Конспект – мақаланың немесе кітаптың негізгі мазмұнының немесе мағынасының дәйексөз түрінде өз сөзімен қысқаша баяндалуы.
Категория – шынайы өмір құбылыстарының жалпы қасиеттері мен байланыстарын көрсететін ғылыми түсінік.
Иерархия – тұтас нәрсе бөлігінің жоғарыдан төмен ретте орналасуы.
Ұжымдық тренинг – студенттермен социумда жүргізілетін алдын ала құрастырылып, бекітілген сценарий бойынша ұымдастырылған белсенді аудиториялық сабақтар(пікір-талас, рөлдік ойын, дөңгелек стол, іскерлік ойын, сұрақ-жауап т.б.). Ұжымдық тренинг телекоммуникация көмегімен немесе құрастырылған әдіспен байланыстырыла да жүргізіледі.
Электронды тестілеу – (бақылау тестілеу) - оқу кестесіне сәйкес немесе компьютердің көмегімен бір немесе екі модуль бойынша өзіндік жазу режимінде жүргізілетін білімді ағымда бақылау процедурасы.
Телеэссе – берілген тақырып бойынша бейнетаспа немесе бейнемагнитафон арқылы видеокассетаға жазылып алынған ауызша баяндама түріндегі оқу жұмысы.
Монография – бір мәселе, тақырыпқа арналған ғылыми зерттеу.
Цитата (дәйексөз) – мазмұны бойынша аяқталған қайсыбір мәтіннен алынған сөз.
Слайд-лекциялар – оқушының дербес көруіне арналған, пән маманының кадрдан тыс сөзімен ілестірілетін мәтіндік және кестелік слайд түріндегі оқу фильмі.
Видеолекция - пән мамаманының білім алушылардың ұжымдық немесе дербес көрулеріне арналған видеокассетаға жазылған білімнің нақты аймағындағы дәрісі.
Авторлық оқу курсы – білімнің нақты аймағында танымал, білікті маманның арнайы пән немесе жеке дара мәселе бойынша дайындаған оқу курсы.
Тест – нәтижелері бойынша зерттелушінің білімі, іскерлігі және дағдысы анықталатын стандартты тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |