Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы «18» қазандағы
№ 362 бұйрығымен
бекітілген
Фреонды суыту қондырғыларына қойылатын
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Талаптар МЕСТ 6492-86 бойынша дара өнімділікті 3,5 кВт (3000 ккал/с) жоғары фреонды қондырғыларын жобалауға, монтаждауға және эксплуатациялауға таратылады.
Талаптар осы талаптардың қосымшасына сәйкес суытқыш агенттері ретінде R12, R22, R502 және басқаларды пайдаланумен тұйықталған цикл бойынша жұмыс істейтін жалпы тағайындалған стационарлы және қозғалмалы суыту қондырғылары құрылғылары және эксплуатациялауға таратылады.
2. Суытқыш қондырғыларда әрекеттегі нормативтік – техникалық құжаттамаларға сәйкес дайындалған хлодандарға арналған аппараттар «сосудтар) қолдануға рұқсат етіледі.
3. Ұйымда суыту қондырғыларын эксплуатациялау (қызмет көрсету) жөнінде технологиялық регламент әзірленеді.
4. Машина бөлімшесінде хладагент (суытқыш агенті), хладотасымалдағыш және судың құбырлы өткізгіштерінің схемасы олардың бектіту арматурасы, бақылау аспаптарымен автоматика номерлерімен (және сәйкесінше, заттай) көрінетін орында ілінеді.
5. Суыту қондырғысының жүйесіне өзгерістер енгізген жағдайда суыту құбырлы өткізгіштерінің схемасы түзетіледі.
6. Суыту қондырғысының машина бөлімшесі бірінші реттік өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі. машина бөлімшесінде бөгде заттарды қоюға және сақтауға рұқсат етілмейді.
7. Машина бөлімшесіне бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді.
2 - тарау. Құрал – жабдықтар және құбырлы өткізгіш материалдары
8. Хладон және жағылатын маймен жанасатын құрал – жабдықтар және құбырлы өткізгіштердің бөліктері олардың материалдарына қатысты химиялық инертті материалдардан жасалады.
9. Төменгі температура әсеріне ұшырайтын құрал – жабдықтар бөлшектерінің материалдарынығ құрылымдарының өзгерістері қайтымсыз және осы температуралар кезінде қажетті беріктікті сақтайды.
10. Фреон қондырғылары үшін кестеге сәйкес құбырлар қолданылады.
Фреонды суыту қондырғыларына арналған құбырлар
Ішкі диаметрі
|
Құбырлар түрі
|
Құбырларға МЕСТ
|
Жұмыс ортасындағы температураға тәуелді құбырлар материалы
|
минус 70 0С дан
минус 40 0С дейін
|
минус 40 0С дан
Минус 150 0С дейін
|
Материал маркасы
|
МЕСТ
|
Материал маркасы
|
МЕСТ
|
3 тен 40 дейін
|
Мыс
|
617-72
|
МЗ
|
859-78
|
МЗ
|
859-78
|
20 дан 85 дейін
|
Суықтай деформацияланған жапсарсыз болат
|
8734-75
|
10Г2
|
4543-71
|
20
|
1050-74
|
20 дан 400 дейін
|
Ыстықтай деформацияланған жапсарсыз болат
|
8732-78
|
10Г2
|
4543-71
|
20
|
1050-74
|
11. Фреон құбырлы өткізгіштері үшін қайнау температурасы -40 0С төмен емес болған кезде фланец материалы ретінде 10 және 20 (МЕСТ 1050-88) болаттары, ал қайнау температурасы -40 0С төмен болған кезде 10Г2 (МЕСТ 4543-71) болаттары қолданылады.
Фреон арматурасының фланецті қосылыстарында «шип-паз» немесе «кеңіс – ойыс» тағыздау беттері бар, бұл кезде арматура фланецтері ойыспен орындалады.
13. Фреон қондырғылары үшін ашық күйінде сальникті камералы хладон ағыны арналарынан бөлектейтін құралы бар арматура қолданылады.
14. Бекіту вентильдері және шыңдалған шойыннан жасалған басқа арматураны қайнау температурасы -30 0С төмен емес болғанда қолдануға болады. Қайнау температурасы -30 0С төмен болғанда көміртекті және коррозияға төзімді болаттардан жасалған арматура қолданылады.
15. Ажырамалы қосылыстарды тығыздау үшін МБП5БЦ, ПМБ (МЕСТ 481-80) маркалы параниттен немесе хладон ортасында осындай қаттылық пен төзімділікке ие болатын басқа материалдардан жасалған төсемелер қолданылады.
3 - тарау. Фреон қондырғылары орнатылған ғимараттар санаты және арнайы талаптар
16. Жарылу қаупіне байланысты фреон қондырғылары бар ғимараттар жарылу қауіпті еместерге жатқызылады. Өртену қаупі бойынша барлық фреон қондырғылары бар ғимараттар Д санатына жатқызылады, В санатына жатқызылатын температурасы 10 0С артық суыту камераларынан басқалары. Электр тоғымен зақымдануының қауіптілік дәрежесі бойынша суыту камералары және фреон қондырғыларының машина бөлімшесі аса қауіпті ғимараттар санатына жатқызылады.
17. Суыту қондырғыларын ылғалдылығы жоғары технологиялық цехтарға орналастырған кезде электр құрал – жабдықтарының қорғаныс дәрежесі МЕСТ 14254-96 бойынша қабылданады.
18. Фреонды cуытқыш жүйелердің электр қондырғылары электр қондырғыларының құрылғылары Ережелері, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық эксплуатациялау, тұтынушылардың электр қондырғыларын эксплуатациялау кезіндегі қауіпсіздік техникасы талаптарына сәйкес келеді.
19. Температурасы 0 0С және одан төмен суыту камералары «камерада адам бар» жарықты дыбыстық белгі бергіш жүйесімен жабдықталады, мұндай белгі үнемі кезекшілікте болатын қызметкерлер ғимаратына беріледі.
20. Агрегатталмаған суыту қондырғыларының (компрессорлар, сорғылар, желдеткіштер т.с.с.) барлық құрал – жабдығының (апаттық желдету және жарықтандырудан басқа) электр қоректендірілуін шұғыл сөндіру үшін машина бөлімшесінің шығу есіктерінің бірінде жалпы апаттық сөндіру кнопкасы (қызыл түсті) монтаждалады.
4 - тарау. Арматура, бақылау - өлшеу аспаптары және сақтандырғыш құрылғылар
21. Суыту қондырғыларында бекіткіш вентильдер, онда қатарластырылған бекіту желдеткіштері болмаған кезде, компрессордың әрбір сорғы және айдау құбырлы өткізгішінде орнатылады; агрегатталмаған машиналардың фреон құрал – жабдықтарының (ресивер, буландырғыш, конденсатор т.б.) кіре берістегі және шыға берістегі түтікшелерінде.
22. Сосудтар, ресиверлерде сұйықтық деңгейінің оңтайлы көру көрсеткіштері бар, ол үшін тегіс (рефлекторлық) шынылар қолданылады. Деңгей көрсеткіштері шынылар сынған жағдайда оларды сөндіру үшін бекіту құрал – жабдықтарымен жабдықталады.
23. Манометрлер (мановакуумметрлер) жиынтықпен жеткізілумен картерде, майлау жүйесінде, сору мен айдау кезіндегі жұмыс қысымын қадағалау үшін әрбір компрессорға орнатылады. Сығудың бірнеше сатысы болған кезде аралық қысымды көрсетуге арналған манометрлер орнатылады.
24. Манометрлер (мановакуумметрлер) суыту камераларының құрал–жабдықтарымен құбырлы өткізгіштермен жалғанған тарату құрылғыларында (сұйықтық, сору, еріту) фреон сорғыларында тікелей суытуы бар технологиялық құрал – жабдықтарда, сосудтар менаппараттарда және бірнеше компрессор параллель жалғанған ортақ сорғы және айдау құбырлы өткізгіштерінде орнатылады.
25. Қызмет көрсету алаңынан 2 ден 5 м биіктікте орнатылған манометрлер диаметрі 130 мм кем емес болуы қаралады.
26. Манометрлерді жұмыс қысымын өлшеу шегінің шкаласы шкаланың үштен бір бөлігінің екіншісінде болатындай етіп таңдап алады.
27. Манометр мен аппарат (сосуд) арасында үш жүрісті кран немесе екінші манометрлі жалғау үшін бекіту органы бар штуцер орнатылады. Мүмкіндік болса, манометрді сосудтан шешіп алып белгіленген мерзімде тексеру керек, үш жүрісті кран немесе оны алмастырғыш құрылғы орнатудың қажеті жоқ.
28. Манометрлер 2,5 (МЕСТ 2405-88) төмен емес класы қаралады және олардың көрсеткіштері айқын көрінетіндей етіп орнатылады. Циферблат тік жазықтықта немесе алдыға 30 0 қиғашталып орнатылады.
29. Маномерде бөліктері бойынша қызыл сызық бар, ол сосудтағы рұқсат етілетін жұмыс қысымына сәйкес келеді. Қызыл сызықтың орнына манометрдің корпусына қызыл түске боялған және манометр шынысына тығыз жататын металл пластина бекітуге болады.
30. Орнатылған барлық манометр пломбыланады немесе сенімділікке тексеру таңбасы болады. Манометрлерді сенімділікке тексеру жыл сайын және әрбір жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
31. Ұйыммен кем дегенде 6 айда бір рет жұмыс манометрлерін бақылау манометрлерімен тексеру жүргізіледі де, бақылау тексерулері журналына жазба толтырылады.
32. Манометрде пломбы немесе таңба болмаса, сенімділікке тексеру мерзімі асып кетсе, манометр тілі оны сөндіргенде шкаладағы нөльдік белгіге қайтып келмесе, шынысы сынса немесе оның көрсеткіштерінің дұрыстығына әсер ететін басқа да зақымданулары болса, пайдалануға болмайды.
33. Көлемі 90 м3/с артық компрессорда оңтайлы серіппелі сақтандыру клапаны бар, ол компрессордың жоғары қысым жағында бекіту вентиліне дейін орнатылған және атмосфераға (ғимарат сыртына) хладагент лақтырушы (айдау қысымы есептеу қысымынан асып кетсе) немесе компрессордың төменгі қысым жағына орнатылған.
34. Егер компрессорда екі және одан да көп қысу дәрежесі бар болса, лонда сақтандырғыш клапандар компрессордың әрбір сатысына орнатылады. Сақтандыру клапанының алдына және лақтыру тізбегіне ешқандай бекіту органын орнатуға болмайды.
35. Суық хладагенті бар тікелей суытылатын сосудтар, аппараттар және технологиялық құрал – жабдықтарда оңтайлы серіппелі сақтандырғыш клапандар немесе қалтқы тығындары бар.
36. Сақтандырғыш клапан аппараттың (сосудтың) тек бу кеңістігінде қалтқы тығын сұйықтық деңгейінен төмен орналастырылады.
37. Серіппелі сақтандыру клапандарының орнына арнайы сақтандыру пластиналары (мембраналар) бар компрессорларда, соңғысында айыру қысымының айырымы көрсетілген дайындаушы – ұйымның таңбасы болады. Таңба пластинаның жұмыс бөлігіне қойылады, таңбасы жоқ пластиналар қолдануға болмайды.
38. Суыту агентін немесе майды айдауға арналған әрбір сорғы (поршенді немесе алты қырлы типті) хладагент немесе майды төменгі қысым жағына лақтыратын серіппелі сақтандырғыш клапанмен (сорғының айдау құбырлы өткізгішінде бекіту вентиліне дейін орнатылған) жарақтандырылады. Сақтандыру клапанының өткізу қабілеті сорғының массалық өнімділігіне сәйкес келеді.
39. Бекіту органдары немесе тығындарды аппарат (сосуд) және сақтандыру клапанының арасына орнатуға болмайды.
40. Құрал – жабдықтың үздіксіз жұмысына және хладагент шығынын төмендетуді қамтамасыз ету үшін вентиль шпинделі аппаратпен (сосудпен) екі немесе бір сақтандыру клапаны жалғанған жағдайда, екі сақтандырғыш клапанынан қосып айыру вентилін орнату ұсынылады.
41. Бұл клапандардың әрқайсысы толық өткізгіштік қабілетіне есептеледі.
42. Аппараттардағы (сосудтардағы) сақтандыру клапандарының ашылуының басталуы аппараттың есептеу қимасына, клапанның толық ашылуы – есептеу қысымынан 15 % артық емес қысымға сәйкес келеді. Қалтқы тығыны материалының балқу температурасы қорғалатын аппараттың (сосудтың) есептеу қысымына сәйкес келетін хладагенттің қанығу температурасынан 5 0С аспайды.
44. Аппараттың (сосудтың) сақтандыру клапанын ауыстыру қажет болған жағдайда оның өтуінің минималды диаметрі мына формуламен анықталады:
D = A √ Δ·L
мұндағы, d – клапанның өтуінің минималды диаметрі, мм;
А – кесте бойынша анықталатын коэффициент;
D – аппарат диаметрі, м;
L – аппарат ұзындығы, м.
Жүйенің бөлігі
|
А коэффициентінің шамасы
|
Төменгі қысым жағы
|
12
|
Жоғарғы қысым жағы
|
10
|
45. Кезеңдік тексерулер жүргізу кезінде сақтандыру клапаны сынақтан және тараға салынғаннан кейін пломбыланады.
46. Корпусқа клапанды ашу басталғандағы қысымды көрсетумен таңба салынады.
47. Сақтандыру клапандары арқылы хладагенттің аппараттан атмосфераға шығарылуы жүзеге асырылады. Хладагент шығаруға арналған құбырдың шеті терезелер, есіктер және ауаны кондицирлеу және желдету жүйесінің ауа қабылдау тесіктерінен 2 м кем емес және жер деңгейінен 5 м кем емес биіктікке орнатылады. Хладагенттің шығарылуын төменге бағыттауға болмайды, бұл кезде құбыр атмосфералық жауын – шашыннан қорғалады.
48. Шығару құбырларының саны төртеуден артық болған жағдайда шығару құбырының көлденең қимасы бөлек шығару құбырларының сомасының 50 % кем емес болған кезде сақтандыру клапандарын жалпы шығару клапанына жалғауға болады. Шығару құбырының саны төртке тең немесе одан аз болса жалпы құбырдың қимасы шығару құбырларының қималарының сомасынан кем емес.
Шығару құбырларына бекіту органдарын орнатуға рұқсат етілмейді.
49. Сақтандыру клапандары мына орындарға орнатылады:
1) ірі суыту қондырғыларының тарату жүйелерінде – бекіту вентильдерімен саңылаусыз жабылған және жылынуы кезінде сұйықтықтың ұлғаю қаупі бар сұйық хладагентің құбырлы өткізгіштерінің телімдерінде;
2) сорғы – циркуляциондық жүйесі және хладагенттің кіре берісі мен шыға берісінде вентильдердің автоматты жабылуы бар тікелей суыту аппараттарында (суыту құрылғыларында). Сақтандыру клапаны хладон аппараттына шыға берісінде құбырлы өткізгіште (хладонның бағыты бойынша) оны сол құбырлы өткізгішке, бекіту автоматты вентилінен кейін жіберумен орнатылады.
50. Компрессорлардың сақтандыру клапандары кем дегенде жылына бір рет тексеріледі. Сақтандыру клапандарының тексеруін аппарттарда (сосудтарда) кем дегенде 6 айда бір рет жүргізу керек.
51. Ресиверлерде (дренажды, сызықтық және циркуляциондық) сыйымдылығы 1,0 м3 артық басқа да аппараттарда сұйықтық деңгейінің күйін бақылау және белгі беруі үшін дистанциондық аспаптар орнатылады.
5 - тарау. Аппаратар (сосудтар) және құбырлы өткізгіштер жүйелерін сынақтан өткізу
52. Фреон қондырғыларының аппараттарын (сосудтарын) техникалық куәландыру сосудтарды жұмысқа қоспай тұрып иеленуші – ұйыммен, эксплуатациялау үрдісінде кезеңдік өткізіліп тұрады.
53. Техникалық куәландыру деп аппаратты (сосудты) алдын ала ішкі және сыртқы (қол жетімді орындарда) тексеру және қысыммен беріктікке және тығыздыққы сынауды айтады (1 - кесте).
1 - кесте
Хлад-агент
|
Қысым жағы
|
Конденсатордың суытқышы
|
Аппаратар (сосудтар) және құбырлы өткізгіштердің артық қысымы, МПа (кгс/см2)
|
У және УХЛ құрал– жабдықтың жасалуы МЕСТ 15150-69 бойынша
|
Т құрал– жабдықтың жасалуы МЕСТ 15150-69 бойынша
|
тығыздыққа РПЛ = Ресеп
|
беріктікке
РПР = 1,3·Ресеп
|
тығыздыққа РПЛ = Ресеп
|
беріктікке
РПР = 1,3·Ресеп
|
|
|
Ауа
|
1,6 (16)
|
2,1 (21)
|
1,8 (18)
|
2,4 (24)
|
|
Жоғарғы
|
|
|
|
|
|
R12
|
|
Су
|
|
|
1,6 (16)
|
2,1 (21)
|
|
Төменгі
|
|
1,0(10)
|
1,3(13)
|
1,2(12)
|
1,6 (16)
|
|
|
|
|
|
|
|
R22
|
Жоғарғы
|
Ауа
|
2,0(20)
|
2,7 (27)
|
2,3 (23)
|
3,0 (30)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Су
|
1,8 (18)
|
2,4 (24)
|
2,0 (20)
|
2,7 (27)
|
|
|
|
|
|
|
|
R502
|
Төменгі
|
|
1,6 (16)
|
2,1 (21)
|
1,6 (16)
|
2,1 (21)
|
54. Қысымы бар аппараттарға (сосудтар) сынақ жүргізуді гидравликалық (фреонды суыту қондырғылары үшін май толтырумен) немесе құрғақ инертті газбен (азот немесе көмірқышқылмен) осындай сынама қысыммен пневматикалық немесе дымдану нүктесі -40 0С артық емес құрғақ ауамен (сумен сынақ жүргізуге рұқсат етілмейді).
Беріктікке сынақты хладон үшін қажетті қысымды қыздырылған су немесе басқа да жылу тасымалдағышқа сыналатын аппарат арқылы айдау жолымен тудыруға болатын аппараттарда хладонмен жүргізуге болады.
55. Техникалық куәландыру кезінде жұмысқа қосқанға дейін жаңадан орнатылған аппаратқа (сосудқа) сынақ жүргізбеуге болады, егер дайындаушыда осындай сынақ жүргізілген сәйттен бастап 12 айдан аз уақыт өтсе, сосуд орнату орнына тасымалдау кезінде зақымдануға ұшырамаса және оны монтаждау қысыммен жұмыс істейтін элекменттерін пісірусіз және дәнекерлеусіз жүргізілсе.
56. Монтаждау орындарына хлоданмен және маймен толық толтырылып жеткізілген суытқыш агрегаттарда аппараттар (сосудтар) тек сыртқы қарап тексерумен бақылауға және агрегатта хлоданның бар болуын тексеруше ұшыратылады.
57. Егер дайындаушымен белгіленген консервациялау мерзімі 12 айдан артық болса, онда маймен және газ-консервантпен толтырылып жеткізілген және жұмысқа қосқанға дейін артық қысымды сақтап тұрған суытқыш агрегаттарда техникалық куәландыру кезінде (қоймалық консервация мерзімі шектерінде үш жылға дейін) аппараттарға бетіктікке сынақ жүргізбеуге рұқсат етіледі. Оларды сыртқы және қол жетімді орындарға ішкі тексеруге және одан әрі құбырлы өткізгіштер жүйесімен монтаждалған орындарда тығыздыққа сынауға ұшыратады.
58. Аппараттарды (сосудтарды) толық көлемдегі кезеңдік техникалық куәландыру 2008 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің №189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз эксплуатациялау және құрылғыларына қойылатын талаптарға және фреонды суытқыш қондырғылар аппараттарына (сосудтарына) пневматикалық сынақтар жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, осы Талаптардың 2 - қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
59. Жұмыс күйіндегі аппараттардың (сосудтардың) кезеңдік тексеруі эксплуатациялау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
60. Аппараттар (сосудтар) мерзімінен бұрын техникалық куәландыруға мынадай жағдайларда ұшыратылады:
1) қайта конструкциялағаннан және қысыммен жұмыс істейтін бөліктерін пісіру және дәнекерлеуді қолоданумен жөндегеннен кейін;
2) бір жылдан артық консервациялданбаған күйде әрекетсіздікте болғаннан кейін (хладон немесе азоттың артық қысымынсыз);
3) егер мұндай куәландыру бақылаушы тұлғаның пікірінше қажет болса.
61. Аппараттың (сосудтың) техникалық куәландыру нәтижелері, келесі техникалық куәландыру мерзімін көрсетумен жұмысқа қосуға рұқсат осы техникалық куәландыруды жүргізген тұлғамен сосудтың төлқұжатына жазылады.
62. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде тіркелмеген аппараттар (сосудтар) үшін кезекті куәландыру мерзімін үш айға ұзартуды ұйымның техникалық басшысы жүзеге асырады.
63. Сынақ кезінде аппараттарды (сосудтарды) тексере отырып қысымды баяу жоғарылату керек, тексеру кезінде қысымды жоғарылатуды тоқтатумен сынақ қысымынан 0,3 және 0,6 жеткен кезде тексеріледі.
64. Бұдан кейін қысым сынақ қысымына дейін көтеріледі және осы қысымда аппарат (сосуд) 5 минут бойы тұрады, сонад соң қысым есептеу қысымына дейін баяу түсіріледі де, аппараттың (сосудтың) ажырамалы қосылыстары мен жапсарларының тығыздығын бақылаумен тексеру жүргізіледі.
65. Аппарат (сосуд) сынақтан өткізілген болып саналады, егер: 1) онда жарылу белгілері байқалмаса;
2) пісіру жапсарларында ағын немесе дымқыл, пневматикалық сынақтарда – газдың ағуы байқалмаса;
3) сынақтан кейін көзге көрінетін қалдық деформациялар байқалмаса.
66. Құбырлы өткізгіштер жүйесі монтаждаудан кейін мұқият үрленеді де, құрғақ ауа немесе ингертті газбен дымдану нүктесімен минус 40 0С артық емес жоғарғы және төменгі қысым жақтары бойынша сынама қысыммен тығыздыққа және беріктікке 1 – кестеге, сондай-ақ ҚР СНиП 3.05-09-2002 2004 басылым «Технологиялық құрал – жабдықтар және технологиялық құбырлы өткізгіштерге» сәйкес сынақтан өткізіледі.
67. Сынақ компрессорлар, бақылау аспаптары мен автоматика, аппараттар сөндірілген кезде жүргізіледі, егер аппараттарды беріктікке сынау технологиялық куәландыру көлеміне кірмесе жұмысқа қосқанға дейін.
68. Құбырлы өткізгіштер жүйесі (немесе оның бөлек телімдері) сынама қысымының ықпалында 5 минуттан кем емес болады.
69. Құбырлы өткізгіштер жүйесі мен аппараттар (сосудтар) беріктікке сынақтан өткізілгеннен кейін 1 - кестеге сәйкес және 18 сағат бойы қысым ықпалында ұстап тұрумен әрбір сағат сайын қысым бойынша жазба толтырумен жоғарғы және төменгі қысым жақтары бойынша бөлек құрғақ ауа немесе инертті газбен тығыздыққа (саңылаусыздыққа) сыналады.
70. Алғашқы 6 сағат бойында қысым ішкі және қоршаған орта температураларының теңестірілуі салдарынан өзгеруі мүмкін. Келесі 12 сағат бойында қоршаған орта температурасы тұрақты болған кезде қысым өзгермейді, кері жағдайда қайта есептеу жүргізіледі.
71. Аппараттардың (сосудтардың) және құбырлы өткізгіштер жүйесінің пневматикалық сынағы сынақ қысымымен келесі қауіпсіздік шараларын сақтаумен жүргізіледі:
1) қысым беру көзінен толтыру құбырлы өткізгішіндегі вентиль және манометрлер күзет аймағынан тыс орынға шығарылады. Ауа немесе инертті газбен үрлеу және сынама қысымымен ұстап тұру кезінде осы аймақта ешкімнің болуына рұқсат етілмейді;
2) сыналатын аппаратта (сосудта) немесе құбырлы өткізгіштер жүйесінде біреуден кем емес реттеуіш клапан қаралады, ол сәйкес сынама қысымынан 0,1 МПа (1 кгс/см2) артып кеткен кездегі қысымда ашылуға реттелген.
72. Құбырлы өткізгіштер жүйесі және аппараттарға (сосудтарға) қысымның түсуін анықтаумен тығыздыққа сынақ жүргізу кезінде сынақ уақытында күзет аймағын орнатпайды.
73. Пневматикалық сынақ кезінде жүйеде қысым қалыптастыру үшін вреонды компрессор пайдалануға рұқсат етілмейді.
74. Пневматикалық сынақтың аяқталуымен құбырлы өткізгіштер жүйесі мен аппараттарды (сосоудтарды) қоршаған орта температурасынан 15 0С кем емес кезінде кептіру үшін оларды вакуумдауды жүргізеді.
75. Қалдық қысымға 0,6 дан 1,0 кПа (5 тен 8 мм сын.бағ.) жеткеннен кейін вакуумдау 18 сағат бойы жалғасады, содан соң жүйе вакуумға сыналады.
76. Сынақ кезінде жүйе вакуум ықпалында 18 сағат бойы тұрады, бұл кезде әрбір сағат сайын қысым жазылып тұрады.
Алғашқы 6 сағат бойында қысымды 0,5 кПа (4 мм сын.бағ.) артық емес шамаға көтеруге болады. Қалған уақытта қысым қоршаған орта температурасының ауысуына сәйкес шамаға ғана өзгертіле алады.
77. Қондырғыға хладон толтырғаннан кейін ағын іздеушінің көмегімен жүйенің барлық қосылыстарының тығыздығын қосымша тексеру жүргізіледі.
78. Әрбір аппаратта (сосудта) көрінетін орында сыр-бояумен немесе табличкамен мыналар жазылады:
тіркеу номері;
рұқсат етілетін қысым;
өткізілген және келесі техникалық куәландыру күні (айы, жылы).
6 - тарау. Компрессорларды жұмыстың қауіпті режимдерінен автоматты қорғау
79. Суытқыш қондырғы компрессорды тоқтататын немесе жобамен немесе оның қосылуын жасап шығарушы – ұйыммен қаралған шекті рұқсатты шамалар (айдау және сору қысымы, майлау жүйесіндегі т.б.) бақыланатын параметрлерге жеткенде бекітетін автоматты сақтандырғыш аспаптарымен жарақталады.
80. Сумен және ауамен суытылатын конденсаторлары бар суытқыш қондырғыларда айдау қысымы белгілі берілген шамаға жеткенде (РЕСЕП қысымнан төмен) компрессорды тоқтататын жоғарғы қысым релесі қаралады. Қысым релесі компрессордың бекіткіш айдау релесіне дейін жалғанады.
81. Мәжбүрлі циркуляциондық майлау жүйесі бар компрессорларда май қысымының айырымы жетіспеген кезде компрессорды тоқтататын қысым айырымының релесі (майлауды бақылау релесі) орнатылады.
82. Қысым айырымының релесі май жүйесінің айдау және сору жағына жалғанады.
83. Компрессорлар олардың айдау температуралары R12 үшін – 140 °С артық емес, R502 – 150 °С артық емес, R22 – 160 °С артық емес (егер жасап шығарушы ұйыммен нұсқаулықта басқаша шама қаралмаса), артып кеткенде тоқтататын сақтандырғыш температуралық релемен жарақтандырылады.
84. Әрбір агрегатталмаған компрессордың айдау құбырлы өткізгішінде (бекіту вентилінен 300 мм дейінгі қашықтықта) сақтандырғыш автоматика аспаптарын бақылау және реттеу үшін термометрлік гильза қаралады.
85. Қатарластырылып орнатылған электр қозғалтқыштары бар компрессорларда шекті рұқсатты температураға жеткенде компрессорды тоқтататын электр қозғалтқыш сепараторының орамасында температуралық сақтандырғыш қаралады.
86. Компрессордың суытқыш майысқақ түтігіне су берудің құбырлы өткізгішіне су ағымы болмаған кезде компрессорды сөндіретін немесе қосылуын бекітетін реле орнатылады.
87. Жасап шығарушының жеткізіп беретін агрегативтік қондырғысына кірмейтін фреондық буландырғыштар буландырғыштардың толтылуымен реттелетін және компрессор тоқтағанда сұйық хладонның берілуін тоқтататуды қамтамасыз ететін автоматты аспаптармен (термореттеуіш вентильдермен, деңгей релесімен, температура релесімен, соленоидты вентильдермен т.б.) жарақталады.
88. Аралық хладо тасымалдағышыбар суыту жүйелерінде қаптамалы – құбырлы буландырғыш арқылы хладо тасымалдағыштың қозғалысы тоқтағанда немесе буландырғышта қайнау температурасы рұқсатты шектен төмен түсіп кеткенде компрессорды сөндіретін автоматты сақтандыру аспаптары (реле) қаралады.
89. Бір аспапты реттеу және сақтандыру үшін пайдалануға болмайды, егер бұл жасап шығарушы – ұйыммен қаралмаған болса.
90. Автоматты сақтандырғыш аспаптары кезеңдік қызмет көрсетілетін машиналар үшін кем дегенде 3 айда бір рет, ал қалғандары үшін – айына кем дегенде бір рет тексеру нәтижелері туралы арнайы журналға жазба толтырумен тексеріледі.
91. Автоматты қорғаныс автоматтарында тұйықталған шығу тізбегі немесе бақыланатын параметрлер қалыпты жағдайда болғанда тұйықталған түйіспелер бар. Бұл аспаптардың түйіспелері ол іске қосылған жағдайда ажыратылады.
92. Агрегатталмаған суытқыш қондырғылардың электр схемалары қорғаныс аспаптары іске қосылғаннан кейін автоматты қосылу мүмкіншілігін шектейді. Оны қосу тек қолмен сақтандырғышын ажыратқаннан кейін ғана мүмкін.
93. Автоматты сақтандырғышы сөндірулі компрессорларды қосуға және жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
7 - тарау. Суыту қондырғыларының жобаларына қойылатын талаптар
94. Суытқыш құрал – жабдықтары мен құбырлы өткізгіштерін олардың монтаждауын еден белгісінен құрал – жабдықтың құбырлы өткізгіштер, арматура т.б.) шығып тұратын бөліктеріне дейін 2,2 м кем емес өту жолымен биіктікті қамтамасыз етумен жүргізуге болатын машина бөлімшесіне орналастырады.
95. Суыту қондырғысымен бір ғимаратқа ашық от жалыны бар құрылғылар немесе бетінің температурасы 300 0С артық және жарылу қаупі бар құрал – жабдықты орналастыруға рұқсат етілмейді.
96. Суытқыш қондырғыны саты алаңдарында, сатылардың астында, дәліздерде орналастыруға рұқсат етілмейді.
97. Суытылатын ғимараттың (суыту камералары) машина бөлімшелерінің есіктері шығар жаққа қарай ашылады.
98. Минустық температурасы бар суыту камераларының астыларында ойықты топырақтар бар болған кезде топырақты қыздыру немесе оны қатып қалудан сақтайтын басқа да шаралар қаралады.
99. Машина бөлімшесіндегі өту жолдарының ені мынадай шамда қаралады:
басты өту жолы және электр қалқанынан машинаның шығып тұратын бөліктеріне дейінгі өту жолы (оның ішінде қоршаулар мен колонналардың іргетастарына дейін) – 1,5 м кем емес;
машиналардың шығып тұратын бөліктерінің араларында – 1 м кем емес;
тегіс қабырға мен машина арасында – 0,8 м кем емес.
100. Суыту құрал – жабдығын қызмет көрсетуді қажет етпейтін жа,ғымен өту жолы жоқ қабырғаларға қаратып қоюға рұқсат етіледі.
101. Суыту қондырғыларына тәулік бойы және тәулік бойы емес қызмет көрсетілгенде машина бөлімшелерінде ҚР СНиП 3.05-09-2002 2004 басылым «Технологиялық құрал – жабдықтар және технологиялық құбырлы өткізгіштерге» сәйкес қосымша ғимарат қаралады.
102. Еденнен 1,8 м жоғары деңгейде орнатылған компрессорлар, конденсаторлар және басқа да құрал – жабдықтар үшін қоршаулары және сатылары бар металл алаңдар орналастырылады.
103. Суыту құрал – жабдығын орналастыру қызмет көрсету ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 3 м жоғары емес биіктікте орнатылған дара, сирек қолданылатын арматураға тасымалданатын сатыларда және тасымал басқыштарда қызмет көрсетіледі.
104. Машина бөлімшесінде орналастырылған алаңдар, өту орындары және сатылар биіктігі 1 м кем емес төменнен жоғары қарай тұтас 15 см кем емес металл қаптамамен жарақталған қоршаулармен қоршалады.
105. Суыту қондырғылары орнатылған ғимараттардағы ойықтар (арналар, шұңқырлар) еденмен бірдейетіп плиталармен немесе металл кедір – бұдырлы табақшалармен жабылады немесе қоршаулары бар болады. едендер тегіс, жанбайтын материалдардан жасалған, тез тозуға ұшырамайтын майға төзімді және тайғанамайтын етіп қаралады.
106. Сатылардың баспалдақтары мен алаңдары кедір – бұдырлы табақшалық немесее дөңгелекшелік болаттан жасалады. Сатылардың ені – 60 см кем емес, биіктігі бойынша баспалдарқат арасындағы қашықтық – 20 см баспалдақтар ені – 12 см кем емес.
107. Машиналар, аппараттар мен құбырлы өткізгіштердің барлық соққығы ұшырауы мүмкін қозғалмалы бөлшектері қоршалады.
108. Компрессорлардың (агрегаттар) іргетастары қабырғалардың іргетастарынан немесе машина бөлімшесі ғимаратының колонналарынан бөлектенеді. Агрегаттарды іргелерге орнатқан кезде дірілдің құрылыс конструкциясына берілу мүмкіншілігін әрекеттегі нормативтік құжаттарға сәйкес төмендету шаралары қаралады.
109. Құбырлы өткізгіштер схемасында хладонды кез келген аппараттардан, сосудатрдан, ауа қыздырғыштардан және батареялардан сору мүмкіншілігі қаралады.
110. Хладоны бар құбырлардың көтеру – көлік құралдары немесе жүктердің зақымдануына жол бермеу үшін оны суыту камераларына төсеу камералардың жүк көлемін қиып өтусіз өту жолдары мен іргелер, қабырғалар бойымен қаралады.
111. Машина бөлімшесімен өтетін және суыту қондырғысымын жұмысына қатысы жоқ технологиялық құрал – жабдықтарда осы ғимарат шегінде ажыратылатын қосылыстары (фланецтер, бекіту арматурасы т.с.с.) болмайды.
112. Машина бөлімшелерінде орналастырылған суыту қондырғыларындағы хладон мөлшері шектелмейді.
113. Фреонды қондырғыларды басқа ғимараттарға орналастырған кезде ғимарат ауасындағы хладон мөлшері (ол жүйеден толық ағып шыққанда) ғимараттың көлемінен 10 % артық емес.
114. Калориферден кейін, калорифер алдында 0,5 м қашықтықта орналастырылған ауаны комфортты кондиционирлеудің фреонды ауа қыздырғыштары шығарғыш құбырлары бар сақтандыру клапандарымен жарақталады.
115. Фреонды құбырлы өткізгіштерді және арматураларды көтергіштердің шахталарына орналастыруға рұқсат етілмейді.
116. Агрегатталмаған фреон қондырғыларының құбырлы өткізгіштерінде келесідей танымдық бояу түстер болады:
соратындар – көк;
айдайтындар – қызыл;
сұйықтықтар – күміс түсті;
қышқылдық – сұр;
су – жасыл.
117. Хладонның, қышқылдың немесе судың қозғалыс бағыты қара сырмен бофлған жебемен көрсетіледі.
118. Заманауи әрлеу материалдарын (фольгоизол, шыныизол, т.б.) пайдаланған кезде құбырлы өткізгіштердің сыртқы беттеріне сыр бояу жүргізбеуге, ал жебемен ортаның қозғалыс бағытын көрсетуге болады.
119. Суыту құрал – жабдығы орнатылған ғимараттардағы жарықтандыру деңгейі ҚР СНиП 2.04 – 05 – 2002 «Жасанды және табиғи жарықтандыру» және 2005 жылғы 8 шілдедегі «Өндірістік ғимараттарды жобалауға қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» талаптарына жауап береді.
120. Суыту қондырғыларына үнемі қызмет көрсету кезінде қызметкерлерге машина бөлімшесінде табиға жарық қажет болады.
121. Машина бөлімшелерінде жұмыстық және апаттық (көзінен тәуелсіз) жарықтандыру қаралады.
122. Апаттық жарықтандыру негізгі жарықтандыру көзі өшкенде автоматты түрде қосылады. Тексеру, жөндеу жүргізу, тазарту т.с.с. жүргізген кезде кернеуі 42 В артық емес сақтандыру сеткасы бар ІР қорғаныс дәрежелі тасымалданатын қол жарықтандырғыштары қолданылады.
123. Автоматтандырылған фреонды қондырғылары бар кезеңдік қызмет көрсетілетін ғимараттарға апаттық жарықтандыру қажет емес.
124. Машина бөлімшесі жылытумен және желдетумен 2005 жылғы 8 шілдедегі «Өндірістік ғимараттарды жобалауға қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» және ҚР СНиП 4.02–05–2001 2004 басылым «Жылыту, желдету және кондицирлеу» талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі. Машина және аппарат бөлімшелеріндегі температура – құрал–жабдық істемей тұрғанда 16 0С төмен емес.
125. Машимна бөлімшелеріндегі өтпелі және тарту (апаттық) желдеткіші – ауа алмастыру дәрежесімен мәжбүрлі: өтпелі – 3 кем емес, тарту (апаттық) сағатына 4 кем емес. бұл кезде ауа ортасының күйі МЕСТ 12.1.005 – 88 сәйкес келеді.
126. Ауаны жою суытқыш агрегаттарына жақын орыннан ғимараттың төменгі бөлігінен ҚР СНиП 4.02–05–2001 2004 басылым «Жылыту, желдету және кондицирлеуге» сәйкес, аймақтың төменгі бөлігінен ауаның жалпы көлемінің 3/2 бөлігін, және жоғарғы аймақтың 1/3 бөлігін жою жүзеге асырылады. Фреонды қондырғылар басқа құрал – жабдықтармен жалпы орналастырылған кезде ғимараттың ауа алмастыруының дәрежесі оларға деген максималды қажеттіліктен шағырылып таңдалынып алынады.
127. Ауа конденсаторы бар суыту машиналары үшін (ол ғимаратқа орнатылған жағдайда) конденсаторды үрлеу сыртқы ауамен машинаның жұмыс режимін қамтамасыз ететін мөлшермен қамтамасыз етіледі.
128. Дайындаушымен жеткізілген агрегатталған суытқыш қондырғыларының құбырлы өткізгіштерін өзара жалғауға рұқсат етілмейді (хладонды апаттық шығару және дренажды ресивермен машинаны жалғайтын құбырлы өткізгіштерден басқа).
8 - тарау. Құрал – жабдықтар мен құбырлы өткізгіштерді монтаждау
129. Суытқыш құрал – жабдықтары мен құбырлы өткізгіштерді монтаждау ҚР ҚНжЕ 1.03–05–2001 «Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы» талдаптарын, 2006 жылғы 08 ақпандағы Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрінің № 35 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережелерін (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік Тіркеуінде тіркелген, 2006 жылғы 20 наурыздағы № 4126) сақтаумен жүргізіледі.
130. Суытқыш қондырғысын монтаждау жұмыстарын жобаны бекітусіз немесе жобалау ұйымының келісімінсіз жобадан ауытқумен орындауға рұқсат етілмейді.
131. Аппараттарды (сосудтарды) пісіру кезінде 2008 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің №189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін аспаптарды қауіпсіз эксплуатациялау және құрылғыларына қойылатын талаптарды басшылыққа алу керек.
132. Құрал – жабдықтарда (немесе олардың астында) жұмыстарды орындауға рұқсат етілмейді, егер ол көтерілген күйде және лебедкалармен, домкраттармен және басқа да көтеру механизмдерімен ұсталып тұрса.
133. Дайындалған құбырлы өткізгіштер телімдері монтаждағанға дейін механикалық тазартуға, майдан арылтуға, химиялық тазартуға және кептіруге ұшыратылады.
134. Фланецті, пісіру және құбырлы өткізгіштердің басқа да жалғауларын іргелерде, қабырғаларда және басқа жөндеу жүргізу үшін қол жетімсіз орындарға орналастыруға рұқсат етілмейді.
135. Машиналар, аппараттар және құбырлы өткізгіштерді монтаждау кезінде қолдық бекіту арматурасы хлодан жүрісі бойына орнатылады, яғни олын клапанға келуімен. Теңестіру сызықтарында бекіту арматурасының кез келген орналастырылуына рұқсат етіледі. Бекіту вентильдерін вахивиктерімен төмен қаратып орнатуға рұқсат етілмейді.
136. Электр магниттік және жетекті вентильдер үшін хладонның қозғалыс бағыты дайындаушының нұсқаулығына сәйкес келеді.
137. Монтаждау жұмыстарының ыңғайлылығын мен жұмыс істейтіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арналған құралдар (сатылар, тасымал басқыштар, төсемесі бар сатылар, көпіршелер т.б.) МЕСТ 12.2.012-75 сәйкес келеді.
138. Хладон толтырғанға дейін монтаждалған құбырлы өткізгіштер мен аппараттар (сосудтар) сынақ туралы акт толтырумен тығ,ыздыққа және біріктікке (сырлауға және оқшаулағанға дейін) сыналады.
139. Жүйені хладонмен толтырмас бұрын барлық компрессорлар, аппараттар мен құбырлы өткізгіштер кірде мұқият тазартылады, кептіріледі және вакуумдалады.
9 - тарау. Суытқыш қондырғыларына хладон толтыру
140. Суытқыш жүйесіне хладон толтырмас бұрын (баллонда (контейнерде) сәйкес хладон бар екендігіне көз жеткізу керек. Тексеру баллон температурасы қоршаған орта температурасымен тең болған кезде қысым бойынша жүргізіледі. Тексерілер алдында баллон аталған ғимаратта 6 сағаттан кем емес болады. Хладон қысымының қоршаған орта температурасынан тәуелділігі қаныққан булар кестесі бойынша тексеріледі.
141. Жүйені хладонмен толтыруды дайындаушының аталған талдауларды көрсетумен сынақ хаттамасынсыз баллондардан жүргізуге болмайды.
142. Баллон вентиліндегі қалпақты гайканы қорғаныс көзілдірігімен (ЗН3, ЗН4, ЗН8 немесе Г) және резина қолғаппен іске асыру керек. Бұл кезде баллон вентилінің шығу тесігі жұмыскерден бағытталған.
143. Жүйені хладонмен 10 кг артық емес мөлшермен толтыру (үстемелей толтыру) компрессордың сору вентилі арқылы, 10 кг артық – сұйықтық құбырлы өткізгішінде тек құю вентилімен жүргізіледі. Жүйені толтыру кезінде кептіргіш патрон қолдану керек.
144. Баллондарды жүйеге жалғау үшін күйдірілген мыс түтіктерін немесе май бензинге төзімді тығыздық пен беріктікке сынақтан өткізілген шлангтарды пайдаланады.
145. Жүйені хладонмен толтыру кезінде баллондарды қыздыруға рұқсат етілмейді.
146. Суытқыш қондырғыға жалғанған хладоны бар баллондарды қалдыруға болмайды, егер оны толтыру немесе одан хладонды шығару жүргізілмесе.
147. Агрегатталған хладон қондырғыларын толтыру дайындаушы – ұйыммен жүргізіледі. Қондырғыларды толтыру эксплуатациялау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
148. Хладоны бар баллондар қоймада сақталады. Машина бөлімшесінде хладоны бар береуден артық емес баллон сақтауға рұқсат етіледі.
149. Жылу көзі бар орында (пештер, жылыту құрылғылары, бу құбырлары т.б.) және ток тасымалдаушы кабельдерде және сымдарда баллон қоюға рұқсат етілмейді.
150. Баллондарды жүйеден толтыру кезінде тек техникалық куәландырумерзімдері асып кетпеген баллондарды толтыруға рұқсат етіледі. Толтыру нормасы 2008 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің №189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін аспаптарды қауіпсіз эксплуатациялау және құрылғыларына қойылатын талаптарда көрсетілген нормалардан аспайды. Баллондарды толтыруды тексеру олардың салмағын өлшеумен жүргізіледі.
151. Жүйенің бірінші реттік хладонмен толтырылуы (жүйені разрядтау үшін қажетті хладонның мөлшері есебінің қорсымшасымен) актпен толтырылады. Суытқыш машиналары үшін толықзауыттық дайындықтың хладонмен жүйенің бірінші реттік толтырылуы туралы акті толтырылмайды (машинаны тасымалдау кезінде одан хладонның ағуы болмаған кезде).
152. Баллондарды куәландыру және эксплуатациялау 2008 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің №189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін аспаптарды қауіпсіз эксплуатациялау және құрылғыларына қойылатын талаптарына сәйкес жүргізіледі.
10 - тарау. Суытқыш құрал – жабдығын эксплуатациялау
153. Суытқыш қондырғыларына техникалық қызмет көрсету, реттеу және келеңсіздіктерді жою бойынша жұмыстар осы Талаптарды, суытқыш құрал–жабдықтарын дайындаушымен дайындалған эксплуатациялау бойынша нұсқаулықты (бұдан әрі – ЭН) сақтаумен жүргізіледі.
154. Суытқыш қондырғылардың жоспарлы тексерулері мен бақылау тексерулері әрбір қондырғының эксплуатациялау жағдайларына және ЭН ұсынымдарын ескерумен құрылған кестеге сәйкес жүргізіледі.
155. Машиналар мен аппараттар жанындағы өту жолдары ашық, ал өту жодарының едендері оңтайлы күйде.
156. Машиналардың қозғалатын бөлшектеріне қол жеткізуге тек мащшиналарды тоқтатқаннан кейін және бөгде тұлғалармен машиналардың іске қосылуына қарсы шараларды іске асырғаннан кейін рұқсат етіледі.
157. Қорғаныс автоматикасының аспаптары істемейтін суытқыш қондырғыларын эксплуатациялауға рұқсат етілмейд.
158. Машина бөлімшелерінде (суытқыш құрал – жабдықтар орнатылған) ашық отты пайдалануға, темекі тартуға рұқсат етілмейді.
159. Ұзақ уақыт бойы (24 сағаттан артық) тоқтап тұрған суытқыш қондырғыны іске қосу қондырғының оңтайлылығын тексергеннен кейін және бақылаушы тұлғаның рұқсатымен ғана жүргізіледі.
160. Суытқыш қондырғыны эксплуатациялау ауысым журналында тіркеледі.
161. Суытқыш қондырғыға қызмет көрсету кезінде құрал – жабдықты көзбен байқап тексеру, оның саңылаусыздығын тексеру, құрал –жабдықтың бетін кір мен шаңнан тазарту жүргізіледі. Барлық анықталған ақаулар жою шараларын көрсетумен журналға түсіріледі.
162. Хладонның ағу орнын анықтау үшін галлойдты және басқа ағын іздеуіштер, сабын көбігін, саңылаусыздықтың полимер индикаторларын пайдалануға болады. Ажырамалы қосылыстарда май іздерінің, бар болуы, пісіру қосылыстарында сабындау кезінде көбіктің бар болуы, жалын түсінің өзгеруі хладоннның ағуын көрсетеді.
163. Хладонның ағын анықтаған кезде компрессорды тоқтату, зақымданған телімді бекіту арматурасымен жабы, тарту желдеткішін қосу және терезе мен есіктерді аша отырып ағынды тез арада жою керек.
164. Компрессорлар, аппараттар мен құбырлы өткізгіштерді ашуға хладон қысымы атмосфералыққа дейін түсірілгеннен кейін және 20 минут бойы тұрақты қалғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
165. Қабырғаларының температурасы минус 35 0С төмен аппараттарды ашуға рұқсат етілмейді.
166. Буландырғыш құбырларының ішінен ағып өтетін қышқыл қонцентрациясы қышқылдың қату температурасы жұмыс жағдайында хладонның қайнау температурасынан 8 0С төмен болатындай етіп, осы Талаптардың 3 - қосымшасына сәйкес қаралады.
167. Компрессордың цилиндрлерінің майысқақ түтіктерінен шыға берістегі суытқыш судың температурасы – 45 0С артық емес.
168. Тікелей суыту батареясынан механикалық тәсілмен қырауды шығаруға рұқсат етілмейді (қырауды сыпыруға болады). Суытқыш құрылғылардан қар жымылғысын оларды қыздыру жолымен алып тастау кезінде ауамен суытқыштар мен батареялардағы қысым төменгі қысым жағындағы аппараттар үшін 1 - кестеге сәйкес тығыздығы сынақ қысымынан аспайды.
169. Қаптамалы құбырлар аппараттарын (конденсаторлар мен буландырғыштарды құбыр алаық қайнаумен) су тасынан мехникалық тазарту тек қондырғылардың қауіпсіз эксплуатациялануы үшін жауапты тұлғаның тікелей қадағалауымен оларды хладоннан тазартқаннан кейін ғана жүргізіледі.
170. Істеп тұрған қондырғыларда фреон машиналарын аппараттар мен құбырлы өткізгіштерін жөндеу кезінде пісіру мен дінекерлеуді пайдалану аға техникалық қызметкерлерінің қадағалауымен және суытқыш қондырғыларының қауіпсіз және дұрыс эксплуатациялануы, оңтайлы күйі үшін үұйымдағы жауапты тұлғаның жазбаша рұқсаты бар болған кезде жүзеге асырылады. Пісіру немесе дәнекерлеу алдында аппараттар және құбырлы өткізгіштерден хладонды жояды. Пісіру мен дәнекерлеу 2006 жылғы 08 ақпандағы Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрінің №35 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережелеріне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік Тіркеуінде тіркелген, 2006 жылғы 20 наурыздағы № 4126) және МЕСТ 12.3.003-86 сәйкес жүргізіледі.
172. Қыс уақытында қондырғы жұмысында үзіліс болғанда, судың қатып қалу қаупі туындағанда, соңғысы сумен суытылатын барлық машиналар мен аппараттардан және су магистральдарынан босатылады.
173. Хладанға немесе оның қоспаларына фреонды суытқыш машиналары немесе агрегаттарын дайындаушының келісімінсіз қосымша хладагенттер қосуға рұқсат етілмейді.
174. 12 хладаны МЕСТ 19212-87, 22 хладаны – МЕТС 8502-93 талаптарына жауап береді.
175. Майлау майлары суытқыш компрессорларын дайындаушылардың нұсқаулығына сәйкес қолданылады.
11 - тарау. Хладанды сақтау және тасымалдау
1 - параграф. Хладон сақтау
176. Сыйымдылығы 40 л артық емес баллондарда немесе сыйымдылығы 1 т артық емес контейнерлерде хладон сақтау қоймалары жарылу өртену қаупі бойынша Д санатына жатқызылады. Хладон сақтауға арналған қойма қоймалық және өндірістік ғимараттардан 20 м кем емес қашықтыққа салынған. Қойманың ұйымда орналастыру мүмкін болмаған кезде істеп тұрған қондырғылар құрамына жатпайтын және осы мақсатта арнайы тағайындалған ресиверде хлоданды сақтауға рұқсат етіледі.
177. Хладон толтырылған ыдыстарды сақтауға арналған қойма бір қабатты, жеңіл шатырсыз жабынды және биіктігі 3,0 м кем емес қаралады. Қойма қабырғалары мен іргелері отқа төзімділіктің ІІ дәрежесінен кем емес жанбайтын материалдардан қаралады. Терезелер мен есіктер сыртқа қарай ашылады және күңгірт немесе ақ сырмен сырланған шыныға ие болады. Еден тегіс және сырғанақ емес.
178. Хладон сақтауға арналған қойма ғимаратында табиғи желдету ҚР ҚНжЕ 4.02–05–2001 2004 басылым «Жылыту, желдету және кондицирлеу» талаптарына сәйкес болады.
179. Қойма ІІІ санаты бойынша жасалған найзағайдан қорғаныс аймағында ҚР СН 2.04-29-2005 «Ғимараттар мен үймереттерге найзағайдан қорғаныс салу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес табиғи желдеткіш бар. Ол мемлекеттік өртты қадағалау органдарымен бекітілген нормалар бойынша өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
180. Башмактары кигізілген толтырылған баллондар тік күйде арнайы жабдықталған ұяларда, торларда немесе олардың құлауына жол бермейтін төгеттердің артында сақталады.
181. Башмактарсыз баллондар немесе контейнерлерді ағаш жақтауларда немесе баллондардың қатарлараның араларында төсемелері бар сөрелерде көлденең күйде сақтауға рұқсат етіледі. бұл кезде штабель биіктігі 2,0 м артық емес, барлық вентильдер қалпақтармен қорғалады және бір жаққа қаратылған. Хладон контейнерлері төсемелерде көлденең күйде сақталады.
182. Хладоны бар баллондарды инертті газы бар баллондармен (көмірқышқыл газы, азот) бірга сақтауға рұқсат етіледі.
183. Қоймада ыдыстармен жұмыс жүргізу жөнінде нұсқаулық жәнее ережелер, темекі тартуға болмайтындығын және ашық отты пайдалануға болмайтындығын білдіретін плакаттар ілінеді.
184. Қойманың сыртына «Қауіпті», «Темікі тартуға тыйым салынған», «Өрт шықса ... телефон соғыңыз» деген жазбалар орналастырылады.
185. Хладон баллондары мен контейнерлері күміс түсті сырмен боялады, жазуы «Хладон» деп қара түспен жазылады.
186. Қоймада инертті газы бар баллондардан басқа қандай да материалдар мен заттарды сақтайға рұқсат етілмейді.
187. Хладон қоймасын майлау материалдарын сақтау ғимаратымен бір жалпы ғимаратқа орналастыруға болады, бұл кезде олардың араларында тұтас қабырға және ғимаратқа кіру есіктері қарама қарсы жақтарда болуы шарт.
188. Хлаодны бар баллондар мен контейнерлерді машина бөлімшесіне жақын жерде оларды күннің сәулесінен қорғаумен сақтауға болады.
2 - параграф. Хлодантды тасымалдау
189. Хладоны бар баллондар мен контейнерлерді тасымалдау рессорланған көлікте көлденең күйде, міндетті кертігі бар ағаш кесекті төсемелермен немесе жіпті немесе резиналы сақиналы қалыңдығы 25 мм кем емес (бір баллонда екеуден) немесе саққыдан сақтайтын басқа да материалдардан жасалған төсемелермен жүргізу керек.
190. Төсемелерге орнатылған баллондар мен контейнерлер жаз уақытында сумен шайылған брезенпен жабылады. Тасымалдау кезінде барлық баллондар вентильдермен бір жағына қойылады.
191. Тиеу – түсіру жұмыстары, тасымалдау және сақтау кезінде баллондар мен контейнерлердің құлап кетпеу, зақымданбау және ластанбау шаралары іске асырылады. Баллондарды тасымалдағыштарды пайдаланусыз қолмен тасымалдауға жол берілмейді.
192. Баллон немесе контейнерді істемей қалған кезде толтырушы – ұйымға жөнелткен кезде баллонға немесе контейнерге ескерту жазбасы жазылады: «Бұзылған хладоны бар ...» және ілеспе құжатында баллон немесе контейнердегі келеңсіздіктер және ондағы хладонның бар екендігі туралы жазба жасалады. Бұл туралы баллон немесе контейнерді апаратын адам ескертіледі.
12 - тарау. Дәрігерге дейінгі көмек
193. Хладонмен уланған жағдайда жарақаттанушыны таза ауаға немесе таза жылы ғимаратқа шығару керек. Оның денесін дем алу үшін қысатын кімнен, босату, хладонмен ластанған киімін шешу және жарақаттанушыға толық тыныштық беру. Уланған жағдайда оған 30 – 45 минут бойы дем алуға медициналық оттегін (резина жастықтан, баллоннан) беру. Терең ұйқыға кеткенде жәнге ауыру сезімталдығын төмендеткенде күйіп қалуға тап болмау үшін абай болу керек. Жарақаттанушыға тәтті күшті шай немесе кофе беру, мақтаға матырып мұсатыр спиртін иіскету керек. келген адамның жағдайынан тәуелсіз жедел жәрдем шақыртылады.
194. Сілекейлі қуыста тітіркену сезімі байқалғанда мұрын немесе жұтқыншақты су немесе сода ерітіндісінің 2 % ерітіндісімен шаю ұсынылады.
195. Хладон көзге тиіп кетсе көзді таза судың мол мөлшерімен шаю керек. сонад соң дәрігер келгенше күңгірт түсті қорғаныс көзілдігіні кию керек. Көзді бинтпен орауға, оларға таңғыш салуға болмайды.
196. Хладон теріге тиіп кетсе, оның үсіп қалу үрдісі сезіледі. Бұл жағдайда зақымданған бөлікті 5 – 10 минутқа жылы суға (35 – 40 0С) малу немесе жалпы ванна жасау керек (дененің үлкен бөлігі зақымданған жағдайда). Ваннадан кейін теріні сүртпей, суды жақсы сіңіретін орамалмен кептіру керек. Содан соң зақыданған бөлікке дәрілі таңғышты салу немесе дәрі жағу керек. Дәрі болмаған кезде тұздалмаған май немесе күнбағыс майын пайдалану керек. Қабыршақтар пайда болған жағдайда оны аршуға болмайды, қабыршаққа дәрілі таңғыш салу керек.
197. Фреон қондырғысының машина бөлімшесінде хладонмен зақымданған кезде дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін құралдары бар аптечка қаралады:
мүсәтір спирті (дем алу үшін);
валериан тамшылары;
қос көмір қышқыл содасы (көзді жуу немесе тамақты шаю үшін);
күңгірт түсті көзілдірік;
Вишневский немесе пенициллин дәрісі (терінің зщақымданған бөлігіне жағу үшін);
салфеткалар, мақта, дәкілер;
ағаш қасықшалар (дәріні алу және жағу үшін);
198. Бөлек орында медициналық оттегі бар баллон және оны жабдықтаушылар бар.
_______________________
Достарыңызбен бөлісу: |