Георгиевка ауылдық округінің 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы есеп



Дата25.02.2016
өлшемі192.59 Kb.
#23802
Георгиевка ауылдық округінің 2009 жылғы

әлеуметтік – экономикалық даму

қорытындылары туралы есеп
Құрметті кездесуге қатысушылар!
Өткен есепті кездесуден бері бір жыл ішінде елімізде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясы мен «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауындағы бағыт-бағдарлары негізінде, экономикада, саяси жүйеде және әлеуметтік секторда келелі істер жалғасын тапты.

Әлемдік тәжірибені терең сараптап, сындарлы жолды ұстанған Елбасының ұтымды саясаты дүниені шарпыған дағдарыс тұсында да экономикалық тұрақтылықты сақтап, әрі қарай жедел дамуды ойластыруға мүмкіндік берді. Оны әр аймақтағы, оның ішінде біздің өңірдегі жұмыс нәтижесінен байқауға болады.

Қолданылып жатқан шаралардың негізінде Георгиевка ауылдық округі 2009 жылы әлеуметтік және экономикалық дамуында бірқатар жетістіктерге қол жеткізді.

2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша округте 12696 адам тұрады.

Елді мекендер саны – 6, Қыстақтар - 62

Калбатау ауылында – 10 473 адам

Жаңаөзенде – 1 464

Жіңішкеде - 54 адам

Бүрліағашта - 54

Батыр Қапай ауылында – 469

Ортабұлақта – 120 адам тұрады.

Аула саны – 3 309 (оның ішінде бос үйлер - 55)

Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 9

1941-1945 жылдары еңбек еткен азаматтар - 150

Ауған соғысының ардагерлері - 16

Чернобыль апатына қатысушылар-13


Ұлттық құрамы бойынша қазақтар – 11 195, басқа ұлттар – 1 501 адам, барлығы жиырма бір ұлттың өкілдері тату – тәтті тіршілік етуде.
Әлеуметтік, білім және мәдениет саласы
Округ аумағында 1 Мектеп- гимназия (Абай атындағы), 1 Интернат және 4 жалпы білім беретін мектеп (Маяковский атындағы, Георгиевка орта мектебі, Шакенов атындағы, Васильковка негізгі мектебі) бар.

Сондай-ақ, саз мектебі жеке ғимаратқа көшіріліп, қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Дәрігерлік мекемелер саны – 6 («Жарма ауданы бойынша № 1 дәрігерлік бірлестігі» МҚКК, «Азат» «Қалбатау» «Жаңаөзен» «Ақ ниет» «Денсаулық» амбулаториялары,)

Мәдениет мекемелері – 3 (Мәдениет үйі, кітапхана және мұражайы)

Балалар және жасөспірімдер үшін спорт мектебі жұмыс істейді.


Шағын және орта бизнес туралы
Кәсіпкерліктің, соның ішінде шағын және орта бизнестің дамуы қазіргі экономикалық саясаттың басты бағыттарының бірі. Округте шағын және орта бизнес жылдан жылға дамып келеді. 60 шаруа қожалығы, 19 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 198 сауда орыны, 70 халыққа қызмет көрсету орталығы (жеке бөліп айтсақ, 4 наубайхана, 5 тігін цехы, 2 жиһаз цехы, 2 түшпара цехы, 1 пима цехы, 1 кір жуу, 1 химиялық тазарту цехы, 1 ритуалдық қызмет 2 мейрамхана, 10 кафе, 8 асхана, 5 суретке түсіру салоны, 3 аяқ киім жөндеу шеберханасы, 5 шаштараз салоны, 5 нотариус, 1 баспахана, 2 адвокаттық кеңсе, 5 дәріхана, 7 жанар-жағар май құю стансасы) жұмыс істейді.

Салыстырмалы түрде 2008 жылы 253 сауда нүкте жұмыс жасаса, 2009 жылы оның саны 268 жетіп отыр.

2009 жылы 4 азық-түлік, 1 автобөлшек, 1 көкөніс дүкендері, 1 сауда үйі, 1 адвокаттық кеңсе, автобекет, кір жуу, химиялық тазарту цехы, 1 жанар-жағар май құю стансасы іске қосылып, 35 жұмыс орны ашылды.

Әлеуметтік әріптестік шеңберінде 36 шағын және орта бизнес субъектілерімен 14,2 млн. теңгеге меморандум бекітілді. Меморандум шарттары бүгінгі күнге толық орындалды. Оның ішінде: мектептердің 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 2083,0 мың теңге, білім саласын көркейтуге 6 млн. теңге, жазғы балалар демалысына 0,40 мың теңге мәдениет саласына 1млн.теңге, жол тазалау бойынша 1858 мың теңге, спорт саласына 2 млн.теңге, тұрмысы төмен отбасыларын қолдауға 0,100 мың. теңге, мерекелі және атаулы күндерді өткізуге 0,325 мың теңгенің көмегі көрсетілсе, басқа салаларға көрсетілген көмек көлемі 790 мың теңгені құрайды.

Апта сайын сауда орталықтары, базар және күнделікті жанар-жағар май стансаларына баға мониторингі жүргізіліп отыр. Құнсыздану үрдістерін тежеу, бағаны тұрақтандыру мәселелері үнемі қаралып бағаны бір қалыпта ұстау жөнінде меморандумдарға қол қойылды.

Баға өсуінің тұрақтандыру шараларының бірі ретінде күздік жәрмеңкелер өткізіліп, Өскемен, Семей қалаларында округ шаруа қожалықтарының ет, сүт өнімдері сатылды. Халықтың күнделікті тұтынатын азық – түлік ет, сүт, нан бағасы қалыпты деңгейде. Қазіргі таңда сауда кәсіпорындарында негізгі тұтыну тауарларының бағаларын тежеу, үстеме бағасын 10 пайыздан асырмау қадағалануда.

Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру бағдарламасы бойынша «Даму» қоры АҚ Шығыс Қазақстан филиалы тарапынан екінші деңгейдегі банктер арқылы Қалбатау ауылдық округі бойынша 3 жоба, жалпы сомасы 7,2 млн. теңге қаржыландырылды. Облыстық бюджет қаражатынан 1 жоба сомасы 1,2 млн.теңге оптика ашуға (Касымбеков Арман) қаржыландырылды, 2010 жылға шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруды тұрақтандыру бағдарламасына сәйкес 3 транш бойынша 3 жоба:

«Айжан» Шаруа қожалығы 5,0 млн.теңге,

Жеке кәсіпкер «Байгабылова» 2,5 млн.теңге, түшпара цехын ашуға,

Жеке кәсіпкер «Тойгылды» 5 млн.теңге дүкенді жабдықтауға бекітіліп отыр.



2010 жылға жоспар бойынша 4 жоба іске қосылмақ

Жеке кәсіпкер «Жанибекованың» мейрамханасы, жоба құны - 10,0 млн.теңге

ЖК «Уалиев», кафе - 7,0 млн.теңге

ЖК «Тойгылды» азық-түлік дүкені 6,0 млн.теңге

ЖК «Кабдырахманов» сауда үйі 15,0 млн.теңге

«Разий» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің азық-түлік дүкені 5,0 млн.теңге. Осы жобалардың іске қосылуымен 2010 жылы жаңадан 19 жұмыс орыны ашылмақ.

Насос жабдықтау зауытының өнім өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты басшыларына халық тұтынатын, халыққа керек құрал жабдықтар дайындау қажеттілігі туралы ұсыныс жасалған, бірақ әзірге нәтиже жоқ.

Электр жүйесі бойынша желілердің 10 шақырымы және қондырғылары күрделі жөндеуден өткізілді, әлі де жөндеу жұмыстары жалғастырылмақ.


2009 жылғы салықтың орындалу барысы туралы
Георгиевка ауылдық округінде жергілікті мүлік салығын төлеуші 3328 жеке тұлға тіркелген. Оның ішінде 397-сі әр түрі жеңілдік құжаттары бойынша мүлік салығынан босатылып, 2931 жеке тұлға салық төлеуші болып саналады. Сол сияқты жер салығы бойынша 3102, көлік құралдары бойынша 1342 салық төлеуші бар. Жергілікті салықтың барлық түрі бойынша бекітілген жылдық жоспар артығымен орындалып отыр.

Жеке салық түрлері бойынша алғанда, мүлік салығы 617734 теңгеге, жер салығы 1095015теңгеге, яғни 100 пайызға орындалса, көлік құралдары бойынша 6945056 теңгеге орындалып, 102,4 пайызға жетті.

Бір жолғы талон бойынша төлем ай сайын артығымен орындалып, жалпы көлемі 1488658 теңгені құрады, бұл жоспарланғаннан 115,0 пайыз. Округ бойынша жергілікті салықтың жоспары 2008 жылы 103,6 пайызға орындалып, 8900600 теңгені құраса, ал 2009 жылы 104,0 пайызға орындалып, 10 146463 теңгені құрап отыр.

Жер қорын тиімді пайдалану
2001 жылғы 16 шілдедегі, № 242-11 Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары туралы» заңының негізінде, үстіміздегі жылдың басынан Георгиевка ауылдық округі бойынша жалпы есеппен құрылыс салу және ғимараттарды қайта жарақтау жұмыстарын жүргізу үшін 128 өтініш түсіп, соның 72-сі қанағаттандырылды.

Жер қорын тиімді пайдалану мақсатында суармалы жер есебінде тұрған жерлер қайта түгендеуден өтіп, жаңадан құрылған су пайдаланушылар кооперативіне жерді тиімді қолдану міндеттеліп отыр

ДЭУ-28, «ДРСУ-9», ЖШС, «МГКП» мекемелері санитарлық қорғау аймағын белгілеу құжаттарын рәсімдеу үстінде.

Жұмысы тоқтап тұрған 13 мекемеден «Исабаев» ЖШС-гі 4-ші тоқсаннан бастап жұмысын жалғастырды, «Амир-спорт» ЖШС мекемесінің жабылуы туралы құжаттар облыстық әділет департаментіне тапсырылды. «Тұмар» ЖШС жеке кәсіпкерлікке ауысуына байланысты құжаттарын әзірлеуде.

Қалған жұмысы тоқтап тұрған 10 мекеменің тізімі ШҚО облыстық әділет департаментінің мәліметі негізінде, Жарма ауданы бойынша салық басқармасына тапсырылды.
Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс туралы
Округ бойынша төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөнінде қомиссия құрамы бекітілген.

2009 жылғы көктемдегі су тасқынына дайындық туралы іс шаралардың жоспары бойынша Шар, Ортабұлақ су қоймасының жоғарғы бетін қардан тазалау, барлық гидротехникалық құрылыстардың тасқын суды қабылдау дайындығына бақылау жұмыстары жүргізілді. Шар, Ханым өзендерінің жағалауларындағы су тасқыны қаупі бар жерлер анықталған.

Су қоймасындағы көлемінен артылып жиналған суды жоюдың жолдары үнемі бақылауға алынған, Қалбатау ауылындағы арықтардың, өткелдердің, көшелердің қалың қардан тазартылуы, Жаңа-өзен, Бүрліағаш, Қапай-Батыр, Ортабұлақ ауылдарының көпірлерін қардан тазалап, өзен арналарын қалпына келтіру, Георгиевка округіне қарасты жол жиегіндегі қалың қар мен қатқан мұздарды тазалап су ағар жасап, қарды ауыл сыртына тасу, тиеу, бетон, плита, топырақ дайындау жұмыстарына жауапты адамдар тағайындалып, су тасқыны қаупін болдырмау іс шаралары бақылауға алынып, пайдаланылатын техника мен құрал жабдықтары бар «РУТ», «ДРСУ-9», «Арго», «Жарма ауданының көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны», «ДЭУ-28» мекемелерімен келісім шарт жасалынған.

Дала өрттерінің алдын алу және жою туралы жасалынған жоспардың негізінде округте шаруа қожалықтары мен жеке адамдардан ерікті жасақ мүшелері құрылған. Меншік нысанына қарамастан кәсіпорын, мекемелерде, Жаңаөзен. Бүрліағаш, Қапай-Батыр, Ортабұлақ, Жіңішке ауылдарында өрт қаупінің алдын алу шаралары жоспарлы түрде ұйымдастырылып, күнделікті бақылауда.


«Жол картасы» жобасы туралы
2009 жылы Елбасы Жолдауына орай ауқымды да маңызды іс-шара «Жол картасы» бағдарламасы іске асырылды. Оның басты мақсаты - өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын жүзеге асыру және жұмыссыз жүрген азаматтарға жұмыс орындарын ашу.

Бағдарлама бойынша «Георгиевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 6018,0 мың теңге қаражат бөлініп, аудан әкімінің тікелей қолдауымен бірқатар әлеуметтік мәселелер шешімін тапты.

Бірінші жоба: «Қалбатау ауылының орталық көшесіне 3,6 км жарықтандыру орнату». Бұл жобаны жүзеге асыру үшін, 2518,0 мың теңге қаражат бөлініп, 20 жұмыс орны ашылды.

Екінші жоба: «Қалбатау ауылындағы орталық саябақта Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге және Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға мемориал орнату». Бұл жоба бойынша 2500,0 мың теңге қаражат игеріліп, 20 жұмыс орны ашылды.

Үшінші жоба: «Достық көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу». Бұл жобаны жүзеге асыру үшін, 1000,0 мың теңге қаражат бөлінді және 8 жұмыс орыны ашылды. Қалбатау ауылындағы Әлімбетов көшесін жарықтандыруға жергілікті бюджеттен қосымша 2848,0 мың теңге бөлінді. Бұл жобаның ұзындығы 3,6 км құрайды. Сонымен қатар Достық және Әлімбетов көшелерінің жолдарын жөндеу үшін 4000,0 мың теңге бөлінді.

2010 жылы «Жол картасы» жобасы аясында біздің округ бойынша 35085,0 мың теңгенің жұмыстары атқарылмақ.

Бірінші жоба: Қалбатау ауылындағы Достық, Әлімбетов, Қабанбай, Абай көшелерін (жиыны 6,6 км.) жарықтандыруды аяқтау. 12 жұмыс орыны ашылады.

Екінші жоба: Қалбатау ауылының орталық саябағында футбол ойыны алаңын жөндеу. 18 жұмыс орыны ашылады.

Үшінші жоба: Қалбатау ауылының орталық саябағына балалар ойын алаңын құру. 4 жұмыссыз адам жұмысқа орналастырылады.

Төртінші жоба: Қалбатау ауылының орталық саябағында Саяси қуғын- сүргін құрбандарына мемориал орнату.

Бесінші жоба: Қабанбай көшесінің жолдарын жөндеу. Бұл жоба «Жарма ауданының тұрғын үй және коммуналды шаруашылық бөлімі» ММ-сі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бала бақшаны жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары жоспарланып отыр. 74 жұмыс орыны ашылады.
Ауыл шаруашылығы
Георгиевка ауылдық округі бойынша дағдарыс әсеріне қарамастан, ауыл шаруашылығында тұрақтылық сақталып, мал басының саны жылдағы мөлшерден кеміген жоқ.

Атап айтқанда:

1.Ірі қара – 7009 бас

онын ішінде аналық – 3569

2.Қой-ешкі – 23867 бас

онын ішінде аналығы – 10701

3.Жылқы – 1606,

Шошқа – 300 басты құрап отыр.

Өндірілген ауыл шаруашылық өнімдері:

1.Жұмыртқа – 718400 дана

2.Қырқылған жүн – 457 цн

3.Сатылған ет тірі салмақпен –

4.Сауылған сиыр сүті – 75413 цн

Округте өткен 2009 жылы 1675га жерге дәнді дақылдар егіліп, жиналып қамбаға құйылды, онын ішінде:

1.Бидай – 1266га – алынған өнім 1866 тн, гектарынан - 14,7центнер

2.Арпа – 409га – алынған өнім 514тн, гектарынан – 10,1ц/га

3.Күнбағыс – 1410га, алынған өнім – 771тн, гектарынан 5,4ц/га

4.Картоп – 194,6 га, алынған өнім – 3136тн, гектарынан – 161ц/га

5.Көкөніс – 15га, алынған өнім – 258тн, гектарынан – 127ц/га

Округ халқын көкөніс, картоппен қамтамасыз етуде шет елден келген қандастарымыз көп үлес қосты, сонын ішінде Қапай батыр ауылында «Жана – Ел» шаруа қожалығын құрған Төлеухан Мәкеш 350 га жеріне тағы қосымша жер алып

30 га картоп егіп, гектарынан 146 цн алып, 200 га күнбағыс, 85 га бидай егіп өз еңбегінің жемісін көрсете білді. Қалбатау ауылынан: Тойғұлды Тоқтыбай, Жана-Өзен ауылынан, Беделхан Аяубек, Қалыш Кұрман, Кәрім Бүркітхан, Мәнжу Әділ тағы басқа адамдар егістік жер алып еңбек етуде. Көп жылдық шөп егіп (жонышқа) суарып 2 рет орып әр гектарынан 20 цн өнім алып қатаң азықпен өздерін толық қамтамасыз етті. Шетелден келген туыстарға 268 га шабындық, 700 га егістік жер бөлініп беріліп, еңбек етуге жағдай жасалынған. Өткен жылы округте бойдақ малдарды қырға шығарып бағуға 10мың га жер бөлінді. Қапай – Батыр ауылынан 4 табын, оның екеуін оралмандар бағады. Қалбатау ауылынан 4 табын, Жана - Өзен ауылынан 4 табын онын екеуін оралмандар бағып, күз айында жоғарғы қондылықпен иелеріне тапсырады. Сонымен қатар тұқым сапасын жақсарту мақсатында, округте қолдан ұрықтандыру пункті ұйымдастырылып, маман Қайрат Сапаров жұмыс атқарып жатыр. Осы өткен жылы 316 бас ірі қара мал қолдан, 260 бас ірі қара мал сұрыптаудан өткен бұқалармен ұрықтандырылды. Тұтынушыларға таза табиғи ет жеткізу мақсатында, «Қалбатау» ет комбинатында, муниципиалды базарда, Қапай – Батыр ауылындағы «Еңбек» шаруа қожалығында мал сою алаңдары ашылып жұмыс істеп тұр.

Егін шаруашылығының өнімін арттыру, топырақтың құнарлылығын жақсарту, ылғалды сақтау, арам шөппен күресу мақсатында «Арго», «Расцвет», «Жана – Ел», «Аман – Есен» шаруа қожалықтары жаңа технологиямен жұмыс жасауда. «Арго» ш/қ АПК – 7,2, «Енесей - 2100» комбайнымен, «Расцвет» ш/қ МТЗ – 82 тракторымен, «Жана – Ел» ш/қ . Қытай Халық Республикасынан (КХР) әкелінген жана құралдармен жұмыс атқаруда.

Округте СВПК (су пайдаланушылардын селолық тұтынушылар кооперативі) ашылып, жұмыс жасауда. Оған 27 шаруа қожалығы кіріп 3813 га шабындық жерді суарып өнім алып отыр. Басшысы Серік Келденов ауыл тұрғындармен жұмыс жасауда. Осы суармалы жерлерден өндірілген көкөніс, картоп, тағы басқа өнімдер Қалбатау, Шар, Жанғыз – Төбе, Өскемен, Семей, Әуезов сияқты қалалар мен кенттерде базарларда арзан бағамен халыққа сатылды.

Округте шаруа қожалықтарымен меморандумға қол қойылып, мектептердің 1-4 сынып оқушыларына 750 мың теңгенің азық-түлігі бөлінді.

Мал шаруашылығының тұқымы мен сапасын жақсарту, егін шаруашылығына жана техникалар, өндейтін цехтар ашу мақсатында, «Жарма – Несие» несие серіктестігінен 8 шаруа қожалығы 14 млн – 051 мың тенге, мал шаруашылығына, «Мерей» шаруа қожалығы 1 млн 200 мың, егін шаруашылығына 11 млн 550 мың, Б.Разиев ет өңдейтін, мал соятын орын салуға несие алып отыр. Барлығы округ бойынша 26 млн 801мың тенге. Биылғы жылы көкөніс, картоп өнімдерін көбейтіп, сақтайтын қойма салу жоспарлануда.

Қапай – Батыр, Жаңа - Өзен ауылдарында бұл жұмыстар қолға алынып, дайындық жүргізілуде. Мал ауруларының алдын алу, сапалы емдеу мақсатында Қалбатау ауылында 4 мал егу (раскол) орындарын ашу көзделініп отыр.



Мәдениет саласы
Округте қоғамдық ұйымдардың қатысуымен әр түрлі игі жұмыстар атқарылуда, әр мерекеде қарттарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар таратылады, жыл сайын мүгедектер мен зейнеткерлерді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тегін газетке жазу жүргізілуде.

Жаңарған Қазақстандағы жасампаз істерді жүзеге асырушы біздер үшін азаттықты аңсаған, сол жолда қан төккен асыл ерлердің рухына бас иіп, қастерлеу-үлкен парыз. Бұл ретте қазақ тарихын зерделеу жөніндегі ынталы топ мүшелерінің демеушілігімен сонау ХҮІІІ ғасырда қазақ елінің бостандығы жолында қан төккен, айбынды батыр, әйгілі қолбасшы Ер Жәнібек ескерткіш кешені бой көтерді. Ашылу рәсімі аудан, округ көлемінде лайықты деңгейде аталып өтті. Ауылдағы «Спутник» кинотеатры аудан теңгеріміне аударылды. Үстіміздегі жылы «Жастар» орталығын ашу көзделіп отыр. Спорт сарайының жобасы дайын, даңқты жерлесіміз Дәулет Тұрлыханов «Туған елге тағзым» аясында осы құрылысты бастауды жоспарлауда. Облыс, аудан әкімінің қолдауымен аудан орталығындағы балабақша өз мақсаты бойынша пайдалану үшін қайтарылды. Алдағы уақытта оның іске қосылуы ауылымыз үшін аса өткір мәселенің бірі – сәбилерді балабақшамен қамтуға біршама оң әсерін тигізбек.

Аудандық көркемөнерпаздар байқауында Абай мектеп – гимназиясының, Георгиевка, Маяковский, Шакенов атындағы орта мектептердің және музыкалық мектеп ұстаздарының, оқушыларының қатысуымен округ бірінші орын алды.

Көңілді тапқырлар клубы – 2009 сайыс ойындарының қорытындысы бойынша Абай атындағы мектеп – гимназиясының ұжымы жүлделі 1 – ші орынға ие болды, Георгиевка орта мектебі 2 – ші орынды иеленді.

Тамыз айының 19 – 22 аралығында аудан әкімінің жүлдесіне, Б.Тұрлыханов атындағы БЖСМ – нің 40 – жылдығына арналған V халықтық спорт ойындары өткізілді. Төрт күн өткізілген ойындар қорытындысы бойынша біздің округ жүлделі 1 – ші орынды жеңіп алды. 30 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған округтер арасында шағын – футболдан аудан турнирі өткізілді, округтен «Қалбатау» командасы қатысты.

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай 17 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде «Тіл – достықтың кепілі» атты мереке өткізілді. Мерекеге округтегі мектептер белсене қатысып, әр ұлт өкілдерінің дәстүрімен таныстырды.

«Туған жерге тағзым ет» деген ұранмен Аудандық мәдениет үйінде Семей қаласынан Абай театры келіп өз өнерлерін көрсетті. Қараша айында округте жастарға үлгі боларлық еңбек майталманы Ж.Келденов атына берілген көшеге ескерткіш тақта орнатылып, ашылуы салтанатты түрде өтті. «Қайырымдылық» акциясы аясында «Ақерке арманы» атты әншілер тобының концертін ұйымдастыруға көмек көрсетілді.

«Сайра, сырнай» байқауына округтен 8 өнерпаз қатысып, ынталандыру сыйлықтары мен мақтау грамоталарына ие болды. Жаңа жыл қарсаңында округтегі мемлекеттік мекемелер арасында Жанаөзен ауылындағы «Мейірім» сауықтыру лагерінде Жаңа жыл мерекесіне арналған сайыс ойындары өткізілді.

Республикасы Президентінің Жолдауын тұрғындар арасында насихаттау бойынша бес ақпараттық – насихаттау топтары құрылып, белсенді жұмыс жүргізуде.

Тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатымен округ бойынша 1384 дана «Қалба тынысы», 250 дана «Дидар», 378 дана «Рудный Алтай» газеттеріне жазылу жүргізілді. Бұл көрсеткіштер жылдан-жылға жоғарлап келеді. Аппараттың әр маманы өз жұмысын аудандық газеттің бетіне жариялап отырады. Бұл шара жүйелі түрде өткізіледі, сондықтан біздің қызметіміз жайлы «Қалба-тынысы» газетінен үнемі танысуларыңызға болады.


Білім беру және балаларды тәрбиелеу ісі
Ел болашағы - білімді жастар тәрбилеу ісінің оқ бойы озық тұруы округ әкімінің аппаратының күн тәртібінен түскен емес.

Аппарат қызметкерлері білім беру және балаларды тәрбиелеу саласында мектептермен тығыз қарым – қатынаста жұмыс істейді. Мектеп түлектерінің басты сынақ-ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары бойынша нәтижелері анағұрлым жақсаруда. Абай атындағы мектеп-гимназия 3 жыл қатар бірінші орын иегері болуына байланысты, конкурстан тыс оқу орны болып есептеледі. Аудан мектептерінің рейтингі бойынша Георгиевка орта мектебі – Гран – при, Маяковский атындағы мектеп бірінші орын алды.

Облыс әкімінің тапсырмасын орындау барысында округ мектептерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін, бюджеттен 5 977 000 теңге бөлінді. Ыстық тамақ беруді Шакенов мектебінде жеке кәсіпкер Алия Садықова, Абай мектеп – гимназиясында Рыскул Сапарова, Георгиевка орта мектебінде Айгүл Жүнісова, Маяковский мектебінде Светлана Кожевникова ұйымдастырады. Васильковка негізгі мектебінде ыстық тамақ әзірлеп, беретін асхана болмағандықтан, мектептен тыс жерге ұйымдастыру жолдары қарастырылуда. Бүгінгі күні халықты 100 пайыз ақпараттандыру мақсаты қойылып отыр. Әрине бұл тапсырысты орындау барысында біз білім беру саласының қызметкерлеріне көп үміт артамыз. Әр тұрғынның компьютер арқылы керекті мәліметтер, қызметтер алуға мүмкіншілігі болу қажет. 2008-2009 жылы мемлекеттік қызметшілермен қатар, жұмыссыздар тегін компьютер курстарында оқып, сертификаттарын алды. Бұл бірінші қадам. Тұрғындарға қызмет көрсету орталығына қоғамдық қол жетімділік пункті қойылды. Ол сенсорлық компьютер. Болашақта осындай компьтерлер бірнеше жерге орнатылады.

Денсаулық сақтау саласында округте № 1 аудандық дәрігерлік бірлестік, 3 ЖДА (жанұялық дәрігерлік амбулатория), 2 дәрігерлік амбулатория, және 2 фельдшерлік пункт бар. Тұрғындарға 6 дәріхана, 5 тіс жөндейтін кабинет қызмет көрсетеді. Барлық денсаулық сақтау мекемелері тәжірибелі мамандармен толық қамтамасыз етілген. Тұрғындардың арасында аурулардың алдын-алу жұмыстары толық жүргізіледі.

Бүгінгі таңда «Ромат» фармацевтикалық фирмасына орталықтан жер бөлініп, дәріхана кешені салынады. Дәрігерлер бүгінгі күні медициналық қарауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның аясында жастары 16 мен 49 арасындағы әйел адамдарды дәрігерлік қарау, ісік ауруларының алдын-алу, жастары 18-ге дейінгі балаларды медициналық қараудан өткізуін ұйымдастырды. Алайда, тұрғындардың уақытында дәрігерге қаралмауы, ауруды асқындырады. Осы жағдай әсіресе жүкті әйелдерге, қатерлі науқас түрлеріне, қант диабеті ауруларына көп қауіп төндіреді.

Орталық ауруханада нәрестелер үшін реанимация және интенсивті терапия палатасы, эндоскопиялық кабинет ашылып, теледәрігерлік кабинеті әзірленді.

Болашақта медицина кластері ұйымдастыру көзделеді: яғни бір дәрігер өз пациентін туғаннан бастап, ауырған күні және әбден жазылған күнге дейін бақылауға алса, нәтижесі мәлім болады.

Салауатты өмір салтының мақсаты - тұрғындарды балалалық шағынан спортқа бейімдеу. Округте осы салада барлық жағдай жасалған – балалар, жасөспірімдер спорт мектебі, «Мейірім» спорт базасы, орталық саябақтағы, мектептердегі мұз айдындары, стадиондар жұмыс істейді. Жылдан жылға спортпен айналысушылар қатары көбеюде.

Әлеуметтік қорғау саласында көмектің барынша нысаналы болуы және әлжуаз топтарға қолдау жасау-Елбасымыздың бүгінгі әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында алдымызға қойып отырған негізгі міндеттердің бірі. Округ бойынша әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 983 адамға 5,8 млн. теңгенің тұрғын үй көмегі көрсетілді.

18 жасқа дейінгі төленетін мемлекеттік жәрдем ақыға 13,3 млн теңге бөлініп, 1178 адамға осы көмек берілді, материалдық жәрдем ақыға 1,1 млн. теңге бөлініп, 173 адамға жәрдем ақы берілді. 733 адамға 5,3 млн. теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбастарына 11,9 млн. теңге бөлінді, әл-ауқаты төмен 159 жанұя, яғни 712 адамға жәрдемақы төленді. Жалғызбасты 89 зейнеткерге қарттар күніне азық-түлік пакеттері табыс етілді. Қызыл крест қайырымдылық қорынан 105 отбасына 500 кг киім-кешек үлестіріліп таратылды. Жаңа жыл мейрамына 250 бүлдіршінге сыйлық таратылды.


Елді мекендерді көркейту

Округ бойынша елді-мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары үнемі жүргізіледі. Аппарат қызметкерлері мекемелермен бірлесіп айына екі рет рейдтер өткізіп, қоқыс алаңдарының жоюын қадағалайды. Бұл жұмыс 2008 жылдан бері жүйелі жолға қойылған.

Ауған соғысына және Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқандарға аллея салынып, қысқы мұз айдыны, волейбол, баскетбол алаңдары, жазғы би алаңы жөнделді. Орталық саябақ жарықтандырылып, тротуар жөнделіп, көшелерді түнде жанып тұратын иллюминациямен әшекейлеу жұмыстары жалғасты.

Аудан бюджетінен ауыл маңы мен көшелерді қардан, қалдық қоқыстардан тазарту үшін көпсалалы коммуналдық мекемеге екі МТЗ тракторын алуға көмек көрсетілсе деген ұсыныс білдіреміз.


Георгиевка ауылдық округі әкімі аппараты үстіміздегі жылы төмендегідей жұмыстар атқаруды жоспарлап отыр:

- мал шаруашылығында асыл тұқымды мал басының үлесін арттыру;

- ұсақ шаруа қожалықтарының басын қосып, ірілендіру;

- тұрғындарды жайылым, шабындық, егістік жермен қамтамасыз ету;

- шағын және орта бизнесті дамыту арқылы салық базасын кеңейту;

- тұрғындарды әлеуметтік қолдау Бағдарламасын жүзеге асырып, жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру;

- Пайдалануға берілген су құбырының әр аулаға тартылуын қамтамасыз ету. 2010 жылы 500 үйге су құбырын тартуды жүзеге асыру.

- елді мекендер ішіндегі жолдарды жөндеу.


Бүкіл әлемді шарпыған қаржы дағдарысынан еліміз бірлік арқылы тірлік жасап, қиналмай шығып келеді. Тіл мен діл, салт дәстүр мен дінді құрметтеу рухында жастардың және қоғамның интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, еліміздің индустриялық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ету -баршамызға жүктелген іс.

Халықтың әл- ауқатын арттыруға бағытталған ортақ мақсаттағы еңбегіміз жемісті болсын.



Әрбір шаңыраққа шаттық пен қуаныш, бақыт пен береке, татулық пен сыйластық орнығуына тілектеспін. Назарларыңызға рахмет.

05.01.2010.

Округ әкімінің есеп беру

жиналыстарын өткізуге дайындық жүргізу


Жиналыс өткізетін ғимаратта оның ішінде:
1.Жиналыс өтетіндігі жөнінде хабарлама
2.Жолдарды қардан тазарту, кезекші техника даярлау
3. Тазалық.
4. Жылу сақтау.
5. Жиынға қатысушыларға жетерлік орын,
6. Президиум, орындық
7. Мінбе, жарық лампа,
8. Ұсыныстар жәшігі
9. Сусын, бокал
10.Хатшының столы
11.Телефон байланысы
12.2009 жылдық көрсеткіштер диаграммасы (ауыл шаруашылығы, әлеуметтік жағдай, зейнетақы, көп балалы жанұялардың жәрдемақысы, ҰОС және оларға теңелгендер, мүгедектер, жалғызбастыларға көмек беру) жасалсын.
13.Жиналыс болар күні жәшіктер ашылып, сұрақтар бір жүйеге келтірілсін.
14.Ұсыныстар мен ескертпелер үшін жәшіктер қойылсын.


«БЕКІТЕМІН»

Георгиевка ауылдық округінің

әкімі________А.Тоқтаров

05.01.2010 жыл


2010 жылғы

Георгиевка ауылдық округі әкімінің тұрғындарымен

кездесулерінің

КЕСТЕСІ



Р/с


Күні

Сағаты

Өткізу

орыны

Жауаптылар (кездесу өтетін залды дайындау 8-10 қаңтар аралығында), қатысушылардың келуін қамтамассыз ету, хаттамасын жазу, сөз сөйлеушілерді дайындау, тұрғындарға «Ұсыныстар мен ескертпелер үшін»жәшіктер қою)

1

2

3

4

5

1

11 қаңтар

10-00

Қапай Батыр

Мекишева М.

2

11 қаңтар

15-00

Ортабұлақ

Жакиянова Н.

3

12 қаңтар

10-00

Бүрліағаш

Тышжанов Н.

4

12 қаңтар

15-00

Жіңішке

Тайшегирова Р.

5

13 қаңтар

15-00

Жаңаөзен

Тайшегирова Р.

6

14 қаңтар

10-00

Мәдениет үйі

Косабаева С.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет