Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет42/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
АШМ

кәрізденген суғармалы жер өзеннің жоғарғы таулы бөлігінде орналасады. Мұндай жерлерде топырақтың екінші рет тұздануы еш уақытта байқалмайды. Бірақ ысырапсыз су пайдаланылғанда одан төменде орналасқан жерлердегі жер асты су деңгейі көтеріліп, топырақ екінші рет тұздануы мүмкін.

  • аздап кәрізденген суғармалы жер өзеннің орта ағынында орналасады. Бұл жерлерде топырақтың екінші рет тұздануы жоғарыдан келген су әсерінен және жер асты суының көтерілуінен болады.

  • кәрізделмеген суғармалы жер өзеннің төменгі ағынында орналасады. Бұл жерлерде топырақтың екінші рет тұздануы тез-тез байқалып, мелиоративтік жағдайы нашарлап отырады. Жер асты суының ағыны өте төмен, ал олардың бұлануы өте жоғары.

    Топырақтың екінші рет тұздануы көбінесе жер асты тұзды су деңгейінің көтеріліп, топырақ түтіктері арқылы булардың ұшуынан болады. К.С.Рабочевтің мәліметі бойынша, Түркменстанда осындай жағдайда жыл сайын топырақтың 1 метр қабатыңда 6-7 тонна тұз жиналады.
    Суғармалы жерлерде ыза суының деңгейі мына себептерге байланысты көтеріледі:

    • каналдардан судың сүзілуі, сондықтан да канал суының шығынын болдырмау керек.

    • тым көп суғарғанда топырақ суға шылқып кетеді де, артығы ыза суын толтырады;

    егістік жердің тегіс болмауы, мұндайда биік тұстарына су бара бермейді де, бәрі ойыс тұстарына жиналады. Сөйтіп ол да, ыза суын толықтыруға кетеді. Сондықтан да жер тегістеу - бұл тұрғыда, ең қажетті шара болып табылады.
    Топырақ бетінің бұлануын егістікті жиі егу және аңыздық дақылдар егу жолымен, сондай-ақ ауыспалы егіс шекараларына жел ұстайтын, жер бетіндегі ауа қабатының ылғалдылығын көтеретін орман жолақтарын отырғызу жолымен азайтуға болады.
    Су мен тұздың топырақтың беткі қабатына капиллярлы көтерілуін топырақтың құрылымын қопсыту арқылы азайтуға болады.

    • әрбір шаруашылық топырақ сортаңдануының алдын алулары керек;

    • су пайдалану ережелерін бұлжытпай орындаулары қажет;

    • каналдардан су шығынын азайту үшін, каналдардан су сүзілмейтін шаралар жасау керек;

    • суғармалы ауыспалы егіс маңайына суға бастырылатын күріш егуге болмайды, оларды кәрізделген танапқа шоғырландырған жөн, кей жағдайларда ғана сортаң топырақты жерлерге оларды шаю және тұзын ыдырату мақсатымен күріш өсіруге болады;

    • түнгі суғару, топырақ шаю жұмыстарының дұрыс жүргізілуін қатаң қадағалап отыру керек;

    • су жинау, су қашырту және коллекторлы-дренажды жүйелерді ақаусыз ұстау керек;

    • тұрақты каналдардың жағалауын бойлай тез өсетін және тамыры тереңге кететін ағаш егу керек. Ол каналдардан танапқа сүзілетін суды тез сіңіріп алады.

    Топырақтың сортаңдану дәрежесін жаз күндерінде өсімдіктің жағдайына қарап оңай айыруға болады. Топырақ қатты сортаңданса, оның беті ақтаңдақтанып жатады, өсімдік 50%, кейде одан да көп, ал орташа сортаңданған жерде - 30-50%, аз сортанданған жерде - 10-30% сиреп кетеді.
    Жердің сортаңдануын сор, сортаң деп бөледі.
    Топырақтың мелиоративтік жағдайының нашарлауының себептері:

    1. Жер асты суының жер бетіне жақын жатуы (3 метрден жоғары);

    2. Топырақтың түтіктер арқылы жоғары су көтергіштігі;

    3. Жалаңаш топырақтан жерасты суының булануының көп болуы.

    Жер асты су деңгейінің көтерілуі табиғи жағдай. Бірақ суғармалы жерлердің мелиоративтік жағдайының нашарламауы үшін жер асты суының деңгейі белгілі бір деңгейден жоғары көтерілмеуі керек. Оны алмағайып деңгей дейді. Оны В.А. Ковда теңдеуімен анықтайды:
    Kk = 170+8t, см

    Бұл жерде:


    t – ауаның жылдық орта температурасы, 0С.
    Суғармалы жерлердегі бақылау құбырлар арқылы айына бір рет жер асты су деңгейі өлшеніп отырады. Егер алмағайып кезеңнен жоғары көтерілгені байқалса, оны болдырмау шараларын қарастырады.
    Топырақтың екінші рет тұздануын болдырмау үшін қарастырылған көптеген шаралар бар:

    • Жер асты су деңгейінің көтерілуін болдырмау. Ол үшін суғару технологиясы мұқият жүргізіліп, каналдардағы су шығынын азайту және ағынсыз суғару қажет. Әр гектарға берілген 100м3 артық су жер асты суын 10 см-ге көтереді екен.

    • Жер асты суының буланып жоғаруына жол бермеу. Оған агротехникалық жұмыстарды мұқият жүргізу арқылы қол жеткізуге болады (егінді жиі егу, қорғаныш екпе ағаштар, топырақ борсыту және т.б.).

    • Көлденең немесе тік кәріз салу.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет