Тірі қалу факторлары - төтенше жағдайдағы іс- әрекетке әзір болу, өмірге құштарлық, өзін- өзі құтқару негіздерін білу, тіршілік дағдылары, авариялық құралдар мен кешендердің болуы, дене шынықтыру, өзін- өзі құтқаруды дұрыс ұйымдастыру.
Обсервация - инфекцияның таралуын ескертуге бағытталған оқшауландыру – шектеу, емдеу –сақтандыру және арнайы – эпидемияға қарсы шаралардың жүйесі.
Пандемия - жұқпалы аурулардың тұтас елдердің (құрлықтардың) үлкен аумағына жаппай таралуы.
Ядролық қару - жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қару.
Салауатты өмір салты - әрбір жеке адамның тіршілігі мен ұзақ өмір сүруінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдасының жеке жүйесі.
Эпидемия - адамдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы.
Эпизоотия - малдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы.
Эпифитотия - өсімдіктердің жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы.
Антисептика - жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою.
Асептика - жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі.
Дезинфекция - адамның қоршаған ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиыны.
Дезинсекция - жұқпалы ауруларды таратуға қатысатын, азық-түлікті бүлдіретін жәндіктерді жою.
Дератизация - аса қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын кеміргіштермен күрес шаралары.
Карантин - жұқпалы ауруларды ескертуге және зақымдану ошағын жоюға бағытталған режимдік, әкімшілік және санитарлық шаралар кешені.
Дезактивация - зақымдалған обектіден радиактивті заттарды жою.
Достарыңызбен бөлісу: |