Үкіметтік емес ұйымдардың асбест жөніндегі Роттердам конвенциясы қарарының қағидаларын бұлжытпай сақтау, Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғауға қажетті шаралар қолдану туралы ұстанымы



Дата09.06.2016
өлшемі48.65 Kb.
#124840
Үкіметтік емес ұйымдардың асбест жөніндегі Роттердам конвенциясы қарарының қағидаларын бұлжытпай сақтау, Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғауға қажетті шаралар қолдану туралы ұстанымы

(Қоғам денсаулығы туралы ойланатын кез келді)

2008 жылы Ресей, Қазақстан және Украинада үкіметтік емес ұйымдар бастамасымен кең ауқымды пікірталастар мен семинарлар болып өтті. Оларда асбестің адамдар денсаулығына келтіретін қауіпті әсеріне қатысты проблемалар, оның баламалары, асбест өндіру және асбест өңдеу салаларының даму болашақтары талқыланды. "Эко-Согласие" Орталығының (Ресей) химиялық қауіпсіздік жөніндегі Бағдарламасы, "МАМА-86" Бүкілукраина экологиялық ұйымы, және "Greenwomen" аналитикалық экологиялық агенттігі (Қазақстан) " Еуропа әйелдері ортақ болашақ үшін" (Нидерланды) қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып дайындаған «Асбест: ақиқат, проблемалар, ұсыныстар» атты жарияланымы жарық көрді.

Қоғамдық ұйымдар пікірталастары мен семинарлары барысында қол жеткізілген нәтижелер, әдебиеттерге талдау жасау, сарапшылар пікірлері мен халықаралық ұйымдар зерттеулерінің қорытындылары осы проблемалардың аса маңызды екендігін дәлелдеп берді. Қазақстанда асбестің адам денсаулығына ықпалы туралы кең жұртшылық қол жеткізе алатын ақпарат іс жүзінде жоқ деуге болады. Тұрмыста құрамында асбесті бар өнімдермен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі, сондай-ақ асбест шаңдарының асбест өндіретін кеніштер мен қайта өңдеу кәсіпорындары маңайында тұратын адамдар денсаулығына тигізетін ықпалын азайту шаралары жөніндегі бұқаралық оқу құралдары шығарылмайды. Асбестің адам денсаулығына ықпалын анықтау үшін эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу қажет, жалпы халық және асбест өндіру мен асбест өңдеу өнеркәсіптерінің жұмысшыларымен жедел уақытта елдегі асбест салдарынан пайда болған науқастар қаупін мейлінше азайтуға бағытталған ақпарат тарату жұмыстарын бастау қажет.

Әлемде асбестті өндіру мен пайдалану көлемі асбест салдарынан пайда болған қатерлі ісік ауруларының өсуі туралы дәлелденген деректер арқасында жылдан-жылға қысқарып келе жатқанмен, ШЕКОА аймағы бұл материалды өндіру және пайдалану көлемі бойынша әлі де көш бастап келеді. ШЕКОА өндіру компанияларының хризотил-асбест өндірудің әлемдік көлеміндегі үлесі 60,8% құрайды. Ал экономикасы көшпелі кезеңдегі елдерде, атап айтқанда Ресей, Украина, Қазақстан және Қырғызстанда «асбест проблемалары» аталып кеткен мәселелер басқаша қалыптасуда.

Қазақстан - әлемдік нарықтағы хризотил асбестінің аса ірі өндірушілерінің бірі. Жыл сайын бұл елде 200 мың тоннадан астам асбест өндіріліп, оның 183 мың тоннасы (шамамен 91%- ы) экспортқа шығарылады. Тек 17 мың тоннасы ғана ішкі нарықта асбестті цемент, асбестті техникалық, жылу сақтаушы және басқа да материалдар өндіру үшін пайдаланылады. «Костанайские минералы» АҚ - Қазақстандағы және Орталық Азиядағы хризотил-асбест рудаларын өндіру және байытумен шұғылданатын бірден-бір кәсіпорын. Ол Қостанай облысының Жітіқара ауданы аумағында орналасқан. Жітіқара асбесті өзінің қасиеті жағынан әлемдік нарықта бәсекелестігі жоғары өнім болып табылады және асбоцемент құбырлары, шифер, басқа да асбоцементті бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Оның төменгі маркалары тежеу заттары мен толықтырушылар жасауда қолданылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық химиялық қауіпсіздік жөніндегі бағдарлама, Еуропа Одағы, 40-тан астам елдер үкіметтері асбестің барлық түрлеріне тыйым салу қажет деп санайды. Сан-алуан зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, олар елдерді асбет өндіруді тоқтатуға және құрамында асбеті бар өнімдерді өндіру мен пайдаланудан бас тартуға шақырады.

Көптеген елдер мен халықаралық құрылымдар ұстанымдарын үкіметтік емес ұйымдар да қолдай отырып, өнеркәсіп мүдделерін қорғау –

пайданы адамдар денсаулығынан жоғары қою, деп санайды. Олардың пікірінше, тек құрамында асбесті бар өнімді өндіру мен саудаға салуға толық тыйым салу ғана, (асбестің дәл қай түрі қолданылып жүргеніне қарамастан), асбест салдарынан пайда болған аурулар деңгейін айтарлықтай төмендете алады.

Қоғамдық ұйымдардың пікірінше, асбестің денсаулыққа қауіптілігі туралы ақпаратқа негізделген бірден-бір дұрыс шешімге апаратын алғашқы қадам, асбесті өндіру мен пайдалануға тыйым салу жөніндегі заңнамалық шаралар – асбесті Роттердам конвенциясының заңдық қарауына жататын заттар тізіміне енгізу бола алады. Қазірдің өзінде Хризотил асбесті 2008 жылдың соңына қарай Роттердам конвенциясы қарауына жататын болғаны белгілі. Бұл ұсыныс Конвенция Тараптарының 2008 жылдың қазан айында өтетін төртінші Конференциясында қаралатын болады.

Үіметтерге асбест өнеркәсібінің Роттердам конвенциясы жөніндегі шешім қабылдау процессіне ықпал етуіне жол бермеу туралы талап қоятын үндеуіне қазірдің өзінде әлемнің түрлі елдерінің 58 қоғамдық ұйымы қол қойды. Олардың ішінде Әзербайжан, Армения, Молдова, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан да бар.



Қосымша ақпарат

  • Роттердам конвенциясы елдердің белгілі бір қауіпті химиялық заттармен сауда жасауда жауапкершілікті тең бөлісіп, ынтымақтасуына ықпал етеді. Ол мұндай заттардың қасиеттері туралы ақпаратпен алмасуға көмектесе, химикаттарды импорттау мен экспорттауда шешім қабылдаудың ұлттық процесін бекіте, сондай-ақ Конвенция тараптарын қабылданған шешімдер туралы хабардар ете отырып, олардың экологиялық тұрғыдан тиімді пайдаланылуына ықпал етеді.

  • Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) «Асбесті пайдаланудағы еңбекті қорғау туралы» № 162 Конвенциясы Халықаралық еңбек ұйымының Бас конференциясының 72-ші сессиясында, 1986 жылғы маусымның 24 –інде Женева қаласында қабылданып, 1989 жылғы маусымның 16-сында күшіне енді. Оны 26 ел бекітті.

  • Хризотил-асбест негізінде алынатын негізгі өнімдер шифер, құбырлар және асбестотехникалық бұйымдар болып табылады. Ресей мен Қазақстанда шығарылатын асбестің үштен екісінен көбі асбест-цемент бұйымдар жасауға пайдаланылады. Оларды негізгі сату нарығы – ШЕКОА елдері аймағы. Іс жүзінде бұл елдерде муниципалдық ғимараттардың барлығы дерлік шиферді арзан да, ең оңай қол жеткізетін құрылыс материалы ретінде пайдалады.

  • ШЕКОА елдері аймағында құрамында асбесті бар қалдықтарды басқару маңызды проблема болып отыр. Негізінен бұл қолданыстан шығып қалған құрылыс материалдары. Олар қауіпті қалдықтар ретінде қарастырылмауы нәтижесінде тұрмыстық қалдықтармен бірге үйінділерге төгіледі де, сол жерде жатып қоршаған ортаны улауын және адамдар денсаулығына зиян келтіруін жалғастыра береді.

  • Еңбек қауіпсіздігін зерттеу Ұлттық институтының (Франция) деректеріне сай, жыл сайын 100 000 адам асбест ықпалы салдарынан пайда болған аурулардын көз жұмады. Асбест – әлемдегі кәсіби өлім-жітімнің басты себебі.

  • Ылғи да асбестпен жұмыс істейтін адамдар арасында, мысалы оны өндіру мен қайта өңдеу кезінде, сондай-ақ құрамында асбесті бар материалдармен жұмыс істегенде ( атап айтқанда - құрылыста оларды кескенде немесе асбест шаңы пайда болатындай басқа да әрекеттер еткенде) оның үстне қажетті қорғаныс шараларын қолданбаған кезде біртіндеп дамитын өкпе фиброзы – асбестоз пайда болуы мүмкін. Асбестоз өкпе аурулары қатарына жатады және 10-20 жыл ішінде біртіндеп дамиды. Ол асбестпен жұмыс істей бастаған сәттен бастап 1-2 жыл ішінде-ақ пайда болады.

  • ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының басында дәрігер-ғалымдардың ауқымды және түбегейлі зерттеулері асбестпен ұзақ уақыт жұмыс істеудің адамға қатерлі ісік ауруы тұрғысынан аса қауіпті екендігін растады.

МАИР (Қатерлі ісік ауруын зерттеудің Халықаралық қауымдастығы) асбестті концерогендік қасиеттері сөзсіз дәлелденген заттар тобына қосты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет