5-параграф. Ұңғылар бойынша газ, конденсатты және
суды өлшеу және есепке алу
312. Жеке әр ұңғылар бойынша газ, конденсат және суды өндірген кезде өлшеуді жүргізудегі мақсат, әр ұңғы үшін белгіленген оңтайлы технологиялық режимді қолдану, сондай-ақ, забой төңірегіндегі аумақты, жерүсті жабдықтарды және шоғырды қазудағы күнделікті жұмысты, шығарылған газ запасы қалдығының динамикасын бақылау.
313. Топтық, газ жинағыш пункттері жоқ газ және газоконденсат кәсіпшіліктерінде әр ұңғылар бойынша газдың, конденсаттың дебиттерін және су мөлшерін тікелей ұңғы саласына жақын жерде өткізу керек.
314. Топтық жинау пункттері бар газ және газоконденсат кен орындарындағы газдың және конденсаттың дебиттерін және су мөлшерін өлшеуді топтық немесе орталықтандырылған жинау пункттерінде өткізу қажет.
315. Ұңғылардың жұмыс режимін жақсылап бақылау мақсатымен, сондай-ақ, топтық жинау пункттеріндегі газ және газоконденсат дебиттерін және судың мөлшерін өте дәл өлшегенде көп жағдайда, газ ұңғылары үшін жеке орап байланған бірсатылы газды редукциялау және газоконденсат ұңғылары үшін бір немесе екі сатылы редукциялау.
316. Бүкіл алаң бойынша, сондай-ақ, ұңғылар бойынша газдың, конденсаттың және судың тұрақты дебитімен бабына келген өткізгіштігімен сипатталатын қуаты шамалы (10-30 м), өнімді горизонттары бар газ және газоконденсат кен орындарында газдың бірсатылы редукциясын жалпы сепаратормен істейтін ұңғыларда топтық орап байлауды өткізу қажет.
317. Жеке жинау пункттерге топталған газ ұңғыларындағы газды, конденсатты және су мөлшерін есептеу, сондай-ақ, режим жұмысын байқау үшін (қажет болған кезде бұл режимді өзгерту) соңғылары әр ұңғыларда болуы тиіс:
1) штуцерге дейін, сонымен бірге штуцерден кейін қысымды өлшеу үшін техникалық манометрлері;
2) газ температурасын өлшеу үшін штуцерге дейін, сондай-ақ, штуцерден кейін техникалық термометрлері;
3) егер шлейфтегі (етегі) қысым, кәсіптік коллектордағы қысымнан артатын болса, реттейтін штуцер;
4) тиісті өнімділік пен қысымға деп есептелінген сепаратор немесе паралелльді жұмыс істейтін сепараторларда;
5) газқұбыры учаскесінде орнатылатын сепаратордан кейін немесе топтық сепаратордан кейін газ шығынын өлшеу үшін камералық диафрагма;
6) тікелей сепараторда немесе жеке сужинағышта орнатылған сепаратормен жалғанған конденсатты және суды бұру жөніндегі және олардың санын өлшеу үшін автомат;
7) гликолей немесе метанолдарды беруді бақылау үшін штуцердің алдында гидраттың пайда болуының алдын алатын штуцер алдындағы нығыздау автоматы.
318. Технологиялық аппараттар және жинау пункттердің құбырөткізгіштерін орнатқанда онда орнатылған бақылау-өлшеу аспаптарды (термометрлер, реттегіштер және деңгей көрсеткіштері, тағы басқалары) бақылауға және қызмет көрсетуге өте ыңғайлы болуын есепке алу қажет.
319. Қысымды қолдаусыз пайдаланылатын газоконденсат кен орындарында, газдың, конденсат пен судың мөлшерін есепке алу үшін, сондай-ақ, газоконденсат ұңғыларында жұмыс режимін бақылау (қажет болғанда бұл режимді өзгерту керек), жеке жинау пункттеріне топталған, төментемпературалық сеперацияның көмегімен газды өңдегенде, әр ұңғыларға деп көзделуі қажет:
1) жоғары қысымды сепаратор, тамшы сұйығын бөліп алу үшін және мүмкін сазды ерітіндіні газбен бірге ұңғылардан шығару көзделген;
2) жылуалмастырғышқа дейін (штуцердің алдында) және төментемпературалы сепараторда қысымды өлшеу үшін техникалық манометрлер;
3) ұңғылардан төмен температуралы сепараторға келетін, газ температурасын алдан-ала төмендету үшін жылу алмастырғыштар;
4) жылуалмастырғыштан кейін (штуцердің алдында) және төментемпературалық сепаратордан шығардағы жылуалмастырғышқа дейінгі газ температурасын өлшеу үшін техникалық термометрлер;
5) метанолды беру үшін немесе бірінші жылуалмастырғышқа дейін гликолиді беру үшін шектеулі сорғыш немесе содан кейін, төментемпературалық сепарациядан және қондырғының температуралық режимін қабылдаған схемаға байланысты автомат;
6) реттелетін штуцер, егер шлейфтегі газ қысымы магистральды газқұбырларындағы қысымынан артатын болса;
7) төменгі температуралық газ сепараторы, белгіленген өнімділікке және қысымға есептелінген;
8) газ желісінде орнатылған, төменгітемпературалы сепаратордан өткен газ шығынын өлшеу үшін камералық диафрагманы немесе төменгі температуралық сепарацияның кестесіне байланысты бір немесе екі жылуалмастырғыштың құбыраралық кеңістігі;
9) төменгі температуралық сепараторлармен жалғасқан бөлінген сыйымдылықта орнатылған екі автоматтық сұйықбұрғыш; бір автоматты бұрғыш конденсатты бұру және бақылау үшін, ал екіншісі-пайдаланылған гликольді бұру үшін қызмет жасайды.
320. Тұрақсыз жұмыс режимді жоғары дебитті газ және газоконденсат ұңғыларындағы газ дебитінің өлшеуін өздігінен жазатын аспаппен үздіксіз жүргізу керек; конденсат және судың мөлшерін бақылауды цикл бойынша жұмысқа қосылатын конденсат-бұрғыш есептегішімен немесе сұйық мөлшерінің өзгеруі жөнінде белгі беретін (сигнал) басқа аспаптармен жүргізу керек.
321. Топтық пункттің әр ұңғылары бойынша газды есепке алу, конденсат пен судың мөлшерін бақылау вахталық журналдағы жазуға сәйкес жүргізіледі. Өлшеудің уақыты мен ұзақтығы ұңғылар мен шоғырларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді.
322. Газ өндіретін кәсіпшіліктерді кешенді автоматтандыру мен телемеханизациялауды жүзеге асырғанда газ дебиттерін, конденсат пен судың мөшерін бақылауды орталықтандырылған бақылау және белгі берудің құралдарымен жүргізеді.
6-параграф. Гидрат пайда болуымен күрес
323. Гидратты-табиғи газ және судан жасалынған қатты кристалдың қосындысы деп атайды. Гидраттың пайда болуы жағдайын анықтайтын негізгі факторлар, газ қысымы, оның температурасы мен судың болуы.
324. Кәсіпшілік жағдайда гидраттар пайда болады: ұңғылар оқпандарында, фонтан арматураларында және орап байлауда, шлейфтерде, газжинағыш пункттердің орамдарында, газжинағыш коллекторларда және технологиялық жабдықтарда.
325. Пайда болған гидраттар, құбырлар, фитингтер, тиектер және реттеуші аппараттардың ішінде және одан басқа да пайда болып, оның өткізгіш қималарын кішірейтіп, бітеліп қалуына дейін әкеледі, бұл өндіру және газды тасымалдау режимінің бұзылуына және ұңғыларды, сондай-ақ, газжинағыш жүйесінің жеке учаскелерінің де істен шығуына әкеп соғады.
326. Гидраттармен күрес жөніндегі шаралардың бөлінуі:
1) гидрат пайда болуын ескерту жөніндегі шаралар;
2) пайда болған гидрат түзілімдерін жою жөніндегі шаралар.
327. Екі жағдайда да қажетті шаралар температура, қысым режимдерін, сондай-ақ, газ құрамын (әсіресе ылғалдың, конденсаттың болуы) оның забойдан бастап кәсіпшіліктен шыққанға дейінгі барлық жолын мұқият зерттеуге негізделеді.
328. Ұңғылар оқпанындағы гидратпайда болуын болдырмау мынадай тәсілмен жүзеге асады:
1) ұңғылардың тиісті жерасты жабдықтарын таңдау және ұңғалардың тиісті (оңтайлы) технологиялық жұмыс режимін бекіту;
2) забойға антигдраттық ингибиторларды үздіксіз және кезеңмен беріп тұру;
3) айналдыра оранған бағаналар және құбырларының ішкі беттерін гидраттардың түзілімдеріне кедергі болатын заттармен қаптау (эпоксидалық шайырлармен, полимер пакеттерімен және тағы басқалар);
4) забойда жиналған сұйықтарды үнемі құрғатып тұру;
5) ұңғылар оқпанында газдың пульсациясын болдыратын себептерді жою;
6) газ ұңғыларында жылумен оқшауланатын құрылымды жасау, яғни жоғары термоқарсылығы бар құрылымдар.
329. Ұңғылар оқпанындағы гидрат түзілімдерін жоюға болады:
1) айналадағы таужынысының жылуымен гидраттарды ыдырату мақсатымен қажетті алдын-ала ұңғыларды жабық күйінде ұстап, газды атмосфераға үрлеп шығару керек;
2) сағадағы сальник нығыздамасы арқылы ұңғыға түсірілетін сифон түтікшелері бойынша антигидраттық ингибиторларды циркуляциялау;
3) қысым арқылы ыстық тұзды ерітіндімен шаю.
330. Фонтан арматурасында және ұңғы орамдарында, сондай-ақ, әртүрлі учаскелерде жинау жүйесі мен тасымалдауындағы гидраттың пайда болуының алдын алу келесі шаралардың көмегімен жүзеге асады, кейде жекеше, сонымен бірге кешенді нақты жағдайларға байланысты:
1) гидраттың пайда болу мүмкіндігі тепе-тең температурадан жоғары газ температурасын көтеру үшін кейбір түйіндер мен учаскелерді жылыту;
2) гидраттың пайда болуындағы тепе-тең температураны төмендететін газ тасқынына антигидраттық ингибиторларды қосу;
3) қысымның деңгейінің күрт өзгеруін жою, (газдың температурасының төмендеуін және гидраттың пайда болуына себепші) газдың сальник арқылы шығып жатқанын жою жолымен арматураның саңылауы арқылы және бір диаметрден екіншісіне байыппен көшуді пайдалану арқылы жүзеге асады;
4) газды жинау мен тасымалдаудағы қысымның төмендеуі гидраттың пайда болуындағы тепе-тең қысымнан төмен;
5) газ бен сұйықты араластыру қарқынын төмендету мақсатымен газ тасқынынының құйындық дәрежесін азайту;
6) жинау жүйесінің төменгі жерінде жиналған және газды ішкікәсіпшілікпен тасымалдау, сондай-ақ, конденсатжинағыштың немесе сорғыту келте құбырының көмегімен сұйықты ұдайы кетіру.
331. Антигидраттық ингибиторлардың орнына метанол, гликоли (этиленгликоль, диэтильенгликоль, триэтиленгликоль) және басқалары бола алады.
332. Газды жинау және тасымалдаудың жүйесінде және ұңғы орамындағы пайда болатын гидрат түзілімдерін жою үшін қолдануға болады:
1) гидраттың пайда болу жерлерін сыртынан тікелей қарқынмен жылыту немесе тікелей гидрат тығынына ыстық агентті жіберу;
2) антигидраттық ингибитордың көп бөлігін енгізу жолымен гидраттарды ыдырату;
3) қысымды біржақты кенет төмендету жолымен гидраттық тығынды бұзу;
4) гидрат тығынының екі жағынан қысымды азайтумен гидратты ыдырату, содан кейін атмосфераға үрлеп жіберу;
5) төңіректегі топырақтың жылуымен гидратты ыдырату үшін жеткілікті белгілі бір уақыт кезеңіне газды беруді тоқтату, содан кейін атмосфераға үрлеп жіберу.
333. Егер штуцердегі қысым гидраттың пайда болуына себепші болса, онда бұл келесі әдістермен жойылады:
1) штуцер орнатылған түйінді ыстық сұйықпен жылыту жолымен және штуцерден учаскенің соңына дейінгі шығарып тастау сызығы, штуцердегі қысымның асқақтауының нәтижесінде салқындатылады;
2) көпсатылы оқып үйренуді қолдану;
3) штуцерді орнатылған жердің тікелей алдында антигидраттық ингибиторларды шығарып тастау сызығына жеткізу. Ингибиторды беру жоғары қысымды сыйымдылықпен жүзеге асады, оның есептік жұмыс қысымы ұңғыдағы ең көп қысымнан жоғары болуы керек. Ингибитордың шығыны жоғары қысымды шектеулі сорғыштың көмегімен автоматты түрде, реттелетін инелік вентильмен және тиісті автоматпен реттеледі.
334. Жылуалмастырғышта гидраттың пайда болуы жағдайында салқындататын газдың температурасын гидрат пайда болудың тепе-тең температурасынан артатын мөлшерге дейін немесе ингибиторды жоғары қысымды газ сызығына беруді жүзеге асыру керек.
7-параграф. Жерасты және жерүсті жабдықтарының
беттеріндегі коррозиямен күрес
335. Газ және газоконденсат кен орындарындағы ұңғылар өнімінің негізгі агрессивті компоненттері, жабдықтардың ішкі беттерінің коррозиясын болдыратын, одан әрі «ішкі коррозия» деп аталады, ылғалда қышқыл газдар (күкірт қышқылы және көмірқышқылы) болып саналады, ол әртүрлі қатынаста қат суымен араласқан сұйық газ болады. Ішкі коррозия үрдісіндегі ұңғылар өнімінде тұз ретінде немесе бос түрде кездесетін органикалық қышқылдар басты роль алады. Газ және газоконденсат кен орындарында ең жиі кездесетін органикалық қышқылдар санына ең бірінші құмырсқалар, сірке, пиондық (таушымылдық), қымызық жатады.
336. Күкірт қышқылы уақыт күттірмейтін қауіпті біртіндеп ұлғаятын порциялдық абсолютті қысымда 0,0015 кг/см2 және одан жоғары болған кезде коррозияны болдырады, сондықтан коррозияны жеткілікті түрде төмендетуін қамтамасыз ету үшін газды тазартқан кезде осы мөлшерге жетуге тырысу қажет. Алайда, осы Н2 S концентрация кезінде күкіртқышқылы коррозиясының қарқыны әртүрлі болуы мүмкін, коррозия үрдісіне көптеген басқа да факторлар әсер етеді.
337. Егер парциальды қысым 2 кг/см2 және одан артық болса, көмірқышқыл газының болуы, сөзсіз қауіпті деп саналады, мұндай парциальды қысым көтерілсе коррозия шапшаңдығы арта түседі.
Парциальды қысым кезінде СО2 коррозияның 0,5 кг/см2 аз болуы әдетте байқалмайды. Парциальды қысым кезінде 0,5 деп СО2 2 кг/см2 дейін коррозия мүмкін болады.
338. Коррозияның қарқыны көп жағдайда келесі факторларға байланысты: су және көмірқышқылының сұйық фазасының химиялық құрамы, рН су ортасы, су және көмірқышқылды сұйық фазаның сандық ара қатынасы, сұйықгаз ағынының қысымы мен температурасы, оның жылжу шапшаңдығы, механикалық жабдықтар қуатының көлемі мен сипаты және басқалары.
339. Ұңғылар мен жабдықтардың ішкі коррозиясының даму мүмкіндігі жөніндегі алғашқы деректерді газ берген барлау ұңғыларын алғашқы сынақтар мен зерттеулер өткізгенде, сұйықты таңдап алу және талдау жолымен алуға болады, ол агрессивті компоненттердің санын, температурасын және ортаның қысымын анықтайды.
340. Егер талдау нәтижесі газда қауіпті концентрациялар Н2S немесе СО2 болуын анықтаса, онда сұйық газ ағынында шын мәнінде коррозиялық агрессияларды анықтау жөнінде алдын ала зерттеу жүргізу қажет.
341. Бұл зерттеулерді барлау ұйымдарының орындауына (кен орнын қазуды жүргізетін өндірушы кәсіпорын) «Газ газоконденсат кен орындарындағы жабдықтардың ішкі беттеріндегі коррозиялық беріктікті бақылау жөніндегі нұсқаулықта» жазылған әдістеме бойынша ұсынылады.
342. Коррозиялық даму қаупі анықталысымен дереу арнаулы коррозиялық зерттеулерді жүргізу керек (ғылыми-зерттеу ұйымдарын тартумен) коррозия үрдісінің сипаттамасын анықтау, кәсіпшіліктің бүкіл жабдықтар жүйесін, сондай-ақ, оның жеке элементтерін коррозиядан қорғаудың тиімді әдістерін таңдау үшін.
343. Кәсіпшілік жабдықтарын коррозиядан қорғау әдістерін таңдаудағы шешімді кен орындарын қазуды жүзеге асырып жатқан ұйым, тиісті арнаулы ғылыми-зерттеу ұйымдарын қатыстырумен қабылдайды. Коррозиядан қорғау амалдарын таңдау кен орындарын өндірістік қазуға дайындық кезінде (кен орындарын өндірістік барлау және ұңғыларды тәжірибелік пайдалануды жүргізу кезінде) жүзеге асырылады.
344. Жерасты және жерүсті жабдықтарды ішкі коррозиядан сақтау шаралары ретінде қазіргі кезде белгілі бірнеше амалдардың ішінде біреуін немесе бірнеше әдістердің комбинациясын таңдауы мүмкін:
1) коррозияның ингибиторларын пайдалану;
2) коррозияға шыдамды арнаулы болат жабдықтарын пайдалану;
3) арнаулы қаптауды қолдану;
4) өнімнің коррозиялық белсенділігін азайтудың технологиялық әдісін қолдану.
345. Сондай-ақ, қолданылатын жабдықтар, күкіртқышқылымен, көмірқышқылымен газбен және басқа зиянды заттармен аспаптар, тиек арматурасын дайындайтын (жеткізіп тұрушы фирма), жобамен белгіленген параметр кезінде осы ортада пайдалану мүмкіндігін куәләндіретін төлқұжаты болу керек.
346. Ұңғалар өніміндегі жоғарғы коррозиялық агрессиялы кен орындарында осы кен орындарын қазу және пайдаланудың бүкіл кезең бойындағы таңдаған қорғаныс әдістің қолданылуын, оның тиімділігін және ұңғылардың кәсіпшілік жабдықтарының жағдайын бақылау.
347. Ұңғыларды пайдалану кезінде коррозияның сипаты мен бөлінуіне ықпал ететін көптеген факторлар (температура, қысым, су мен көмірқышқылды конденсат, олардың химиялық қасиеті және басқалары) өзгеруі мүмкін екенін назарда ұстау керек, бұл өз кезегінде коррозияның бөліну және қарқынды сипатының өзгеруіне ықпал етуі, сондай-ақ, қолданылатын қорғаныс шараларының тиімділігіне де әсер етуі мүмкін.
348. Бақылау «Газ және газоконденсат кәсіпорындарындағы жабдықтардың ішкі беттеріндегі коррозиялық беріктікті бақылау жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі.
349. Коррозияның жоғарғы қарқыны байқалатын кен орындарындағы қауіпті коррозияның бұзылуын және апатты болдырмауды уақытында табу үшін, газ өндіретін ұйымдар бекіткен кесте бойынша ұңғылар мен жабдықтарды кезеңдік ревизия және алдын ала жөндеулерін үнемі өткізіп тұру керек. Кезекті екі ревизияның мерзімі коррозияның қарқынына, коррозиядан қорғауда қолданылатын амалдардың тимділігі мен сенімділігіне байланысты тағайындалады.
350. Коррозиямен күрес жөніндегі жүзеге асырылатын шаралар бойынша және коррозияның қарқыны байқалатын кәсіпшілдіктердегі осы шаралардың тиімділігін бақылау жұмыстарын жүргізу үшін коррозиямен күресетін арнаулы бригадалар құрылады.
351. Кәсіпшіліктің жабдықтарында қарқынды ішкі коррозия сипат алған жағдайда, тіркейтін арнаулы журнал болуы тиіс:
1) агрессивті компоненттері бар газдың, судың және конденсаттың көмірқышқылын үнемі талдау нәтижелері;
2) ұңғылар және жабдықтарды байқағанда, ревизиялағанда алдын алу және апатты жөндеу жүргізгенде табылған деректер коррозия басқан жабдықтардың тұрған жерін көрсету, оның жұмыс жағдайы, қызмет мерзімі, бұзылу сипаты және басқа да мәліметтерді «Газ және газоконденсат кәсіпорындарындағы жабдықтардың ішкі беттеріндегі коррозиялық беріктікті бақылау жөніндегі нұсқауларға» сәйкес беру;
3) ұңғылар мен жабдықтарды коррозиядан қорғау мақсатымен өткізілетін шаралардың мәліметтері және осы шараларды тексеру тиімділігінің нәтижелері.
352. Кәсіпшіліктің жерасты құбыр өткізуін сыртқы коррозиядан қорғау «Кәсіптік мұнайгаз құбырларын жобалау, салу және қайтасалу нұсқаларына» сәйкес жүргізіледі.
8-параграф. Газ және газоконденсат ұңғыарын күрделі жөндеу.
Ұңғыларды жоғары жатқан горизонттарға ауыстыру
353. Ұңғыларды жоғары жатқан горизонттарға (қабаттар) ауыстыруды мұнай және газ ұңғыларын басқа горизонттарға ауыстыру тәртібі жөніндегі қолданыстағы қағидалар мен нұсқаулықтарға сәйес жүргізіледі.
Жоғары жатқан қабаттарға ауыстыруға болады:
1) осы ұңғыдағы пайдаланылатын газ қабатының сарқылған кезінде;
2) осы ұңғыдағы пайдаланылатын газдық горизонттың шетін немесе аяқасты су басқанда;
3) егер техникалық шараларды өткізгеннен кейін газды ұңғыдан өндірістік газ алынбаса немесе қалыпты пайдалануға қол жетпесе;
4) ұңғы мен төмен жатқан горизонтты пайдалану (техникалық себептер бойынша) мүмкін болмағанда;
5) байқау немесе бақылау ретінде ұңғыны пайдалану қажеттігінің болмаған жағдайында;
6) кен орындарын қазу жобасында көзделген жағдайларда.
354. Ұңғыны жоғары жатқан горизонтқа ауыстыруды рәсімдеу үшін газ өндіретін жоғары ұйымдарға мұнай және газ ұңғыларын басқа горизонттарға ауыстыру тәртібі жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықта тізімделген құжаттарды ұсыну қажет.
355. Газ өндіретін ұйым ұңғыны ауыстыру жөнінде бастығы, бас геологы, техникалық жетекшісі қол қойған актіні жасайды және оны қорытынды шығару үшін ұлттық компанияға жібереді. Ұңғыларды ауыстыру жөніндегі ұлттық компанияның оң шешімін алғаннан кейін, келісу үшін өкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жіберіледі, содан соң газ өндіретін ұйымның басшысы бекітеді.
356. Егерде ұңғыны басқа өндірістік горизонтқа ауыстырғанда қазу жүйесі елеулі өзгерістерге әкелетін болса, тиісті горизонттарды қазу жобасына сәйкес өзгерістер енгізу қажет.
357. Ұңғы забойларын құм тығындарынан тазарту және сорғыш-компрессор құбырларын ауыстыру ұңғыны жерасты жөндеуіне жатады.
358. Ұңғыдағы қай бір жөндеу жұмыстарын бастамас бұрын жөндеудің техникалық жоспарын жасау керек. Жұмыс жоспарын газ өндіруші ұйымның геологиялық қызметі жасайды және оны ұйымның техникалық жетекшісі мен бас геологы түпкілікті бекітеді.
359. Жөндеу жұмыстарын жүргізудің алдында колоннаның (бағана) бұзылған жерін тексеру, оны түзетуді жалпақ немесе мөрі бар конуспен майысқан колоннаның жөнделген жерін жуу жақтаулы қашау көмегімен жүргізіледі. Коллоннаны түзетуді бітірген соң ол жалпақ мөрмен немесе шаблонмен (қима үлгі) тексеріледі.
360. Күрделі жөндеуге тапсырылатын әр ұңғыға газ өндіретін ұйым күрделі жөндеумен айналысатын арнайы ұйымға, бекітілген жоспардан басқа, белгіленген пішін бойынша міндетті түрде барлық кестелері толтырылған наряд-тапсырыс ұсынады.
361. Наряд-тапсырысқа газ өндіруші ұйымның жетекшісі және бас геологы қол қояды.
362. Техникалық процесс және барлық есеп айырысуларды өңдеумен бірге күрделі жөндеудің геолого-техникалық нарядтарын күрделі наряд-тапсырыс негізінде ұңғының күрделі жөндеумен айналысатын арнайы ұйым жасайды.
362. Терең және өте терең ұңғылардың геологиялы-техникалық нарядын ұлттық компанияның басшысы бекітеді; қалған барлық жағдайларда ұңғыларды күрделі жөндеумен айналысатын арнаулы ұйым жетекшісі бекітеді.
363. Жөндеу-оқшаулау жұмыстарын бастамас бұрын барлық дайындық жұмыстарын өткізу қажет және құю агрегатынан бастап жұмыс қысымы 1,5 есе артатын құйылатын бүркеншегіне дейін барлық жалғанған элементтерді баспалдау керек.
364. Қысыммен құюдың алдында ұңғының сіңіру дәрежесін сынау керек.
365. Цементтелгеннен кейін цементтеудің сапасын және колоннаның герметикасын тексеру үшін әр ұңғы сынақтан өтеді.
366. Сынақ анықтағандай, цементтеу нашар болған жағдайда, оқшаулаудың сәтсіз болуы себептерін алдын ала анықтап, ұңғыдағы жұмыстарды қайта өткізу керек.
367. Ұңғыны цементтеу үшін нұсқауға сәйкес және сапасы қанағаттандырарлық деп табылған, алдын ала лабораториялық сынақтан өткен цементті қолдану қажет.
368. Жоғары жатқан горизонттарға ауысқан ұңғыларда герметикалық сынауды өткізгенде деңгейді төмендетумен немесе баспалау әдісімен жүргізеді.
369. Ұңғылар забойларын тығыннан тазарту жұмыс дебиті қалпына келгенше атмосфераға үрлеумен немесе жуумен сорғыш-компрессор құбырларын ұңғы забойының жобасына дейін түсірумен жүргізеді.
370. Газ немесе газоконденсат ұңғыларының забойындағы тығынды тазарту және жуу тек қана арнаулы жасалынған жоспар бойынша және түсіру-көтеру операцияларын жүргізетін арнаулы бригада ғана іске асырады.
9-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарындағы
ұңғыларды консервациялау (сақтау) және жою
372. Газ және газоконденсат ұңғыларын консеравциялау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсәбі министрінің 1995 жылы 2 маусымда № 62/120 П және Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауы министрінің 1995 жылы 2 маусымда № 62/120-П бұйрығымен бекітілген «Мұнай және газ ұңғыларын консервация қағидасына» сәйкес жүргізіледі.
373. Ұңғыманы консервациялау қайта пайдалануға немесе жөндеу және тағы басқа жұмыстарды жүргізуге ыңғайлы болатындай іске асырылады.
374. Консервациялау жөніндегі жұмыстар қолданыстағы РФ Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалаудың 2002 жылы 22 мамырда № 22 бұйрығымен бекітілген РД 08-492-02 «Ұңғылар сағалары мен оқпандарын жойғанда немесе консервациялағандағы олардың жабдықтары жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі.
375. Газ және газоконденсат ұңғаларын жою қолданыстағы РФ Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалаудың 2002 жылы 22 мамырда № 22 бұйрығымен бекітілген РД 08-492-02 «Мұнай және газ ұңғаларын жою жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі.
376. Ұңғыларды жойғанда оларды жою мен консервациялау кезіндегі Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсәбі министрінің 1995 жылы 2 маусымда № 62/120 П және Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауы министрінің 1995 жылы 2 маусымда № 62/120-П бұйрығымен бекітілген «Ұңғылардың сағалары мен оқпандар жабдықтары жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жер қойнауын қорғауды қамтамасыз ететін барлық шараларды орындау қажет.
377. Құрамында көп күкіртқышқылы бар газ және газоконденсат ұңғыларын консервациялағанда және жойғанда оны КСРО Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалаудың 1989 жылы 12 қазанда № 17 бұйрығымен бекітілген «Жоғары мөлшерлі» күкіртқышқылды мұнай, газ және газоконденсат кен орындарын барлау және қазу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес қатаң жүргізу керек.
10-параграф. Газ және газоконденсат кен орындарын пайдалану кезіндегі техникалық құжаттарды жүргізу
378. Газ және газоконденсат кен орындарын қазу және ұңғыларды пайдалану жөніндегі құжаттау газ және газоконденсат өндірумен айналысатын акционерлік қоғамның барлық еншілес компанияларында, ақпаратты жүйелендіру және сақтау мақсатымен жүргізеді, ол үшін:
1) кен орындарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін перспективті және оперативті жоспарлау және жоспарлар орындау жөніндегі есеп құжаттарын жасау;
2) газ және газоконденсат кен орындары жұмыстарын жоспарлау;
3) шоғырларды (объектілер) қазу жүйесінің және газ және газоконденсатты өндіру үрдістерінде пайдаланылатын сондай-ақ, жеке ұңғылардың, қондырғылар мен жабдықтардың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды негіздеу және жоспарлау;
4) шоғырларды (объектілер) қазуды бақылау және талдау, қазу үрдісін жетілдіру және реттеу жөніндегі шаралардың тиімділігін бағалау;
5) қазба байлықтарын және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың тиімділігін жоспарлау және бақылау.
379. Акционерлік қоғамның еншілес компаниясы жүргізетін құжаттау бекітілген ортақ формаға (қалып) сай келуі және автоматтандырылған басқару жүйесі талаптарына жауап беруі керек.
380. Құжаттар түрлері бойынша бастапқы, жиынтық және жинақтап қорыту болып бөлінеді.
381. Бастапқы құжаттау газ және газоконденсат өндірудің технологиялық үрдістеріне қатысы бар, түрлі өлшеулер мен зерттеулердің деректері ұңғылар және басқа да газ өндіргіш объектілерде әртүрлі жұмыстарды жүргізгені туралы актілер жатады, олар тиісті тікелей жұмыстар, зерттеулер және байқаулар өткізіліп жатқан өндірістің буындарында толтырылады (газ және газоконденсат өндіру жөніндегі цехтар мен бригадаларда, ұңғыларды жерасты және күрделі жөндеу жөніндегі арнаулы ұйымдар, арнаулы ғылыми-зерттеу ұйымдары) жатады.
Негізгі бастапқы құжаттарға жатады:
1) жинау пунктінің вахталық журналы;
2) газды өндіру жөніндегі шығын өлшегіштің картограммасы;
3) ұңғыда өткізілген және оператордың вахталық журналында көрсетілмеген жұмыстардың сипаты, (пайдалану бойынша, сондай-ақ, жерасты жабдықтарын жөндеу және бақылау-өлшеу аспаптар жөнінде);
4) ұңғыны үрлегендегі газдың шығын актісі;
5) ұңғыларды жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізген актілер;
6) ұңғыны сынау нәтижелері;
7) таңдауды алу және газдың, конденсаттың және сұйықтың лабораториялық талдау нәтижелері, (керн материалдарының сипаты; коллекторлар қасиетінің және қат параметрлерінің анықтау деректері; ұңғыларды өлшеу және шығарылған агенттердің үрленуі өлшемінің журналы);
8) ұңғылар жұмысы туралы тәуліктік рапорттар немесе телемеханика жүйесі бойынша алынған ұңғылар жұмысының деректері және газды өндірудегі айлық есептер;
9) манометрлердің түрлері көрсетілген статикалық қысымды өлшеудің актісі, оларды тексеру нәтижелері және өлшеу жағдайлары, ұңғыларды зерттеудің гидродинамикалық және геофизикалық мәліметтері (қаттың және забой қысымдары, саланың кескіні, температураны сіңіруі және басқалары);
10) забой тереңдіктерін өлшеу нәтижелері және оларды тазарту жөніндегі жұмыстар;
11) ұңғыларды перфорациялау актісі;
12) жерасты және ұңғыларды күрделі жөндеу жөніндегі актілер мен материалдар;
13) ұңғы оқпандарында өткізілген (қайтару, атып бітіру, забой төңірегіндегі қат аумағына ықпал ету және одан әрі) басқа да жұмыстар туралы актілер мен материалдар;
14) барлауды жүргізген, ұңғыларды бұрғылаған, запастарын есептеген және одан әрі, ұйымдардан алған материалдар.
382. Жиынтық құжаттау бастапқы құжаттарға ақпараттарды жүйелейді және біріктіреді, газды және газконденсатын өндіру жөніндегі цехтарда, арнаулы ғылыми-зерттеу институттарда толтырылады. Негізгі жиынтық құжаттарға жатады:
1) ұңғылар істері (сол ұңғыға қатысты төлқұжат, хаттамалардың, актілердің тізімдері, кеңестер, өкімдер және ұңғылар жөніндегі алғашқы құжаттар: каратаждық диаграммалар, өндіретін және нығыздайтын ұңғылардың карточкалары, ұңғыларды зерттеу жөніндегі карточкалар, газдың, судың және одан басқа талдаулары);
2) технологиялық режимдер;
3) газды, суды, су басуын, ұңғы жұмысы уақытын өлшеу жөніндегі жиынтық ведомстволар;
4) каталогтар, кестелер, графиктер, диаграммалар.
383. Қорытындылайтын құжатқа іріленген объектілер мен көрсеткіштер жөніндегі алғашқы ақпараттарды өңдеу жатады және ол әртүрлі буындарда (газ және газоконденсат өндіру жөніндегі цех, газөндіретін кәсіпорын, акционерлік қоғамның газкен орындарын игеру жөніндегі департамент, арнаулы ғылыми-зерттеу жобалау ұйымы) осы акционерлік қоғамдағы қызметтерді бөлуге тиісті жүргізіледі. Негізгі қорытындылау құжатына жатады:
1) өндірістік газ өндіретін кәсіпорынның төлқұжаты (соның ішінде газды, конденсатты және суды өндіру жөніндегі журнал және ол күн сайын толтырылады. Өндіру жөніндегі журнал газ өндіретін ұйымның геологиялық бөлімінде толтырылады);
2) запас құрылымының каталогы;
3) геологиялық есептер;
4) ұңғы қорының жағдайы және қозғалысы жөніндегі есеп;
5) кен орнының төлқұжаты (шоғырлар, объектілер);
6) геологиялық кескіндер және карталар (құрылымдық, қазу, изобар, запастарды бөліп тарату және басқалары);
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ұсыну үшін есептік формалар.
384. Алғашқы құжаттарды жүргізу және оның сапасына жауапкершілік газ және газоконденсат өндіру жөніндегі цехтың жетекшілеріне, ұңғылардың жерасты (күнделікті) және күрделі жөндеу жөніндегі арнаулы ұйымның басшыларына, қат қысымын ұстап тұрудағы, арнаулы ғылыми-зерттеу жобалау институттарының жетекшілеріне жүктеледі.
385. Жиынтық және қорытындылайтын құжаттарды жүргізудің жауапкершілігіне газ өндіретін кәсіпорындарының жетекшілері, типтік қағидалар мен лауазымдық нұсқауларға тиісті акционерлік қоғамның газ кен орындарын игеру жөніндегі департаменті жауапты.
386. Барлық құжаттар акционерлік қоғам бекіткен форма бойынша жасалынады.
387. Құжаттың жаңа нұсқасын жүргізген кезде оның орындалуына жауапты басқару буыны көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |