Граматикалық тақырып: ЕТІСТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҤРЛЕРІ
ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ
СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ
ЕТІСТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҤРЛЕРІ
Қимылдың іс-әрекеттің орындаушыға (қимыл иесімен тура істелетін іске) қатысын
білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады. Етістер
мағынасына қарай төрт түрге бөлінеді:
1. Ӛздік етіс: Қимылдың,
іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей
қатыстылығын білдіріп,
әдетте сабақты етістіктерден -ын, -ін, -н, жұрнағы жалғану
арқылы жасалатын етістік түрі өздік етіс деп аталады. Мысалы: Марат ерте тұрып киінді.
2. Ӛзгелік етіс: Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің
сөйлемдегі іс иесі яғни
субъектінің өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелінетінін
білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Ол жұрнақтар: 1)-
ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -
отыр-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, жет-кіз; 2) -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, сал-дыр, сен-дір,
ас-тыр, тік-тір, кет-ір, ас-ыр
; 3) -т; жаса-т, сөйле-т т.б. Мысалы, ол әншіге ән салғызды.
3. Ырықсыз етіс: Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл
өздігінен істелетіндігі көрінеді де,
-ыл, -іл, -л түбірдің ішінде -л дыбысы болса -ын, -ін, -н
жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Мысалы, той
басталды.
4. Ортақ етіс: Қимыл іс-әрекеттің иесі, орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып,
-ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы, ат
салысты.
ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ
(Времена глаголов)
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту мезгілін
білдіру етістіктің шағы
деп аталды. Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі болады,
яғни осы шақ, келер шақ және өткен шақ деп үшке бөлінеді.
ОСЫ ШАҚ
Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекеттерді білдіретін және әрдайым қайталанып тұратын
дағдылы іс-әрекеттерді көрсететін шақты, осы шақ деп атаймыз.Мысалы
Айман сабақ
оқып отыр.
Осы шақ мағынасына қарай
нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп екіге бөлінеді.
Нақ
осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын
білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі
болып екіге
бөлінеді. Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктердің жіктелуі
арқылы жасалады. Бұл төрт етістік қалып етістіктері деп аталады. Қалып етістіктеріне
жіктік жалғауы тікелей жалғанып, есімдерше жіктеледі.