және тиімді пайдалану жөнінде қоғамдар туралы қандай мәліметтер білесіңдер?
Үйге тапсырма: Оқулықтағы осы тақырып бойынша мәтінді оқу және түсіну. аралдарды кескін картаға белгілеп келу/жасыл-маржандық, сары-материктік, қызыл-жанартаулық/
Эратосфен – География ғылымының атасы
Тест
Достарыңызбен бөлісу: |