Химиялық өнеркәсіптің келесі негізгі өндірістерін ажыратады:
- бейорганикалық қышқылдар, негіздер, тұздар және басқа да бейорганикалық қосылыстар шығаратын негізгі химия өндірісі;
- органикалық синтез кәсіпорындары, бұнда органикалық заттардың көптеген түрін өндіреді: қышқылдар, спирттер, еріткіштер;
- жасанды және синтетикалық талшықтар, жіптер – лавсан, капрон, вискоз және т.б. өндірістері;
- синтетикалық каучук, пластмасса, синтетикалық шайыр шығаратын өндірістер;
- резиналық аяқ-киімдер, резинатехникалық бұйымдар және шиналар өндіретін кәсіпорындар;
- анилин бояулары, лакбояу материалдарын шығаратын өндірістер;
- дәрі-дәрмек және басқа препараттар шығаратын химико-фармацевтикалық зауыттар;
- минералды тыңайтқыштар және пестицидтер өндіретін зауыттар мен комбинаттар.
Химиялық өндірістің көп түрлілігіне қарамастан олардың ортақ қасиеттері көп.
Гигиеналық жіктеу бойынша барлық технологиялық процестер және операциялар келесі кезеңдерге бөлінеді:
- Дайындық операциялары (ұсақтау, дозалау, бастапқы материалдарды фракцияларға бөлу және елеу, тасымалдау).
- Химиялық процестер (тотығу, тотықсыздану, хлорлау, нитраттау, электрохимиялық процестер және т.б.).
- Химиялық компоненттерін бөлу (ректификация, центрифугалау, фильтрация, экстракция, кристаллизация және т.б.).
- Қорытынды операциялар (кептіру, ұсақтау, орап қаптау және сақтау).
- Қосымша операциялар (технологиялық сынамалар алу, катализаторларды ауыстыру, алдын алу және апаттық жөндеу жұмыстары және т.с.с.).
Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы
Технологиялық процестер өзінің сипаты бойынша
- кезеңдік және үздіксіз,
- көп кезеңді және аз кезеңді,
- горизонтальды және вертикальды
болып бөлінеді.
Қазіргі заманғы ірі тонналық өндірістің көбіне тұйық үздіксіз циклдар тән, бұл цикл қоршаған орта және жұмыс зонасы ауасына зиянды зат бөлінуін болдырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |