Гүлмира Баялиева, Айгуль Утепбергенова,
филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ
мемлекеттік университетінің доценті тілі мен әдебиеті мамандығының
2-курс магистранты
«А.Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» шығармасы және қазіргі әдеби тіл»
Х-ХI ғасырлар түркі халықтары үшін өте маңызды әлеуметтік оқиғаларға толы ғасырлар болды. Олардың әрқайсысы жеке-жеке халық ретінде қалыптаса бастады, өз алдына отау тікті. Бұл дәуірдің ең басты ерекшелігі: баршаға ортақ түркі тілінен бөлініп, дербес тілдер қалыптаса бастады. Бұған халықтардың әлеуметтік даму дәрежесі, орналасқан географиялық ортасы, тіл дербестігі, діни нанымдары т.б. қозғаушы күштері себепші болды. Орта ғасырлардағы түркі тайпаларының дамуына да осындай факторлардың үлкен әсері болды. Осы тұрғыдан алып қарасақ, түркі тілдерінің дамуындағы X-XV ғ. Аралығын екіге бөлуге болады: 1) қараханидтер (X-XII ғасыр) және 2) монғолдар (XIII-XV) дәуірі.
Жетісу өлкесінде X ғасырда айналасына күшті ықпал жасап, алыс- жақынды билеп- төстеп отырған оғыздар өмір сүрген. Оларға дейінгі болған қарлұқтар туралы алғашқы дерек V ғ. ортасынан бастап кездеседі.
Қарлұқтар өте кең территорияны иемденеді. Олар Шаш өлкесі (Ташкент) мен Балқаш, Ыстықкөл айналасына дейінгі ұланғайыр аралықты мекендеген. Жер көлемінің алшақтығынан да болуы мүмкін екі орталығы болған: оның бірі- Баласағұн қаласы, екіншісі- Қашғар қаласы.
Қарлұқтар түркі тілдерінің әртүрлі диалектісінде сөйлеген.
Қараханидтердің құрамына кірген қарлұқтардан кейінгі үлкен тайпаның бірі- шігілдер [1].
Қараханидтердің құрамына кірген үшінші тайпа- яғмалар. Бұлар да өздерінің тілін таза сақтап келгендердің бірі. Олар Ыстықкөлден Қашқарға дейінгі жерлерде көшіп- қонып жүрген, негізгі тұрағы- Шығыс Түркістан.
Түркілер арасында үлкен роль атқарған- оғыздар болды. Оғыздар өздерінің бірлестігін Жетісуда құрған болатын. IX-X ғасырларда оғыздар қазіргі Батыс Қазақстан территориясында шоғырланып, өздерінің алғашқы мемлекетін құра бастады. Мысалы, өзбек тілшілері Шымкент болысының Созақ, Сайрам, Қарамұрт елді мекендерінде тұратын өзбектерді өзбек тілінің оғыз диалектісінде сөйлейді, олар сол көне оғыздардың ұрпақтары деген пікірді айтады [2].
Әдеби тілдің мәнін айқындап, өзіндік белгілерін саралап, оның тарихына қатысты негізгі мәселелрдің басын ашып, ғылыми тұжырым жасау үшін әдеби тілдің өзін, оның өзіндік ерекшеліктері қандай екенін дұрыс анықтап алу қажет. Яғни әдеби тіл деп нені түсінеміз?
Орыс тіл білімінде әдеби тілге байланысты біраздан бері қалыптасқан дәстүрлі тұжырымдар бар. Мәселен, белгілі тіл маманы О.С.Ахманованың «Лингвистикалық терминдер сөздігінде»: «Әдеби тіл дегеніміз белгілі бір қалыпқа түскен, диалектілер мен қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда жалпыға бірдей міндетті және «дұрыс» деп қабылданған нормасы бар тіл» деген анықтама беріледі.
Осыған жақын анықтама Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленковалардың «Лингвистикалық терминдердің анықтама сөздігінде» де кездеседі. Олар әдеби тілді «халықтың әр қилы мәдени қажеттілігіне қызмет ететін нормаланған тіл яғни көркем әдебиеттің, публицистикалық шығармалар мен мерзімді баспасөздің, радио, театр, ғылым, мемлекеттік ұйымдардың т.б. тілі» деп айқындайды [3, 12].
Ал, «Қазақ әдеби тілі тарихы» атты 1968 жылғы оқулық авторлары «Әдеби тіл дегеніміз- жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл» деген анықтама береді де, тілдің әдеби болуы үшін төмендегі белгілердің болуын міндетті деп санайды:
-
Әдеби тіл, ең алдымен, жазба тіл болуы керек, ол жазу арқылы ғана қалыптасады;
-
Әдеби тіл нормаланған болуы керек;
-
Әдеби тілдің стильдік тармақтары болуы керек;
-
«Әдеби тіл- қоғамдық қызметі ерекше тіл» [4, 5].
Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Ғалымдардың бір жартысы, әдеби тілдің тарихы көне дәуірден, яғни Орхон-Енисей көне түркі жахбаларынан басталады десе, бір жартысы XIX ғасырдың екінші жартысынан, яғни Абай дәуірінен басталады дейді. М.Балақаев өзінің «Қазақ әдеби тілі» атты еңбегінде: «Формирование казахского литературного языка связано с появлением письменности» дейді [5, 14].
Қазақ әдеби тілінің тарихы және қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеуде ескерткіштердің атқаратын қызметі зор. Соның ішінде XI-XIV ғғ. ескерткіштерінің түркі тілдерінің тарихындағы алатын орны аса маңызды. Ескерткіштер кітаби дәстүрдің кең таралуына түрткі болып, түркі тілдерінің өзара әсерлесуін туғызып, ауызекі тілдің жазба тілге ықпалын айқындауда баға жетпес рөл атқарады. Әсіресе түркі тілдеріндегі қыпшақтық, қарлұқтық, оғыздық белгілерді айыра тануда ескерткіштерді, ескерткіштер тілінен алынған фактіні пайдалану қажеттілігі үнемі туындайды. Кез келген тарихи тілдік талдаудың ескерткіштер тілімен байланысып жатуы, хронологиялық шектің сақталуы, сабақтастықтың жүйелі ұшырасуын іздеу осы қажеттіліктің тікелей салдары екені сөзсіз. Өйткені кез келген ескерткіштен алынған әлдебір кездейсоқ мысалмен тілдің тарихын жасау мүмкін емес. Сондықтан Орта Азия мен Дешті-и-Қыпшақты мекен еткен түркі халықтары үшін XI-XIV ғғ. жазба ескерткіштерді танып-білу ешқашан маңызын жоймайды. Бұл дәуірдің өте күрделі дәуір саналуының себебі аталмыш дәуір ескерткіштерінің аз зерттелуіне барып тіреледі және кітаби тіл мен оның кең өрістеуінің тарихи шарттылығымен байланысты.
XI- XII ғасырлардан бізге жеткен жазба нұсқаларға Юсуф Баласағұнның «Құтадғу білік» (1069 ж.) дастаны, М.Қашқаридың «Дивану лұғат- ит түрк» (1072- 74 жж.) кітабымен, А. Иүгүнекидің «һибат- ул- өакайық» еңбегі, А. Яссауидің шығармалары, құран тәпсірлері жатады [6, 66].
Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі адам баласын тәрбиелеуде таптырмайтын туындылардың бірі. Өйткені, дастанда білім-ғылым, білім, білімсіздік, әдептілік жайы, адам бойындағы ізгілік қасиеттер (жомарттық, сараңдық, тәкаппарлық, өр көкіректілік) өте ұтымды қозғалған. Жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан мына біздер үшін бұл еңбек- ұрпақ тәрбиесіне және адам баласы өз-өзін тәрбиелеуге таптырмайтын құрал.
Қарахан дәуірінің XII ғасырындағы ірі тарихи жазбалары болып есептелетін «Ақиқат сыйы» шығармасында жазылған орта ғасыр мен қазіргі қазақ әдеби тілдерінде ұқсастықтармен қатар өзгешеліктердің барлығын байқадық.
-
Дастанда:
|
Қазіргі әдеби тілімізде:
|
1.'adl
2. ' ajaq
3. ana
4. ‘ aql
5. ‘ arab
6. at
7. atlas
8. az
9. ‘azab
10. azad
11. ädäb
12. ämr
13. baycä
14. bahalïγ
15. bahasïz
16. bajlïq
17. bar
18. baχt
19. bil
20. biligsiz
21. birlïq
22. biz
23. börk
24. böz
25. burun
26. dinar
27. dost
28. dostluq
27. el
28. ertä
29. ešit
30. fil
31. gühär
32. gül
33. härkim
34. häzl
35. 'ibadät
36. islam
37. izdä
38. jad
39. jaχšï
40. jel
41. jemišsiz
42. ju
43. jumšaq
44. kečä
45. kečür
46. kejim
47. keŋ
48. keräk
49. keräksiz
50. kes
51. kir
52. kišilik
53. kitab
54. körk
55. körksüz
56. kül
57. ma'nï
58. mäkan
59. meŋ
60. mizah
61. mürad
62. namaz
63. ölüg
64. 'ömür
65. 'ömürlüg
66. qadr
67. qaza
68. qïlïq
69. qol
70. quč
71. qulaq tut
72. qutsiz
73. san I
74. san II
75. sana
76. sančïl
77. sat
78. sälam
79. säpät
80. sijasät
81. sir
82. sïγïš
83. soŋ
84. söküš
85. söŋük
86. söz
87. šah
88. šärab
89. šifa '
90. tabi' at
91. tamaγ
92. taŋ
93. tat
94. täkäbbür
95. teŋ
96. tikän
97. til
98. toqluq
99. tur
100. tükäl
|
Әділеттілік
Аяқ
Ана
Ақыл
Араб
Ат,есім
Атлас
Аз
Азап
Азат
Әдеп
Бұйрық
Бақша
Бағалы
Бағасыз
Байлық
Бар
Бақыт
Біл
Білімсіз
Бірлік
Біз
Бөрік
Бөз
Бұрын
Динар
Дос
Достық
Ел
Ерте
Есіт (есту)
Піл
Гауһар
Гүл
Әркім
Әзіл
Ғибадат ету (құлшылық ету)
Ислам
Ізде (іздеу)
Жад
Жақсы
Жел
Жеміссіз
Жу (жуу)
Жұмсақ
Кеш
Кешір
Киім
Кең
Керек
Керексіз
Кес (кесу)
Кір
Кісілік
Кітап
Көрік
Көріксіз
Күл (күлу)
Мәні
Мекен
Мең
Мазақ
Мұрат
Намаз
Өлік
Өмір
Өмірлік
Қадір
Қаза
Қылық
Қол
Құш (құшақтау)
Құлақ тұту (тыңдау)
Құтсыз
Сан
Сан (адам аяғының тізесіне дейінгі бөлігі)
Сана
Шаншылу
Сату
Сәлем
Себет
Саясат
Сыр (құпия)
Сыйысу
Соңы
Сөгіс
Сүйек
Сөз
Шах
Шарап
Шипа (ем)
Табиғат
Тамай
Таң
Тату (дәмін көру)
Тәкаппар
Тең
Тікен
Тіл
Тоқтық
Тұру
Түгел
|
Қорыта айтқанда, XI-XV ғасырлар аралығында халық арасында кең тараған жазба әдебиет үлгілерін жалпыға ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған деп есептесек, қателеспейміз. Мәселе, бір әдеби дәстүрдің бір әдеби тілдің әр түрлі аймақта, әр түрлі кезеңде сан алуан рең алып, өз ерекшеліктерімен көрінуінде.
Әр ескерткіштің тіліндегі бүкіл түркі тілдеріне ортақ фактілерді ажыратумен қатар тайпалық ерекшеліктерді анықтау- болашақтың міндеті. Осындай зерделі зерттеулер жүргізілгенде ғана қазіргі түркі тілдернің көне түркі жазба ескерткіштерімен сабақтастығы ашылып айқындалады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қашқари М. Дивани лұғат- ит түрк. I, 66., 347 б.
-
Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. А., 1985. 99 б.
-
ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. Астана: Елорда, 2000, -344 бет.
-
Балақаев М.Б., Сыздықова Р.Ғ., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тіл тарихы. Алматы, 1968, -240 бет.
-
Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. Алматы, 1987, -272 бет.
-
Момынова Б. Қазақ әдеби тілінің тарихы: Оқу құралы. – Алматы: «Арыс баспасы- 2001», 2006, -200 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |