Бөж тақырыбы: «Оғыз қағандығы.» Қабылдаған: Динашева Л. Орындаған: Мұхтар г тобы: ЗҚТ-112 Түркістан 22ж Жоспар I. Кіріспе. II. Негізгі бөлім. Оғыздардың шығуы мен этникалық тегі. «Оғыз» этнонимі. Оғыз қағанатының тарихтағы рөлі III



бет1/2
Дата28.04.2023
өлшемі72.79 Kb.
#472972
  1   2
ТМТ 1 (копия)


Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Экономика басқару және құқықтану факультеті
Құқықтану кафедрасы


БӨЖ
Тақырыбы: «Оғыз қағандығы.»

Қабылдаған: Динашева Л.


Орындаған: Мұхтар Г
Тобы: ЗҚТ-112

Түркістан 2022ж



Жоспар
I.Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2.1 Оғыздардың шығуы мен этникалық тегі.
2.2 «Оғыз» этнонимі.
2.3 Оғыз қағанатының тарихтағы рөлі
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

I.Кіріспе

2.1 Оғыз этимологиясының пайда болуы туралы осы уақытқа дейін нақты пікір жоқ. Кейбір ғалымдар оны «уыз» сөзінен пайда болды десе, ал екінші біреулері садақтың оғы «оқ» сөзіне көпше мағына беретін «уз» жұрнағы қосылып, «оғыз» сөзі пайда болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар «өгіз» деген сөзден пайда болған деп дәлелдеуге тырысады.
Қазақстан тарихында оғыз этникалық құрамының пайда болуы да көңіл аударарлық мәселенің бірі. Ол бойынша мынадай төрт пікір бар: 1. Оғыздар ғұн тайпаларынан немесе олардың бір бұтағы тюгю түріктерінен таратады; 2. Оғыздар қимақ-қыпшақ тайпаларынан шыққан; 3. Оғыздар – ұйғырлар; 4. Оғыздар массагеттерден тараған. Осылардың ішінде бірінші пікір шындыққа жақын келеді. Оны Күлтегін жазуындағы мына шумақтар дәлелдей түседі: «Тоғыз-оғыз халқы өзіме тон еді, … Үшінші рет оғыздармен соғыстық…. немесе Күлтегін бек – бастаушымыз құтымыз…Оғыздардың арасына кірді». Бұл шумақтардан бірінші, оғыз сөзінің дәл қай кезде шыққанын дәл айту қиын, дегенмен б.ж.с. І мың жылдығының бірінші жартысында пайда болғандығына ешкім күмән туғызбайды. Ал, екіншіден бұл сөздер оғыздардың І мың жылдықтың басында-ақ ру-тайпалық дәрежеде болғандығын айқындай түссе, ал Күлтегінді жерлеу кезінде тіпті олардың өсіп-өніп халықтық дәрежеге дейін өскендігін көрсететін сияқты, сондықтан оғыз тайпалары Қазақстанға қарай жылжыған түрік тайпаларының ішінде болған деген ой туғызды.
Олай болса, оғыз сөзінің пайда болған жері де, оғыз ру-тайпаларының қалыптасқан жері де Шығыс Түрік қағанатының жері. ҮІІІ ғ. тарихи жазба дерекердегі түрік-оғыз, тоқуз-оғыз, «усун иерте йатып» қалған он оқ одағы т.б. түрік тайпаларының аты-жөндерінің кездесуі оғыздардың Қазақстанға шығыстан келгендерін дәлелдей түседі. Оғыздардың құрамына тек түрік тілдес тайпалар ғана кіріп қоймай, Арал, Каспий бойына келіп орналасқан, тіл жағынан түріктене бастаған, арғы тегі үндіевропалықтар, фин-угорлар да кірген.
Оғыздар көптеген рулық тармақтары бар бірсыпыра тайпаларға бөлінетін. Махмұд Қашқаридың айтуынша (ХІ ғ.) әуелгі кезде олар 24 тайпадан құралып, екі фратрияға: бұзықтар мен үшұқтарға бөлінеді. Бұзықтар көптеген артықшылықты пайдаланған. Осынау екі топтың әрқайсысына 24 тайпа енген, олардың өзі тепе-тең екі бөлімге бөлінген. Оғыздардың қарлұқ, печенег, башқұр, қимақ, қыпшақ сияқты түрік тілдес көрші тайпалармен, қауымдармен тығыз байланыста болуы — уақыт өткен сайын олардың өзара жақындауына жол ашады.
2.2 Жалпы, «Оғыз» этнонимі түркілердің өздерінің және арғы бабаларының сиыр малын негізгі шаруашылық кәсібіне, күнделікті тіршілік көзіне айналдыруларынан туындаған. Мұны қытай жылнамаларын шұқшия зерттеген Баеддин Өгелдің (қазақша аудармасын Ә.Дәулетхан жасаған) ежелгі хұндар тарихына қатысты зерттеулерін оқыған адам айқын аңғара алады. Онда түркітілдестер сиыр малын өсіруге баса көңіл бөлсе, ал олардың шығыстағы көршілері – тұңғыс-манчжур (моңғол) тілдестердің негізінен шошқа шаруашылығын өркендеткендері анық айтылған. VІІІ ғасырдағы атақты Тұй-ұқұқ (Тоныкөк) ескерткішінің мәтінінде «Сиыр көлікті Тоғлыдан оғыздар келді» деп жазылған. Сондықтан да түркілердің бір бөлігі «Өгіздер» (Оғыздар) атанған. Айтпай кетуге болмайтын тағы бір мәселе, кейбір түркі халықтары (түрікмендер, қарақалпақтар және т.б.) әлі күнге дейін өз­дерінің шежірелерін Оғызханнан (Өгізханнан) таратады. Жоғарыда атап кеткеніміздей, тарихи аңыздар қазақтың кейбір тайпаларының шығу тарихын Оғызханмен байланыстырады. Н.Бернштам ол туралы аңыздарда айтылатын мәліметтердің ежелгі Хуннулардың қағаны Метенің (Модэнің) қызметіне қатысты деректерге сәйкес келетінін байқаған болатын. Мұндай пікірге келісуге кедергі жасайтын бір ғана мәселе – «Оғыз» этнонимінің ежелгі Хуннулар дәуірінен емес, VІ ғасырдан бас­тап қана белгілі болуы болып отыр. Қалай десек те, Оғызхан есімі – Оғыз тайпалық бірлестігінің атынан кейін «өгіз мінгендер» ханы ретінде VІІ ғасырда өмір сүрген нақты да аса ықпалды тұлғаның қосымша аты. Біздің ойымызша, бұл – Күлтегін мен оның ағасы Білге қағанның әкесі, 693 жылы қайтыс болған Елтеріс Кұтлық қағанның замандасы және бақталасы, Тоғыз Оғыздардың қаһарлы көсемі Баз-қағанның қосалқы аты. Оның есімі Тұй-ұқұқтың (Тоныкөктің), Күлтегіннің және Білге қағанның ескерткіштерінде қайталанып кездесіп отырады. Білге қаған ескерткішінің мәтінінде Елтеріс Құтлық қаған өлген соң оның басына одан бұрын қайтыс болған Оғыздар­дың Баз-қағанының балбалы қойылғандығы айтылған. Осының бәрі Оғызханның шын аты Баз-қаған екенін дәлелдей түсетіндей. «Оғыз заманындағы» тайпалардың тамаша өмірі «Оғызнаме» дастанында жырланады. Бұл аңыздар «Қорқыт Ата» кітабына еніп, бүгінгі ұрпаққа келіп жетті. «Оғызнаменің» үлкен географиялық аймақтарға таралып кетуі бұл дастанның тым ертеректе, Оғыздар батысқа жылжи бастаған алғашқы кезеңде шыққанын дәлелдей түседі. Ежелгі қытай жылнамаларында Оғыздар «Угу» деген атпен VІ ғасырдан бастап кездесе бастайды. Бұл – «өгіз» атауының қытайша бұрмаланған түрі. Тарихи деректерге назар аударсақ, ежелгі Оғыздардың атамекені Орхоннан батысқа қарай Ыстықкөлдің шығысына дейін созылып жатқанын байқаймыз. Арғы ата-бабалары батыс хұндары болып табылатын олар V ғасырда аталған өңірде өмір сүрген Теле (кейінірек – Телек) тайпалар одағы қойнауында қалыптасты. Осында Сіренда (қыпшақтардың бабалары) билікке келгенде оларға бағынды. Бұл ұлыста олар Оғыздар атанды. Тоғыз оғыздар алғашқы Түрік қағанаты құлаған соң ғана күшейе бастады. 

2.3 Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы Киев князі Святославпен одақтасып, хазарларды талқандады. Киев Русі өздеріне бәсекелес хазарлардың жеңілгеніне қуанса, оғыз шонжарлары Дон және Қара теңіз жағасындағы шұрайлы жерлерге ие болды. Хазар қағанатының талқандалуы оғыз мемлекетінің саяси қуатының өсуіне қолайлы жағдай туғызды. Сонымен қатар Хазарияның талқандалуы орыс көпестеріне шығыс елдерінің сауда базарына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын орыс княздерімен одақ жасауға оңтайлы жағдай жасады. Х ғасырдың соңында оғыз жабғулары орыс княздерімен бірігіп, Еділ болгарларын да күйрете жеңді. 985 жылы князь Владимир оғыздармен одақтаса отырып болгарларға жорық жасағандығы туралы орыс шежірелерінде баяндалады. Оғыздар Еділ бойынан және Маңғыстаудан (түркімен сөзінен аударғанда Мыңқыстау) өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды сауда және стратегиялық жолдарды басып алғысы келді. Бірақ оған қол жеткізе алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет