Географиядан теориялық тур сұрақтары ( 9 сынып)
Аудандық олимпиада
2014 – 2015 оқу жылы
-
Келесі ұғымдарға түсініктеме беріңіз: фригана, левада, сахель, оффшорлық аймақтар, демаркация. (Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан. Барлығы 10 ұпай)
-
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне қосылу ерекшеліктері. Сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік басқарудың Қазақстандық үлгісі. (10 ұпай)
-
Тест тапсырмалары (әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан. Барлығы 30 ұпай.)
Тест тапсырмалары
-
23 қыркүйек күні тал түсте, Гринвич бойынша Күн қай материктің ең биік нүктесінің төбесінде болады?
А) Еуразия
В) Африка
С) Оңтүстік Америка
D) Австралия
Е) Солтүстік Америка
-
«Әлемдік мұхит түбі- тереңдігі» сәйкестігін дұрыс анықтаңыз: 1) материктік беткей 2) мұхит түбі 3) тереңсулы астау 4) материктік қайраң
А) 4000-5000 м Б) 6000 м жоғары В) 0-200 м Г) 200-4000 м
А) 1В 2А 3Б 4Г
В) 1Г 2А 3Б 4 В
С) 1В 2Б 3А 4Г
D) 1А 2Б 3Г 4В
Е) 1 В 2Г 3А 4Б
-
Гималайда тау мұздықтары ең көп ауданды алып жатыр. Олардың болашақта таралуына не кедергі келтіреді?
А) таулардың аса биіктігі
В) мұхитқа жақындығы
С) тропикалық кеңдікте тұруы
D) оңтүстік және оңтүстік-шығыс тау бөктерінде жауын-шашын мөлшерінің көп болуы
Е) ауа массаларының әсері
-
Төмендегі құралдардың қайсысы ауа температурасы мен ылғалдылығын өлшейді?
А) психрометр
В) термометр
С) гигрометр
D) барометр
Е) анемометр
-
Укаяли мен Мараньон өзендерінің қосылып кетуі қай өзеннің бастауы болады?
А) Амазонка
В) Миссисипи
С) Ніл
D) Меконг
Е) Конго
-
Қай табиғи зонада ЮНЕСКО-ның «Аскания-Жаңа» атты бүкіләлемдік мұра нысаны орналасқан?
А) шөл
В) дала
С) тайга
D) тундра
Е) орман
-
Палеозойға дейінгі тау жыныстары мынадай таулы аудандарда кездеседі:
А) Тянь-Шань жоталарында, Мұғалжарда, Ұлытау мен Көкшетауда
В) Жетісу Алатау жоталарында, Тарбағатай мен Алтайда
С) Қаратау жоталарында, Іле және Торғай ойыстарында
D) Каспий маңы ойпаты мен Оралда
Е) Республика аумағы бойынша барлық жерде
-
Қазақстанның қай бөлігінде биіктігі 10-15 км, ал ұзындығы 20 км жететін «бэров дөңдері» кездеседі. Осы жер бедері түрін ашқан академик К.М.Бэрдің пікірі бойынша, дөңдер дефляция мен эолдық аккумуляцияның салдарларынан түзілген.
А) Үстірт
В) Торғай үстірті
С) Каспий маңы ойпаты
D) Тұран жазығы
Е) Бетпақдала үстірті
-
Қазақ тілі қай тіл тобы мен қай тіл семьясына жатады?
А) түркі тілдес тобы мен алтай тіл семьясына
В) финно-угорлық тіл тобы, орал-юкагир тіл семьясына
С) түркі тілдес тобы мен шығыс тіл семьясына
D) роман тіл тобы мен үндіевропалық тіл семьясына
Е) түркі тілдес тобы мен үндіевропалық тіл семьясына
-
Тянь-Шань жотасының температурасы мен ылғалдану деңгейіндегі едәуір ерекшеліктер мен әркелкілік неге байланысты?
А) бедердің бөлшектенуіне
В) бедердің күрделілігіне
С) ылғалдың негізгі көздеріне
D) су ағындыларының болуынан
Е) жоталардың өте биік болуына
-
Негізгі бөлігі ауданаралық айырбасқа арналған белгілі бір өнім түрін өндіруді аудандарда шоғырландыру қалай аталады?
А) кооперация (қауымдастыру)
B) локализация (оқшаулау)
C) үйлестіру
D) еңбек бөлінісі
E) мамандандану
-
Түрксіб теміржолы өтетін қалалар:
А) Семей – Алматы – Құлан – Тараз
В)Петропавл арқылы
С) Орынбор – Ташкент
D) Қостанай – Көкшетау
Е) Петропавл – Қарағанды – Шу
-
Қазақстандағы ең ірі ет комбинаты қайда орналасқан?
А) Алматы
В) Талдықорған
С) Өскемен
D) Шымкент
Е) Семей
-
Оңтүстік-Қазақстан облысының Өгем жотасы мен Талас Алатауы баурайларында 1927 жылы құрылған мемлекеттік қорық:
А)Марқакөл
В) Алакөл
С) Іле Алатауы
D) Ақсу-Жабағылы
Е) Наурызым
-
Өз арасында өндірістік байланыстары бар, жақын елді мекендерде орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындардың тобы нені құрайды?
А) экономикалық аудан
B) мамандану
C) өнеркәсіптік торап
D) географиялық еңбек бөлінісі
E) экономикалық облыс
-
Кең мағынадағы экономикалық және әлеуметтік географияның зерттеу пәні
А) аумақтық-табиғи жүйелер
В) халық шаруашылығы кешенінің аумақтық бағдары
С) аумақтық-табиғи кешендер
D) аумақтық-қоғамдық жүйелер
Е) аумақтық-өндірістік кешендер
-
Асбест кен орындары (қатесін табыңыз)
А) Қумола және Үшбұлақ
В) Тектұрмас
С) Ешкіөлмес
D) Құмкөл
Е) Жетіқара
-
Жыланды тобының мыс кен орындары (қатесін табыңыз)
А) Сарыоба
В) Доңызауыз
С) Итауыз
D) Малдыбай
Е) Маңдай
-
Қазақстанның ауыл шаруашылық жерлерінің жалпы көлемі
А) 100 млн.га
В) 222 млн.га
С) 155 млн.га
D) 270 млн.га
Е)307 млн.га
-
Асбесттің ірі кен орны (қоры 16,5 млн. тонна)
А) Жәйрем
В) Қаратау
С) Жетіқара
D) Жезді
Е) Дон
-
Қазақстан марганец қоры бойынша дүние жүзінде нешінші орында
А) 1
В) 3
С) 5
D) 10
Е) 20
-
Қай ауданда құрамында парафинді көмірсутек үлесі жоғары мұнай барланған және өндірілуде
А) Ембі
В) Маңғыстау
С) Бозащы түбегі
D) Қаламқас
Е) Қаражанбас
-
Қызылорда облысында ашылған мұнай кен орны
А) Тасболат
В) Қарамандыбас
С) Қаламқас
D) Құмкөл
Е) Қаражанбас
-
Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының қандай үлесі жылу электр станцияларына тиесілі
А) 20%
В) 30%
С) 50%
D) 60%
Е) 80%
-
Ақмола облысындағы тас көмір алабы
А) Теңіз-Қоржынкөл
В) Екібастұз
С) Жоғары соқыр
D) Тентек
Е) Шерубай-Нұра
-
Қаражал тобының марганец кен орындары (қатесін табыңыз)
А) Найзатас
В) Батыс Қаражал
С) Қамыс
D) Үшқатын
Е) Ақшағат
-
Қазақстанның ескі темір жолдарының бірі- Орынбор-Ташкент қай жылдары салынды
А) 1898-1900 жж.
В) 1905-1907 жж.
С) 1912-1914 жж.
D) 1914-1916 жж.
Е) 1918-1920 жж.
-
Қазақстандағы пластмасса өндіру зауыты орналасқан қала
А) Ақтау қ.
В) Ақтөбе қ.
С) Орал қ.
D) Атырау қ.
Е) Шымкент қ.
-
Тамақ өнеркәсібінің шикізат көзіне бейімделген саласы
А) нан пісіру
В) сыра қайнату
С) сүт
D) қант
Е) кондитерлік
-
Қазақстандағы мұнай құбырларының жалпы ұзындығы
А) 3,5 мың км.
В) 7,8 мың км.
С) 10,2 мың км.
D) 11,3 мың км.
Е) 13,4 мың км.
БАРЛЫҒЫ: 50 ұпай
Достарыңызбен бөлісу: |