Формы повышения конкурентоспособности дошкольного образовательного учреждения в условиях реформирования образования


ҦЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҤРДІҢ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет45/81
Дата17.12.2022
өлшемі1.37 Mb.
#467417
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81
Nshfk 2 29 2011

ҦЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҤРДІҢ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ 
 ІЗГІЛІК ПЕН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Б.М.Мақсутов, Е.М.Сайдаков -
сауықтыру дене мәдениеті кафедрасының оқытушылары 
Адамның жеке басының қалыптасып, саналы еңбек ететін азамат болып ӛсуі үшін жан тәрбиесі 
мен тән тәрбиесі қатар қажет. Жан тәрбиесінің ӛзі тән тәрбиесінен туындайтын кӛзқарас. Осыны екі ауыз 
сӛзбен топшылаған ата – бабамыз ―Тәні саудың – жаны сау‖ деп қоғамдағы рухани байлықты игеру үшін 
тән тәрбиесінің дұрыс болуын қалаған. Баланың жастайынан дені сау азамат болуын аңсаған. Жаңа туған 
нәрестені қалай күту жӛнінде енелерінің келіндеріне ақыл – кеңес беруі, үлкендердің сәбиді тұзды сумен 
шомылдырып, денесін маймен сылауы, қол – аяғын созып, ―ӛс - ӛс‖ деп буындарын бекітуі, шала туған 
баланы түлкі тымаққа салып асырауы, оған бие сүтін беруі, қойдың құйрығын сорғызуы – сол 
қамқорлықтың айғағы. 
Дене сұлулығына, әсіресе қыз баланың кӛрікті болуына ерекше кӛңіл бӛлген. Аналар ―Аттың кӛркі 
– жал, қыздың кӛркі – шаш‖ деп ұққан. Қыз баланың шашын жақсы ӛсіру үшін айранмен, ірімшіктің сары 
суымен немесе қынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етіп ӛру бойжеткен 
қыздардың кӛркі болған. Қыз бен жігіт айтысындағы: ―Атымды әкем сүйіп Несіп қойған, шашымды 
бестемшелеп есіп қойған‖ деген сӛз тіркестері осы пікірді дәлелдейді. 
Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан ӛткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан 
бастаған. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін ӛзара бӛлісіп алған.Ұлды мал бағуға, 
отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, мергендік құруға, қолӛнер шеберлігіне, мал тауып, отбасын 
асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз балаларға үй сыпыру, тӛсек жинау, ас пісіру, шай құю, кесте 
тігу, тон пішу, ӛрмек тоқу, ою-ӛрнек сияқты отбасының ішкі жұмысына үйретуді анасы мен әжесі ӛз 
міндеттеріне қалдырған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, отбасы ұйытқысы деп түсінген 
халқымыз оның еңбек сүйгіш, ӛнегелі, ӛнерлі болып ӛсуіне ерекше мән берген. Қолӛнеріне икемі жоқ 
қыздарды: ―Ӛз үйінде ою оймаған, кісі үйінде тон пішер‖ деп келеке еткен. Тіпті шай құю мен тӛсек 
жинаудың ӛзі үлкен сын болған. Ақындардың ӛлеңдерінде кездесетін ―Қыздың жиған жүгіндей‖ деген 
теңеулер текке айтылмаған. 
Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-ӛнеге етіп ұсыну ―Аяз би‖ ертегісіндегі Аяз бидің, 
―Қерқұла атты Кендебай‖ ертегісіндегі Кендебайдың, ―Күн астындағы Күнікей қыз‖ ертегісіндегі 
қарапайым қойшы баланың бейнелері арқылы берілген. Мал баққан, еңбек сүйген, қару–жарақ асынып, 
ел–жұртын мергендікпен асырап–сақтаған қарапайым шаруа адамдарының адал еңбегі арқасында 
қиындық біткенді жеңіп шығып, мұратына жетуін баяндау арқылы халық ―Еңбекпен ер кӛгереді, 
мұратына жетеді‖ деп, жастарға үлгі-ӛнеге етіп ұсынады. 
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс–тіршілігіне байланысты 
тӛрт түлік малды бағып–қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған. 
Ұлттық шығармалар ӛмір тәжірибесін халық қажеті үшін жұмсаған ақылды, парасатты адамдарды 
үлгі-ӛнеге етіп ұсынып отырған. Бұл орайда ―Аяз би‖ ертегісіндегі ӛмірде кӛрген–білгеннен терең 
топшылау жасай білген ақыл–парасаты мол Аяз биді, ―Ер Тӛстік‖ ертегісіндегі ӛзінің ақылды, білгірлік 
істерімен жарына айнымас дос, ақылшы бола білген Кенжекейді немесе аңыз әңгімелердегі ханның 
зұлымдығын даналығымен әшкерелеп, жеңіп отырған Жиренше шешенді, оның ақылды жары Қарашашты 
мысал етуге болады. Халық ӛз ертегілері мен аңыздарында жастарды солардай ақылды, парасатты, ойлы 
болуға баулиды. Халыққа қызмет етуді, әділдік жолында жауыздықпен, зұлымдықпен күресіп, жеңе білуді 
уағыздаған.Ал ӛнер–білімнен кенже қалған қазақ халқының ӛмірге терең ой жүгіртіп, үңіле қарап, 
келешек қоғамның дамуы біліммен, ақыл–ой тәрбиесімен байланысты екенін кӛрегендікпен айта білуінің 
кезінде үлкен мәні болды. Жастарға ақыл–ой тәрбиесін беруде, ой–санасын ӛрістетуде ауыз әдебиетінің 
айтыс жанры, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтысы ерекше рӛл атқарған. Қазақ халқының әдет–ғұрпынан, 
салт–санасынан туған ойын–сауық кештерінде ӛлең–жырмен айтысу, ӛнер сайысына түсу, сӛйтіп, 
жиналған жұртты күлдіру, жастарды тапқырлыққа тәрбиелеу дәстүрі ертеден орын алған. Жастар ән 
шырқап, күй шертісіп, жаңылтпаш, жұмбақ айтысып, ӛнер сайысына түскен. Бұрын қазақта күйеу 
таңдаған дана қыз жігітке жұмбақ арқылы талап қойып, оны шешіп, сертке жеткен, ақылды, тапқыр 
жігітке тұрмысқа шығатын болған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет