Гобелен тоқу технологиясы



бет1/4
Дата10.11.2023
өлшемі32.01 Kb.
#482947
  1   2   3   4
Гобелен тоқу технологиясы


Гобелен тоқу технологиясы
30.11.2017
1.Гобелен тоқу тарихы. Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы – тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет.
Түкті кілемді тоқу барысында тоқу мәнеріндегідей техниканы қолдана отырып, сол түктерді кейбір жерлерде 10-15 мм-дей ұзындықта қалдырып, кей жерлерінде тақырлай қысқартып үйлестіріледі. Жалпы гобелен тоқу үлкен сезімталдылықты талап етеді.
Түкті кілем негізін құру үшін станок болу керек. Станок ағаштан жасалынады. Гобелен өнері оқушыларды әсемдікті, сұлулықты түсінуге, биік адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, олардың ой-өрісін, рухани байлығын дамытады.
Халқымыздың көне мәдениетін әр сабақ жіпке сыйғызып, бүгінгі заманға жеткізуде гобелен өнерінің де үлесі жыл санап артып келе жатыр. Қазақ гобеленінің негізін қалаған марқұм суретші Құрасбек Тыныбеков десек, қазақ қыздарының ішінен осы салаға тұңғыш сара жол салған – Бәтима Зәуірбекова. «Ана», «Дала мадоннасы», «Сәукеле киген қыз», «Ұзату», «Күту» сынды туындылардың авторы.
Гобелен өнерінің дамуына ерекшеүлес қосқан Қазақстанда суретшілер қатарына:
Қ.Тыныбеков, Б.Зәуірбекова, И.Ярема, Ә.Бапанов, С.Бапанова, Қ.Жұбаниязова,
А.Ихонова, Н.Павленко т.б.атауға болады.
Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде.
1946ж Батима Зәуірбекованың туған жылы
1970ж Гобелен саласындағы алғашқы туындысы «Шеберлер» деп аталған. Сарғалдақ түстес көйлек киген бойжеткен қыз жасыл өрнек арасында отыр. Осынау құпиясы мен қызығы мол, қиындығы да көп өнерге таңырқай қарайды. Әрине, бұл оқшау өнердің алғашқы көрінісі, бұлақ сылдырындай әуені ғана ғой. Бірақ өнер зерттеушілері осы еңбегін жақсы бағалады.
1972ж «Жіп иіруші қыз» атты гобеленде авторға тән шеберлік айқын көзге ұрады. Мұнда шебер қыз жұмыс үстінде бейнеленген. Басын сәл биязы бұруы, қолдарының әсем қимылы, жеңдерінің қанық түспен бүрмеленуі, шығарманың жалпы әшекейлік сипатымен астасып алғанын терең сезіммен ұғынуға бағдарлайды. Көркемдік мәні де ұштасуынан пайда болған үндестікке байланысты арта түскен.
Құрасбек Тыныбековтың «Шопан» атты гобелені. Бұл шығармадағы басты кейіпкер – жас шопанның қолтығындағы жаңа туған қошақанға назар салыңызшы: қошақанның – жартылай жануар, жартылай ою түрінде бейнеленгенін байқаймыз. Демек, бұл – қазақтың «қошқар мүйіз» оюының символы екенін көрсетеді. Аспан төріндегі ақша бұлттар да әртүрлі бейнедегі ою-өрнек болып баяу қалқып бара жатқандай әсер сыйлайды. Гобелен бетіндегі жазықтық табиғат құбылыстарынан хабар бергендей: түнгі аспандағы жұлдыздар әлемі, біресе желдің ұйтқи соққан әуені мен теңіз толқындары тәрізді алуан-алуан қимыл-қозғалыстарды бір кеңістікке еркін сиғызып, түрлі бояулармен қанықтырып, айрықша серпін мен ширақтық танытады. Осы көріністердің бәрі де ою-өрнектік символикалар арқылы берілгеніне таңданыс білдірмеске лажыңыз жоқ. Көне мен жаңаның өзара үндесуі дегеніміз осы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет