G-041. 07. 01. 118-2012 Контрольно-измерительные средства



бет3/4
Дата25.02.2016
өлшемі313 Kb.
#20099
1   2   3   4


2. Эмтихан сұрақтары

Лапароскопиялық, торокоскопиялық хирургияның тарихы және қазіргі жағдайы. Лапароскопиялық және торокоскопиялық хирургия. Құлтемір-ассистенциялаған операциялар. Эндоскопиялық хирургияның Қазахстанда дамуы.

Лапароскопиялық және торокоскопиялық операциялардың құралдары мен саймандары. Лапароскопиялық баған. Лапароскоп, видеокамера, жарық көзі, манитор. Инсуффлятор. Электрохирургиялық блок. Шаралар үшін саймандар. Өңдеу және зарарсыздандыру.

Өт қабына, жалпы өт жолына лапароскопиялық араласу. Бауырдан тыс өт өзектерінің және жалпы бауыр артериясы тармақтарының анатомиялық нұсқалары және даму аномалиялары. Лапароскопиялық холецистэктомия техникасы. Операция аралық холангиография. Өт жолдарын операция аралық ультрадыбыстық зерттеу. Жедел холецистит. Холецистэктомия барысындағы қарапайым техникалық қиындықтар. Холедохолитиаз диагностикасының және емінің жаңа тәсілдері. Бауырдан тыс өт өзектерін қарау әдістері және тастар экстракциялары. Холедохқа лапароскопиялық және эндоскопиялық комбинирленген араласулар.

Бауырға лапароскопиялық операциялар. Бауырдың хирургиялық анатомиясы. Дигностикалық шаралар. Бауырдың лапароскопиялық резекциясының жалпы сұрақтары. Бауыр резекциясының техникасы. Бауырға лапароскопиялық араласудың асқынулары.

Лапароскопиялық антирефлюкстік операциялар. Лапароскопиялық антирефлюкстік операцияның техникасы. Лапароскопиялық антирефлюкстік операцияның қанағаттанарлықсыз нәтижелері. Лапароскопиялық антирефлюкстік операцияның асқынулары.

Өңеш пен асқазанға лапароскопиялық операциялар. Геллер бойынша лапароскопиялық кардиомиотомияның техникасы. Лапароскопиялық кардиомиотомияның асқыныуы. Кезбе жүйкесінің және асқазан артериясының анатомиялық нұсқалары. Лапароскопиялық СПВ. Дуоденопластика және пилоропластика. Тесілген жараға байланысты операциялар. Асқазанның лапароскопиялық резекциясы.

Тоқ ішекке лапароскопиялық операциялар. Оң жақтық гемиколэктомия. Сол жақтық гемиколэктомия және алдыңғы тік ішек. Қолмен ассистенциялаумен тоқ ішек резекциясы. Тоқ ішекке лапароскопиялық операцияның асқынуы.

Шұғыл хирургиядағы негізгі лапароскопиялық операциялар. Лапароскопиялық аппендэктомия. Лапароскопиялық адгезиолизис. Жедел панкреатит кезіндегі лапароскопиялық операциялар.

Жалпы хирургтың тәжірибесінде лапароскопиялық гинекологиялық операциялар. Лапароскопиялық стерилизация. Бедеулік кезіндегі лапароскопиялық операциялар. Эндометриозе кезіндегі операциялар. Жатырдан тыс жүктілік кезіндегі операциялар. Аналық без кистасы мен ісіктері кезіндегі лапароскопиялық операциялар. Жатыр қосалқыларының іріңді аурулары кезіндегі лапароскопиялық операциялар. Жатыр аурулары кезіндегі лапароскопиялық операциялар. Гинекологиядағы лапароскопиялық операциялардың асқынуы.
3. Ситуациялық тапсырмалар
1. 45 жастағы науқас 1 жыл бұрын қалтқының декомпенсацияланған тыртық-жаралы тарылуына байланысты Бильрот-2 бойынша асқазанның лапароскопиялық резекциясы операциясын өткізген. Ауруханадан 17-тәулікте шығарылған. Кешікпей байқады, тағам қабылдаған соі жарты сағаттан кейін әлсіздік, басының айналуы, іштің толу сезімі пайда болады, операция жасаған клиниканың бақылауында болып, күндізгі стационар жағдайында үнемі инфузиялық ем қабылдап отырды.

Қандай диагноз?

а) демпинг-синдром;

б) әкелгіш ілмек синдромы;

в) сілтілі рефлюкс-гастрит ;

г) анастомоздың пептикалық жарасы;

д) агастральды астения.
2. 40 жастағы науқас көп жылдар бойы он екі ішектің жара ауруымен ауырады. Консервативті ем нәтижесіздігіне байланысты өткен жылы Бильрот-1 бойынша асқазанның резекциясы лапароскопиялық әдіспен орындалған. 6 ай ішінде науқасты бұрынғы операцияға дейінгі шағымдары мазалайтын болды: тағам қабылдағанна кейінгі ауырсыну, қыжыл, жайсыздық сезімі. Соңғы 4 ай ішінде 2 рет қара түсті нәжіс болғанын байқады. Дәрігерлік көмекке алғаш жүгініп отыр. Диагноз?

а) анастомоздың пептикалық жарасы;

б) асқазан тұқылының гастриті;

в) әкелгіш ілмек синдромы;

г) демпинг-синдром;

д) жабысқақ ауруы.


3. науқас 48 жаста. 1 жыл бұрын он екі елі ішекітің жара ауруына байланысты кіші ену арқылы Бильрот-2 бойынша асқазанның резекциясы операциясын өткізген. Операциядан кейін 2 ай өткен соң тағам қабылдағаннан кейін оң жақ қабырға астында керіп ауырсынуға ауысатын толу сезімін, жүрек айнуды байқаған. Дене күйін ауыстырғаннан кейін 3-4 сағатта (әсіресе сол жақ бүйірімен жатқаннан кейін эпигастрий және оң жақ қабырға астын жеңіл сипаған кезде) «толған» ішектің бөлігінің босауы және шұрыл пайда болды. Осы уақытта қабылдаған тағамдардың қайта шығуы болды. Біртіндеп эпигастрий аймағының босауы сезімі пайда болды.

Диагноз?

а) демпинг-синдром;

б) әкелгіш ілмек синдромы;

в) агастральды астения;

г) асқазан тұқылының гастриті;

д) өт жолдарының дискинезиясы.
4. Науқас 54 жаста. Жарты жыл бұрын 12-елі ішектің буылтығының ұйқы безі басына пенетриленген жарасына байланысты мини операциялық ену жолымен Бильрот-2 бойынша асқазан резекциясы-операциясын басынан өткізген. Уақыт өте тағам қабылдағаннан 1-2 сағаттан соң науқаста бас айналу, жалпы әлсіздік, кенеттен аштық сезімі, эпигастрий аймағының ауырсынуы, дірілдеу, жүрегінің қағуы болды. Терісі бозғылттанған, брадикардия (пульс – 48 рет/мин), артериялды қан қысымының төмендеуі - 90/50 мм.с.б.б. Науқас қант, нан, печенья қабылдағаннан кейін өзін жақсы сезінеді.

Диагноз?

а) агастралды астения;

б) анастомоздың пептикалық жарасы;

в) гипогликемиялық синдром;

г) созылмалы панкреатит;

д) әкелгіш ілмек синдромы.
5. науқас 50 жаста, қалытқының тыртықты жаралы стенозына байланысты Бильрот-1 бойынша асқазан резекциясынан 1,5 айдан кейін эпигастрий аймағындағы ауырсыну, өтпен немесе тағаммен құсу, кекіру пайда болған. Ауырсыну мен құсуға байланысты науқас тағам қабылдауын шектеп арықтаған. Кейде қан аралас құсу, мелена болған. Диагноз?

а) жабысқақты ауру;

б) агастралды астения;

в) сілтілі рефлюкс-гастрит;

г) демпинг-синдром;

д) әкелгіш ілмек синдромы.


6. науқас 47 жаста. Гофмейстера-Финстерер модификациясымен Бильрот-2 бойынша асқазан резекциясы операциясынан кейін толу сезімі, тағам қабылдағаннан кейін күшейетін, кейде құсуға жалғасатын (құсқаннан кейін жақсаратын ) эпигастрий және оң жақ қабырға астының ауырсыну пайда болған. Пальпацияда іштің оң жақ бөлігінде ауырсынуатын түзіліс анықталады. Рентгеноконрастты зерттеу кезінде әкелгіш ілмек контрастты затпен толмайды. Уақыт өткеннен кейін контрастты зат әкелгіш ілмекті толтырады екен, бірақта көп уақыт сонда кідіреді.

Диагноз?


а) асқазан тұқылының обыры;

б) әкелгіш ілмек синдромы;

в) демпинг-синдром;

г) асқазан тұқылының гастриті;

д) өт жолдарының дискинезиясы.
7. екі ай бұрын 50 жастағы науқасқа 12-елі ішек буылтығының тесілген жарасына байланысты Финней бойынша пилороплатикамен екі жақтық бағаналық ваготомия - операциясы орындалды. Сондай-ақ жайлған перитонит болған. Ауруханадан шағарғаннан кейін жиі ішінің өтуін байқаған. Ақырғы езде ішінің тәулігіне 3 тен 5 ретке дейін кез келген тағамды қабылдаса да болған. Салмақ жоғалтқан, бозғылттанған. Тексеру кезінде (копрограмма, нәжіс посеві) басқа да ауруларды анықтау мақсатында инфекциялық ауруларды анықтамаған. Басынан өткізілген операцияға байланысты деген болжаммен науқасты хирургиялық стационарған жолдаған.

Диагноз?

а) постваготомиялық диарея;

б) демпинг-синдром;

в) хронический холецистит;

г) жабысқақты ауру;

д) әкелгіш ілмек синдромы.
8. науқас 47 жаста 1-жыл бұрын асқазанның антралды бөлігінің каллезді жарасына байланысты Бильрот-2 әдісі бойынша асқазан резекциясы – операциясын орындаған. Ақырғы айларда жалпы әлсіздік, салмағының жоғалтуын байқаған. Тексеру кезінде (АІЖ (ЖКТ) рентгеноскопиясы, іш қуысы мүшелерінің ультрасонографиясы, фиброгастроскопия) АІЖ (ЖКТ) органическалық патологиясы анықталған жоқ.

Диагноз?

а) сілтілі рефлюкс-гастрит;

б) демпинг-синдром;

в) пострезекционды анемия;

г) әкелгіш ілмек синдромы;

д) жабысқақты ауру.

9. науқас 17 жаста, байқамай уксус қышқылы ерітіндісін су орнына қабылдап қойған. Токсикологияда емқабылдаған, қанағаттанарлық жағдайда шығарылған. 4 аптадан кейін дисфагия, тағам қабылдағаннан кейін төс артының ауырсынуы, кекіру, қыжыл пайда болған. Диагноз?

1) өңештің күйіктен кейінгі тыртықты стриктурасы.

2) гастроэзофагеалды рефлюкс,

3) пульсионды дивертикул,

4) Ценкера дивертикулы,

5) кардиоспазм.
10. науқас 23 жаста, бәстесіп тауық жұмыртқасын жұтып алған, сол кезде төс артында кенеттен ауырысыну сезімі пайда болған. Содан кейінгі апталарда төс артының аурысуны тағам қабылдағаннан кейін күшейе бастаған, ауыздан тұрақты шірікті-жағымсыз иіс пайда болған. Болжам диагноз.

1) өңештің күйіктен кейінгі тыртықты стриктурасы.

2) гастроэзофагеалды рефлюкс,

3) пульсионды дивертикул,

4) Ценкера дивертикулы,

5) кардиоспазм.


11. науқас 30 жаста, мамандығы педагог, тамақ қабыладағанда, жұтынғанда ауырсыну пайда болған, сұйық тағам қабылдай алмай қалған. Кейде сұйық тағам қабылдағанда құсу пайда болған. Рентгенконтрастты зерттеу кезінде өңештің төменгі 1/3 бөлігінің «Төнкерілген май шам» түрінде тарылуы байқаған. Түзіліс сипаттағы симптомдар науқаста байқалмайды. Диагноз.

1) өңештің күйіктен кейінгі тыртықты стриктурасы.

2) гастроэзофагеалды рефлюкс,

3) пульсионды дивертикул,

4) Ценкера дивертикулы,

5) кардиоспазм. Парадоксалды дисфагия.


12. науқас 35 жаста, тағам қабылдағаннан кейін төс артының ауырсынуын, тағамдық кекіруді, төс артының қысылатының байқаған. Жылытыл тағамдар өтеді. Тез басты немесе ішті сілкгенде тағам асқазанға түседі. Диагноз.

1) өңештің күйіктен кейінгі тыртықты стриктурасы.

2) гастроэзофагеалды рефлюкс,

3) пульсионды дивертикул,

4) Ценкера дивертикулы,

5) кардиоспазм.


13. науқас 65 жаста, тағам қабылдау үстінде балықтың қылтаның жұтып қойған. Төс артының ауырсынуын ауырсынуын, бөгде зат сезімін, саливацияның жоғарлауын. Жедел жәрдемді шақырған, хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілген. Қандай зерттеуді өткіз керек, тактика?

1) ЭФГДС, бөгде затты алу.

2) ультрадыбысты допплерография,

3) баримен өңештің рентгеноскопиясы,

4) эзофаготонокимография.

5) фистулография.


14. науқас 16 жаста, суицидалды мақсатта ине жұтып алған, ауырғаннан 1 тәуліктен соң хирургияға жеткізілген. Дене температурасы 38 0С. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Пульс 100 рет/мин. АҚ-100/60 мм. с.б.б. іші аздап үрленген, пальпацияда кернеуленген жне оң жақ мықын аймағында ауырсыну анықталады. Щеткина-Блюмберг симптомы оң. Жел іштен нашар шығады. Сіздің әрекетініз?

1) баримен өңештің рентгеноскопиясы,

2) лапароскопия, оң жақ мықын ішектегі бөгде затты алу, перфорация орнын тігу.

3) торакоскопия

4) лапароскопия.

5) Гартман операциясы.


15. науқас 60 жаста, жалпы әлсіздік, бас айналу, қара сұйық нәжіс шағымдарымен түсті. Ақырғы тәуліктерде өршіген әлсіздік, бас айналу мазалаған. Үш рет сүйық нәжіс байқаған, қысқа мерзімде есінен таңу болған, түскенге дейін үш күн ішінде аспирин қабылдаған; ұзақ уақыт созылмалы пневмониямен ауырады. Анамнезінде – гиперацидті гастрит. Түскен кездегі джағдайы орташа аурлықта. Тері жабындылары бозғылт, суық тер. Пульс 116 рет/минутына, АҚ 105/60 мм.с.б.б. тілі құрғақтау. Пальпаторлы іші жұмсақ, барлық аймағында ауырсыну анықталмайды. Нв – 78 г/л.

Болжам диагноз, қосымша зерттеу әдістері және ем тактикасы.

а) Эрозивті гастрит, ФГДС, консервативті ем.

б) Эрозивный гастрит, ФГДС, оперативті ем.

в) Гиперацидты гастрит, ФГДС, консервативті ем.

г) асқазанны жедел жарасы, ФГДС, консервативті ем.

д) 2-елі ішек жарасы, консервативті ем.

16. науқас Н., 58 жаста, 4-6 күн бойы қара нәжіс, әлсіздік, бас айналу шағымдарымен түсті. Анамнезінде – 20 жыл бойы 12-елі ішек жарасы жиі өршусіз. Соңғы өршу фазасы 1 апта бұрын боған. Нв – 48 г/л. Экстренді эндоскопиялық зертеуде 12-елі ішектің буылтығының созылмалы жарысы анықталған, диаметрі 1,2 см. Қарау кезінде активті қан кету анықталған жоқ, бірақ рецидивті қан кету болуы мүнкін деген болжамға келді.

Болжам диагноз.

а) 12-елі ішектің созылмалы жарасы, ауыр дәрежелі қан кетумен асқынған.

б) 12-елі ішектің жедел жарасы, ауыр дәрежелі қан кетумен асқынған.

в) Гиперацидті гастрит, ФГДС, консервативті ем.

г) асқазанның жедел жарасы, ФГДС, консервативті ем.

д) 12-елі ішектің жарасы, консервативті ем


17. қабылдау бөліміне 36 жастағы науқас әлсіздік, бас айналу, біренше ретті кофе қорытпағы тәрізді құсық, қара нәжіс шағымдарымен түсті. Айтылған шағымдар көп мөлшерде алкогол қабылдағаннан кейін пайда болған. Бұрын бұндай жағдайлар байқамаған. Түскен кездегі жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозғылт түсті. Пульс 104 рет/минутына. АҚ130/85 мм с.б.б. пальпаторлы эпигастрий аймағында аздаған ауырсынулар анықталады. Ректалды тексеруде мелена анықталған жоқ. Асқазанды бақылау зондтау кезінде қан үйындысы мен кофе қорытпағы анықталды. Эритроциттер-3,2 млн., Нв- 78бірлік.

Диагнозды нақтылау үшін қандау зерттеу қажет?

а) ФГДС

б) қажеттілік жоқ



в) асқазанды қайта зондтау

г) Блекмор зонды

д) эзофагоскопия

18. алкоголды қабылдаған 40 жастағы жігіт, ауруханаға құсумен алып келді, анамнезінде – бірнеше ретті өте қатты құсу болған. Эндоскопиялық зерттеу уақытында асқазанның кіші иіліміне өтетін өнеш-асқазандық шырышының жыртылуы анықталды ұзындығы 2 см. Жалғаспалы қан кету белгілері жоқ.

Диагноз?

а) Меллори-Вейс синдромы

б) асқазанның созылмалы жарасы

б) асқазанның жедел жарасы

в) эрозивті гастрит

г) гиперацидті гастрит


19. аурухананың хирургиялық бөліміне 49 жастағы науқас ішінің ауырсынуы (көбінесе оң жақ қабырға астының) шағымдарымен түсті. 4 күн бұрын жедел ауырған. Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта. Терісі сарғыш, склерасы иктерикалық, Живот жұмсақ, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, өт қабы пальпацияланбайды. Іш астардың тітіркену белгісі теріс. Вена ішілік холангиграфияда холедох кенейген 1,5 см-ге дейін. Холедхтың терминалды бөлігі «тышқан құйрығы» тәрізді контрастирленеді.

Қандай диагноз?

А) жедел калькулезді холецистит. Холедохтың терминалды бөлігінің стриктурасы. Механикалық сарғаю.

Б) жедел панкреатит. Механикалық сарғаю.

В) Панкреатодуоденалды аймақтың обыры

Г) жедел холецистопанкреатит.

Д) Гепатит. Боткина ауруы.
20. науқас Ә., 48 жаста, клиникада калькулезді холециститке байланысты жоспарлы түрде операция орындалды. Операциядан кейінгі уақытта жағдайы тыныш болды. 4 күннен кейін қанағаттанарлық жағдайда амбулаторлы ем үшін шығарылды. Екі айдан кейін оң жақ қабырға астының ұстамалы ауырсынуы болған, дене температурасы 39 градусқа дейін көтеріліп, дірілдеу болған. Ұстамадан бір тәулік өткеннен кейін сарғаю пайда болған. Хирургиялық бөлімге госпитализацияланды.

Сұрақ: Болжам диагноз?

А) жедел панкреатит.

Б) жедел холецистопанкреатит.

В) Гепатит. Паренхиматозды сарғаю.

Г) холедохтың резидуалды тасы.

Д) Панкреатодуоденалды аймақтың обыры.

4. тәжірибелік дағдылардың тізімі

Интерннің КОМПЕТЕНЦИЯЛАРЫ
1. білу керек: теореялық білімді (1-2 денгейде)

2. істей алу керек: когнитивті дағдыны (3-4-5 денгейде)

3. дағдыларды игеру керек: процедуралық дағдыларды және манипуляциялард (2-3-4-5 денгейде)
Істей алу денгейі:

I – білу керек (есту, оқу)

II – білу керек (көру)

III – стандартты денгейде орындау

IV – тікелей бақылаумен орындау

V – тікелей бақылаусыз орындау


Жалпы компетенциялар

Компетенциялар атауы

Мазмұны

Игеру денгейі

Коммуникативты дағдылар

Науқаспен және туысқандарымен алғашқы контактты орнату. Одан әрі эффективті және сәтті ем үшін сенімді қатынаста болу керек

IV

Диагностика және ем процессіне науқасты қатыстыру

IV




Пациентпен сондай-ақ жұмыс бойынша әріптестермен шың пейілді және кәсіпті қатынасты құрастыру

IV

Жұмыста жайапкершілікті сенімділікті көрсету. Өз өзін бағалау, әрдайым жетілу, өзіндік оқу қабілетін көрсету

IV

Құқықтық сұрақтар

Қазахстан Республикасының негізгі заңдарын, денсаулық сақтау ұйымын, этикалық және құқықтықнормаларды білу. МЗ ҚР клиникалық рпотоколының негізі. ҚР Денсаулық, денсаулық сақтау, дәрілік заттар, трансплантация және мүше доноры және т.б. туралы заң мен құқықты актілері

IV

Науқастың және оның туысқандарының ақпаратты келісімін алу. Науқастың конфиденциалдығын сақтау, құқықтары мен міндеттерін, науқасты қорғау әдістерін сақтау.

Денсаулық сақтау саласындағы экспертиза. Дәрігердің құқықтары. Медициналық жұмысшының міндеттері. Дәрігерлік қате мен дәрігерік немқұрайлық.

IV

Медициналық сақтандыру. Міндетті медициналық жәрдем көлемі. Дәрілік қамтамасыз ету. Хирургиядағы фармакотерапияны ҚР ДС протоколдарына және бұйрықтарына сәйкес жүргізу.

IV

ҚР-да хирургиялқ көмек көрсетуді, аурухана-поликлиникалық жұмыстарды ұйымдастыру, жедел жәрдем жұмысын ұйымдастыру.

IV

Бас бостандығынан айыру жерлерінде, наркоқолданушыларға, АИВ-инфицирленгендерге, иньекционды наркотик қолданушыларға (ИНҚ), ЖҚТБ-мен науқастарға, АИВ-мен науқаспен бірге тұратындарға медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету.

IV

Өзіндік білім алу (СРИ)

Тесттер, ситуациялық есептер, ғылыми рефераттар, клиникалық жағдайлар презентациясын,әдеби қамту, видеофильмдер, проекттер жіне оларды қорғау, рецензиялар, диспуттар, бюллетендер, таратпа қағаздар дайындау.портфолио жасау. Ғылыми жұмыспен айналысу, интернет және онда издеу жұмыстарын жүргізе алу. Ғылыми кружоктарға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, симпозиум, сьездтерге қатысу

IV- V

Жедел жәрдем көрсету

Әртүрлі генездегі шоктар, суға батқанда, уланғанда, үсік шалғанда, термиялық зақымдалуда, жылу соққанда, электротравмада, механикалық генезді асфиксияда, жедел тыныс жетіспеушілігінде, физиологиялық босануда, жылан, жәндік шаққанда, жануарлаар тістегенде көмек көрсету. Бас жарақатымен, омыртқа, кеуде клеткасы, аяқ-қалдары зақымдалғанда иммобилизация. Өкпе-жүректік реанимация.

IV


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет