Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»


Бақылау скважиналарын орналастыру



бет54/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76
АШМ

Бақылау скважиналарын орналастыру. Деңгейі 4—5 метрден кем, барлық ертеден суарылып келе жатқан жерлерде және табиғи, дренаждығы жеткіліксіз, ыза суы терең жатқан жаңадан суарылатын жерлерде бақылау скважиндары керек болады.
Бақылау жұмысы екі түрде болады: шаруашылық жеріне біркелкі орналастырылған және жармаларға орналастыратындар. Біркелкі орналастырылған жүйе ыза су деңгейінің және оның минералдылығының ірі масштабты картасын жасау және ерекше жерлерде оперативті бақылаулар жүргізу үшін, ал жармалы жүйе — ыза суларының каналдармен, дрендермен қарым-қатынасын анықтау және басқа да мәселелерді шешу үшін жасалады.
Бақылау жүйелері 1:5000.-—1:25000 масштабты топографиялық карталарда бөлінеді. Бұл карталарда гидрогеологиялық және топырақты-мелиоративтік сьемкалардың негізінде суару және дренажды-коллекторлы жүйелері көрсетіледі.
Орта есеппен бір скважина 100—200 га көлемге орналастырылады. Дегенмен, скважиналарды, олар барлық алаңдағы ыза суының сипаттамасын қамтамасыз ететіндей етіп орналастыру керек.
Егер де ыза судың тереңдігі аз ғана шамада өзгерсе (0,5 метр-деп көп емес), ал миперализациясы 2—3 г/л-ден кеп болса,онда егістік жерлерге 1—2 скважина орналастыруға болады. Бұл өзгерістер молырақ болғанда, скважина сандары көбейеді.
Жармалардағы бақылау скважиналары:
— ыза судың дренаждық каналдармен, су қоймаларымен, өзен-ермен қарым-қатынасын анықтау үшін,
— суарылатын жерлердің мелиоративтік жағдайын бақылау үшін,
— суару каналдарының ел орналасқан жерлердің инженерлі-геологиялық жағдайларына тигізетін әсерін зерттеу үшін,
— ыза су режимін болжау және дәлдендіру үшін жасалады. Скважиналардың міндетіне сәйкес олар жармаларға әр түрлі
жер бетінің бедері жағдайында ағатын сулармен жердің геологиялық құрылысының әсерін анықтау, сондай-ак, топырақтық-гидрогеологиялық және ирригациялық-шаруашылық жағдайларды баяндау үшін жасайды.
Бақылау скважиналарының терендігі (пьезометрлер). Бір қабатты қалыңдықтардағы ыза суының деңгейін барлық жағдайда көрсете алатындан тереңдікке негізгі пьезометр салынады.
Скважинаға ыза су деңгейінің ауытқу амплитудасының мөлшеріне сай тесіктері бар трубалар орнатылады. Трубаның төменгі шетін ағаш тығынмен жауып қояды. Фильтрдің айналасына қиыршық тас төгіп, үстіне топырақ төгіледі. Жер бетінде трубаның жанында судың жиналып қалмауы жоне оның трубаның сыртымен төмен сіңіп кетуі ушін, оны айнала балшықтан немесе ауыр саздақ топырақтан қорған жасанды. Трубаның үсті жабылып қойылады.
Бірнеше қабатты қалыңдықтарда бірлестірілген нүктелі пьезометрлер қойылады. Бұлардың ұзындығы 0,5—1,0 м, фильтрлері әр кабатқа зерттелетін қабаттың шатырына жақын орналастырылады. Пьезометрдің тереңдігін белгілеу үшін скважиналар бұрғыланып, сынау алғыштары арқылы сынау алынып, олардың литологиялық және гидрохимиялық тіліктерін анықтанды және осығапн сәйкес пьезометрлердің тереңдігін белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет