Дала
Дала шіркін, кең пейіл, аңқылдаған мырза жігіттей бүкпесі жоқ, ашық-жарқын-ау! Айнала тып-тыныш, тосын дыбыс құлаққа шалынбайды. Далада не шу болсын. Ұшқан құстың шырылы, жазық төсен еркін аралаған ерке желдің сусылы, ақ селеу, көде, ақ шидің әлсіз сыбдыры шашу болып па!
Ақ дала сұлқ түсіп, монтиып, бұйығып жатыр. Бірақ осының бәрі бір қарауға ғана. Шырқау биікте шаншылып қалықтап қыран жүр. Оның кең дүниені шолуы тегін емес. Даланың иесіз, тыныш жатуы алдамшы нәрсе. Тып-тыныш мүлгіп жатқан алуан өмірде, алып дүниеде қаптаған тіршілік бар. Қыранның қалықтауы тегін болмаған ғой.
Дала сыртынан тыныш көрінгенімен, жайбарақат жатқан дүние жоқ. Қыран көзінен дала төсінде қыбырлаған қалт етпейді. Әне, биіктен төмен қарай тастай құлдырап, шүйіле жөнелді. Ендеше даланың тыныш жатқаны бекер болды ғой.
(Б. Тілегенов, 121 сөз.)
Грамматикалық тапсырмалар
-
Төмендегі сөздерді құрамына қарай талдаңдар
І нұсқа:
Дала, тып-тыныш, сыртынан, шалынбайды
ІІ нұсқа:
Дүние, кең пейіл, көзінен, көрінгенімен
-
Төмендегі сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар
І нұсқа:
Қызғалдақ
Қаратау өңірінің гүл-гүл жайнап, құлпыратын шағы – сәуір, мамыр. Бұл кезде осы өңірдегі дүниелік қайта туып, қайта жасарғандай, тегіс балауса тартады. Таудың жота-жота, бел-белі, қолдың саласындай қара күрең беткейлері ал қызыл түрікмен кілемдей жайнайды. Жан-жағыңа көз салып назар тіксең, бір ғана қызғалдақтың өзінен көз тұнады. Жауқазын бүршігінен жаңа ғана ашылған дала қызғалдақтары көңілдің хошы, көздің нұры секілді, жүректі қытықтайды. Қызғалдақ! Қызғалдақ! Бұл – таудың көктемгі көркі.
Бүкіл күніскей бетті алып жатқан ақ, көк, сары, көгілдір, шұп-шұбар қара ала қанат көбелектерге ұқсаған тау гүлдерінің түрі көп-ақ. Міне, бүгін гүл теруге шыққан бір топ қыз-келіншек Хантағының қауқиған қара төбесіне өрмелеп бара жатты. Бұлар ерте тұрған. Күн шықпай-ақ тау беткейіне жеткен. Таңертеңгі таза ауамен дем алған көңілді топ тау төсіне өрмелеп, ұзай түсті.
(С. Бақбергенов, 120 сөз)
Грамматикалық тапсырмалар
-
Төмендегі сөздерге лексика-грамматикалық талдау жасаңдар
І нұсқа:
Гүлдерінің, бүгін, құлпыратын
ІІ нұсқа:
Көбелектерге, таңертең, ашылған
-
Төмендегі сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар
І нұсқа:
Таңертеңгі таза ауамен дем алған көңілді топ тау төсіне өрмелеп, ұзай түсті.
ІІ нұсқа:
Жан-жағыңа көз салып назар тіксең, бір ғана қызғалдақтың өзінен көз тұнады.
-
Сипатта
І нұсқа: Жаз мезгілін
ІІ нұсқа: Күз мезгілін
Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары.
1 нұсқа
1. Махамбет Өтемісұлының жауынгер де абзал досын, көтеріліс басшысын табыңыз.
A) Шернияз
B) Есет батыр
C) Жәңгір
D) Әбілқайыр
E) Исатай
2. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз.
A) Ы.Алтынсарин.
B) А.Байтұрсынов.
C) Ә.Бөкейханов.
D) Ш.Уәлиханов.
E) М.Дулатов.
3. Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгіме-мысалды белгілеңіз.
A) «Қайырымды түлкі».
B) «Залым төреге»
C) «Жаз».
D) «Әй, жігіттер»
E) «Өзен».
4. Шәкәрімнің өлеңін табыңыз.
A) «Мен - қазақ»
B) «Әсемпаз болма әрнеге»
C) «Ғылым таппай мақтанба»
D) «Шәкірт ойы»
E) «Жастарға»
5. А.Байтұрсынұлының нтымаққа,бірлікке шақыратын мысал өлеңін көрсетіңіз .
A) «Аққу, шортан һәм шаян».
B) «Сағындым».
C) «Пайғамбар».
D) «Жұртыма».
E) «Жетісу суреттері».
6. Ас бергенге бас берсін, Өмірі ұзақ жас берсін. Кетпес дәулет, кең пейіл, Қайырымды дос берсін,- деген бата-тілектің түрін ажыратыңыз.
A) Жол батасы.
B) Теріс бата.
C) Наурыз батасы.
D) Ас қайыру батасы.
E) Рамазан батасы.
7. Баласын мақтар бас жаман, Қатынын мақтар қас жаман Алыстағы дұшпаннан, Аңдып жүрген дос жаман, - деген жолдарды айтқан авторды белгілеңіз.
A) Қазыбек.
B) Төле.
C) Үмбетей.
D) Сырым.
E) Абай.
2 нұсқа
8. Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбын белгілеңіз.
A) Бұрынғыны аңсау.
B) Ел бірлігін жырлау, Абылай бейнесін сомдау.
C) Ғашықтықты жырлау.
D) Адамзат туралы ой-толғау.
E) Өзін-өзі мадақтау.
9. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.
A) «Еділ бол да, Жайық бол»
B) «Артықша туған азамат»
C) «Анаңнан асыл бар ма?!»
D) «Аягөз, қайда барасың?!»
E) «Абайдың суретіне»
10. Абайдың өлеңін көрсетіңіз.
A) ’’Өнер-білім бар жұрттар’’.
B) ’’Арғымаққа оқ тиді’’.
C) ’’Әкеме’’.
D) ’’Өзен’’.
E) ’’Жазғытұры’’.
11. М. Дулатовтың 1909 жылы Уфа қаласында басылып шыққан кітабын атаңыз.
A) “Қирағат”.
B) “Есеп құралы”.
C) “Азамат”.
D) “Оян, қазақ”.
E) “Терме”.
12. "Үш бақытымның" авторын табыңыз.
A) Ақұштап Бақтыгереева.
B) Мұқағали Мақатаев.
C) Фариза Оңғарсынова.
D) Жұмекен Нәжімеденов.
E) Қадыр Мырзалиев.
13. ²Егемен Қазақстан² газетінің 1920 жылдардағы атын көрсетіңіз.
A) ²Орда².
B) ²Тіршілік².
C) ²Кедей сөзі².
D) ²Еңбекші қазақ².
E) ²Әдебиет майданы².
14. М.Шахановтың «Арман» өлеңінің оқиғасы қай жерде өтетінін табыңыз.
A) Отырар. . C) Бағдат E) Иассы
B) Мысыр. D) Баласағұн
.
.
Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлеріне қарай ажырат:
Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағалармен үйіне бардым.
Далада жел соғып тұр, әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр. Ол бөлмесіне кірді де,тарс бүркеніп жатып қалды.
***
Оның дауысы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды. Менің театрға барғым келмеді, әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді. Есікті жауып қойған, сонда да ішке кіруден үмітін үзген жоқ.
***
Биыл шөп қалын шықты, өйткені жаңбыр көп жауды. Қорадан мал ұрланып, сол үшін Базарбайды соққыға жықты.
***
Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады.
Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.
***
Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек.
Я болар жеріңді айт, я бізге килікпей тыныш жүр. Тезірек шөп ору керек, әйтпесе уақыт өтіп кетеді.
***
Қорыққаны сонша-орнынан тұра алмай қалды. Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.
Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді.
Маған ойыншық берді, ағама доп берді.
***
Күн жауып кетті, оны елеген ешкім болмады. Бас болу оңай,-
бастамақ қиын. Көз-қорқақ, қол-батыр.
***
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.
***
Жалғаулықсызы жоқ, себебі жалғаулығын алып тастаса, бұл сөйлемнің мағынасы ыңғайлас салаласқа ауысады.
***
Ауырып отырды ма, кешегі оқиға есіне түсті ме, бүгін ол ешкіммен сөйлеспеді.
***
Қорыққаны сонша-орнынан тұра алмай қалды. Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.
Достарыңызбен бөлісу: |