Газлифті пайдалану кезінде жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар



Дата07.07.2016
өлшемі48.9 Kb.
#182747




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды

және өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау

комитетінің

2010 жылғы «22» қазандағы

№ 34 бұйрығымен келісілген

Газлифті пайдалану кезінде жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы ұсынымдар
1. Мұнай өндірудің газлифтік тәсілі орташа дебитті және табиғи газ көзі болған кезде жоғары дебитті ұңғымаларда басым болады.

2. Газлифтің әртүрлі үздіксіз және кезеңді қондырғылары, бұл түрмен газлифті пайдаланудың рационалды аумағын кеңейтумен оның модификациясы пайдаланылады.

3. Газлифт ұңғымаларының сағалары жобаға сәйкес сынама қысымы астында барынша баспақталады.

5. Арматура өзектердің, бұрандамалардың толық жиынтығымен және технологиялық регламентпен қарастырылған тығыздауларда жөнделеді.

6. Жоғарылайтын арматураға қызмет көрсету үшін алаңдарды сатылармен және жақтаулармен жарақтайды.

7. Қарқынды газ пайда болулар кезінде құбырлардың қауіпті дірілі пайда болады, құбырды дірілден тіреулерге бекітеді.

8. Газдың құбыр арты қысымын төмендетуге тек штуцер көмегімен рұқсат беріледі.

9. Компрессорлық жүйелер манометрлермен, кері және сақтандырғыш клапандармен, автоматты ажырату құрылғыларымен және дабылдамамен жарақталады.

10. Газды және ауа желілерінде сепараторлар, май ажыратқыштар, тоңазытқыштыр, сүзгілер орнатылады.

11. Жөнделген құбыр өткізгіштер бір жарым есе жұмыс қысымына гидравликалық пресстелуге тартылады.

12. Компрессор станциясындағы компрессорлар аралығындағы қашықтық кемінде 1,5 м болатын берік іргетастарда орналастырады.

13. Барлық жылжымалы бөліктер қоршалады.

14. Компрессорларды сумен қоршау кезінде су температурасының құлауы 15 ºС аспауы керек.

15. Ауалық коммуникациялар майлы бөлінулерден компрессорлардың әрбір екі ай жұмыс істегенінен кейін сульфанолдың сулы ертіндісімен жуумен тазартылады.

16. Газ таратқыш будкалардың ішінде мұнай газының пайда болу қауіптілігі жабдықтың герметикалығын ұстаумен және үй-жайды желдетумен жойылады.

17. Газ таратқыш будкалар қысқы мерзімге конденсат батареяларының қатуын болдырмау үшін бекітіледі.

18. Таратқыш желілерде төмендетілген нүктелерде әрбір 100-200 м сайын ылғал бөлгіштер (конденсаторлы құмыралар) орнатылады.

19. Қатып қалған желілер тек ыстық сумен немесе бумен жылытады.

20. Газ таратқыш батареялардың басқару жүйесінің диспетчер пунктіне шығуымен жұмыс агентін ұңғымалар бойынша автоматты бөлетін аспаптары болады.

21. Газлифт жүйенің компрессорлық станциясының жұмыс процессінде:

барлық технологиялық құбыр өткізгіштерді, сепараторларды, ыдыстырды, бекіту-реттегіш арматураны нәтижесін вахталық журналда жазумен ай сайын қарау;

өрт сөндіру, газ құрғау, жарықтандыру, желдету және авариялық дабылдама, найзағайдан қорғау, статикалық электрден қорғау, байланыс және телемеханика жүйесінің жұмыс қабілеттілігін бекітілген кесте бойынша қадағалау жүзеге асырылады.

22. Ауа ортасының газдану қаупі:

газ коммуникациясында мұз кептелістері мен газ құбырларының төменгі бөліктерінде көмірқышқыл конденсатының жинақталуын тарату;

түсіру желісіне қайта түсіру және көмірқышқыл конденсатына арналған ыдыстарға түсіру;

жиналған көмірқышқыл конденсатын құю;

оның ашық ыдыстар мен амбарларда жинақталған кезінде туындауы мүмкін.

23. Жоғарғы қысымды газды пайдаланумен байланысты қауіпті сәттер:

жабдықтың герметикалығының бұзылуы;

ішкі таттану немесе тозудан жабдықтың механикалық беріктігінің төмендеуі;

жүйеде реттегіш және сақтандырғыш клапандардың қатардан шыққан немесе жарамсыздығынан, газ коммуникациясында гидартты және мұзды кептелістердің пайда болуынан, қызмет көрсетуші персоналдың тартпалармен түзеу кезінде қате әрекетінен аппараттарға, құбыр мен арматура үшін барынша қол жетімді қысымның артуы болып табылады.

24. Қысым астындағы газ, ауа өткізгіштерді жөндеу оларда қысымды атмосфералыққа дейін төмендеткен кезде жүргізіледі.

25. Ауалық ортаның газдану қауіптілігі және оған байланысты жарылыстар, өрттер мен уланулар газлифт комплексінің барлық объектілерінде бар.

26. Газ компрессорлық станцияларда (бұдан әрі - КС) газданудың қауіпті көтерілуі машина залында да және блокта да болуы мүмкін, ұңғыма қуысында газдың қауіпті шоғырлануының пайда болуында барынша нақтылыққа манифольд ие болады.

27. КС машина залында жарылыс қауіпті орта шоғырлануының пайда болуы мүмкіндігіне желдету жүйесінің инерттілігі себептеседі.

28. Факельді жүйе ауа ортасында газды сөндіру кезінде газдану көзі болуы мүмкін.

29. Ұшқын пайда болу көздерін ұсынатын объектілер үрлеу майшамдарына қатысты желдің басым бағытына қарама-қарсы жағында орналасады.

30. Бағанадан желдетілетін жағына үрлеу кезінде электр жабдықты және ішкі жану қозғалтқышты объектілердің (агрегаттардың), адамдардың болуына рұқсат берілмейді.

31. Газлифт жиынтығының барлық объектілері жоғары қысым астында пайдаланылады, сондықтан:

бұл фактормен ауа ортасының газдануына, өртке, жарылысқа соқтыратын аппараттар мен құбыр өткізгіштер жарылулары байланысты;

жоғары қысымды газ құбырлардың ашық бөліктерінің саңылаулары жақын маңайда жұмыс істеп жатқан адамдардың жарақатану қауіптілігін тудырады.

32. Қауіпті сәттер туындау орындарын жиынтықты жобалау мен жабдықтау кезінде болдырылмайды немесе бейтараптандырылады.

33. Ұңғымаға айдалатын жұмыс агенті санын есепке алу сынап және дифференциалды шығын өлшегіштермен жүзеге асырылады.

34. Сынаптың аспаптан лақтырылуына немесе шашырауына қарсы шаралар қабылдануы қажет.

35. Қызмет көрсетуді жеңілдету мақсатында тарату будкалары жұмыс агентін ұңғымаларға беруді автоматты реттейтін аспаптармен жарақталады.

36. Тарату будкалары үй-жайларында жылдам тұтанатын материалдар мен сұйықтарды сақтауға рұқсат берілмейді.

37. Гидро пайда болуды болдырмау үшін газкомпрессорлық станцияларда газды құрғату орнату көзделеді.

38. Таттану болған кезде құбырлардың беріктігі бәсеңдейді және аз соққы мен артық кернеу жоғары қысымды газ құбырдың жарылуына соқтыруы мүмкін.

39. Газ компрессор станциясының газ коммуникациясы телеспутникпен жарақталады және жылумен оқшауландырылады.
2. Газбен уланған кезде зардап шегушілерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету
40. Газбен улану дәрігерге дейінгі көмек көрсету жылдамдығына байланысты ауыр сырқатқа соқтырады.

41. Уланудың негізгі белгілері – тыныс алудың, естің бұзылуы. Зардап шегуші таза ауаға шығарылады (алып шығарылады), тыныс алуды қиындатып және қысып тұрған киімнен ажыратылады. Егер зардап шегуші есін білсе, оған сүті бар қою шай ішкізу керек. Бұл ретте зардап шегушіні газданған аумақтан шығарушы противогазбен жұмыс істейді.

42. Егер оттек болса, оған шамалы үзілістермен беру керек, ал уланушының тыныс алуы төмендесе – жасанды дем алдыру жасалады.

_______________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет