«Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм»: скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы туралы эссе-негіздеме жасаңыз



Дата01.04.2024
өлшемі51.71 Kb.
#497154
Философия срс


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті: «Ақпараттық технологиялар»
Кафедрасы: «Ақпараттық жүйелер»
СӨЖ

Тақырыбы: «Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм»: скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы туралы эссе-негіздеме жасаңыз.

Орындаған: Бейсенбек Мәншук
Тобы: ИС 22-04
Қабылдаған: Сембаева Г.М.

Алматы 2024 жыл
Философия болмыс, таным, сана, рух, тіл секілді көріп, қолға ұстауға болмайтын бірақ үлкен зерттеуді қажет ететін тақырыптарды қамтиды. Соның бірі – гносеология тақырыбы. Гносеология – танымның бір бөлшегі, яғни бізді қоршаған ортаны тану, адам танымының сипатын, білім формаларын, оны тереңінен зерттейді. Сол себептен философиядағы ауқымды тақырып болып қарастырлады. Көбіне гносеология термині мен эпистемологияны алмастырып, бір ұғым ретінде көреді. Негізінен екеуінен айырмашылығы: гносеология субъект танымының көзқарасына байланысты процессті зерттеуі.
Таным туралы түсінігі жоқ адам ешқашан гносеологияның не екенін түсінбейді. Себебі екеуі мықты біріккен терминдер және гносеология танымның орта категориясы. Таным – адам санасы арқылы көп нәрсені білуге ұмтылуы, айналасын зерттеуі, білім іздеп, ой – өріс арттыруы. Гносеология одан күрделірек процесс, танымның жоғары деңгейі бойынша зерттейміз. Оның мақсаты – материалды әлем мен сананы ұштастыру арқылы көп оқып, зерттеу. Ол әлемді толық тани алу мүмкін бе деген ең күрделі әрі даулы сұраққа жауап іздейді.
Жалпы, адамзат осы уақытқа дейін " Жер қалай пайда болды, өмір мен әлем қайдан пайда болды, таным қалай болады?" деген сауалдардың жауабын әлі таба алмай келуде. Бұл сұрақтарға тек нақты теориялық ойлар бар. Осы сұрақтарға жауап беру барысында философияда үш негізгі ұғым қалыптасты. Бұл гносеологиялық оптимизм, гносеологиялық скептицизм және гносеологиялық агностицизм. Осы ұғымдарға анықтама берейік.
Гносеологиялық оптимизм-бұл объектіні, әлемді және өзімізді тануға ешқандай кедергі жоқ деген сенім бағыты. Яғни, танымның қазіргісі мен болашағына оптимистік тұрғыдан қapay. Гносеологиялық оптимизде ең басты қағидасы бұл адам танымының кеңдігін, адам баласының қабілеті әрі мүмкіндіктері шексіз деп түсіндіретін бағыт. Бұл бағытты екі көзқараста жүрген немістің классикалық философиясының негізін салушысының бірі Г. Гегель мен социолог, экономист, неміс философы және қоғам қайраткері К.Маркстің өзі құптайды. Негізінен олардың бірі материалистік, ал екіншісі идеалистік көзқараста болса да, гносеологиялық оптимизм бағытымен жүрген дұрыс деп санайды. Себебі адамда ең үлкен құндылық – сана бар. Адам саналы түрде ойланып, білім қуып, танымын кеңейтіп мүмкін емес деген дүниеге жете алады. Әлемді тану да адам бар ықыласымен өзіне мақсат қойып алатын болса, қолынан келеді. Әрине, ол үшін көп еңбек ету, үлкен тәжірбие, білім керек.
Гносеологиялық агностицизм- дүниенің танылмайтындығы туралы ілім. Ол объективті әлемді және шындықтың объективті белгілерін мойындауды жоққа шығарады, оларды елестетеді және ғылымның рөлін шектейді. Әлеуметтік процестер теориясы-бұл заттардың заңдары мен табиғатын түсіну мүмкін емес деп есептейтін көзқарас болып табылады. Философия тарихында агностицизм Юма жүйесімен бірге жүргізілген және танымның тек бір жолы - тәжірибе екені. Юма тәжірбие мен бүкіл әлемді бір ұғымда қарастыру мүмкін емес деді. Яғни таным бұл өте күрделі нәрсе, сондықтан адам баласының танымын кеңейту үшін үлкен процесстен өту керек, ал әлемді тану болмас дүние деп қарастырды. Сонымен бірінші жағдайда Юма агностицизмді жай ғана объект ретінде көрсе, неміс классикалық философияның негізін салушы Кант танымдық субъект деп тұжырымдады. Канттың позициясын агностицизмнің қисынды қорытынды сызығы ретінде атауға болады. Агностицизм ұғымын сонымен бірге теология бағытында да пайдаланады. Бұл жерде агностицизм байырғылар ойлап тапқан, адамдарға тәрбие мен қоғамдағы жүріс – тұрысын қадағалап, дұрыс болуы үшін айтылды, ал негізінен олар көзге көрінбейді, сондықтан жоқ деп есептеді.
Гносеологиялық скептицизм-бұрыннан қабылданған және тіпті ережеге айналған қағидалардың ақиқатына күмән келтіреді. Скептицизм грек тілінен аударғанда – күмәнданамын дегенді білдіреді. Гносеологиялық скептицизм танымдық күмәнға әкеледі.Алайда, бұл әлемдегі жағдайды мойындауды, дүниенің ұстанымды танылуын жоққа шығармайды.
Терминдерге анықтама бере отырып, біз қазіргі ғылыми жеңілдетілген дүниетанымдағы скептицизмнің мағынасына тоқталсақ. Жалпы айтсақ, скептицизмнің пайдасы бар. Бұлай дейтініміздің себебі, жаңа айтқанымыздай, скептицизм ақиқатқа күмән келтіру. Ал күдік ғылымда жаңа жетістіктерге бастау болып табылады. Яғни күдіктерімен шектелмей, осы күдіктерді жеңуге ізденіс, талпыныс. Философтарда осы бір скептицизмге ақиқатты анықтау үшін көңіл бөледі. Бұл қаншалықты ақиқат деген сиякты түрлі ойлар болады. Менің ойымша қазіргі күнгі, біздің дүниенің қалай пайда болғандығына күмән келтіре қарауымыз осы скептицизм болады. Әртүрлі ғалымдардың дүниенің пайда болуы туралы пікірі де осы бір күмәннан туындаған секілді. Сондықтан да менің ойымша скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы өте зор. Ғылыми тұрғыдан ғалымдар мен философтардың ойына күмән келтіре отырып, түрлі жаңалықтар мен көзқарастарды қалыптастыра білсе, қарапайым дүниетанымда адамдардың нақты ақпаратты білуіне және қызығушылығына әсер етуде. Менің ойымша скептицизмнің қай заманда болмасын маңызы зор. Себебі, қандай да ғалым өткенді зерттеп, қарастырып, күмән келтіре отырып, жаңа ашылулар жасағысы келеді. Мысалы айтар болсақ, ежелде Жер туралы өте көп пікірлер қалыптасты. Тіпті Жердің тасбақаның үстінде тұр деген пікірлерде болып жатты. Осы пікірлерге күмәндана келе, оны дұрыстап зерттеуге кірісті. Солайша Жердің шар тәрізді екені анықталды. Және скептицизм мен қатар қазіргі заманның дамуына орай, түрлі мүмкіндіктер барын да айта кеткен жөн.
Ендігі қорытындылай келе, өткенге күмән келтіру, ғылымға түрлі жаңалықтардың ашылуына жол ашады. Сондықтан да, скептицизм әрқашан орынды және өзекті болып қала бермек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет