Грамматикасы


Бастауыш пен баяндауыштың сөйлемдегі орны



бет112/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Бастауыш пен баяндауыштың сөйлемдегі орны


Қазіргі ағылшын тілінде сөйлем мүшелері орын тәртібі ар­ қылы байланысады. Ағылшын тілінің грамматикалық заңды­ лықтары бойынша хабарлы сөйлемде бастауыш сөйлем басын­ да, баяндауыш бастауыштан кейін тұрады. Мұндай байланысты сөйлем мүшелерінің тура (дұрыс) орын тәртібі арқылы бай­ ланысу деп атайды. Бастауыштың баяндауыштан кейін тұрып байланысуын сөйлем мүшелерінің орын ауысуы деп атайды. Орын ауысудың түріне қарай толық орын алмасу (баяндауыштың бастауыштың алдына ауысуы) немесе жартылай орын ауысу (баяндауыштың құрамындағы көмекші етістіктер ғана баста­ уыштың алдына шығу) сияқты екі түрі болады.
Back came Mr. Dix (Қайтып келді Викс мырза). Is it incredible? (Бұл мүмкін емес пе?)
Ағылшын тілінде сөйлем мүшелерінің жартылай ауысу түрі көптеп кездеседі.
Сонымен қатар ағылшын тілінде сөйлем мүшелерінің орнын ауыстыру екі жағдайда қолданылады:

  1. Сөйлемнің белгілі бір типін (сұраулы, болымсыз түрлерін) жасау үшін сөйлем мүшелері орын ауысады.

  2. Сөйлем ішіндегі бір сөзге ерекше мән (мағына) беру үшін, яғни стилистикалық мақсатта орын алмастырылады.

Сөйлем мүшелерінің грамматикалық орын ауыстырылуы мынадай сөйлем түрлерін жасағанда қолданылады:

  1. Сұраулы сөйлем жасағанда баяндауыш (көмекші етістік) бастауышпен орын ауысады.

Is he a student? (Ол студент пе?)
Do you study at the university? (Сіз университетте оқисыз ба?)
Is she doing well in English? (Ол ағылшын тілін жақсы оқи ма?)
Did you learn English at school? (Сіз мектепте ағылшын тілін оқыдыңыз ба?)
Can I see Mr.Dix? (Викс мырзаны көруге бола ма?)

  1. «There, here» сөздерінен басталатын сөйлемдерде There is a pen on the table (Үстелдің үстінде қалам бар).

Here are boxes for packing (Мыналар жинауға қойған жәшіктер).

  1. Тілекті білдіретін лепті сөйлемде

Were it summer! (Жаз болса ғой!)
Cheer up, our team! (Біздің команданы қолдап (қошеметтеп) қояйық!)

  1. Бастауышы есімдіктен жасалған, бұйрықты сөйлемнің болымсыз түрі

Don’t you pay attention to it! (Бұған назар аудармаңыз!)

  1. «Іf» жалғаулығы түсіп қалған (іске аспайтын) шартты бағыныңқылы сөйлемде

Were he here he would help us (Ол осында болса ғой бізге көмектесер еді).
Had they worked hard, they would have finished work in time (Көп жұмыс істегенде ғой ол жұмысын уақытында бітіретін еді).

  1. «So, neіther» сөздерінен басталып, бастауыштан кейін көмекші етістік келмейтін сөйлемдер:

«I like an ice­cream». «So do I» (Мен балмұздақты жақсы көремін. Мен де).
«She doesn’t learn French». «Neither do they» (Ол француз тілін үйренбейді. Олар да (үйренбейді).
«Jack can’t swim well». «Neither can his brother» (Джек жақсы жүзе алмайды. Оның ағасы да).
Стилистикалық (мақсатта) орын ауыстыру сөйлемнің белгілі бір мүшесіне баса мән беріп, назар аударту үшін қолданылады. Сөйлемнің бұл мүшесі коммуникацияның логикалық негізі болады. Сөйлемнің бұл предикатив, баяндауыш не оны толықтырып, не анықтап тұратын сөйлем мүшесі (пысықтауыш не толықтауыш) болуы мүмкін. Мұндай жағдайда сөйлем мүшелері толық не жарты­ лай орын ауысуы мүмкін. Егер баяндауыштың құрамында көмекші етістік болмаса, оның орнына «do» көмекші етістігі қолданылады.

  1. So proud was aunt Ann (Аня тәтей сондай көкірек еді). Interviewed are all applicants (Барлық өтінушілерден сұхбатнама алынды). Chosen were few of them. (Олардың бірнешеуі ғана таңдалды).

Admitting to the university will be students who held above eighty points. (Сексеннен жоғары балл алған талапкерлер ғана университетке қабылданады).

  1. Up brought the boy. Up grown the boy well­bred (Тәрбиеледі баланы. Тәрбиелі болып өсті бала).

And brought back some of her colour (Сосын оның реңі қайта кірді).
So disappeared his little friend (Осылайша, жоғалып кетті оның кішкентай досы).
Never would he forgotton that day (Ол сол күнді ешуақытта ұмытпайды).
There built a new house (Онда жаңа үй салынды).
Кейде сөйлемде «not» сөзі тура толықтауышқа баса назар аударту үшін орын ауысады.
Not a single letter he wrote. Nor liked he to see (Ол бірде­ бір хат та жазған жоқ. Көргісі де келген жоқ).
Жанама толықтауышқа баса назар аударту үшін ол сөйлемнің басына ауысады.
To his shabby room came he after a long wonder (Ұзақ кездесуден соң ол өзінің азып­тозған бөлмесіне келді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет