Фракция: Жасап жатыр табиғатқа зарлығын!



Дата26.04.2023
өлшемі18.32 Kb.
#472844
буллинг


Бұл палата буллинг жасайтын балалардың ата аналарына айыппұл салады.
Фракция:
Жасап жатыр табиғатқа зарлығын!
Е құдайым,
Адамзатқа сана бер!
Не де болса көтеретін барлығын қара жер,
Кім біледі не сыйларын алғы күн ,
Жүректен мұң түспепті шақтар аз
Не де болсын көтеретін барлығын ақ қағаз
(Ақылбек Шаяхметов)
Жалпы буллинг дегеніміз «bulling» ағылшын тілінен келемеждеу, қорлау, кемсіту деген мағына береді.
Қарапайым тілмен айтқан буллинг бұл адамның өзгеге күш көрсетуі,қорлауы болып саналады.
Айыппұл— заңда белгіленген ретте және тәртіпте белгілі бір қағидаларды бұзушы тұлғаларға қолданылатын ақшалай айып салу, материалдық ықпал ету шарасы.
1 аргумент, бала кезде буллинг жасайды!
Бала кезде көптеген балалар өтпелі кезеңде буллинг жасап,қорқытып,қорлайды.Кейбір балалар келемеждеп тиіседі.Мысалы,сондай жағдайлар мектеп кезінде көп орын алады.Яғни,үлкен сыныптың ұл қыздары- өздерінен кіші оқушыларға күш көрсетіп,қорлап ,тіпті кей жағдайда ақша талап етеді.11-15 жастағы әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім ай сайын буллингтің құрбаны немесе қатысушысы болады. Оған қатысу ұлдар арасында көбірек таралған.Ғалымдардың пікірінше, бул­лингті мектеп деңгейінде төмендету шаралары бул­линг­тің алдын алу бойынша бағ­дар­ламаларды ен­гізуді, ата-аналарды тартуды, тәр­­тіптік әдіс­тер­ді қолдануды, мектептегі әлеу­меттік ахуалды жақ­сартуды, бала­ларды қадағалауды қамтиды.
2 аргумент,бала тәрбиесінде сіз мән бермейтін қателіктер
Бала туылғаннан бастап,ер жеткенге дейін ата анасының іс әрекеттерін қайталайды, олардың бір біріне деген қарым қатынасын «дұрыс» деп есептеп ,басқа балаларға да сондай қарым қатынас жасайды.Көп ата аналар жіберетін қателік ол сәбидің көңіліп алдау үшін, өз тірліктерімен айналысу үшін көбіне ата ана сәбиге телефон қосып береді.Сәбидің телефоннан не көріп отыратынын, не нәрсе қызықтыратынына мән бермейді, былайша айтқанда балаға еркіндік береді.Ол бала әлеуметтік желіде тараған видеоларды көреді, ол видеода қылмыстық акт немесе құқықбұзушылық орын алып жатуы әбден мүмкін.Оны көрген сәби көргенін қайталайды.Алғашында ата анасына қол көтереді,оны бұзықтығы деп қабылдаған ата анасы күліп мән бермей қоя салады.Сәби ұру, қорқыту,үркіту қалыпты жағдай деп санайтын болады және оны өзімен жасты,өзінен кіші балаларға қолданатын болады.Буллингтің алдын алу үшін бірінші кезекте ата анамен жеке жұмыстар жүргүзілу керек.
3 аргумент буллинг әлеуметтік қылмыс
Буллинг әлеуметтік қылмыс .Өйткені, қазіргі таңда әлеуметтік желіде балағат сөздер жазу, құпия ақпаратты тарату сынды құқықбұзушылықтар өте көп орын алуда.Оны үлкені де кішісі де орындап, көптеген адамның өміріне қауіп төндіріп жүр.Буллинг орын алғанын байқаған сәтте құқық қорғау органдарына хабарлауға міндеттіміз.Себебі, оны уақытында тоқтатпаса , суицид яғни зардап шегушінің өз өзіне қол жұмсауы орын алуы мүмкін.Буллингшілерге арнайы жаза тағайындамайын ша оның орын алуы тоқтамас,сондықтан бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін буллинг жасаушы болса,ата анасы айыппұл төлеуге міндетті.Егер кәмелеттік жасқа толып, ҚР азаматтығын алса бас бостандығынан айырылу немесе қара жұмысқа жегілуі тиіс.

Оппозиция


Бұл палата буллинг жасаған балалардың ата аналарына айыппұл салмау керек деп есептейді.
1 аргумент

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет