«геоморфология және геология негіздері»



Pdf көрінісі
бет50/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

Әдістемелік ұсыныстар: Тапсырмаларды орындау үшін таужыныс
жинақтарын, Моос шкаласын, бисквит (фарфор сынықшасы), шыны, магнит,
тұзқышқылын қолданады. Жұмысты орындау реті: 1) таужынысының түсін
анықтау; 2) таужынысының құрылымын және бітімін анықтау; 3)
таужыныстарының минералдық құрамын анықтау; 4) анықтауыш бойынша
таужынысының атын және генезисін анықтау;
Қосымша әдебиет 5 [92-101], 8 .
Бақылау сұрақтары:
1. Шөгінді таужыныстары қандай топтарға бөлінеді?
2. Шөгінді таужыныстарының құрылымы?
3. Шөгінді таужыныстарының бітімі?
4. Шөгінді таужыныстарының түрлері?


67
8 лабораториялық жұмыс. Геологиялық карта және геологиялық қима.
Тапсырма: Геологиялық карта және оны рәсімдеу ережелерімен танысу.
Әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау үшін геологиялық карта,
геохронологиялық кесте, транспортир, миллиметровка, түсті қарындаштар.
Геологиялық картаны рәсімдеу үшін жұмысты орындау реті: 1) карта бойынша
жатыс қабатын анықтау; 2) геологиялық таужыныстар жасына сәйкес картаны
бояу; 3) шартты белгілерді құрастыру.
Негізгі әдебиет: 4 [396-410]
Қосымша әдебиет 8
Бақылау сұрақтары:
1. Географиялық картадан геологиялық картаның айырмашылығы қандай?
2. Геологиялық картада магмалық таужыныстар қалай бейнеленеді?
3. Геологиялық картада шөгінді таужыныстар қалай бейнеленеді?
4. Стратиграфиялық бағанада не көрсетіледі?
5. Таужыныстарының литологиялық құрамын қалай көрсетеді?
6. Геологиялық картада интрузиялық таужыныстарының құрамы қалай
көрсетіледі?
7. Геологиялық картада эффузиялық таужыныстарының құрамы қалай
көрсетіледі?
9 лабораториялық жұмыс. Геологиялық қима. Геологиялық қима тұрғызу.
Геоморфологиялық кескін.
Тапсырма: Геологиялық қима тұрғызып үйрену
Әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау үшін геологиялық карта,
геохронологиялық кесте, транспортир, миллиметровка, түсті қарындаштар.
Геологиялық қима тұрғызу жұмыстарын орындау реті: 1) берілген сызық
бойынша топографиялық кескін тұрғызу; 2) кескінге стратиграфиялық
бөліктемелерді түсіру; 3) қиманы тұрғызуды неғұрлым жас таужыныстарынан
бастау қажет; 4) қалыпты жатыста таужыныстарының құлауы әрқашан неғұрлым
жас таужыныстар жағына бағытталған, бірдей қабаттар қалыңдық шамасы
тұрақты; 5) қима геологиялық картаға сәйкес боялады.
Негізгі әдебиет: 4 [402]
Қосымша әдебиет 8 .
Бақылау сұрақтары:
1. Геологиялық картада қима қалай орналасады
2. Жылнамалық ретпен геологиялық дәуірлерді орналастырып, олардың
әріптік белгілерін орналастырыңыз.
3. Геохронологиялық ретпен эраларды атаңыз және олардың индекстерін
көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет