Грамматикасы


ЕТІСТІКТІҢ ШАҚ ЖӘНЕ АСПЕКТ КАТЕГОРИЯСЫ



бет41/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

ЕТІСТІКТІҢ ШАҚ ЖӘНЕ АСПЕКТ КАТЕГОРИЯСЫ


Уақыт (мезгіл) – барлық нәрсеге бірдей және ол тілге тәуелсіз. Қимыл, іс­әрекет белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында бола­ ды. Қимыл іс­әрекеттің үзіліссіз не алдағы уақытта орындалаты­ нына, орындалғандығына қарай уақытты, негізінен, үш бөлікке яғни өткен, қазіргі (осы), алдағы (келер) уақытқа бөліп қарасты­ руға болады.
Өткен уақыт пен алдағы уақыт шексіз, ал қазіргі уақытты өткен мен алдағы уақыт аралығын ажыратып тұратын белгі нүктесі деп қарауға болады.
Шақ – уақытқа, мезгілге қатысты қолданылатын лингвисти­ калық атау және ол әртүрлі тілде түрліше болады. Әртүрлі тіл­ дерді салыстырсақ, шақ түрлері қимылдың, іс­әрекеттің, жай­ күйдің өткенде болғанын, қазір болатынын не болып жатқанын не келешекте (алдағы уақытта) болатынын білдіреді. Сонымен қатар шақ түрлері қимыл­әрекеттің өткенде аяқталғанын, қазір аяқталатынын, не алдағы уақытта аяқталатынын немесе алдағы уақытта белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын, жүретін іс­әрекетті білдіреді. Ағылшын тілінде шақ формалары уақыт пен аспектіні бірге қарастырады. Басқаша айтқанда, ағылшын тіліндегі шақ формалары уақыт және аспект грамматикалық категориялары аралас, бір­бірімен байланыста қарастырылады.
Шақ – іс­қимылдың уақытын, мезгілін білдіретін етістіктің грамматикалық категориясы.
Өткен, осы және қазіргі, алдағы іс­әрекет, қимылды білдіретін уақыттың негізгі түрлері ағылшын тілінде негізгі шақ топтары деп аталады. Олардың белгісіздік және созылмалы шақ формалары бар. Бұл шақ формалары абсолютті шақтар деп аталады. Ағылшын тілінде негізгі шақ формаларынан басқа жанама шақ формалары да бар. Олардың қатарына жедел өткен шақ және жедел өткен созылмалы шақ жатады. Жедел өткен шақ тобы іс­әрекеттің бол­ ған (өткен, осы және келер) уақытын көрсетпейді, олар сол іс­әре­ кеттің өткен, осы, келер шақтағы екінші бір әрекетпен байланыс­ ты (қатысты) екенін көрсетеді. Сондықтан да жедел өткен шақ формалары қатыстық шақ категориясы болып табылады. Жоғары­ да атап өткендей, ағылшын тілінде шақ категориясы тек қана істің уақытын, мезгілін ғана емес, сонымен қатар оның аспектісін де (іс­әрекеттің қалай жүретінін, уақыт процесін) қарастырады.
Аспект – іс­әрекеттің қалай, (қандай жолмен) іске асатынын
көрсететін (білдіретін) етістіктің грамматикалық категориясы.
Негізгі және жанама шақ түрлері екі аспектіде беріледі:
Cозылмалы аспект түрі іс­әрекеттің, қимылдың жүзеге асу процесінің белгілі бір уақыт аралығында жүретінін не жүріп жат­ қанын білдіреді, ал созылмалы емес аспект іс­әрекеттің процесін емес, іс­әрекеттің жалпы күйін ғана көрсетеді.
I read about it (Мен бұл жайлы оқимын) (Іс­әрекеттің қалай жүрген процесін емес, жалпы күйін білдіріп тұр). I am still reading about it (Мен бұл жайлы әлі оқып отырмын) (іс­әрекеттің қалай жүзеге асып жатқанын, оның процесін көрсетіп тұр).
I said I had read about it (Мен бұл жайлы оқығанымды айтқанмын) (іс­әрекеттің жалпы күйін білдіріп тұр).
I have been reading about it for a month (Мен бұл жайлы бір айдан бері оқып жатырмын) (іс­әрекеттің қалай жүріп жатқанын, процесін көрсетіп тұр).
Ағылшын тіліндегі етістіктің шақ категориясында шақ пен аспект бір­бірімен өзара тығыз байланыста қарастырылатындық­ тан, әрбір шақ формасы аяқталған не аяқталмаған, созылмалы не созылмалы емес аспект тұрғысында қарастырылады. Осыған байланысты шақ категориясы іс­әрекеттің уақытына және аспек­ тісіне қатысты топтастырылады.



Шақтың созылмалы емес аспект түрі

Шақтың созылмалы аспект түрі



Негізгі шақ формалары

Белгісіздік осы шақ

Нақ осы шақ

Белгісіздік өткен шақ

Созылмалы өткен шақ

Белгісіздік келер шақ

Созылмалы келер шақ



Жанама шақ формалары

Жедел өткен осы шақ

жедел созылмалы осы шақ

Өткендегі жедел өткен шақ

жедел созылмалы өткен шақ

(Бұрынғы өткен шақ)

жедел созылмалы келер шақ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет