География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі.
Жоспар.
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. 1. Экологиялық тәрбие берудің маңызы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1. 2. Экологиялық білім берудегі «тұрақты даму» принципі . . . . . . . . . .
2. Оқушыларға экологиялық білім беру тәсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 1. Физикалық география курстарында экоглогиялыық білім және
тәрбие беру методикасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. 2. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік
география және дүние жүзі экономикалық география курстарын-
да экологиялық тәрбие беру тәсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие беру мәселесі . . . . . . . . . . . . . .
3. 1. Өлкетану жұмыстарында экологиялық тәрбие беру . . . . . . . . . . . . .
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
КІРІСПЕ
Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын тигізіп, жер шарындағы экологиялық жағдайдың күн сайын қиындап бара жатқанын көрсетіп отыр.
Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында басты орын алады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді: біріншіден, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми білім жүйесін беру; екіншіден, тұлғаның дүниеге деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу; үшіншіден, экологиялық мәдениетті дамыту; төртіншіден, қоршаған ортаны қорғауда белсенді бағытты ұстау және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру.
Экологиялық білім мен тәрбие беру тәжірибелік табиғат қорғау ісінсіз жүзеге аспайтындығы белгілі. Соған байланысты дәстүрлі емес білім алудың жаңа бір түрі: оқу экологиялық соқпақ білім беру жүйесіне енді. Ол адамдардың демалыс уақытындағы табиғат туралы білім мен тәрбие алу мүмкіншілігін тудырады.
Оқу экологиялық соқпақта экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісінің ерекшелігі дидактикалық тұрғыда үйрету ғана емес, оқушының еркін түрде ақпаратты қабылдауды, табиғи ортада жүріс-тұрыс ережесін сақтауды негіздейді. Бүның бәрі оқу экологиялық соқпақта демалу және танып білу кезінде органикалық үйлесімділікпен іске асады. Табиғат соқпағында экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері шешілуімен қатар олардың дұрыс ұйымдастырылуы табиғатты қорғау шараларына жәрдемдеседі. Оқу экологиялық соқпақ демалушылар ағынын реттеуге, табиғатқа зиянын келтірмейтін қауіпсіз бағыттарды меңгеруге себебін тигізеді. Сонымен қатар оқу экологиялық соқпақ белгіленген аймақтағы табиғат қорғау ережесінің сақталуына мүмкіндік береді. Соның арқасында келушілерге бақылау жасауды және экологиялық соқпақ орындалуын жеңілдетеді.
Оқу экологиялық соқпақ экологиялық білім мен тәрбие беруге, келушілердің демалу мүмкіншілігін арттыруға, белгілі бір аймақта таби-ғатты сақтауға, т.б. мәселелерді шешуге бағытталған. Дәстүрлі түрде оқу экологиялық соқпақтар қорықтарының, ұлттық табиғат бақтардың ландшафтық қорықшаларымен жанаса жатқан аралық (буферлік) аймағында өтеді. Сонымен қатар оқу экологиялық соқпақтың салынуына орман бақтары, демалыс белдемдері, қаланың жасыл желек аймақтары, өндірістік қолданысы бар ормандар, ормансыз алқаптар (дала, жартылай шөлейт) жарай береді. Соңғы жылдары мектеп, лагерлер төңірегінде оқушылар өз күштерімен де оқу табиғи соқпақтарын ұйымдастыруда. Бұл үрдістің өзі оқушыларға табиғат-анаға деген мейірімділік, жанашырлық, тәрбиелік қасиеттерін қалыптастырады. Жастарға экологиялық білім мен тәрбие берудің дұрыс уйымдастырылуы табиғатқа деген көзқарасын өзгертеді, яғни табиғат-анаға саналы түрде қарым-қатынас жасайды.
Казіргі кезде адамзат алдында тұрған аса күрделі экологиялық проблема қоршаған ортаны калыпты жағдайда ұстау. Табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану мәселесі болып отыр. Қоғамымыздын " бүгінгі нақты мүмкіндіктерін ескереотырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқу, жүйесінің негізгі міндеттерін белгіледі. Онда табиғат ресурстары - жерді, суды ауаны, пайдалы кендерді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, оларды қорғау мәселесіне айрықша мән берілді. Әсіресе, республикамыздың "Табиғат корғау" Заңының" Елімізде табиғат қорғау ісін түбегейлі кайта құру туралы" бағдарламасында адамдардың бойында өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, жер су ресурстары мен пайдалы қазбаларға ұқыпты да жоғары адамгершілік көзқарасты тәрбиелеуге аса назар аударылған.
Табиғат - адам тәрбиешісі. Адам болып туып, адам болып қалуы үшін табиғаттың қарар ролі зор. Табиғат бөлшектері: жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі. өзен-сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала-бәрі адамдардың ойына-сана, денесіне-қуат, бойына-күш, өнеріне-шабыт, көңіліне-қанат береді.
Ерте заманнан бері адамзат өзінің тіршілігіне қажетті заттардың бәрін табиғат қазынасынан алып келді. Сондықтан табиғат байлығын тоздырмай, ортайтпай, қайта қорландырып, нәрлендіріп, молайтып отыруымыз керек.
Қазіргі кезде ізгілендіру мен демократияландыруға бағытталған білім стандарттарын, оқытудың озық технологияларын экологиялық білім негіздерін оқыту үрдесіне енгізу білім беру жүйесін дамытудың негізін.
Экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті мектеп жасынан қалыптастырып, кәсіпкерлік және нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін ұғындыру кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыру қажет. Экологиялық біліктілікті терендетуге жаңа саналық деңгейде экологиялық тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар жүргізу, окушылардың өз бетімен ізденіп, жұмыстарына талдау жасауына өз септігін тигізеді.
Оқыту мақсатына сай және белгілі бір жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарын меңгеру психологиясы, дайындығы, қызығушылығы ескерілуі кажет. Оқушылардың экологиялық сауатылығын, мәдениетін, «танымдық белсенділігін арттыруға мұғалімнің білімі мен педагогикалық шеберлігі үлкен ықпал етеді.
Қазақстан Рсспубликасы Конституциясының 31 бабында "...мемлекет адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап қоршаган ортаны қорғау мақсатын көздейді " делінген. 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы "Қоршаған ортаны корғау туралы" Заңының 73-74 баптарында экологиялық білім мен тәрбие берудің" жалпыға бірдейлігі және үздіксіз болуы қарастырылған сонымен бірге басшыларды аттестациялау кезінде олардың кәсіби экологиялық әзірлігін ескеру керегі айтылған. Бұл ережелер мен ұстанымдар Қазақстан Рсспубликасы "Білім туралы" Заңында да көрініс тапқан.
Қазақстанда көпшілікке жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие берудің қүқылық негіздері жасалды. Мәселен. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен қабылданған "Қазақстан стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы" (1996), "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасы" (1997), "Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратсгиясы" (І998), "Экологиялық білім бағдарламасы" (1999ж) т.б. құжаттар осының айғағы.
Адамзат алдына шешілуі тиіс "экология" деген үлкен мәселе туындады. "Экологиялық мәдениет" ұғымы нағыз көкейкесті мәселеге айналды. Бұл мәселе бүкіл әлемдік қауымдастықты толғандыруда. БҰҰ-ның тұтас (2005—2015) онжылдықты "Табиғатты аялауға оқытудың он жылы" деп жариялауының өзі соның дәлелі. Елбасы Н.Назарбаевтың ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде "Ой-өрісі дамыған, білімді, экологиялық мәдениетті тулғаны қалыптастыру жаңа ғасырдың күн тәртібінде тұрған басты талабы„- деген сөзі мәселенің көкейтестілігін дәлелдей туседі.
Адамзат тарихында экологиялык білім мен тәрбие берудің маңыздылығы туралы IX—XV ғасырларда Әл-Фараби, Баласағұн, Қожа Ахмет Яассауи, М. Қашқари, С. Бақырғани, т.б. шығыс ғұламаларының этика, психология. метафизика, тағы басқа ғылымдары жайлы жазбаларында көрініс тапқан. Сонымен катар қазақ халқының ұлы ағартушы ғалымдары, ақын-жазушылары Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, М. Дулатов, М. Жумабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев еңбектерінде табиғатқа деген сүйіспеншілік көшпенді елдің өмірімен, ұлттық адет-ғұрыптарымен байланыстырылып берілді. Экологиялық білім берудің теориялық - философиялық негіздері И. Кант И. Циалковский және В. Вернадскийдің еңбектерінен бастау алады. Олардың негізгі идеялары қазіргі қоғамды тұрақты даму жолына түсіріп, білім беруді ізгілеңдіру.
Ғалым-эколог И. Зверевтің пікірінше, экологиялық білім мен тәрбие
берудің мақсаты мен мәні қоршаған ортамен, табиғатпен карым-катынастың барлық түрлерінде оқушылардың жауапкершілікпен карайтын көзқарасы мен сенімін қалыптастыру.
Ал А. Захлебный экологиялық білім берудің барысында коршаған ортаға құқық нормалары мен моральдік ұстанымдарынан туындайтын жауапкершілік, қатынастың негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатынын айтады.
М. Сарыбеков / / болашақ мұғалімдерді оқушыларға экологиялық білім беру ісіне даярлауда қоғамдық саяси-әлеуметтік және арнайы педагогикалық-психологиялық даярлаудың бірлігін анықтап, оны іске асырудың жолдарын көрсетіп берді.
Э.Тұрдықұлов экологиялык білім мен тәрбие беруде оқушыларды табиғатты пайдаланудың ғылыми негіздері жөнінде сенімін, өмірлік дағдыларын, табиғат ресурстарын қорғау және молайту саласында белсенді көзқарастар тудыруға қажет білімді қалыптастыратын психологиялық үрдістерді талдайды.
1.1. Экологиялық тәрбие берудің маңызы.
Республикамыз дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отан сүйгіштікке баулыйтын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, "табиғат - қоғам -адам" жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен "Білім туралы" Заңы (1999), "Айналадағы ортаны қорғау туралы" Заңы (1997), "Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы" (1996), "Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы" (1997), "Қазақстан Реслубликасы экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық: стратегиясы" (1998), "Экологиялық білім бағдарламасы" (1999), "Қазақстан Республикасы орта білім берудің мемлекеттік стандарттары" (1998), "Қазақстан ; Республикасы 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау ' тұжырымдамасы" (2004) және т.б. құжаттар қабылданды.
Қоғамымыздың білім саласындағы азамат ғалымдары Ә.Бейсенова, Ж.Жатқанбаев, Н.Сарыбеков, К.Сарманова, А.Сотников, С.Тілеубергенов, Н.Торманов, / / т.б. экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін зерттеуде үлкен үлес қосты. Соңғы кезде экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік тәжірибеге қарағанда оның әр түрлі моделі қолданылып келеді. Олар:
- көп пәнді жүйе (барлық пәнді өздерінің ортақ тақырыбына сәйкестендіріп, экологиялық білім беру);
-
бір пәнді жүйе (экологиялық білім бір ғана пән арқылы беріледі);
-
аралас (экология жеке пән ретінде) оқытылады. Республикамыздың оқу жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы дүниежүзілік тәжірибелерді саралай отырып көпшілікке, жеткіншектерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді. Ол төмендегідей оқу жүйесінен тұрады:
-
мектептерге дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру;
-
мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру;
-
жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру (әр түрлі сала бойынша);
-
мамандарды қайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру;
-
көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу жоспары бойынша жалпы және арнайы білім беретін оқу жүйелері 2000 жылдан бастап жаңа базистік оқу жоспарына көшірілді. Ол - орта мектеп (10-11 сыныптар) және бастауыш мектеп (1-4 сыныптар). Жоғарыдағы оқу құрылымына қарай әрбір пән мұғалімі оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру үрдістерін жоспарлауы тиіс. Осыған орай, ғалымдар А.Захлебный, И.Суравегина, Б.Лихачев еңбектерінде көрсетілген экологиялық тәрбиенің әмбебап маңыздылығын ескере отырып, біз экологиялық тәрбие беруде оқушылардың "экологиялық сауатын" ашудан сөз бастағанды жөн көрдік. Өйткені, экологиялық тәрбие экологиялық білімділікпен тығыз байланыста қалыптасады.. Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында негізгі үғымдар мен түсініктер бар, олардың негізділері: "экологиялық сана", "экологиялық сауаттылық", "экологиялық этика", "экологиялық мәдениет", "экологиялық білім", т.б. Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырады.
Ауа-табиғаттың ажырамас элементі, онсыз жан баласы дем алуы, қоректенуі, жылу мен жарықты қабылдауы мүмкін емес. Қысқасы, табиғатсыз тірлік те, өмір де жоқ. Сондықтан да қоршаған ортамыз - табиғатқа деген қарым-қатынас терең ізгілік пен адамгершілікке ұласуы қажет. Осымен қатар табиғат-адамдар үшін таным мен эстетикалық қарым-қатынастардың нысаны. Оның тартымды құпия сырына енудің өзі терең ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал жасайды. Осыған орай, экологиялық мәдениетті адамның негізін қалаушы бастапқы, міндетті және жалпыға ортақ берілуі тиіс экологиялық тәрбиенің қажеттілігі туындайды. Жоғарыда атап кеткендей, экологиялық сана толығымен экологиялық білімді қамтыса, оның құрамдас бөлігі эстетикалық сезімдер мен экологиялық жауапікершілік болып табылады.
Экологиялық сана мынадай маңызды функцияларды атқарады:
-
ағартушылық функциясы;
-
дамытушылық функңиясы;
-
тәрбиелік функциясы;
-
ұйымдастырушылық функциясы;
-
болжаулық (прогностикалық) функциясы.
Аталған функцияларға сипаттама берсек, ағартушылық функциясы оқушылардың табиғат: эстетикалық жаратылыс және ол барлық тіршілік иелерінің өмір сүру ортасы екендігін түсінулеріне көмектеседі. Өскелең ұрпаққа экологиялық тепетеңдіктің қайтымсыз бүлінуіне жол бермей, табиғатты қорғау мақсатында экологиялық білімдерін пайдаланудың қажеттілігі туралы ой, көзқарастарын қалыптастырады.
Жастардың жан-жақты үйлесімді дамып қалыптасуы үшін білім мен төрбие ғана емес, әсем табиғат, тылсым дуние, жаратылыс күштерінің ықпалы, сонымен қатар, жоғары мәдениетке қол жеткізген отбасы тәрбиесі керек.
Табиғат пен адам дамуы егіз, бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, адамзаттың табиғатқа, қоғамға, жаратылыс әлеміне, айналасындағы жан-жануарға деген ізгі қатынасы сүйіспеншілік сезімінің дамуымен айқындалады.
Экология - табиғатты үнемдеу туралы ғылым.
Экология - грекше oikos - үй, мекен және логия сөзінен құралады. "Экология" терминін 1866 жылы Австралия ғалымы биолог Э.Геккель ұсынған.
БҰҰ шешімі бойынша маусымның 5-ші жұлдызы қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күні деп атап өтілуде. Қазіргі кезде балаға жас шамасына қарай экологиялық білім және тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда табиғат анамызға тіземізді батырып, жерге қопарылыс жасап, ойран салудан табиғат әсемдігінен, үйлесімділігінен айрылып, экологиялық дағдарыс әлемдік проблемаға айналды. Табиғи орта ластанған. Арал теңізінің жоғалып кету қаупі тұр. Өзен суларында 20 есеге артық мұнай, т.б. зиянды өнімдер бар. Теңіз тартылу зардабынан 34 түрлі балықтың азайғаны дүние жүзінде сирек кездесетін құбылыс. Балқаш өңірі, Абай жері, Сыр өңірі бәрі де өзінің келбетін жоғалтып отыр. Сондықтан да табиғат-ананы қорғау-адамзат парызы. Оны ұрпаққа ұғындыру, тәрбиелеу мектептің міндеті. Экологиялық тәрбие балалық шақтан басталуы тиіс. Баланың алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезінумен бірге тәрбиеленуі керек.
Әр бала өзін қоршаған ортаның құрлысын, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын бұзбай сақтау жолдарын, табиғатты қорғаудағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті. Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін, мөлдірлігін, тұнық ауасын бұзбауға, үйлесімділігін сақтауға, қамқорлықпен, жанашырлықпен, мейірімділікпен, сезімталдықпен қатынас жасауға тәрбиелеу. Жас ұрпаққа табиғатты қорғау мен байлығын асырап етпеудің ғылыми негіздерінің басты заңдылықтарын үйрету.
Адам өз бойындағы адамгершілік асыл қасиеттерін туған жерінің табиғатымен, өскен ортасымен байланыстырады.
Қазақ халқының туған жерге деген ыстық ықыласын таныта білген данышпан әрі ақылғой Асан қайғы бабамызды қазақтан шыққан алғашқы эколог деп мақтан етеміз. Оның Жерүйықты іздеп жүріп, қазақ жерінің әрбір өзен-суына, кең байтақ даласы мен асқар тауларына берген бағасы осы күнге дейін құнын жойған жоқ. Ал Қорқыт бабамыздың "Асқар тауларын құламасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарын қырқылмасын" деген өсиет сөздерін бала құлағына сіңіру және оның мағынасын түсіндіру - міндетіміз.
Халқымыздың салт-дәстүрлері бойынша, Наурыз мейрамының туған жер табиғатын түлетуге, көркейтуге қосатын үлесі зор. Бұл мейрамның басты мақсатының өзі табиғат заңдылықтарына үйлесімді табиғи тепе-теңдікті сақтауға негізделген. Айналаны тазарту, ағаш отырғызу, бұлақ көзін ашу адамның табиғат-ана алдындағы міндеті екендігін түсіндіру.
Балаға экологиялық тәрбие бере отырып, онымен келешекте оқытылатын жаратылыстану пәніне дайындық жұмыстарын жүргіземін.
Экологиялық білім және тәрбие нәтижесін үш түрге бөлемін:
-
Оқушыға экологиялық білім туралы ой саламын.
-
Жеке өз бетінше ізденушілікке бағыттаймын.
-
Зерттеушілік қабілетін дамытамын.
Кесте 1
Сабақ барысында қолданылатын кестелер.
Сабақ барысында
Отбасы
Саяхат, экскурсия
Экологиялық тәрбие
КВН
Кештер
Мамандармен кездесу
Тірі және өлі табиғат бір-бірімен байланысты
Бар ағза жоғалмайды
Экология заңы
Табиғаттан бәрі алынады
Өнеркәсіп өнімдері
Киім, тамақ
Ауа, тыныс
Балаға экологиялық туралы ой салам
Баланы өз бетінше ізденушілікке баулимыз
Экологиялық тәрбие нәтижесі
Баланың зерттеушілік қабілетін дамыту
БҰҰ қабылдаған "Табиғат қорғаудың дүниежүзілік стратегиясында" былай делінген: "Біз жерді әкелерімізден мұраға алғанымыз жоқ, біз оны өз бабаларымыздан қарызға алдық".
Қазір жер басып жүргендер бұл жердің соңғы ұрпағы емес бұлардан кейін басқа адамдар келеді және олар өмір сүруге жарамды дүние алуы керек. Сөйтіп, ұрпақ болашағын жан-жақты қарастырғанда ғана бәрі ойдағыдай орынды шешіледі.
Көптеген жылдар бойы жер қойнауындағы байлықты игеру бары-сында еліміздің шикізат жүйесі Жер-Анаға зиянды салдарын тигізбей қойған жоқ. Мұнай, газ кешендерінің, жылу энергетика кәсіпорын-дарының, тау-кен және байыту өнеркәсіптерінің ұлан байтақ жерімізді ластауы өте үлкен зиянын тигізді. 2000 жылдан бастап өндірістің қайта өрлеуіне байланысты кәсіпорындардың зиянды қалдықтарының өсе түсуінен тұншыға бастаған қалалар бар. Атап айтқанда, Өскемен, Ал-маты, Шымкент, Актөбе, Теміртау қалаларында ауаның бүзылуы бұрын-ғысынан көбеймесе азайған жоқ.
Дәл осындай жағдай су қоймалары мен өзендерде де байқалды. Қазакстан бойынша, әсіресе Ертіс, Іле, Нұра, Сырдария өзендері ластануда.
Біздің дәулетіміз де, сәулетіміз де, бүгініміз бен болашағымыз да туған өлке табиғаты. Шебер табиғаттың ғажайып кестесі орман-тоғайы, өзен-көлі, оны мекендейтін аң мен құс, балықтар, бәрі де халық қазынасы. Сол сияқты жорғалаушы жануарлардың аңдарға пайдалы түрлері қаншама. Біз табиғаттың бұл байлықтарын қорғап, қорын молайтқанда ғана оны кәдеге жарата аламыз. Табиғат — бүкіл тіршілік атаулының ұясы және аяулы бесігі, құтты қонысы мен өніп-өсер мекені. Табиғат - бойына қуат, көңіліне шабыт, шапағат ұялататын сүлулық пен өсімдік әлемі.
Туған өлке аумағы қанша кең болса, ондағы табиғат байлығы да сонша мол. Тіпті, жол үсті, аяқасты болып жатқан дәрілік, тағамдық өсімдіктеріміз қаншама!
Қоршаған ортаның ластануы-қазіргі кезде адам баласын аландатып отырған аса маңызды мәселелердің бірі. Соңғы жылдары табиғат байлықтарын пайдаланудың салдарынан адамзаттың табиғатқа тигізетін әсер, ықпалы өлшеусіз өсуде. Адам баласының табиғатпен үйлесімді байланысын қалыптастыру үшін экологиялык білімнің маңызы зор. Табиғатты қорғауда өтілетін тақырыптарға байланысты әр түрлі әдістерді қолданып, сабақты түрлендіріп отыру керек.
Табиғат - адам тәрбиешісі. Адам адам болып туып, адам болып қалуы үшін табиғаттың атқарар рөлі зор. Табиғат бөлшектері: жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі, өзен-сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала бәрі-бәрі адамдардың ойына сана, денесіне - қуат, бойына - күш, өнеріне-шабыт, көңіліне - қанат береді.
Ерте заманнан бері адамзат өзінің тіршілігіне қажетті заттардың бәрін табиғат қазынасынан алып келді. Сондықтан табиғат байлығын тоздырмай, ортайтпай, қайта қорландырып, нәрлендіріп, молайтып отыруымыз керек.
Қазіргі кезде адам табиғат байлықтарын өз керегінше алып пайдағып жаратып қана қоймай, олардың табиғи түріне ірі-ірі өзгерістер еңгізуде.
Сондықтан қазір адамзат алдында тұрған көкейкесті мәселенің бірі қоршаған ортаның тиімді қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын қайта қарау, туған табиғатты аялап, оны қорғаудың экологиялық жолдарын ұтымды шешу.
Бүгінгі таңдағы мектеп мұғалімдерінің аса жауапты міндеттерінің бірі оқушылардың санасына қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, сол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау және молайта түсуге бағытталған сезімдерін тәрбиелеу.
Оқушыларды экологиялық білім мен табиғатты қорғауға тәрбиелеу, олардың жалпы ой-өрісін арттыру үшін балаларға арналған көркем әдебиетті тек сабақ үстінде ғана пайдалану жеткіліксіз. Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстан мүғалім оқушылардың әрқайсысының қандай қабілеті бар екенін байқайды.
Достарыңызбен бөлісу: |