Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-бөлім. Жалпы талаптар


-тарау. Қыздыру пештерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің қосымша талаптары



бет3/5
Дата26.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#159739
1   2   3   4   5

2-тарау. Қыздыру пештерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің қосымша талаптары
207. Отпен қыздырылатын жабдықтарды олардың қыздыру элементтерінде, тұтату кеңістігінде және пештің жұмыс аумағында жарылыс қауіпті қоспалардың пайда болуын болдырмайтын техникалық құрылғылармен жабдықталады.

208. Қыздыру пештерін, мына құрылғылары болмаса немесе олардың ақауы болса, пайдалануға болмайды:

1) отынның, ауаның және су буының берілетін ара қатынасын реттегіш жүйесі;

2) келетін отын мен ауаның қысымы белгіленген көрсеткіштерден төмен болса және БӨАжА электрлік және пневмалық жүйесінің жұмысы тоқтаса, бекіткіші;

3) отын мен ауаның тұтату кеңістігіне келмей қалуын ескертетін белгі беру құрылғысы;

4) түтінді сыртқа тарту деңгейін бақылайтын және түтін сорғыш тоқтап қалған кезде немесе пештің ішіндегі қысым төмендеп кеткен кезде, отын газын жану аумағына автоматты түрде тоқтату құрылғылары, ал пеш-агрегаттарды қазандық-утилизаторлармен бірге қондырған кезде-агрегаттарды түтін сорғышсыз жұмыс істеу жүйесіне ауыстыру құрылғылары;

5) құбырлардың сырты қатты күйеленіп кеткен кезде, су буын жану кеңістігіне және ирек құбырларға беру;

6) құбырлар зақымданған кезде немесе ондағы айналым тоқтап қалған кезде, құбыр ішіндегі ерітілген өнімді қауіпсіз құйып алу жүйесі;

7) ирек құбырларда апат болған жағдайда шикізат және отын беру жүйесін қашықтықтан өшіру құрылғылары болмаса.

209. Ашық отпен жанатын пештердің алдына, автоматты немесе ара қашықтықтан іске қосылатын бу пердесін қолданады. Бу пердесі іске қосылған кезде дыбыс белгі беру құрылғысы да іске қосылады.

210. Қыздыру пештеріне құрамындағы сұйықтықтар, ылғалдар және механикалық қоспалары технологиялық регламенттің талаптарына сай келетін отын газы қолданылады.

1-параграф. Форсункалы пештер
211. Пеш жұмыс істеп тұрған кезде мезгілімен ирек құбырлардың, құбыр ілмектерінің және пештің қаланған ішкі кірпіштеріне қарап, бақылау жасап тұру керек.

212. Егер пештің ирек құбырларының, құбыр ілмектерінің және пештің қаланған ішкі кірпіштерінің ақауы болса, онда пешті пайдалануға болмайды.

213. Құбыр сырттары жабысқан күйеге толып кетсе, пешті апаттық жағдайға санап, пешті тоқтатады.

214. Пештің ирек құбырларын, пеш тоқтап тұрған кезде немесе апаттық жағдайда, үрлеу үшін қолданылатын зиянсыз газдарды тасымалдайтын құбырларда және бу құбырларында, кері қақпақшалар және екі-екіден жылжымалы бекіткіштер орнатылады. Бекіткіштердің олардың беріктігін бақылайтын және жиналған сұйықтықты төгетін, арасына сынақ (үрлейтін) бұрандалы шүмек орнатылады.

215. Пештің жану камерасындағы пар өшіру жүйесінің және қайталағын қораптарының бекіткіштері, пештен ең кемі 10 м жерде, ыңғайлы және өрт қауіпсіз жерге орнатады.

216. Жұмыс істемей тұрған форсункаларға келетін газ құбыры бекітіледі.



2-параграф. Жалынсыз панельді жанатын құрылғылы пештер
217. Панельді от жағатын құрылғыларды, технологиялық регламент нормаларына сай қысымды коллекторларда тұтандырады.

218. Панельді от жағатын құрылғылардың блогын тұтандыру жұмыстарын ең кемі екі жұмыскер жүргізеді.

219. Пештерді пайдаланған кезде тұтандырғыштың бөліп-реттеу камерасының сыртқы қабырғасының температурасын бақылап отыру керек, егер оның ыстықтығы артса (60°С жоғары), онда тұтандырғышты өшіреді.

220. «Алақанды ұрғандай» дауыс естілсе, тұтандырғышты өшіріп және түтін соратын ұңғыны тазалайды.



3-тарау. Кейбір қондырғылар мен өндірістерді пайдалану кезіндегі қосымша талаптар

1-параграф. Күкірт тазалау қондырғылары
221. Қондырғы жұмыскерлеріне, қондырғыда қолданылатын күкіртсутекті газ, диэтаноламин, диэтиленгликол және басқада зиянды заттардан зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету талаптарына оқытады және оларды ТЖҚЖҚ қамтамасыз етеді.

222. Өндіріс орындарында желдеткіш қондырғылар жұмыс істемей қалған кезде жұмыскерлер ТЖҚЖҚ пайдаланып, терезе, есіктерді ашып, ауысымдағы бақылаушы тұлғаға желдеткішті жөндеуге шара қолдану үшін хабар береді.

223. Газды күкірттен тазалауға, оның құрамында конденсат болмаған кезде жіберіледі.

224. Блоктық қалыпты жұмыс жасауы үшін, тазалануға баратын газды бір қалыпты жіберіп отырады.

225. Қаныққан сұйықтықты тазалауға жіберіп отыратын абсорбердегі деңгейді автоматты реттегіш жұмысын әрдайым қадағалап отырады.

226. Амин ерітіндісін дайындау кезінде ыдыстың жоғарғы қақпағын жауып қояды.

227. Жабдықтардың, аппаратуралардың және құбыр желілерінің тұмшалануы бұзылып, апаттық бөлімді өшіру мүмкін болмаған кезде, қондырғыны тоқтату АЖЖ бойынша жүргізіледі.

228. Апаттық бөлімге жөндеу жұмыстарын жүргізбес бұрын, қондырғыны зиянсыз газбен «факелге», яғни сыртқа шығу нүктесіне дейін үрлейді.

229. Қондырғыны қайтадан іске қосар кезде, қышқыл газдарды қабылдау жұмыстарын, газдан құтқару қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен жүргізеді.
2-параграф. Күкіртті өндіру қондырғысы
230. Күкірт сутекті газдарды тасымалдайтын құбыр желілерін сары түспен бояйды немесе сары бояумен сақиналар салады.

231. Қыздырғыш пен генератор реакторының тұтандырғышын тұтандырар алдында оларды 15 минут үрлеп және тұтандырғыштан ауа үлгісін алып, онда жарылыс қауіпті қоспа жоқ екенін білу үшін сараптама жасайды.

232. Генератор реакторының және қыздырғыштардың тұтандырғыштарында жарылыс қауіпті қоспа пайда болмас үшін, тұтандырғышқа берілетін ауа мен газдың ара қатынасы реттегіш құрылғылар арқылы беріледі.

233. Жанғыштарды тұтандырғыштар арқылы түтандырады.

234. Қарауға арналған әйнек терезені әрдайым таза ұстау керек.

235. Гидробекіткіштерді мезгілімен тұрып қалған қоқымдардан тазалап отырады.

236. Еріген күкіртті сақтағышқа (дегазаторға) сарылдатып құюға болмайды.

237. Күкіртті құю кезінде:

1) қатып тұрған күкірттің үстіне шығуға;

2) күкірт сақтағыштың ашық люгінің қасында тұруға;

3) күкірт құйып жатқан науаның жанында тұруға болмайды.

Сақтағыштағы күкірттің деңгейін люкті ашпай, өлшеуге арналған келте құбыр арқылы, ТОҚЖҚ жарылыстан қорғалған шамдарды пайдаланып жүргізеді.

Құйылып жатқан сұйық күкіртті, жел жағында тұрып бақылау керек.

238. Күкірттің жоғарғы жағындағы бу фазасынан үлгі алу үшін ток өткізбейтін материалдан жасалған үлгі алғыштармен жүргізеді.

239. Сұйық күкіртті айдауға арналған сорғылар орнатылған бөлмеде өнімнің төгілуіне жол бермеу керек. Сорғылар бөлмесінің едендері мен арықшалары өндірістік ақпасу құбыр жүйелеріне қарай жуылады.

240. Балқытылған күкіртпен жұмыс жасаған кезде, күйіп және күкірт сутек буларымен уланып қалмауға тырысу керек.

241. Күкіртті қалыптан алып шығуды, тек күкірт әбден қатқан соң жүргізеді.

242. Күкірт шаңы пайда болатын арту-түсіру жұмыстарында жұмыскерлер респираторлар пайдалануы керек.

243. Шаң болған беттерді күкірт шаңынан тазалау үшін сығылған ауаны қолдануға болмайды.

244. Күкірт сутекті газдар ашар алдында барлық аппараттар, агрегаттар және құбыр желілері зиянсыз газдармен сыртқа шығар құбырға дейін үрленуі керек.

245. Генератор реакторларын ашу алдында оларды 30°С дейін салқындатып, зиянды заттардың ШМК жоғары концентрациялары жоқ екеніне көз жеткізгенше ауамен үрлеу керек.

Генератор реакторларында газ камераларында күкірттің болуына жол берілмеу керек.

246. Қондырғыны іске қосар алдында:

1) пештің газ жүретін құбыр желілерін отындық газбен сыртқа шығатын желілерге дейін үрлеу керек;

2) гидро бекіткіштердің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау керек;

3) гидро бекіткіштердің күкіртпен толтырып және оны еріту керек.

247. Қондырғыны қайтадан іске қосар кезде, қышқыл газдарды қабылдау жұмыстарын, газдан құтқару қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен жүргізеді.

3-параграф. Сұйық күкірттерді қойма алаңқайларына, теміржол цистерналарына құю кезінде, күкірт карталарын дайындағанда, жартылай вагондар мен контейнерлерге кесек және түйіршіктелінген күкіртті арту кезіндегі қауіпсіздік талаптары
248. Күкіртті қоймалауды технологиялық регламенттерге сәйкес жүргізеді.

Технологиялық регламентке мыналар кіреді:

1) сұйық күкіртті қойма алаңқайларына бірқалыпты құюды қамтамасыз ететін шешім;

2) қабат-қабат құйылатын сұйық күкірттің бір қабатының қалыңдығын және оның қатаю мерзімін негіздеу;

3) күкірттің алаңқайдағы биіктігін, оның алаңқайдағы сыртқы геометриялық өлшемдеріне байланысты негіздеу;

4) күкіртті алаңқайдағы қауіпсіз құйылуының құралдары мен тәсілдері (опалубка, қоршау және тағы басқалар);

5) күкірт карталарын дайындаудың тәсілдері (автоматтандырылған және механикаландырылған);

6) жұмыскерлерді күкірт шаңынан, күкірттің жанған өнімдерінен, күкіртті сутектен қорғайтын жеке қорғаныс құралдары.

249. Күкірт сақтау алаңқайларында құю және арту жұмыстары мына жағдайларды жүргізуге болмайды:

1) желдің жылдамдығы 15 м/с жылдамдықтан асып кетсе;

2) күн күркіреп тұрған кезде;

3) айнала жақсы көрінбейтін (50 метрден аз) кезде.

250. ГӨӨ техникалық басшысы күкіртті құю, дайындау және арту процестеріне қатысатын технологиялық және қосалқы қызметтердің (цехтардың) өзара қатынасы туралы нұсқаулық дайындайды және оны бекітеді.

251. Күкіртті құю, дайындау және арту процестеріне қатысатын жұмыскерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

252. Жұмыс барысы кезінде арнайы киімнің барлық түймелері түймеленеді, шалбардың балақтары, етіктері сыртына шығарылып, тобықтан байланады, қорғаныс көзілдірігі мен каскалары киіледі.

253. Күкірттерді алаңқайларға құю, дайындау, кесек және түйіршіктелген күкіртті арту жұмыстарының барысын, қауіпті жұмыстарды жүргізуді тіркеу кітапшасына тіркеп, жазады.

254. Сұйық күкіртті құю кезінде мыналарға жол берілмейді:

1) күкірт құйылатын қоршаудың ішінде күкірт толық қатайғанша жұмыс жасауға;

2) күкірт құятын шүмекке (пилонға) 30 м жақын баруға.

255. Күкірт құйылған қоршаудың ішіне соңғы күкірт құйылғаннан кейін 12 сағаттан соң рұқсат етіледі.

256. Күкірт сақталған алаңқайда жұмыс жасау үшін алдымен оның толық қатайғанын тексеру үшін барлау бұрғылау жұмыстарын жүргізеді.

257. Жұмыскерлер күкірт сақталған алаңқайларға сәкілер (траптар) арқылы кіреді.

258. Техникалардың күкірт сақталған алаңқайларға кіруі, алаңқай табанына 35° еңкіш болып төселген кесек күкірттер үйіндісі арқылы кіреді.

259. Тасымалдау техникасын алаңқай шетінен ең кемі экскаватор шөмішінің ұзындығынан бір жарым есе болатын қашықтыққа қояды.

260. Сұйық күкіртті цистерналарға құю кезінде осы Талаптардың 387 және 407-пунктері басшылыққа алады.

261. Күкірт тасыған жылжымалы көлікті аттандырар алдында жуып және тазалайды.



4-параграф. Гелий өндірісі қондырғылары
262. Жұмыс істеп тұрған газды бөлу блогі тұрған аппараттық бөлмеде жарылыс қауіпті қоспалар пайда болмас үшін мына шаралар атқарылады:

1) желдеткіштердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2) блоктардағы және аппараттық бөлмедегі ауаның газдануын жүйелі түрде газ сараптау-белгі беру құралдарымен бақылап отыру.

Қоршаған орта ауасының мәліметтері басқару бекетіне беріліп отырылады.

263. Каналдардағы жанатын газдардың мөлшері 1 % (көлемдік) асса, оған газ түріндегі азот жіберіліп, аппараттық бөлменің желдеткішін іске қосады.

264. Аппараттар мен коммуникация желілерін жөндеу жұмыстары алдында азотпен жанатын газдардың 20 % қалғанша үрлеп, онан кейін ауамен жанатын газдардың мөлшері МШК дейін жеткенше үрлейді.

265. Коммуникациялар мен аппараттардағы импульстық жүйелерді, үрлегіштерді, реттегіштерді үрлеу сыртта жүргізіледі.

266. Сұйытылған газдарға қатысты барлық технологиялық операцияларды орындайтын жұмыскерлер жанында қалқаны бар қорғау көзілдірігімен, арнайы киіммен және брезент қолғаптармен қамтамасыз етіледі.

267. Сұйытылған газ құйылған, сырты қапталмаған ыдыстарды жалаңаш қолмен ұстауға болмайды.

268. Гелий өндірісі қондырғыларына қызмет көрсету кезінде, қысымда жұмыс істеп тұрған аппараттар мен коммуникациялардың қысым шығып тұрған жерлерін бұрауға болмайды.

269. Ауа бөлгіш бағаналарды және басқа аппараттарды дихлорэтанмен немесе төртхлорлы көміртекпен жуып, оны төккеннен кейін, бөлініп шыққан буларды бөлме сыртындағы қауіпсіз жерден сыртқа айдайды.

5-параграф. Ауаны бөлу қондырғылары
270. Ауа бөлгіш блок қондырғылары, ауаны бөлу арқылы өнім өндіру және пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жобаланады.

271. Оттегімен байытылған ауа айналымда жүретін техникалық құрылғылар, арнайы оттегілік, циферблатында «Оттегі. Майға қауіпті» деген жазуы бар, көк түске боялған манометрлермен жабдықталады.

272. Ауа бөлгіш блок бағаналарын уақытша тоқтатқан кезде (3 сағаттан артық уақытқа), бағанадағы барлық сұйық азотты құйып алады.

273. Ауа бөлгіш блок бағаналарында кенеттен қысым көрсеткіші технологиялық регламентпен белгіленген жұмысшы мөлшерден тым төмендеп кеткенде, мына шараларды іске асырады:

1) ауа компрессорын тоқтатады;

2) барлық коммуникациялардағы қысымды төмендетеді;

3) болған жайды бақылаушы тұлғаға баяндайды.

274. Конденсаторда, кубта (буландырғыш) ректификациялық бағанада органикалық қоспалар (майлар, ацетилен) мөлшері технологиялық регламентпен белгіленген мөлшерден тым көп болса, ауа бөлгіш блок қондырғысын пайдалануға болмайды.

275. Органикалық қосылыстар құрамын бақылау, технологиялық регламент талаптарына сай жүргізіледі.

276. Ауа бөлгіш блоктан сұйық азотты Дьюар ыдысына босатуды тек қана бақылаушы тұлғаның жазбаша рұқсатымен ғана жүргізеді.




4-тарау. Газ түріндегі техникалық көміртекті өндіретін қондырғыларды пайдалану кезіндегі жалпы талаптар
277. Техникалық көміртек өндірісіне келетін газдар технологиялық регламентпен нормативтеріне сәйкес, шаңнан және басқа да қоспалардан тазаланады.

278. Нығыздығы бұзылған, ақауы бар жабдықтар немесе газ құбырлары газ көздерінен ағытылады.

279. Жарылысты болдырмай, газды тұтату мына тәртіпте жүргізіледі:

1) реакторды, генераторды, камераны алдын ала жарылыс қауіпті қоспаның бар жоғына тексереді (қажет жағдайда желдетіліп немесе үрленеді);

2) жанып тұрған жалынды тұтандырғышқа жақындатады;

3) газ береді.

280. Газды тұтандыру газдың жарылыс қауіпті мөлшері бөлмеде (камерада) сараптама нәтижелері бойынша тұтанудың төменгі шегінің 20 %-нан аспаса ғана жүргізіледі.

281. Тұтанатын газдармен немесе күлді-газ қоспасымен технологиялық операциялар жүргізілетін құбыр желілері мен аппараттар ауа сорылып кетпеуі үшін жоғарғы қысымда жұмыс істейді.

282. Техникалық көміртекті тасымалдау зиянсыз газбен жүргізіледі.

283. Қалыпты жұмыс тәртібі орнатылғанша өндірілген техникалық көміртек, 3 тәулік бойы жалпы өндірілген өнімнен бөлек сақталады. Бұл кезде оның температурасы тұрақты қадағаланады.

284. Қаттау бөлмелерінде қатталған техникалық көміртектің тек қана бір ауысымда өндірілген көлемі ғана сақталуы тиіс.

285. Қоймада тәулігіне 2 рет қатталған ыдыстардағы техникалық көміртектің температурасын бақылап, нәтижелері ауысым кітапшасына жазылады.

286. Бункерлерде және қоймада жанып жатқан техникалық көміртекті сөндіру кезінде жұмыскерлер оқшаулағыш ТОҚЖҚ пайдалану керек.

287. Жанып жатқан техникалық көміртекті оған су шашып механикалық түрде араластыру арқылы өшіріледі.

288. Орамдардағы техникалық көміртекті өшіру ыдыстарына салып, немесе су шашыратқышпен су шашып өшіреді.

289. Жанып жатқан техникалық көміртекті шүмектелген су шашып өшіруге болмайды.




5-тарау. Газ түріндегі техникалық көміртектің әртүрлі сұрыптарын өндіру кезіндегі қауіпсіздіктің қосымша талаптары

1-параграф. Техникалық көміртекті пеште өндіру
290. Тұтандырғышқа газ берер алдында, технологиялық регламент бекіткен іске қосу тәртібіне сәйкес, пеш ауамен скруббер немесе электрлік сүзгі түтін мұржасы арқылы үрленеді.

291. Пеш қондырғысын іске қосу операциясын мына тәртіпте:

1) технологиялық регламентке сәйкес;

2) бақылаушы тұлғаның басшылығымен және қатысуымен жүргізіледі.

292. Пеш агрегатын тұтатар алдында электрлік сүзгілердің желдеткіштерін және төменгі деңгейдің 4-5 су бүріккішін ашу арқылы скрубберге су жібереді.

293. Жануды негізгі тұтандырғыштарға бұру пеш агрегатының реакторларының жүйелерін іске қосқаннан соң орындалады.

294. Реакторлардағы газ жануы өшіп қалған кезде:

1) негізгі тұтандырғыш бекіткішін жабады;

2) алғашқы жүйе бекіткішін жабады;

3) реакторды 10 минут бойы сыртқа немесе түтін құбырына қарай ауамен үрлейді.

295. Пешті іске қосқан немесе тоқтатқан кездерде пеш бөлімшесінде тек қана технологиялық операциялар жүргізетін жұмыскерлер болуы керек.

296. Техникалық көміртек пайда болу деңгейіне жеткен кезде скрубберлерге форсункалар арқылы берілетін суды электрлік сүзгіге келіп түсетін күлді газ қоспасының температурасының технологиялық регламентте көрсетілген мөлшеріне сәйкес реттейді.

297. Қондырғы жұмыс істеп тұрған кезде, скрубберге берілетін судың температурасы тұрақты қадағаланып, оның 90°С аспауын бақылау керек.

298. Су бүріккіштердің форсункаларын ауыстыру жұмыстары тек қана ыстық су келетін коллектордың бекіткішін жапқаннан кейін жүргізеді.

299. Скруббердегі күлді газ қоспасы бөлмеге таралмас үшін, форсункалар шығарылған келте құбырларды арнайы тығынмен бекіте тұрады.

300. Форсункаларды ауыстыру және тексеру кезінде скрубберден шығатын газ немесе ыстық су ағынынан күйіп қалмас үшін, жанына қарай тұру керек.

301. Жұмыс істеп тұрған скрубберлердің, электрлі сүзгілердің, реакторлардың люктерін ашуға рұқсат етілмейді.

302. Қондырғының электрлік бөлігіне, кернеуі 1000 Вольт болатын электр қондырғыларына арналған электрлі техникалық жұмыстарға рұқсатнамасы бар жұмыскерлер қызмет көрсетеді.

303. Электрлік сүзгіні іске қосу үшін, оның тетіктерінің дұрыстығын тексеріп алады.

304. Ауаны сорып кетпес үшін электрлік сүзгілерінде жоғарғы қысым ұстап тұрады.

305. Изоляторларын үрлеу үшін ауа жоғарғы қысымда беріледі.

306. Мына жағдайларда электрлік сүзгілердің кернеуін алып тастап және пеш агрегатын толық жану деңгейіне қояды:

1) ауаның сорылуы (жоғарғы қысымның жоғалуы) байқалған кезде, электрлік сүзгіде газ жарылысын болдырмас үшін;

2) электрлік сүзгідегі техникалық көміртектің тұтануы кезінде.

307. Шнектерден, ауа сараптағыштардан және басқа да аппаратуралардан күйе үлгілерін алу, тек қана электр тоғын ажыратқан кезде ғана рұқсат етіледі.

308. Реактор орнатылған бөлмеге, ауадағы көміртек тотығының ШМК мөлшерінен асып кетпеуін қадағалайтын, жарық және дыбыс белгісін беретін газ сараптағыш құрылғы орнатылады.



2-параграф. Техникалық көміртектің термиялық өндірісі
309. Газ генераторларының тұтандырғышына газ берер алдында қос шахта да сыртқа ауамен үрленеді.

310. Газ генераторларын іске қосуды технологиялық регламентке сәйкес бақылаушы тұлғаның қатысуымен екі жұмыскер жүргізеді.

311. Газ генераторлары блогінің жұмысы кезінде техникалық көміртекті аулау жүйесін ауысымда екі рет түтін газдармен үрлеп алады.

312. Газ генераторлары блогін тоқтату, іске қосу жұмыстарын, күл-күйе аулағыш жүйелерді түтін газдармен үрлеп алған соң жүргізеді.

Үрлеу жұмыстары, ауаға шығып жатқан түтін газдардың құрамындағы оттегінің мөлшері 1 %, ал көмірқышқыл газдың мөлшері 8 % болғанша жүргізіледі.

313. Газ генераторларының екі шахтасының ішкі беттерін өткел құбырларынан мұздатқышқа дейін, мұздатқышты және қақпақша қорабының ажыратқыш қақпақшаларын тазалау жұмыстарын, газ генераторлар блогін тоқтатқаннан кейін, газ генераторлардың форсункалары жануы өз еркімен болса және тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмыскерлер аппарат сыртында болған жағдайда жүргізіледі.

314. Газ генераторларын ұдайы газ беріліп тұрған үзілістен соң іске қосуды, жүйені түтін газдармен үрлемей-ақ жүргізеді, пиролиз басталысымен газ беруді тоқтатады.

315. Пиролиз кезінде жөндеу және тазалау жұмыстарын жүргізуге, газ генераторының жоғарғы жағында болуға рұқсат етілмейді.

316. Жұмыскерлердің газ генераторларының жоғарғы алаңқайларына, осы генератор блогінің аппаратшысының рұқсатынсыз шығуға болмайды.

317. Қақпақша қорабын тазалау кезінде, ажыратқыш қақпақшаны ашуды немесе жабуды, тазалауды жүргізіп жатқан жұмыскердің белгісі бойынша жүргізеді.

318. Кенеттен электр энергиясы келмей қалса:

1) блоктағы газ бекіткіштерін жабады;

2) барлық ауа бекіткіштерді жабады;

3) техникалық көміртек қалақшаларына газ жібереді.



3-параграф. Арналық техникалық көміртек өндірісі
319. Жану камерасын іске қосар алдында, оның жабдықтарының және коммуникацияларының қалыптылығын тексереді.

320. Камера жұмыс істеп тұрған кезде, оның қырғыштары швеллердің отырғыш беттерінен, техникалық көміртектің жанып кетпеуі үшін, техникалық көміртектің толық алуын қадағалайды.



6-тарау. Электрлік тұссыздандыру қондырғылары
321. Қондырғының электрлік бөлігіне, кернеуі 1000 Вольт болатын электр қондырғыларына арналған электрлі техникалық жұмыстарға рұқсатнамасы бар жұмыскерлер қызмет көрсетеді.

322. Әрбір электрлі дегидратордың қаңқасында, баспалдақтың жанында, электрлі дегидраторды басқару бекетінің қалқанындағы (алдыңғы және артқы жағынан қарағанда) нөміріне сәйкес келетін, оның нөмірі белгіленеді.

323. Трансформаторлар және реактивтік катушкалер орнатылған жоғарғы алаңқайды сетка немесе тор тәрізді қоршаумен қоршап, оған «Жоғарғы кернеу-өмірге қауіпті» деп жазылған тақтайша ілінеді.

324. Электрлі дегидратор алаңқайының қоршауын, оның есігін ашқан кезде кернеуді өшіретін құрылғымен жабдықтайды.

325. Жұмыс істеп тұрған электрлі дегидратор алаңқайының қоршауының ішіне кіруге болмайды.

326. Жұмыс істеп тұрған электрлі дегидратордың басқышына «Мінбе-өлтіреді» деп жазылған тақтайша ілінеді.

327. Электрлі дегидраторды, ондағы өнімнің деңгейі төмендеп кеткен кезде кернеуді өшіретін құрылғымен жабдықтайды.

328. Электрлі дегидратордың барлық бөлектегіш құрылғыларын кесте бойынша жылына бір тексеріп тұрады.

329. Электрлі дегидраторды өніммен толтырған соң, кернеуді берер алдында, ондағы жиналып қалған газдар мен буларды шығарып жібереді.

330. Қондырғыға кернеуді, бақылаушы тұлғаның нұсқауы бойынша, кезекші электр қызметшісі қосады.

331. Электрлі дегидраторда өрт шыққан жағдайда, кернеу дереу өшіріледі.

332. Электрлі дегидраторлардағы және тұндырғыштардағы су автоматтандырылады және жабық күйде жүргізіледі.



7-тарау. Ауамен суытылатын аппараттар
333. Ауамен суытылатын аппараттарды құрастырудан немесе жөндеуден кейін:

1) тетіктері мен БӨАжА;

2) агрегат қақпақтарының тегірлік қосылыстарының беріктілігін және қоршауларын;

3) электрлі қондырғылардың құрылымдарының ережелеріне (бұдан әрі-ЭҚЕ) сәйкес, белгілі тәртіпте бекітілген жерге қысқа тұйықталуының болуын;

4) қозғалтқыштың жұмыс істеу аумағында адамдардың болмауын;

5) қыс мезгілінде қалақшаларда мұздың болмауын тексереді.

334. Ауамен суытылатын аппараттар жұмыс істеп тұрғанда мына шаралар орындалмайды:

1) желдеткіштің сақтандырғыш торын және муфтылар қоршауын алып тастауға болмайды;

2) кейбір бөлшектерін қатайтуға немесе жөндеуге болмайды.

335. Аппаратты пайдалану кезінде, коллектор және диффузор люктері жабық тұрады.

336. Аппаратты жөндеуге дайындаған кезде, оны өнімнен тазалап және жұмыс істеп тұрған құбыр желілерінен бекіткіш тығындар арқылы шешіп алады.

337. Оның секцияларында қандай өнім болғанына байланысты, оларды ыстық бумен немесе зиянсыз газбен үрлейді, қажет болған жағдайда сумен жуып, ауамен үрлейді.

338. Егер қашықтықтан немесе автоматты басқарылатын құрылғы болмаса, қалақшалардың айналу бұрышын реттеуді, электрлі жабдықтарды өшіріп, электрлік жүйені ажыратып және электрлік-техникалық қызметкердің қатысуымен жүргізеді.

339. Электрлі қозғалытқыштарды, олардың қоршауларын алдын ала бекітпей іске қосуға болмайды.

340. Егер коллектор түтіктері шамадан тыс иіліп, төмен орнатылған түтікке тиіп тұратын болса, онда ақауы бар секцияны коллектордан ажыратып тастайды.

341. Егер аппарат секциясының коммуникацияларынан ағындар білінсе, ол жерге бу жіберіліп, аппаратты өшіреді.

342. Қыс мезгілінде өнімдер қатайып қалмас үшін, қалақшаны ең аз еңкіштікке орнатады.

343. Мұздатқыштарды ұзақ уақытқа тоқтатып қойған кезде, аппарат секциясын құбыр желілерінен ажыратып, сығылған ауамен немесе еріп кетпес үшін азотпен үрлейді.

344. Мезгіл сайын, айына бір рет мына жұмыстар атқарылады:

1) секция құбырларын ластанудан тазалау;

2) желдеткіш қалақшаларының сынып кетпеуін бақылау.

345. Егер желдеткіш қалақшалары диффузорға тиіп тұрса, аппаратты пайдалануға болмайды.

Егер желдеткіш қалақшалары диффузорға тиіп тұрғаны анықталса, желдеткіш тоқтатылып, диффузор мен қалақшалардың арасын тартып, реттейді.

346. Вентилятор жұмыс істеп тұрған кезде, редукторды бақылап тұру керек. Редукторда бөгде дыбыс байқалса, желдеткішті тоқтатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет