2 практикалық жұмыс. MAPINFO ЖҮЙЕСІНДЕ РАСТРДЫ ВЕКТОРИЗАЦИЯЛАУ
MapInfo келесі растрлық бейнелердің типтерімен жұмыс істейді:
• Ақ-қара бейнесі: мұндағы әрбір пиксель қара немесе ақ нүктелерге сәйкес келеді. Осындай бейнелер MapInfo-да аз орын алады және барлығын тез оқиды және көрсетеді.
• Жартылай реңді бейнелер: әрбір пиксел қара ақ кодтардан немесе бір реңнің ішінен сұры түсінен тұрады.
• Түрлі-түсті бейне: әрбір пиксел сол бейнеде орналасқан политраның ішінен бір түспен бейнеленеді.
Растрлық бейнелерді көрген кезде жақсы әсер алу үшін жоғарғы сапалы монитор қолдану ұсынылады.
Растрлық бейне файлын ашқанда сіз бейнені тіркеу деп аталатын процедура сипаттамасын білуіңіз керек. Векторлық картаны негіз болдырып қолданып, сіз бақылау нүктелерінің координаталары мен растрлық бейнелердің нүктелері олармен сәйкес келеме соны анықтаңыз.
Координата туралы бұл ақпарат регистрация (тіркеу) процессінде құрылған ТАВ –файлында сақталады. ТАВ-файлы растрлық бейнесімен берілген файлды қайталап өте тез ашуға рұқсат береді. Тіркеу туралы процедураны осы бөлімнің соңында толық ашамыз.
Әдетте MapInfo-да растрлық бейнелерді алғаш рет ашқанда векторлық бейнеде тіркеледі. Егер векторлық бейнелер растрлық бейнелермен бірге қолдану ұсынылмаса, онда бейнені тіркеу қажет емес. Егер бейне тіркелген болса, онда қайта ашу процедурасы жеңіл ерекшеленеді. Тіркелген және тіркелмеген бейнелерді ашу туралы төменде түсіндіріледі. Сіз MapInfo-да тіркелмеген растрлық бейнелерді ашып және оны қолмен тіркемей тұрып, карта терезесінде көрсете аласыз. Егер бақылау нүктесі туралы координаты туралы ақпарат маңызды болмаса, мысалы, бейне карта болмаса немесе бір бейнені қолдансаңыз бұл тиімді.
Қолмен тіркемей-ақ бейнені ашу:
-
ФАЙЛ→КЕСТЕНІ АШУ→ «Кестені ашу» диалогты терезе командасын орындаңыз.
-
Типтер файлы тізімінен РАСТР-ды таңдаңыз.
-
Ашқыңыз келген файлды таңдап, ОК пернетақтасына басыңыз. Бейнені тіркеу немесе жай көрсету туралы таңдау диалогы пайда болады. КӨРСЕТУ (ПОКАЗАТЬ) пернетақтасын басыңыз. Карта терезесінде бейне пайда болады.
Жоспарланған координатада қолданатын ТАВ-файлы құрылады. MapInfo экранда бейнені орналастыруды және ориентация үшін уақытша бақылау нүктелерін қолданады.
Геологиялық картаны тіркеу
Егер векторлық картамен бірге бейнені қолданғыңыз келсе, онда бейнені қайта тіркеуіңізге болады. Жоғарыда жазылған процедурадан 1 және 2-ші қадамды орындаңыз. ТАВ-файлы құрылған болса да, MapInfo кестені қайта құруды талап етеді. «Бейнені тіркеу» диалогына келу үшін ТІРКЕУ пернетақтасын басыңыз. Бір мезетте растрлық бейнені тіркеу қажет. Әрбір растрлық бейнелер кез-келген MapInfo кестесі ашылғандай ашылады. Алдын-ала тіркеліп тіркеу кезінде анықталған бақылау нүктелерінен құралған ТАВ-файлдары MapInfo пакетіне қосылған растрлық бейне файлдарының үлгісі. Егер растрлық бейнені басқа жерден сатып алатын болсаңыз, онда ТАВ-файлынан сатып алынған пакет қосулы болуы керек. Егер олай болса, онда растрлық бейнені тіркеудің қажеті жоқ.
Тіркелген растрлық бейнені ашу:
-
ФАЙЛ→КЕСТЕНІ АШУ-ды таңдаңыз.
-
Диалогта пайда болған тізімнен кестені (мысалы ххх.ТАВ) таңдаңыз. (Тіркеу процессінде анықталған бақылау нүктелері туралы ақпарат ТАВ-файлынан құралады)
-
(MapInfo) кесте типін өзгеріссіз қалдырыңыз. MapInfo (ТАВ-файл) кестесін оқу үшін тіркеу кезінде құрылған файл керек.
-
ОК- пернетақтасын басыңыз.
-
MapInfo растрлық бейнеден құрылған кестені ашады және оны карта терезесінде көрсетеді.
MapInfo бейнеге тіркеу жүргізу векторлық мәліметтермен бірге растрлық бейнені дұрыс үлгіде көрсетеді. «Бейнені тіркеу» диалогында тіркеу жүргізіледі. Мұнда сіз нүктелер координаталары мен растрлық бейне проекцияларын анықтай аласыз.
Растрлық бейнені тіркеу кезінде бақылау нүктелерін нақты қою өте қажет. Егер бақылау нүктесі жинақы белгіленген болса, MapInfo талапсыз растрлық бейнені көрсетеді. Мұндай жағдайда MapInfo-да векторлық мәліметтер қойылады. Нақты көрсетілімі үшін растрлық бейнені проекциялау дұрыс таңдалған. Сол үшін аэрофототүсірілімдер түзету процессінен өткен жоқ (белгісіз проекция). MapInfo-да векторлық мәліметтермен бір терезеде қолдану реттілікке келмейді. Карта терезелерін ашып және көрсету үшін MapInfo-да растрлық бейнені тіркеу екі тәсілден тұрады. Растрлық сурет координаталарының және сканерден өткізілген карта проекцияларының бақылау нүктелерінің координаталарын көрсету екі жағдайда қажет.
Карта проекцияларында координатаны анықтау барысында:
Қағаз түрінде берілген картаны қолдана отырып таңдап алынған нүктелер координатасын есептеп шығарыңыз немесе сканерден өткізілген бене арқылы нүктелер координаталарын анықтап диалог тіркеуіне енгізіңіз.
Егер картаны сканерден өткізсеңіз, онда градустық тор (ұзақтық және ендік) бейнелерге ие боласыз. Сіз мінездемелік нүктелерді таңдаңыз (тор түйінінде орналасқан) және «Бейнені тіркеу» диалогында координаталарын белгілеңіз.
1. Растрлық файлды ФАЙЛ командасымен ашыңыз→растр файл форматын таңдап КЕСТЕНІ АШУ командасын орындаңыз. Файл атауын таңдап, АШУ пернетақтасына басыңыз. «Бейнені тіркеу» диалогы пайда болады. Диалогтың төменгі бөлімінде растрлық бейне көрсетіледі.
2. ПРОЕКЦИЯ пернетақтасын басып, растрлық бейне проекциясын беріңіз. Растр бейнесінің үстіне векторлық обьектіні салу барысында қателіктер аз болу үшін бейнелеу проекциясын дұрыс беру керек. Карта терезесінде растр бейнесінің проекциясын өзгертуге болмайды.
3. Тіркелген бейненің кез-келген нүктесін көрсетіңіз. «Бақылау нүктесін қосыңыз» деген диалог пайда болады. Бұл диалогқа қағаздағы карта вариантынан алынған координатты беріңіз. Бақылау нүктелері бейнелерде номерленеді. Төрт бақылау нүктесінен кем емес болуы керек. (аэрофототүсірілімдеріндегідей проекция белгісіз болса, көп нүкте қойыңыздар). ОК пернетақтасын басыңыз.
Ескерту: Бейненің төменгі жағында орналасқан бейнені көрсету масштабы көру терезесінде «+» және «-» пернетақталары арқылы ауысып тұрады. Масштабын азайту арқылы тіркеу нүктелерінің нақтылығын анықтауға болады.
2 сурет. Бақылау нүктелерін енгізу
Сол жерде орналасқан векторлық карталардың координаттарын автоматты түрде өзгертуге болады. Осындай векторлық карталарды «Бейнені тіркеу» диалогымен бір уақытта көруге болады. Векторлық картаның мінездемелік нүктесін тышқанның көмегімен көрсету арқылы оның географиялық координатын білесіз. Бұл координаттар тіркеу диалогында растрлік бейненің басқылау нүктесіне сәйкес келуін көрсетеді:
1) Растрлы файлды «ФАЙЛ» командасы арқылы ашыңыз → растр форматын таңдап, «КЕСТЕНІ АШУ» командасын орындаңыз. «Бейнені тіркеу» диалогы пайда болады. Диалогтың төменгі бөлімінде растрлық бейне мәні көрсетіліп тұрады;
2) ПРОЕКЦИЯ пернетақтасын басу арқылы, растрлық бейне проекциясын беріңіз. Егер проекция жобаланбаса, онда MapInfo «Ені - ұзақтығы» проекциясын қолданады;
3) Бақылау нүктелерін енгізуді бастау үшін, басқару тетігінің (мышь) көмегімен растрлық бейненің кез – келген нүктесін көрсетіңіз. Пикселге қатысты координатта нүктелерін көрсететін «Бақылау нүктелерін қосыңыз» деген диалог пайда болады. ОК пернетақтасын басыңыз. Диалогтың жоғарғы бөлімінде Х және У координаталарынсыз нүктелер пайда болады (координаталарын кеш береміз);
4) Төрт бақылау нүктесінен кем емес мән беріңіз. Жылжыту жолағы (прокрутки) жолы көмегімен бейнелерді көруге болады;
5) Растрлық бейнеге ие болған территория үшін векторлық картаны ашыңыз. «Бейнені тіркеу» диалогын жаппай тұрып, карта терезесіне көшуіңізге болады. Кесте → Раст→Картамен байланыстыру командасын орындаңыз;
6) «Бейнені тіркеу» диалогында нүкте 1-ді таңдаңыз. Карта терезесінде сәйкес нүктені көрсетіңіз. Векторлық картада Х және У координаталар нүктелері берілген, «Бақылау нүктесін қосу» диалогы пайда болады. Егер бұл координаталар сізді қанағаттандырса, ОК пернетақтасын басыңыз. MapInfo оларды «Бейнені тіркеу» диалогына ауыстырады. (3 сурет);
3 сурет
7) Қалған бақылау нүктелері үшін 7-ші қадамды қайталаңыз.
8) Осыдан кейін, барлық бақылау нүктелерінің координаталарын анықтап болған соң, «Бейнені тіркеу» диалогында ОК пернетақтасына басыңыз. Карта терезелерінің астында векторлық қабатта растрлық бейне пайда болады (4 сурет).
4 сурет
Ондық градустарда «градус-минут-секунд» түрінде координаталарды түрлендіру.
Егер градуста объектілердің координаталарын көрсетсеңіз, минуттық және секундтық градустық мәндерді емес, ондық градустық мәндерді қолданыңыз. Мысалы, 40 градус, 30 минут мәнінің орнына 40,5 градусты енгізіңіз. Шығыс ұзындығы мен оң түстік енін бергенде кері сандарды қолданыңыз.
MapInfo мысалдарының жиынында программалар MapBasic тілінде жазылады. Ол DMSCNVRT (конвертер) деп аталады. Ондық градустарды минут және секундтық түрлендіру орындалады. Конвертер программасын іске қосу үшін, ФАЙЛ → MapBasic программасын іске қосу командасын орындаңыз.
MapInfo жолдық менюларында Программалар тақырыбымен (қойылады, қосылады) толықтырылады (добавлен). Осы менюда екінші (қосалқы) конвертер менюін ашып, градус – минут- секунд және керісінше градустық мәндерде ондық градустық мәндерге түрлендіретін диалогтарды алуға мүмкіндік береді. Егер растрлық бейнелерде проекция қолданылса, онда «Бейнені тіркеу» диалогында «ендік-ұзақтық» мәндерін беріп және осы проекция координатасында базалық бірлік координатасын көрсетіңіз. UTM проекцияда карта үшін координита бірлігі метр болады делік.
Регистрация қателіктерінің мәні
«Бейнені тіркеу» диалогында жаңа растрлық бейнені тіркеу процессі жүргенде, бақылау нүктелері үшін тіркеудің қателіктерінің мәні беріледі. Қателіктер - бейнелеудегі нүктелердің нақты орындары мен «Бақылау нүктесін қосу» диалогында берілетін Х және У координаталарының арасындағы айырмашылық болып табылады. Погрешностің мәні аз болғаны өте маңызды. Қателіктері (погрешность) көп болса, тіркегенде растрлық және векторлық қабаттарды біріктіргенде олар бір-бірінен ауытқиды. Бақылау нүктелері координаталарын көрсеткенде жоғарғы (максимальды) нақтылыққа жетуге тырысыңыз. Ол үшін бақылау нүктелерін қойғанда бастапқы бейненің көрсету мәнін көбейту керек.
Тіркеудің нақтылығын көбейту үшін бақылау нүктелерін көбірек беру керек. Ол үшін Кесте →Растр → бейнені тіркеу командасын орындаңыз.
Жаңа бақылау нүктелерін қойып және «Бейнені тіркеу» диалогында жаңа пернетақтасын басыңыз.
Тіркеу диалогындағы векторлық карталарға сәйкес келетін нүктелердің координатасын әкеліңіз (перенесите).
Бенелеудің ортаңғы бөліміне және мәліметтері аз мөлшерде белгіленген жерге қосымша нүкте қосса дұрыс болады.
Бақылау нүктесінің өзгеруі
Егер бақылау нүктелерінің координаталарында өзгерту енгізілсе (ереже бойынша, тіркеуде қателік өте көп болуына байланысты), «Бейнені тіркеу» диалогының жоғарғы бөлігінен нүктелер жазбасын таңдаңыз және картада нүктелерді басқаша орналастырыңыз. Өшіру пернетақтасын басу арқылы бақылау нүктелерін өшіріңіз.
Қосымша: Координаталарды түрлендіру
Ендік – ұзақтық мәндерін нүктелер үшін тікелей мәліметке (база) енгізуге болады.. Ол үшін координаталарды ондық градустарта көрсету керек. Maplnfo градус, минут және секундпен берілген координаталарды өңдемейді. Карталарда градус, минут, секундпен берілген координаталар нақты нүкте бермейді.
Градус, минут және секундты ондық градусқа аудару
Градус, минут, секундта берілген мәндерді ондық градусты координаталарға аудару үшін мына формулаларды қолдану керек:
Ондық градус = градустар + минуттар + секундтар; 60); 60);
Мысалы, 42 градусты 45′ 30′ ондық градусқа аудару:
Ондық градус = 42+45+30; 60); 60) = 42+45,5; 60) = 42.7583333.
42.7583333 соны жоғарыда айтылып кеткен ондық градуста берілген шаманы береді.
Координаттың басы
Координаттың басы – ендікті және ұзақтықты көрсететін нүкте. Ол координата системасының нақтылығын береді. Солтүстікке жүргенде Х координатасын, ал шығысқа жүрген кезде У координаталарының мәнін өсіреміз. Координата мәндері оңтүстікке және шығысқа ауытқу деп аталады.
Картаны цифрлау процессы. Картаны салу үшін қолданылатын құралдар. Сурет салу тәсілдері.
Цифрлау – бұл мәліметтерді аналогты-сандық өзгертулер үрдісі, яғни аналогты мәліметтер сандық формаға ауыстыру, ол машиналық сандық ортада жүзеге асуы үшін немесе әртүрлі типтегі цифровательдердің көмегімен машинамен оқылатын құралдарында сақтау үшін ыңғайлы. Геоақпаратта, компьтерлік графикада, картографияда: аналогты графикалық және картографиялық құжаттарды сандық жазба формасына өзгерту, олар кеңістіктік объектілерінің векторының көріністеріне сәйкес келеді.
Цифрлау әдісі бойынша ажыратылады:
1. қолмен қоршалатын дигитайзер көмегімен.
2. түпнұсқаларының растрлік көшірмелерін кейінен векторлау арқылы сканирлеу құрылғыларын пайдалану.
Цифрлауны программаға проекция, координаттар жүйесі жөнінде сәйкес ақпараттарды хабарлаудан бастау керек. Бұл картаны дайындау үрдісінің бір бөлігі, оны әдетте иелемей өтеді, бірақ мәліметтер базасын құру үшін өте маңызды. Көп программаларды бастау алдында осы ақпараттарды талап етеді, бірақ кейбіреулері бұл ақпарат кейінірек енгізуге мүмкіндік береді. Кез келген жағдайда оны алдын-ала дайындаған жөн.
Программаға картаның қай бөлігіне цифрлланғанын хабарлау қажет. Ол үшін кеңістігінде енгізетін түйісу нүктелерін не тіркей коордтнаталарын пайдаланылады. Түйісу нүктелері картаның сыртқы шекарасын белгілейді, және де олар кез-келген объектінің сыртында болуы тиіс, егер де БД ГАЖ-ді енгізу үшін картаның рамкасын қоса оцифрлейді. Картаның ауданын анықтау үшін тікбұрыштың бұрыштарының 3 нүктесін кажет етеді. Егер нүктелер диагональ бойымен орналасса, онда кейбір программалар екі нүктемен шектеледк. Осындай жағдайда программа сыртқы шекараны тікбұрыш деп санайды да, қалған екі бұрышты есептеп шығарады. Саналы жұмысты қамтамасыз ету үшін қандай да әдісті пайдаланбасақта, түйісу нүктелерінің нақты орналасуын көрсетуіңіз қажет. Оларды қайтадан тексерген жөн, себебі олардың орналасуын дұрыс көрсетпесек, онда кейінгі цифрлау қате болады.
MapInfo-да сурет салу және реттеу құралдары кез-келген карталар обьектісін өзгертуде және құруда қолданылады. Құралдарды және сурет салу командаларын ПЕНАЛ деп аталатын саймандар панелінен алуға болады. Жұмысты жеңілдету үшін объектілерді жөндеу барысында қосымша түйіндер, центрлері, сызық бағыты кқрсетіліп тұрады.
Сурет салу-реттеу құралдары
MapInfo-да графикалық обьектілерді реттейтін сурет салу командалары және толық құралдар жиыны бар. Бұл құралдар карталарда обьектілерді өзгертуге және құруға арналған. Сонымен қатар, олар картада обьектінің түрін, штрих түрлерін, сызықтарды, символдврды және текст түрлерін өзгертуге мүмкіндік береді. Осы командалардың және құралдардың көмегімен картада пайда болатын обьектілерді реттейсіз және сурет саласыз.
Картаның кезкелген қабатын салудан бұрын осы қабатты өзгеріп тұратын етіп жасау керек. Қабат өзгеретін болмайынша, Пеналда сурет салу құралдары жұмыс істеу режимінде болмайды (сұр түсті). Бұл ереже барлық қабаттарға қатысты. Соның ішінде космостықта қабатқа да.
Қабатарды өзгеріп тұратын етіп жасау үшін карта менюынан қабаттарды басқару командасын орындаңыз. Сіз жұмыс істегіңіз келген қабатты таңдаңыз және өзгергіш белгісін (флажок) орнатыңыз. Карталар терезесінде уақыттың кез-келген мезетінде бір қабат өзгеру мүмкін.
Егер сіз Excel, Lotus немесе ASCII файлдарында ашылатын кестемен жұмыс жасасаңыз, онда олар тек оқу үшін ғана ашылғанына кез боласыз. Бұл файл MapInfo форматында болмағандықтан немесе DBF стандартына сәйкес болмағандықтан, MapInfo оның мазмұнына өзгерту енгізе алмайды. Егер бұл файлдарға өзгерту енгізу керек болса, оларға көшірме жасаңыз.
Құралдар
ПЕНАЛ панелінде сурет салатын құралдар орналасқан:
|
Доға
Эллипс
Сызық
|
Доға сайманы доға суретін салу үшін қолданылады. Доғаның бұрышын, бастапқы жане соңғы нүктелерінен өзгерту үшін керек. Шеңберді доға құралының көмегімен салу үшін SHIFT пернетақтасын басып тұру керек.
Эллипс құралы эллипстік пішіндерді салу үшін қолданылады. Эллипстің ортасы болып сурет салудың басында көрсеткен нүкте саналады. Шеңберді салу үшін SHIPT пернетақтасын басып тұру керек. Эллипс немесе шеңбер салу үшін (шетінен) CTRL пернетақтасын басып тұрасыз.
Түзу сызықтарды салу үшін Сызық құралын қолданады. Көлденең, тік сызықтарды сызу үшін немесе 45 градустық бұрыштық сызықты салу үшін SHIFT пернетақтасын басып тұрып сызыңыз. Аудан шекаралары сызық болып саналмайды, сондықтан, егер сіз Сызық құралын қолдана отырып төртбұрыш салатын болсаңыз, Maplnfо оны аудан деп санамайды. Ондай төрбұрыш ішін бояй алмайсыз.
|
|
Көпбұрыш
Қисық сызық
Тікбұрыш
Доғал тіктөртбұрыш
Символ (Түйреуіш)
Текст
|
Эллипстен көпбұрыштың немесе дөңгелектендірілген көпбұрыш құралының айырмашылығы (тек пішін беретін) еркін аудан салуға мүмкіндік береді. Аудандарды салғанда көп операциялар жасауға болады, мысалы, біріктіру, пішінін өзгерту.
Тура көпбұрыш құралын қолданғандай салыңған қисық сызықтардың пішінін өзгертуге болады, бұрыштарын доғаға ауыстыруға болады. Бұл операциялар қисық сызық құралымен салынған объектілерге қолданылмайды.
Тікбұрышты салу үшін қолданатын құрал. Осы құралдың көмегімен квадратты салу үшін SHIFT пернетақтасын басып тұрып салыңыз. Осы түрдің обьектісі бұрыштан бастап салынады. Ортақ нүктесін табу арқылы тікбұрыш салу керек болса, CTRL пернетақтасын басып тұрып сурет саламыз
Доғал тікбұрыш құралы тікбұрыштың бұрыштарын доғалап салуда қолданылады. Оның көмегімен доғал квадрат салу үшін SHIFT пернетақтасын басып тұрып салыңыз. Ортақ нүктесін табу арқылы тікбұрыш салу керек болса, CTRL пернетақтасын басып тұрып сурет саламыз.
|
|
Картада нүктелі обьектілерді салу үшін қолданады. Текст жазу үшін қолданылады (әріптер и сандар). Текст жазғанда оның шрифтының үлкендігін және бұрылу бұрышын көрсетуге болады. Картаға текст жазу үшін жазу пеналындағы комадаларды және құралдарды қолдануға болады.
Реттеу және сурет салу режимі
Пенал панелдерінде реттеу және сурет салу үшін қолданатын көмекші 6 пернетақта бар.
|
Пішін
|
Қабаттарды өзгеріске ендіргенде бұл құрал пішін режімін қосады және алады, яғни, өзгеретін қабатқа түйін қосады немесе алып тастайды.
|
Түйін қосу
|
Жөнделетін объектіге түйін қосады.
|
Сызық стилі
|
Сызық стилі диалогын ашу арқылы қайта құрылған обьектілер үшін жаңа стандартты шарттарды беріп немесе таңдалған сызықтық обьектілердің түрін және қалыңдығын таңдауға болады.
|
Аймақ стилі
|
«Аймақ стилі» диалогын ашу арқылы қайта құрылған объектілер үшін жаңа стандартты орынатуды беріп, немесе таңдалған аудандық объектілердің шекара типін және штрихтарын, түрін таңдауға болады.
|
Символ стилі
|
«Символ стилі» диалогын ашу арқылы қайта құрылған объектілер үшін жаңа стандартты орынатуды беріп, немесе таңдалған символдың типін және өлшемін, түрін таңдауға болады.
|
Текст стилі
|
«Текст стилі» диалогын ашу арқылы қайта құрылған объектілер үшін жаңа стандартты орнатуды беріп, не болмаса таңдалған текстің түрін және фонын, өлшемін беруге болады.
|
Стилдер
MapInfo объектілерін салу кезде осы қабат үшін тұрақты түс, шрихтау, сызық типі, символдар түрі және мәтін қолданылады. Бар объектінің стилін өзгерту үшін, ол жатқан қабатты өзгертілетіндей етіп осы объектіні тандау қажет және "Стиль..." диалогының біреуін ашу қажет (Құралдар пенелінің сәйкес пенель пернетақтасын басып диалог стилін ашуға болады). Жаңа орнатулар, сонымен қатар қайта құрылатын объектілердің түрін анықтайды. Тұрақты атрибуттарға жүргізілген барлық өзгерістер жұмыс сеансының ағымында сіз оларды өзгерткенге дейін жүзеге асырылып отырады. Оларды есте сақтау үшін, оларға байланысты кестені сақтау керек.
Егер сіз Карта терезесіндегі объектілердің көрсету стилін уақытша ауыстырғыңыз келсе, онда "Қабатпен басқару" команда диалогында РЕСІМДЕУ (ОФОРМЛЕНИЕ) кнопкасын басуыңыз қажет. "Ресімдеу" диалогы пайда болады. Біркелкі жалаушаны орнатсаңыз стильдеу диалогын ашатын пернетақталарға мүмкіндіктеріңіз болады (5 сурет).
Ескерту: Қабатпен басқару терезесінің диалогында берілген барлық орнатулар жұмыс термесінде кестені жазған кезде сақталады.
5 сурет
Пішін (Форма) командасы рұқсат етілуі үшін, картада Москвалық аймақты тандаңыз. Бағыт (Стрелка) құралын пайдалана отырып бірінші түйінді таңдаңыз. SHIFT пернетақтасын басып тұрып, шекараның көшірірілетін аймағының соңғы түйін көрсетіңіз. MapInfo сонымен бірге барлық аралық түйіндерді таңдайды. Аралық түйіндерді тандамай, тек кейбір түйіндерді тандау үшін (Стрелка) құралын қолданған кезде CTRL пернетақтасын басып тұру керек. ТҮЗЕТУ→ КӨШІРУ (ПРАВКА → КОПИРОВАТЬ) командасын орындауыңыз қажет. ТҮЗЕТУ → ЕНГІЗУ (ПРАВКА → ВСТАВИТЬ) командасының көмегімен картаға көшірілген түйінді енгізіңіз. Жаңа объект бастапқы сынық үстінде пайда болады. Пішін (Форма) режимін болдырмаңыз, және құрылған сынықты басқа жерге орналастырыңыз.
Түйіндерді біріктіру
Түйіндер тек объектілер пішінін өзгерту үшін ғана қолданып қоймайды, сонымен бірге бір-біріне байланысты объектілерді түзету үшін де қолданылады. MapInfo – да бұл процесс түйіндерді біріктіру деп аталады. РЕЖИМДЕР командасы түйіндерді біріктіру режимін береді. БАПТАУ → РЕЖИМДЕР → КАРТА ТЕРЕЗЕСІ (НАСТРОЙКА→ РЕЖИМЫ→ ОКНО КАРТЫ) командасын орындаңыз. MapInfo түйіндермен жұмыс істейтін екі режимді құрайтын диалогты көрсетеді: Түйіндерді біріктіру және Радиус біріктіру.
Карта терезесінде әр аймақтарға, сынықтарға, сызықтарға, доғаларға және тікбұрыштарға басқа объекттілер түйіндерімен біріктілетін түйіндермен сәйкес. Егер Түйіндерді біріктіру режимі қосылса, онда MapInfo сурет салғанда, пішінді немесе объекттілердің орынын өзгерткенде автоматты түрде ұқсас объектілердің түйіндерін біріктіреді (арақашықтығы белгілі өлшемнен аз болса (радиусы)).
Түйіндерді біріктіру режимін қосу үшін "S" пернетақтасын басу керек. Ол ажыратқыш сияқты жұмыс істейді: берілген режимді айнымалы бойынша өшіреді және қосады. Біріктіру режимінің радиус іс-әрекетін пиксильде " Карта терезесінің режимі " диалогындағы " Біріктіру радиусы " терезсінде беруге болады. Егер 3 пиксельді мән берсек, онда әр түрлі түйін басқа түйіннен 3 пиксельден көп емес енгізілгенен кейін осы түйіндердің ұштастыруы автоматты түрде болады.
Түйіндердің біріктіру режимінде түйіндер рұқсат етілген әр түрлі қабаттарға жақын түйіндермен біріктіріледіы. Бұл сіздің басқа қабатта объект бойынша түзеткіңіз келген бір объект қабатында сурет салған кезде өте тиімді. Егер сіз кейбір қабаттармен біріктіргіңіз келмесе, онда оларды рұқсат етілмейтіндей етіңіз.
Ауыстырған кездегі біріктіру
Көбінесе әртүрлі объектілер карталарының түйіні байланысқан. БАПТАУ → РЕЖИМДЕР → КАРТА ТЕРЕЗЕСІ (НАСТРОЙКА→ РЕЖИМЫ→ ОКНО КАРТЫ) диалогында түзету кезінде картадағы қандай түйіндер бір уақытта біріктірілуі керектігін беруге болады. Осы режим қолданбауы үшін Өшіруді таңдаңыз. Әр түйінді ауыстырып қою кезінде сол қабатта олармен барлық біріккен түйіндер сол сияқты ауыстырылып қойылу үшін, Ағымдағы қабатты таңдаңыз.
Бар объектілерді трассалау (Трассировка)
MapInfo –да көпбұрыштардың/жартылайсызықтардың желісін трассалау өте тиімді. Автотрассалаудың жаңа қасиеті басқа полисызықтарды немесе көпбұрыштарды трассалауға мүмкіндік береді. Автотрассалау Түйіндерді біріктіру режимі қосылып тұрған кезде мүмкін. Есте сақтаңыз, тек қана бар полисызықтарға немесе көпбұрыштарға автотрассалауды қолдануға болады.
Салу құралдарының көмегімен салынған эллипстарға, доғаларға, тікбұрыштарға немесе басқа объектілерге автотрассалауды қолдануға болмайды.
Жартылай сызықтарды/көпбұрыштарды автотрассалау үшін келесіні орындаңыз:
Түйіндірді біріктіру режимін қосыңыз ("S" пернетақтасын басыңыз), сіз автотрассалағыңыз келген полисызықтар/көпбұрыштар түйініне Бағытпен көрсетіңіз.
● Сол объектінің басқа түйініне курсорды алып келіңіз.
● Полисызықтар үшін SHIFT пернетақтасын ұстап тұрып, тышқан пернетақтасының сол жағын басыңыз;
● Көпбұрыштар үшін CTRL пернетақтасын ұстап тұрып, тышқан пернетақтасының сол жағын басыңыз;
● Полисызықтармен жұмыс жасаған кезде, SHIFT пернетақтасын ұстап тұрып, тышқан пернетақтасының сол жағын басыңыз;
● Көпбұрыштермен жұмыс жасаған кезде, не CTRL, не SHIFT пернетақтасын ұстап тұрып, тышқан пернетақтасының сол жағын басыңыз;
● Не CTRL, не SHIFT пернетақтасын басқан кезден бастап, MapInfo автотрассалау болатын жолды береді. Тышқан пернетақтасына басқаннан кейін MapInfo тандалған түйіндердің біріктіретін жолын автоматты түрде трассалайды және оны сурет салынатын полисызықтарға немесе көпбұрыштарға қосады.
Ескерту: SHIFT пернетақтасын басқан кезде трассаланаған жол өзімен екі түйін арасындағы қысқа жолды құрайтын болады, ал CTRL пернетақтасын басқан кезде трассаланған жол өзімен екі түйін арасындағы ұзын жолды құрайтын болады (тандалғандар арасындағы көптеген түйін сандарымен жол). Автрссалау ТҮЗЕТУ (ПРАВКА) команда режимінде тандалған көптеген түйіндер сияқты жұмыс істейді.
Пішін. Тек бір ғана объектіні біруақытта трассалауға болады. CTRL/ SHIFT пернетақтасын басу кезіндегі Бағытпен тандап алған екінші түйін бірінші орналасқан объектіде де орналасуы керек. Егер бұл олай болмаса, онда MapInfo екі түйінді қосатын тік сызық салады. Егер сіз тышқанмен біруақытта екі объектіге жататын түйінді көрсетсеңіз (ортақ шекара), онда автотрассалауды әрбіреуінен бастауға болады.
Сынық сызықтырды тегістеу
БҰРЫШТАРДЫ ТЕГІСТЕУ (СГЛАДИТЬ УГЛЫ) командасымен сынық бұрыштарын доғаға түрлендіруге болады. Сыныық сызыққа Бағыт құралымен көрсетіңіз және ОБЪЕКТІЛЕР→ БҰРЫШТАРДЫ ТЕГІСТЕУ (ОБЪЕКТЫ →СГЛАДИТЬ УГЛЫ) командасын орындаңыз. MapInfo сынықты былай тегістейді: ол өзімен бұрыш орнына дөңгелектенген үздіксіз сызықты құрастырады. Бастапқы объект түріне қайтып келу үшін не БОЛДЫРМАУ (ОТМЕНИТЬ) командасы көмегімен, не ОБЪЕКТ→БҰРШТАРДЫ ЖАЛАҢАШТАНДЫРУ (ОБЪЕКТЫ→ ОБНАЖИТЬ УГЛЫ) командасын орындау қажет.
БҰРЫШТАРДЫ ТЕГІСТЕУ (СГЛАДИТЬ УГЛЫ) және БҰРЫШТАРДЫ ЖАЛАҢАШТАНДЫРУ (ОБНАЖИТЬ УГЛЫ) командалары тек сынықтарға және полисызықтарға қолданылады. Сынық сызықтары – бұл Сынған (Ломаная) сайманымен салынған өте күрделі сызық. БҰРЫШТАРДЫ ТЕГІСТЕУ (СГЛАДИТЬ УГЛЫ) және БҰРЫШТАРДЫ ЖАЛАҢАШТАНДЫРУ (ОБНАЖИТЬ УГЛЫ) командалары, мысалы, Сызық сайманында құрылған объектілерді қолдана алмайды. Егерде сынық сызықтан басқа әртүрлі объектілердің пішінін өзгертуге әрекеттенсеңіз, MapInfo сізге ескерту жасайды.
Объектілерді аймақтық және сынық сызықты түрлендіру
Кейде жөндеу кезінде аймақты сынық сызықты немесе керісінше сынық сызықты аймаққа түрлендіру қажет болады. Мұны объектіні тандап және ОБЪЕКТІЛЕР→ АЙМАҚҚА ТҮРЛЕНДІРУ немесе СЫНЫҚ СЫЗЫҚҚА ТҮРЛЕНДІРУ (ОБЪЕКТЫ →ПРЕВРАТИТЬ в ОБЛАСТЬ или ПРЕВРАТИТЬ в ЛОМАНУЮ) командаларын тандау арқылы оңай жасауға болады.
Тақырыптық картаны құрастыру. Тақырыптық картаны баспадан басып шығаруға даярлау.
MapInfo терезені бірнеше форматтарда сақтай алады. «Терезені экспорттау» диалогындағы Windows Enhanced Metafile-да көрсетілген Windows Bitmap бағдарламасы бұл стандартты, бірақ та жаңа форматтағы бағдарлама. Келесі форматтарды қамтиды:
‘Windows Bitmap (*.btm) ● Windows Metafile (*.wmf) ● Windows Enhanced Metafile (*.emf) ● JPEG File Interchange Format (*.jpg)
Карта терезесінің режимі.
Берілген режим MapInfo бағдарламасында ашылатын кез келген жаңа терезесіне картаның қойылған орнатуларды бақылайды. Ашылып қойылған карта терезелері үшін кейбір орнатуларды Режимдер (Карта → режимдер) диалогты терезесінде жасауға болады. Бұл орнатулар: терезенің өлшемін өзгерткен кездегі карта масштабын өзгерту, ара қашықтық және аудандардың есептеулерін орнату, координаттарды градуста, минуттарда және секундтарда қорытындылап шығару болып табылады (6 сурет).
6 сурет
Обьектіні белгілеп алу
Карта терезесінде сіз таңдалған және өзгертілетін обьектілерді сызықтар және штриховка типін өзгерте аласыз. Бастапқы қалпы бойынша қолданылатын орнатулар Таңдалғандар және Өзгертілгендер стилі терезесінің қасында көрсетілген. Сәйкес стиль диалогты терезені экранға шығару үшін және онда орнатуларды өзгерту үшін солардың біреуін басыңыз.
Өзгертулер туралы хабарлап тұру
Негізінде MapInfo кестені жабу алдында ескертеді. Ол косметикалық обьектілердің, қолтаңбалардың және тақырыптық қабаттардың кестеге немесе жұмыс істеу жинағына сақтамай айрылып қалуыңызды ескертеді. Бұл хабарлар щықпайтындай етіп қалуыңызға болады. Жай ғана терезеден берілген обьектінің туын алып тастаңыз.
Терезенің өлшемін өзгерту
Бұл орнатулар картаның терезелері, жұмыс істеуіне және олардың өлшемдері өзгертілуіне жауапты. Бастапқы қалпы бойынша карта терезеснің өлшемі өзгерген жағдайда масштаб та өзгеретіндігі орнатылған. Осы бойынша карта өзінің масштабын өзгертіп, өзін терезенің өлшеміне қарай қайтадан бейнелейді. Ал сіздің алдыңызда сіз өзгерткенге дейінгі картаның бөлігі қалады.
Картаның көрінетін бөлігінің өлшемін өзгерту үшін масштаб опциясын таңдаңыз. Сонда сіз терезені кішірейткен немесе үлкейткен кезіңізде, экранда картаның сәйкесінше ең кіші немесе ең үлкен бөлігі пайда болады.
Бұл орнату картаның ашылып қойылған терезелеріне қолданылмайды. Оған дейін Карта → Режимдер орнатуын орындау керек.
Орын ауыстыру (көшіру) кезінде біріктіру
Бұл орнату бағдарламасында түйіндерді көшірген кездегі өзімен біріктірілген түйіндерді көшіруді басқарады. Сіз Форма (Правка → Форма) командасын орындаған кезде облыс сияқты көршілес обьектілерді бақылау. Бастапқы қалпы бойынша MapInfo біріктірілген түйіндердің ауыстыруын орындамайды. Бұны орындау үшін орын ауыстырған кезде тек қана берілген қабатта ғана біріктіру функциясын таңдаңыз.
Аумақтарды кесу
Бұл орнатуды MapInfo аумақтарды кесу үшін қолданыңыз. Үш нұсқасы берілген:
-
Жүйемен анықталады (барлық обьектілер). Мұндай кесу Windows жүйесімен басқарылады. Барлық обьектілер (нүктелерді, қолтаңбаларды, мәтіндерді, растрлы көріністерді және сыртқы қабаттарды қосқанда) бұранда шекарасы бойынша кесіледі. Бұл орнату стандартты болып табылады;
-
Жүйемен анықталады (мәтін және нүктеден басқасы). Бұл әдісті қолданыңыз, ол алдыңғы MapInfo Profession бағдарламасында қолданған әрекеттерге ұқсас. Нүктелер мен қолтаңбалардан басқа барлық обьектілер кесіледі. Мәтіндік обьектілер, растрлы файлдар және сыртқы файлдар (grid) әрқашанда көрініп тұрады да кесілмейді;
-
MapInfo бағдарламасымен анықталады (нүктелер мен мәтіндерден басқа). Бұл әдіс MapInfo-ның кесу функционалдығын қолданады.
MapInfo-ға дейінгі барлық алдынғы версияларда осындай әдіс қолданылған. Ойым (врезка) аймағы өзгертілетін объект болып келеді, ал басқа объектілер осы операция үшін өзгертілетін объектілер болып табылады. Кесіп алуға барлық объектілер жатады, тек нүктелер мен қолтаңбалар жатпайды, сонымен қатар, егер нүкте немесе қолтаңба ойым аймағының ішінде орналасқан болса, онда нүктелер мен қол таңбалар толығымен бейнеленді. Мәтінді объектілер, растрлар және беттік файлдар (grid) ылғида бейнеленді және кесіп алуға келмейді.
Ар қашықтықтарды және аудандарды есептеу
Ол MapInfo-да арақашықтықтары мен аудандары қалай есептелінетінің аңықтау үшін қолданылады. Бастапқы қалыпы бойынша өрістегі әдісі көрсетілген. Ол жер бетінің қисықтығы міндетті түрде есептелінетін кезде қолданылады. Ең алдымен берілген деректер Еңдікке/Бойлыққа конверттеледі, содан есептеу болады.
Ендік/Бойлық кескінде сақталған барлық деректер ылғида өрістік есептеулерді қолданатын болады. Жазықтағы әдісі (декортты) жазақтықта кескіндіген деректерді есептеуді орындайды.
Декартты координаталар (х,у) бір-біріне тік бұрыш бойынша орналасқан екі осьті кескіндеу жолымен екі кеңістіктегі нүктелердің жағдайын анықтайды.
Айналдыру қатары және қалқып шығу жазбалары
Бастапқы қалпы бойынша қалқып шығу жазбалары экранға келіп шығады. Бұл жағдайдың болмауы үшін, сәйкес терезеден жалаушаны алып тастау керек. Бастапқы қалпы бойынша MapInfo карта терезесіндегі айналдыру қатарын бейнелемейді. Айландыру қатарын қосу үшін жалаушаны орнату керек.
Арақашықтықтардың және аудандардың метрлік бірлігі.
Бастапқы қалпы бойынша MapInfo арақашықтықтар үшін мили және аудандар үшін квадратты мили қолданады. Метрлік бірлікті қолдану үшін, метрлік бірлікке қарама-қарсы орналасқан жалаушаны орнату керек. Онда арақашықтық километрмен, ал аудан – квадратты километрмен өлшенеді.
Координаттарды градустармен, минутармен, секунтармен көрсету
Бастапқы қалпы бойынша MapInfo координаттарды градуспен және оның ондық бөлшектермен көрсетеді. Координаталарды градуспен, минутпен, секундпен көрсетілуі үшін, координаттарды градустармен, минутармен, секундтармен көрсету опциясына қарама-қарсы орналасқан жалаушаны орнату керек. Бұл жалауша орналасқан болса, және сіз сонымен бірге қабат өзгертілетін жағдайда "объект туралы ақпрат" диалогты терезеде координаттарды градуспен, минутамен және секундпен енгізе аласыз.
Қиысу радиусы
Бұл арақашықтық пикселмен берілген, объекттерді салу кезінде онда түйіндерді қиыстыруының автоматты режимі орындалады. (Түйіндер опциясын қосу үшін S басу керек). Тұрақты мән 5-ке тең.
Салу кезінде түйіндерге басқа объектілерді жабыстырып алмау үшін, төменгі мән енгізу қажет. Радиустың үлкен мәнің енгізетін болсаңыз, түйін автоматты түрде басқа объектінің түйінімен қиыстырылады. Егер ол одан жеткілікті арақашықтықта орналасқан болса да қиыстырылады.
Легенда терезесін орнату
Бұл режим әр бөлімнің үстінде бейнеленетін ішкітақырып мәтінін және қолтаңба, оның қәрібі және өлшемі сияқты мәтіндерді анықтайды. Бұл орнату КАРТА→ ТҮСІНІКТЕМЕ ҚҰРУ (КАРТА→СОЗДАТЬ ЛЕГЕНДЫ) 2-ші қадамдағыдай қадамында ұсынылған орнатуларға сәйкес. Бұл орнатулардың барлығы легенда құрылған кесте негізінде деректер әдістеме кілті болса, онда 2-ші қадамында немесе легенда терезесінде көрсетілген орнатуы орын басады.
Тақырып үлгісі түсініктеменің әр бөлімінің үстінде бейнеленетін мәтінді анықтайды. Бастапқы қалпы бойынша тақырып үлгісі "# Түсініктеме" ("# Легенды") символымен белгіленеді, мұндағы "#" карта қабатының атуымен алмастырылады, оның негізінде түсініктеме бөлімі құрылған.
Мысалы, "# Түсініктеме" ("# Легенды"), Шекара қабаты үшін шекара түсініктеме тақырыбын құрайды. Егер сіз қабат атауының алдында түсініктеме сөзін енгізсеңіз келсе, онда сіз үлгі ретінде "түсініктеме қабаты" немесе жәй ғана "#" символын бере аласыз. Жалпы айтқанда сіз тақырып үлгісін қолданбасаңыз да болады, мұндай жағдайда өрісті бос қолдырыңыз (7 сурет).
7 сурет. Легенда тақырып үлгісі
Бастапқы қалпы бойынша ішкітақырып үлгісінің өрісі бос, бірақ сіз оны өз қалауыңызша орната аласыз. Түсіктемнің айналасындағы бөлімдердің жиек стилі немесе бөлімдер атаулары үшін қолданылатын қаріптерді өзгертуі үшін, МӘТІН (ТЕКСТ) стилі немесе сәйкес диалогқа өту үшін СТИЛЬ сызығынның пернетақтасын басу керек және өзіңіздің өзгертулеріңізді енгізуіңізге болады.
Бастапқы режим (стартовый режим)
Түгелдей, бастапқы режим MapInfo жұмысын басқарады. Сіз программамен жұмыс істей бастағанда, MAPINFOW.WOR жұмыс теруімен басқаруға руқсат етеді және сонымен бірге жұмыс теруіндегі сұраныстар сақтала ма әлде жоқ па, соны анықтайды (8 сурет).
8 сурет. MAPINFOW.WOR -да жүктеу және сақтау
Бұл орнатулар сіз MapInfo мен жұмысты аяқтаған кезде, MAPINFOW.WOR жұмыс термесіндегі соңғы сеансты автоматты түрде сақтауыңызға және сіз MapInfo мен жұмыс бастаған кезде осы соңғы сеансты көрсетуге мүмкіндік береді. өзіңіздің MAPINFOW.WOR жұмыс термеңізде setup сақтау үшін, MapInfo-ны жабар кезде MAPINFOW.WOR Сақтау қарама-қарсы жалаушаны енгізіңіз. MAPINFOW.WOR жұмыс басында экранға шығарылуы үшін, MapInfо-ны ашар кезде жалаушаны MAPINFOW.WOR -ты жүктеуге қарама-қарсы енгізу керек.
Принтер туралы ақпарат
Принтер туралы ақпаратты баптауы сізге жұмыс пернесінде сақтау үшін керекті ақпратты беруді мүмкін етеді. Егер бастапқы режимдерде жұмыс термесінде Баспаға шығару параметрлерін сақтау жалаушасы орналасқан болса, онда принтер атауы, қағаз бағыты және өлшемі, және баспаға шығаруға көшірме саны сақталады. Сонымен қатар, сіз жұмыс сеанс уақытындағы жасаған тұрақты баптаулардың өзгертулері енгізілетін болады.
Косметикалық объектілерді сақтау
Косметикалық қабаттар карта терезесін жабқан кезде автоматты түрде сақталмайды.
Егер сіз косметикалық қабаттарда салынған объектіні сақтағыныз келсе, онда жұмыс термесінде сақтаңыз. MapInfo кестені жабқан кезде немесе жұмысты аяқтаған кезде, сақталмаған косметикалық қабаттар қалғаны туралы ескертеді және оларды сақтауды ұсынады. Бұл диалогты көрсетуін БАПТАУ → РЕЖИМДЕР → КАРТАЛАР (НАСТРОЙКА→РЕЖИМЫ →КАРТЫ)терезесі диалогында реттеуге болады. Егер сіз косметикалық қабатың мазмұның тұрақты қабатты ретінде сақтағыңыз келсе, онда карта менюінен КОСМЕТИКАНЫ САҚТАУ (СОХРАНИТЬ КОСМЕТИКУ) командасын орындауыңызға қажет. Косметикалық қабат объектілерін бұрыннан бар қандай да бір қабатқа орналастыруға болады немесе олар үшін жаңа қабат құрастыруға болады.
Объектілерді жазбалау
Қабаттарды басқару диалогындағы жазбалау режим әдетте барлық кесте үшін жұмыс істемейді. Сіз жазбалау жалаушасын орнатып және диалогты жабқаннан кейін, онда картада автоматты түрде қолтаңбаның енгізілгенің көресіз. Егер де сіз өзініздің картаңызға қолтанбаңызды қойғыныз келмесе де, объекіге енгізілген жазба ақпаратты қалқып шығу көмектесу терезесінде көрсетіліп тұрады. Сонымен қатар сіз Операция тақтасынан қолтаңба сайманы көмегімен дербес объектілерді өз қолыңызбен жазбалауыңызға болады. Олай болса тышқанның көрсеткіші крест қалыпты қабылдайды,онда тек қана объектіні сілтеу керек. MapInfo сіз көрсеткен объектіні қолтаңбалайды немесе егер объетілер бір-бірін жабатын болса, онда объектіні үстінгі жекшеден қолтаңбалайды. Жазбалау механизімін баптау ҚОЛТАҢБА (ПОДПИСИ) пернесі арқылы "Қабатпен басқару" диалогынан ашылатын диалогта жүзеге асады.
Тігілген қабатар
Қабатарды тігу идеясы әртүрлі аймақтардың жолдық желісі, гидрожелі және т.б сияқты ақпараттан тұратын көптеген қабатпен Картаны қоқырлатпау (загромождать) үшін құрастырылған. Бұл мысалы, растрлы қаптамаға демеулі векторлы ақпаратты салған кезде қажет болу мүмкін. Бұл қабаттардың біруін тігіп, сіз тек қана ауыр жұмыстан ғана босатылып қоймай, сонымен бірге тігілген қабаттың барлық компоненттеріне бір уақытта басқа да операцияларды қоладнуға және қолтаңбалауға, ресімдеуге мүмкіндік ала аласыз. Тігілген қабат құрамына Картаның әртүрлі растрлы емес қабаттары кіре алады. (9 сурет).
9 сурет
Бірінші кезге тігілген қабат бір кестені құрайтын қабат сияқты көріну мүмкін. Бірақ шынына келгенде ол Ивановкалық, Калужскалық, Москвалық, Рязандық, Смолендік, Тульстік, Тверстік, Владимирлік және Ярословтық аймақтардың жолдарының оң кестесінен тігілген.
Тігілген қабат ерекшеліктері
Тігілген қабаттар бірнеше базалы кестелерден құрастырылғандықтан, MapInfo қарапайым кестеге қарағанда оларды бірнеше өзгеше өндейді.
Сіз тігілген кестелерге MapInfo – ның келесі функцияларын және механизмдерін төменде көрсетілген шектеулерде қолданыла аласыз:
Қабатпен басқару. Сіз Жою және Қосу пернелерін қолданыла аласыз, басқа қабаттар іщінде тігілген қабатты жоғары және төмен ауыстырып қоюға болады және көрсету режимін және колтаңбалауды өзгерте аласыз.
Тігілген қабаттар
10 сурет. Тігілген кесте компонентінің тізімін көрсету.
ТЕРЕЗЕ >ЖАҢА ТІЗІМ (ОКНО>НОВЫЙ СПИСОК) командаларды орындау. Диалогтың келесі түрі пайда болады:
11 сурет
"Аты" терезесіне базалы кесте атауын енгізу керек; әрине, сіз оны білмейсіз, сондықтан, базалы кесте тізімін көрсету үшін "xx" енгізу керек. Тізімнің ішінен керекті кестені тандап және оны Тізімнен көрсетіңіз. Сонымен бірге сіз оны Тізімінен көрсеткенен кейін оны бөлек Карта қабатынан да көрсете аласыз, өйткені бөлек Тізіммен көрсетілген кесте қарапайым MapInfo кестесі болып табылады.
Карта құру Есеп беру командасында іске асады. Есеп беру түсінігі басқа ГИС – программаларында құру (компоновка) терминіне іспеттес. Есеп беруді құру дегені бұл барлық керекті графикалық қосымшаны бір бетке орналастыруды білдіреді, немесе үлгі (макет) құрастыру деген.
Есеп беру функциясын орындау үшін қандай операциялар қажет:
● Есеп беру меню командасы көмегімен Есеп беру үлгісін (макетін) құруға болады (=карталар).
● Карталар терезесін құру
● Жаңа Есеп беруді құру
● Картаны масштабтау
● Карталарды басып шығару
● Есеп беруді сақтау (карталар)
Есеп беру терезесі туралы
Есеп беру терезесінде карталарды, стратиграфикалық бағандарды, кескіндерді, әртүрлі графиктерді және суреттерді оналастыруға болады, параққа сыйатындай етіп есептеумен басып шығарушы құрылғыға нәтижелер үшін оларды біріктіреді (комбинирлеу). Әртүрлі ашық терезелерді Есеп беруге алмастыруға болады, парақтағы орналасуын және өлшемін өзгертуге болады (12 сурет).
12 сурет
Мәтіндерді және түсініктемелерді енгізіп, аяқталған үлгі (макет) алуға болады. Әрине, Есеп беру функциясын қолданбай ФАЙЛ→ БАСЫП ШЫҒАРУ↓ (ФАЙЛ→ПЕЧАТАТЬ↓) командасынмен Карта терезесінің бөлек мазмұның шығаруға болады. Бұл жағдайда сіз терезе шегінде не бар соңы ғана шығара аласыз. Тек Есеп беру үлгісінде (макетінде) сіз түсініктеме, графиктер, стратиграф бағандар, кескіндер сияқты терезе мазмұның және картаның басқа да атрибуттарын орналастыруға болады. Есеп беру терезесі MapInfo-ны қосқан кезден кейін тез арада қолданбалы. Терезе →ЕСЕП БЕРУ (Окно→ОТЧЕТ) командасы арқылы Есеп беруді ресімдеуге кірісуге болады.
MapInfo-да жиек (рамка) сайманы бар.
Есеп беру үлгісінің (макетінің) жиек ішінде өлшемдеді өзгертіге болады. Жиек мазмұны Карта, Кесте немесе График мазмұнына тура сәйкес келеді. Есеп беру жиегінің мазмұнымен MapInfo терезесінің мазмұнының орташа байланысы бар.
Карта терезесін құру
Есеп беруді құрудың бірінші қадамы Картаның тиімді терезесін құрумен байланысты. Егер екі түрлі карта керек болса, онда тек Алақан сайманының қолдануға болады, картаны басқа жерге ауыстырып қоюға және КАРТА →ҚАЛАЙ БОЛҒАННЫҢ КӨРСЕТУ (КАРТА→ПОКАЗАТЬ КАК БЫЛО) командасын қолданып содан кейін қайтып келуге болады. Есеп беру терезесінде бір картаның екі түрін алу үшін екі бөлек Карта тересін құру керек.
Карталардағы жазбалар
Есеп беру қолтаңбалары Картадағыдай болуына жету үшін бірнеше мәселерлер бар. Карталардың масштабын ауыстыру кезінде картада және есеп беруде қолтаңба бейнеленуінің ерекшеліктері байқалады. MapInfo сеансындағы қолтаңбалау мысалы, "Қабатпен басқару" диалогындағы Қолтаңбалау командасын қолданған кезде қолтаңбалар жеке қабатта сақталмайды, бірақта олардың стилін бастапқы қалпы бойынша өзгертуге болады, бірақ одан әрі редакциялау мүмкін емес. Редакциялауға және сақтауға болатын қолтаңбаны құру үшін Autolabel.mbx немесе Label.mbx программаларын қолдану қажет. Бұл MapBasic қосымшалары жеке қабатта қолтаңба құруға мүмкіндік береді, және оларды одан кейін де сақтауға және редакциялауға болады.
Есеп беруде легенданы қолдану
Есеп беру картографиялық та, тематикалық та легендаларды қолдануға болады. Екі терезе түрі де MapInfo экранындағыдай өлшеммен Есеп беру терезесінде бейнеленеді. Легенда жиегі қысқартылған кезде, түсініктеменің өзі кесіледі. Легендаларда қолданылатын мәтін стилі (қаріп, қаріп өлшемі) есеп беріде де сақталады.
Есеп беру терезесіне легендаларды біріктіру әртүрлі болып жүзеге асады, ол легенда түріне байланысты
Есеп беруге тематикалық легенданы MapInfo сеансында көрсетілмеген болсада енгізуге болады. Осыны жүзеге асыру үшін, Есеп беру терезесі активті екеніне көз жеткізіп және ЖИЕК (РАМКА) пернесіне басу керек. Есеп беру терезесінде тышқөан пернесін басыңыз және қажетті өлшемдіе тематикалық легенда үшін жиекті құрышқан пернесін жіберген кезде жиек диалогы ашылады. Терезеге түсіп келетін тізімнен тематикалық қабат Түніктемесін тандап және ОК↓ басыңыз. Тематикалық легендалар жиекте пайда болады. Сонымен бірге есеп беру терезесіне басқа да терезелерді енгізуге болады.
Картографиялық легендалармен жұмыс істеген жағдайда ең алдымен Есеп бері терезесіне оны енгізбей тұрып, КАРТА→ ЛЕГЕНДА ҚҰРУ (КАРТА→СОЗДАТЬ ЛЕГЕНДЫ) командасын қолданып түсініктеме құрып алуыңыз керек.
Жиек – графикалық объект болғандықтан онда : оны Бағыт сайманың көмегімен ауыстыруға болады. Штрихтауды және жиектенуші сызықтың түрін өзгерту. Жиекті көшіру немесе кесіп алу және оны Есеп беру терезесінің басқа терезесіне қою.
Есеп берудің объектісін түзету
MapInfo – да Есеп беру терезесінде объектілерді тура түзетумен басқаратын командалар бар. Сіз объектілерді көлдеңнен немесе тігіннен бір – біріне байланысты қарым – қатынас бойынша немесе Есеп беруге байланысты қарым –қатынас бойынша түзетуге болады. Сізтүзеткіңіз келген объектіні тандап, ЕСЕП БЕРУ › ТҮЗЕТУ (ОТЧЕТ>ВЫРОВНЯТЬ) командасын орындауыңыз қажет.
″Объектілерді түзету″ диалогы шығады. Тігіннен және көлдеңнен баптауды сәйкесінше беріңіз.
Үлгі (макет) өлшемімен басқару
MapInfo экранына Есеп беру терезесінің өлшемі есеп берудің басып шығаруының негізгі шығарылыуынан әдетте қысқа өлшемді болып келеді. Көрсету масштабы экранның төменгі сол бұрышында шығарылады және басып \шығарудың сызықты өлшеміне қатысты экранның сызықты өлшемі зөзімен бірге үлкейту немесе төмендету проценттің құрайды.
Есеп беру терезесімен жұмыс жасаған кезде бейнелеудің көлемін өзгертуде әр түрлі әдістерді қолдануға болады.
Еске саламыз, сіз жеке жиектреде ғана емес, сонымен бірге барлық терезелерде бейнелеудің көлемін өзгерте аласыз. Сондықтан, егер сіз мысалы, бір жиектің Карта терезесінде ғана бейнелеудің көлемін өзгерткеңіз келсе, онда сізге сәйкес Карта терезесіндегі бейнелеудің көлемін өзгерту керек.
Есеп беру терезесіндегі сәйкес жиек бейнеленуінің көлемін бірден өзгертілмейді.
Есеп беру терезесінде бейнелеудің өлшемін өзгертудің төрт әдісі бар:
-
Ұғайтатын немесе Кемитін Лупа саймандарын қолдлану. Саймандармен үлгі (макет) кеңістігіне бағыттаңыз және қажетті өлшемді аймақты пунктирмен ерекшелеңіз.
2. ҮЛГІ ӨЛШЕМІ (РАЗМЕР МАКЕТА) команда диалогынан бейнелеу өлшемін орнатыңыз. Сіз 6.3% - тен 800%-ге дейінгі әртүрлі мәнді бере аласыз.
3. (1-8) сандық пернетақтаның пернесін қолданыңыз. Үлкен сандарға үлкен өлшемдер сәйкес (геометриялы прогрессияда). Мысалы, ″1″ деген пернені басып, сіз 6.3% өлшемін орнатасыз, ал ″2″ басып – 12.5%, ″3″ - 25% және тағы сол сияқты. Пернелерді NumLock режимін қосумен пернетақтаның сандық блогында басу қажет.
4.Есеп беру менюіндегі көрсету командасын қолданыңыз (ШЫНАЙЫ ӨЛШЕМДЕРДІ, ҮЛГІ КӨРСЕТУ, ҚАЛАЙ БОЛҒАНЫҢ КӨРСЕТУ).
Карталарды масштабтау
Есеп беруді дайындаудың ең бір қиын мәселесі картаның қажетті масштабын орнату болып табылады.
Карта масштабын орнытудың екі жолы бар. Бірінші әдіс КАРТА > БАСҚАША КӨРСЕТУ (КАРТА>ПОКАЗАТЬ ПО-ДРУГОМУ) командасын орындау болып табылады. Осындай әдіспен масштабты орнату манитор өлшемімен сәйкесінше Карта терезесінде жүзеге асады. Мұндай масштаб әдісін қолдану сирек қолданылады, өйткені экранда картамен жұмыс істеу үшін нақты масштаб қажет емес. Бұл әдісті презентацияны дайындау үшін қолданылады.
Басып шығару үшін немесе карталардағы плоттер үшін нақты масштаб өте маңызды. Шығатын картаның қажетті нақты масштабын алу үшін, Есеп беру терезесімен Карта терезесін үйлестіру керек және сонымен бірге сізге қандай нәтиже керек екенің шешу қажет. Мысалы, Есеп беру жиегінде ені бойынша 9 дюйммен толықтыратын 1:25000 масштабты карта керек болады. Осы жағдайда бұл шарттарды төзу үшін картаны толтыру қажет. Немесе, егер картада анықталған арақашықтық берілсе, онда шығатын үлгі (макет) үшін қағаз өлшемін үлкейту керек. Келесі екі формулалар картаның дұрыс өлшемін, масштабын және жиек өлшемін орнатуға көмектеседі.
Жиектің шекті өлшемінің масштабын орнату
Келесі формула жиектің анықталған өлшемімен және анықталған масштабымен картаны алу үшін Карта терезесінде берілген үлкейтулерді есептеуге арналған.
((Жиек ені дюйммен * Масштаб)/12)/5280 = Карта өлшемі милмен, мысалы, 1:24000 масштабты картаны құру және оны 8 дюймді жиек енімен толықтыру керек. Талап етілетін масштабпен және жиек өлшемімен үлестірілетін Карта терезесінің енің анықтау керек. Есептеу формуласы былай болады:
((8*24000)/12)/5280) = 3.03
Содан кейін КАРТА >БАСҚАША КӨРСЕТУ (КАРТА>ПОКАЗАТЬ ПО-ДРУГОМУ) командасын орынаңыз және терезенің жаңа ені ретінде 3.03 мили мәнді енгізіңіз.
Карта терезесінің анықталған енімен масштабты орнату
Келесі формула карта терезесінің берілген енінің өлшемі және берілген масштабты карта сыатын жиек үшін дюймдер санын есептеу.
(Карта ені милимен *5280 *12)/Масштаб = Қажетті жиек ені.
Мысалы, 1:10000 масштабты және карта терезесінің 20мили еніндей карта жасау керек. Осы параметрлермен үлесетін жиек өлшемін анықтау керек. Есептеу формуласы былай болады:
(20*5280*12)/10000 = 12.67
Сіздің жиегіңіздің ені 12.67 дюйммен болу керек. Егер принтер мұндай өлшемді беттерді шығаруға рұқсат бермесе, онда оны 2 бетке басып шығарыңыз.
Масштабты сызғышты құру
Егер сіз арақашықтықты көрсеттетін масштабты сызғышты картаға енгіңіз келсе, онда картада осындай масштабты сызғышты құратын MapBasic құрамынан Scalebar.mbx программасын қолданыңыз.
Есеп беру мәтінді қосу
Сізге міндетті түрде Есеп беруге мәтіннің өзгерту немесе қосу қажет болады. Ол үшін Панельден Мәтін саймандарын қолданыңыз. Мәтінді жазбалады Есеп беру үлгсіне (макетіне) әртүрлі көлемде қосуға болады.
БАПТАУ>МӘТІН СТИЛІ (НАСТРОЙКИ>СТИЛЬ ТЕКСТА) командасын орындай отырып, сіз әртүрлі мәтінді объектінің шрифттің, өлшемін, әріп түсін, бояма түсін және басқа да атрибуттарын өзгерте аласыз. Тандалған мәтіннен төмен оң жақтағы қосымша маркерге әсер етіп, қолтаңбаны айналдыруға болады. Осы маркерді тышқанның сол пернетақтасын басып тұрып, мәтінді объектінің керекті орның алып пернані жіберіңіз.
Мәтінді объектіге бағытты бағыттап, тышқанның сол пернетақтасын екі рет басаңыз, және сіз мәтінді объектілер диалогынна рұқсат аласыз, ол бағыттау, қатар арасындағы арақашықтық, қатар бойынша түзету сияқты мәтінді рәсімдеу бойынша қосымша мүмкіндіктерді ұсынады.
Басып шығаруды баптау
Ең алдымен "Басып шығаруды баптау" диалогындағы сол беттер өлшемі сізге керек екенің тексеріңіз. Сондықтан басып шығару алдында осы өзгерістер үлгсінің (макеттің) сыртқы түріне қалай әсер ететінің көру қажет. Содан ккейін ФАЙЛ> БАСЫП ШЫҒАРУДЫ БАПТАУ (ФАЙЛ>НАСТРОЙКА ПЕЧАТИ) командасын орындаңыз. Бұл диалогта сіз беттер бағыттарын және өрістерін көрсете аласыз (кітапты немесе альбомды).
Сонымен бірге, сіз беттер өлшемін, принтер режимін және басып шығаруға оны беру әдісін өзгерте аласыз. Принтердің баптау режимі қолданылатын принтерге байланысты өзгереді.
Бәрі тексерілгеннен кейін, Есеп беруді басып шығаруға кірісуге болады. Есеп беру терезесін активті етіңіз және ФАЙЛ менюінен БАСЫП ШЫҒАРУ (ПЕЧАТАТЬ) командасын орындаңыз.
"Басып шығару" диалогы шығады. Мұнда көшірме санын көрсетуге болады, сонымен бірге беттерді тандауға, онда басып шығаруға керекті беттерді шығаруға немесе барлық беттерді басып шығаруға болады.
ҚҰРАМЫ (СВОЙСТВА) пернетақтасына басып мұнда принтер режимін өзгертуге болады. Сонымен қатар Есеп беруді файлға шығаруын ойластыруға болады.
Есепнаманы басып шығаруды жөнге салу.
Тазалық қалай жасауға болады. Егер сізде түссіз үзікті сызықтар мен символдар болса, онда үзікті сызықтар мен символдардың туын тұрғызыңыз, және оны MapInfo программасы өңделеді.
Егер сізге растрлы бейнелердегі тазалық керек болса, мұнда да растрдың тазалығына ту тұрғызыңыз және ол MapInfo программасының өзімен өңделеді. Тазалығы жоқ бейнелер кішігірім тіктөртбұрыштарға бөлінеді. Шығару құрылғылары нақты түрде растрлы бейнелерді тазалықты өңдемейтін болғандықтан, осы жөнге салушыларды пайдалануға кеңес беріледі.
Жұмыс жасағанда картаны ылғида қағаз бетінде ғана емес, электронды түрде сақтаған жөн. MapInfo программасы электронды сақтаудың бірнеше мүмкіндігін береді.
Есепнама экспорты
MapInfo-дан картаның электронды көшірмесін жасау үшін ең қарапайым жол – ол БУМА→ ТЕРЕЗЕ ЭКСПОРТЫ командасын орындаймыз. Windows Bitmap, Windows Metafile, JPEG File Interchange Format, Portable Network Graphics Format, Tagged Image file Format и Photoshop 3.0. форматтарында экспорттауыңызға болады.
Сіз мұндай экспорт кезінде бейненің жоғары сапасының жаңа жөнге салуларын пайдалана аласыз. Біз қарастырғандай есепнаманы шығарудағы растрлардың таза түсіне арналған жөнге салуды, есепнаманы экспортына да қолдануға болады.
ҚОСЫМША тетігін басыңыз, «Терезе экспорты», диалогынан, «Экспорттың қосымша жөнге салулары» диалогы ашылады. Онда да, дәл «Шығарудағы қосымша жөнге салулары» секілді жөнге салу диалогы тұрады (13 сурет) .
13 сурет
EPS файлын құру
Егер «ЭКСПОРТ ТЕРЕЗЕ» командасында ұсынылғаны сіздің мақсатыңызға сай келмесе немесе «ЕСЕПНАМА» терезесін сақтау қажет болса Экспортты EPS түрінде іске асыруға болады. Файлдың бұл түрі шығаруды кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |