Фонема күрделi дыбыс деген сөз. Сонда



бет1/2
Дата22.06.2022
өлшемі18.38 Kb.
#459410
  1   2
фонетика1


Фонетика (грекше phonetikos – дыбыстық) – дыбыс туралы iлiм, тiлдiң дыбыс жүйесiн зерттейтiн тiл бiлiмiнiң бiр саласы. Фонетика – зерттейтiн нысаны жағынан, қарастыратын мәселесi жағынан да тiл бiлiмiнiң басқа бөлiмдерiнен ерекшеленiп тұрады.
А.Байтұрсынұлы фонетиканы дыбыс жүйесi деп атаған [1,23]. Әрине бұл екеуi синоним түрiнде қолданылатынын ескеру керек. Дыбыс жүйесi қарастыратын мәселелер: тiл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлерi, iштей жiктелуi, сөз iшiнде бiрiне-бiрi ықпал етiп, үйлесетiн, үндесiп, тiркесiп тұрудың тетiгi, буын, екпiн, сөйлеу мен жазудың аракатынасы, орфография, орфоэпия т.б.
Сондықтан да фонетиканың тiл бiлiмiнде алатын орны үлкен. Фонетика тiл дыбыстарын және оның заңдылықтарын тексеруде белгiлi бiр тiлдiк теориялық қағидаларға сүйенедi.
Бiз дыбыс дегенде әрбiр қазақ тiлiндегi дыбыстарды күрделi тұлға ретiнде қарастырамыз. Сондықтан да фонетика тiлдегi дыбыстарды фонемалық қасиетiне қарай сұрыптайды. Фонеманың басты нысаны фонема теориясы болып табылады.
Фонема – күрделi дыбыс деген сөз. Сонда фонема дегенiмiз не?
Сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажыратуға себi бар тiлдегi ең кiшкене дыбыстық бірлікті фонема деп атайды. Фонема туралы ғылым фонология деп аталады.
Фонетиканы зерттейтiн салалары мыналар:
1. Физиологиялық фонетика. Бұл дыбыстың тiл дыбыстарының артикулияциялық және акустикалық қасиеттерiн зерттейдi.
Артикулияция дыбыстардың жасалуын тексередi де, акустика дыбыстардың әунiн қарастырады. Сөйтiп, физиологиялық фонетика дыбыстардың жасалуын және оның әуезi мен әуенiн зерттейдi.
2. Экспериментальдық фонетика. Физиологиялық фонетиканың нысанын түрлi құралдар арқылы тексередi. Мұны эксперименттальдық фонетика дейдi. Эксперименттальдық фонетика дауысты және дауыссыз дыбыстардың артикулияциялық ерекшелiктерiн зертханалық жолымен түрлi құрылғылар арқылы зерттейдi. Екпiнiн, үндестiк заңының түрiн және олардың орфоэпиялық қасиеттерiн түрлi зертханалық жолымен түрлi құралдар бойынша олардың өзiндiк ерекшелiктерiне жан-жақты бақылау жасайды.
3. Салыстырмалы фонетика. Белгiлi бiр тiлдiң дыбыс құрылыстарын өзге тiлдердiң дыбыс жүйесiмен салыстырып зерттеудi салыстырмалы фонетика дейдi.
4. Тарихи фонетика. Бiр тiлдiң немесе алуан дыбыс құбылыстарының келiп шығу және даму жолдарын тексеретiн саланы тарихи фонетика деп жүргiзедi. Тарихи (диахрониялық) фонетика тілдің дыбыс жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлері, олардың дамуы, тарихи өзгерістер, буын, екпін мәселелері, үндестік заңдары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары бойынша айқындалады.
Тілдің дыбыс жүйесін қазіргі және тарихи тұрғыдан қарастырған кезде туыс тілдердің фонетикасын да ескерген абзал. Мұның өзі дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындауға мүмкіндік береді. Туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін айқындау салыстырмалы фонетиканың міндетіне жатады. Салыстырмалы және тарихи фонетика көбіне бір-біріне тығыз байланысты болады да, зерттеулерде қатар қолданылады. Туыстығы жоқ, құрылымы әр басқа тілдердің дыбыстық жүйесін салғастырып зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді.
5. Сондай-ақ қазiргi қазақ тiлiнiң фонетикасы ғылым ретiнде өзiнiң зерттеу нысанына қарай жалпы фонетика және жеке фонетика болып екi салаға бөлiнедi. Жалпы фонетика тiл бiлiмiнiң жеке бiр саласы ретiнде адамның сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкiндiктерiн айқындайды.
Тiл дыбыстары жіктелуінің негiзгi қағидаларын белгiлеп бередi. Жалпы фонетика - ғылымының басқа салаларымен, акустикамен, физиологиямен және психологиямен тығыз байланысты.
Академик Л.В.Щербаның айтқанындай: «Жалпы фонетиканы акустика, физиологиядан да басқаша, лингвистикалық айрықша пән ретiнде бөлiп қарау және оны тiл дыбыстарының, адамдардың тiлдiк қатынас жасау үдерісінде атқаратын қызметiне орай әлеуметтiк ғылымдардың қатарында қарау керек» [3,18].
Жеке фонетика белгiлi бiр тiлдiң дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейдi. Осы зерттеу негiзiнде сипаттама фонетика пайда болады.
6. Сипаттама фонетика тiлдiң өмiр сүрiп тұрған дәуiрiндегi дыбыстық құрамын қарастырады. Фонеманың жүйесiн және олардың өзара iшкi байланысын белгiлеп, айқындайды: дыбыстарды сандық, сапалық жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселесі осы саланың нысаны болып табылады.
Фонетика гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене;
2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;
3) ауа толқырлық кеңістік.
Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене - сөйлеу мүшелері,
2) қозғалысқа келтіретін күш – өкпеден шығатын ауа,
3) кеңістік - тыныс мүшелері, тамақ, қуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы - олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Сөйлеу мүшелері дегеніміз – тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері – сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында, туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі.
Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады.
1. тыныстау аппараты;
2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады;
3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуы мен жазылуын үйрету мұғалімнің шеберлігін ғана емес, бірнеше тәсілді қатар меңгерген әуесқойлығын да қажет етеді. Өйткені сабақта оқытушы тек дыбыстардың айтылуымен шектелсе, сөйлеуді үйрету мақсатына жетпейді. Сондықтан ұстаз дыбыстардың ерекшеліктерін сөз ішінде, буын құрамында, сөйлем арасында меңгерте отырып, жалпы тілдік қатынастың қағидаларын естен шығармайды және тілді үйретудің жинақтық әдісін пайдаланады. Фонетикалық тұлғалардың естілуі дыбыс ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені сияқты ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар лингвистикалық әдебиеттерде талданып көрсетілген.
Қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуы, бүгінгі кемел шағына жетіп, биіктерге көтерілуіне көптеген тұлғалар тер төгіп еңбек сіңірді. Олар: Ахмет Байтұсынов, Халел Досмұхамедұлы, Құдайберген Жұбанов, Ісмет Кеңесбаев, Мәулен Балақаев, Кәкен Аханов т.б. Осы тұлғалардың орны айрықша.
Қазақ тіл білімінде фонетика саласын жан-жақты зерттеп, ғылыми жүйеге ендіруде де еңбек сіңірген көптеген ғалымдарды атап өтуге болады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің қалыптасу тарихы сонау түркі тілін зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен де байқауға болады. Н.И.Ильминскийдің, П.М.Мелиоранскийдің, В.В.Радловтың, А.Н.Самойливичтің еңбектерінде қамтылған. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі жөніндегі орыс ғалымдарының ішіндегі Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизиского наречия» еңбегінде дыбыстар тізімі мен олардың топтастырылуы, үндестік заңына қатысты ережелер мен екпін жөнінде мәселелерін қарастырған қазақ тіліне арналған тұңғыш еңбек болды. Осы еңбектерден соң А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Х.Досмұхамедұлы, Т.Шонанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, А.Ысқақов, І.Кеңесбаев т.б. белсене ат салысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет