Г. С. Шакирова «геоморфология және геология негіздері»



бет8/52
Дата30.11.2022
өлшемі297.09 Kb.
#466075
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52
«геоморфология ж не геология негіздері»

Бедердің жасы. Геоморфологияда, сондай-ақ геологияда да бедердің «салыстырмалы» және «абсолютті» жасы деген түсінік қолданылады.
Бедердің салыстырмалы жасы. Бір пішінннің басқа пішінмен қарымқатынасын білу, бедердің даму стадияларын комплексі бойынша өздеріне тән морфологиялық және динамикалық белгілерін анықтау болып табылады.
Бедердің салыстырмалы геологиялық жасын анықтау, бедер қалыптасудағы уақыт аралығын белгілеуді көрсетеді.
Бедер жасы төмендегідей анықталады:

  1. Сәйкестендірілген шөгінділер бойынша. Корреляттық шөгінділер – бедермен қатар жасты шөгінділер. Бедер қалыптасу нәтижесінде пайда болған шөгінді жасын анықтай отырып, берілген бедер пішінінің жасын анықтаймыз.

  2. жас аралық әдіспен өңделген бедер пішінінің пайда болуы, төменгі және жоғарғы аралықтарын белгілейтін шөгіндінің жасын анықтайды.

  3. денудациялық бедердің «бекітілген» мезгілін анықтау. Кейбір жағдайларда денудациялық процеске ұшыраған жазықтардың жоғарғы бетінде мору қыртысы дамиды. Палеонтологиялық, палеоботаникалық және басқа әдістермен анықталған мору қыртысының жасы сол денудацияға ұшыраған жазықтың жасы туралы сұраққа жауап береді.

  4. фация ауысу әдісі. Бұл әдіс шөгінділерді палеонтологиялық қалдықтары бар әркелкі фация ауысқан шөгінділерге дейін кеңістікте бақылау барысында екі шөгіндінің жасы бірдей екендігін анықтайды, олай болса, олардан құрылған пішіндер де бі мезгілде пайда болғанын көрсетеді.

Бедердің абсолютті жасы. Бедердің абсолютті жасын анықтау үшін радиокөміртек, калий-аргонды, фторлы, әркелкі салмақты уран және т.б. әдістер қолданылады. Әр әдістік өзіндік пайдалану шегіне ие. Бедердің пішіні және көне шөгінділердің абсолютті жасы сонымен қатар палеомагниттің көмегімен анықталады.
Бедердің морфографиялық және морфометриялық сипаттамасын, оның генезисін, жасын және даму тарихын анықтау геоморфология зерттеулерінің негізгі мақсаты.
Негізгі әдебиеттер. 1 [8-15]; 2 [12-22; 107-111]; 4 [11-64]. Қос. 5 [77-119].
Бақылау сұрақтары:

    1. Бедер пішіні, элементтері және типтері.

    2. Бедердің морфологиясы бойынша жіктелуі.

    3. Бедердің өлшемдері бойынша жіктелуі.

    4. Бедердің жаралуы (генезис) бойынша жіктелуі. Пенеплен, педимент, педиплен және жоғарғы жер бетінде тегістелу туралы түсінік.

    5. Бедердің абсолютті жасы.

3-ші Лекция. Эндогендік процестер және олардың әрекетінен жасалған бедер пішіндері. Тектоникалық қозғалыстар.
Жер қыртысының қозғалысы жәнге олармен қалыптасқан таужыныстарының жатыс пішіндерін зерттеумен геотектоника ғылым айналысады. Ішкі күштердің әрекетінен пайда болатын жер қыртысының барлық қозғалыстары тектоникалық деген жалпы атаумен бірігеді.
Тектоникалық қозғалыстардың екі түрі бөлінеді: а) жерсілкіну, б) баяу тербелмелі қозғалыстар, в) қатпаржаралу қозғалыстар, г) жарылымды қозғалыстар.
Тектоникалық қозғалыстарды туындататын күштер екі бағытта өтуі мүмкін:
тік (радиальды) және көлденең (тангенциалдық – жердің бетімен жазық бағытта) бағыттағы қозғалыстар.
Тектоникалық қозғалыстар пайда болу уақытына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: а) неогенге дейінгі ұзақ геологиялық этапта дамитын көне (палеотектоникалық); б) жаңа (неотектоникалық) , неогенде және қазіргі уақытқа дейін жалғасып жатқан; в) қазіргі заманғы – тарихи периодта дамыған және қазіргі кезде жалғасып жатқан қозғалыстар.
Қазіргі заманғы кенеттен жер қыртысының қозғалысы жерсілкіну кезінде байқалады.
Жерсілкіну – табиғи себептермен туындайтын, жер қыртысының кенеттен қозғалуы. Жерсілкінуді зерттеумен – сейсмология ғылымы айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет