Геологиялық таспаға түсіру жұмыстарына уақыт мөлшерлемелері


Параграф 1. Зерттеу аумақтары (объектілері) және бөлек аумақтар бойынша қор, архивтегі және басып шығарылған материалдарды жинау



бет2/5
Дата09.06.2016
өлшемі277.5 Kb.
#123955
1   2   3   4   5

Параграф 1. Зерттеу аумақтары (объектілері) және бөлек аумақтар бойынша қор, архивтегі және басып шығарылған материалдарды жинау

24. Материалдар (ақпарат) қорлардан және архив кітапханаларынан, аумақтық деректер базасынан немесе Интернеттің ашық материалдарынан жиналадыы.

25. Жұмыс құрамы. Дайындау – қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты опреациялар. Зерттеу үшін сәйкес құжаттарды алу үшін архивті материалдарға ие мекемемен келісімдер жүргізу. Картотекамен танысу. Алғашқы мәтіндік сипаттамалар, кестелер, графиктер, фото бейнелер, картографиялық материалдар (сұлбалық карталар, карталар, сұлбалар, тіліктер) түрінде ұсынылған қажетті ақпарат көздерінің тізімін құрастыру. Таңдап алынған ақпарат көздерін алуға тапсырыс рәсімдеу және оларды алу. Қажетті деректерді (немесе тегеріште таңдап алынған файлдар көшірмесін жасау) жазып алу мақсатында ақпарат көздерін қарап шығу (алдын – ала талдау); мәтінді, кестелерді сызбаларды ксерокөшірмеге (фотосуретке түсіруге) тапсырыс рәсімдеу немесе сызбаларды таңдау үшін көшірме жасау. Мәтін мен кестелерден (немесе тегерішке таңдап алынған файлдарды сақтау) үзінделер жазып алу, сызбаларды таңдау немесе мәтіндерді, кестелерді және сызбаларды (картографиялық материалдарды) ксерокөшірмеден өткізу үшін тапсырыстарды рәсімдеу. Қоймада (кітапханада) ақпарат көздерін тапсыру.

26. Еңбектің соңғы нәтижесінен мәтінді және кестені жазбаша тасымалдауыштардан жазып алу немесе жиналған ақпаратты электронды тасымалдағыштарда сақтау амалы арқылы ақпарат жинау, сызбылырды (картографиялық материалдарды) таңдау, мәтінді, кестелерді, сызбаларды ксерокөшірмесін жасау немесе фото суретке түсіру тапсырмаларын рәсімдеу мөлшерлемелері орнатылған.

27. Геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) отряд басшысының үлестік қатысуымен ақпарат жинау бір геологпен (гидрогеологпен және т.б.) жүргізіледі, ол сәйкес дайындау – қорытынды опреацияларға және жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты және материалдарды пайдалану үшін сәйкес құжаттарды алу үшін архивті материалдарға ие мекемелермен келісімдеумен байланысты операцияларға енгізілген.

28. Мөлшерлемелер орнатылған өлшеуіштермен келесілер қабылданған:

мәтінді жазып алу амалдары арқылы ақпарат жинауда – орташа 15 бет үзіндісі бар мәтіннің мәшинке беттерінің (парақ өлшемі 297х210 мм) 100 қалыпты толтырылған мөлшері;

сол сияқты, кестелер – орташа 10 бет үзіндісі бар әр кестеде 20 маңызды жолы бар және 10 толтырылған бағандары бар орташа сан мөлшердегі 100 бет;

мәтінді, кестелерді, сызбаларды ксерокөшіру (фото суретке түсіру) тапсырмаларын рәсімдеу жолымен ақпаратты жинағанда – орнатылған нысан бланкісінде 100 тапсырма;

электронды түрде мәтіндік және кестелік ақпаратты жинағанда – Times New Roman қәріпімен 100 қалыпты толтырылған мәтін парақтары, орташа қәріп өлшемі 14 электронды тасымалдағышта орташа 15 бет сақтаумен;

суреттерді, сызбаларды, фото суреттерді А4 форматындағы ауыстырмалы электронды тасымалдағышқа сканерлеу үшін таңдағанда – 100 қарап шығылған графикалық бейнелер;

Интернет желісінен материлдар таңдағанда – 100 қарап шығылған беттер, электронды тасымалдағышқа орташа 10 бетті сақтаумен.

29. Барлық амалдармен ақпаратты жинаудың уақыт мөлшерлемелері 16 кестеде (2 Қосымша) көрсетілген.

30. Негізгі жұмыс орындаушысы - техник - геологтың (техник - гидрогеологтың және т.б.) еңбек шығындары (адам - кезеңде) – сан жағынан ақпаратты жинау уақытының мөлшерлемелеріне тең (16 кесте, 2 Қосымша). Геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) отряд басшысының еңбек шығындары - қабылданған өлшеуішке 0,12 адам – кезең.

31. Қабылданған өлшеуіш мәндерінен ауытқыған жағдайда уақыт мөлшерлемелері (16 кесте, 2 қосымша) және негізгі орындаушының еңбек шығындары (30 т.) (К) коэффициенттерімен түзетіледі. Жазып алынатын беттердің сан мөлшері мәтін мен кесте қабылданған өлшеуіштен 100 бетке көп болған жағдайларда (28 т.) мөлшерлеменің әр 20 пайызына К=1,15 көбейтіледі, жазып алынатын өлшеуіште қабылданған сан мөлшерден аз болған жағдайда төмендетілген коэффициент К=0,85 қолданылады. Отряд басшысының еңбек шығындарын есептегенде (30 т.) коэффициент қолданылмайды.

Параграф 2. Ақпарат көздерінен (қор, архивтегі және басылып шыққан материалдардан) алынған мәліметтерді жүйеге келтіру

32. Мәліметтерді жүйге келтіру электронды картотекаларда жүргізіледі, олар картотеканы құрастыру негізіне салынған бір белгі бойынша объект ақпараттарын сақтауға, келістіруге, топтастыруға, сұрыптауға (іздеуге) және беруге жағдай жасайды. Электронды картотекадағы әр жазба тек бір ақпарат объектісіне (далалық, зертхана құжаттамасы, сызбалар және т.с.с.) сәйкес келеді. Электронды картотекаға ақпарат енгізу компьютерге алдын – ала дайындалған тіркелетін құжаттарын, олардың ксеро – немесе фото көшірмелерін енгізу жолымен жүзеге асырылады. Деректердің максимал толықтығымен ерекшеленетін тірек сипаттамалар ғана көшіріледі.

33. Жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Әр ақпарат объектісі үшін жеке көрсеткіштердің міндетті минимумын жинау. Электронды картотекада ақпаратты орналастыру тәртібін жасап шығару. Электронды картотекаға ақпарат енгізу. Егер ол қажет болса қолданыстағы ақпаратты ықшамдау. Электронды картотеканы сұрыптау. Архивті файлды ауыспалы электронды тасымалдауышқа жазу.

34. Мәліметтерді жүйеге келтіру геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) отряд басшысының үлестік қатысуымен бір техник – геологпен (техник – гидрогеологпен және т.б.) орыналады, ол сәйкес дайындау – қорытынды опреацияларға және жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операцияларды атқарады.

35. Мөлшерлемелер мөлшерлеу объектісінен (мәтіндік сипаттамалар, кестелер, сызбалар) тәуелді орнатылған. Осының салдарынан мөлшерлемелер орнатылған өлшеуішпен өлшемі 207*147 мм 100 карточка қабылданған.

36. Негізгі жұмыс орындаушысы - техник - геологтың (техник - гидрогеологтың және т.б.) еңбек шығындары (адам - кезеңде) – сан жағынан мәліметтерді жүйеге келтірудің уақыт мөлшерлемелеріне тең (17 кесте , 2 қосымша). Геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) отряд басшысының еңбек шығындары - қабылданған өлшеуішке 0,05 адам – кезең құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет