«гуманитарлыќ білім» факультеті


VII. Шетел тілін оқыту методикасында оқуға байланысты іскерліктер



бет11/14
Дата25.02.2016
өлшемі0.86 Mb.
#25918
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

VII. Шетел тілін оқыту методикасында оқуға байланысты іскерліктер


1.Тіл материалын түсінуге қажетті іскерліктер және оларды дамытуға арналған жаттығулар.

2. Мәтіннің мазмұнын түсінуге қажетті іскерліктер және оларды дамытуға арналған жаттығулар.

Мәтінді түсіну дегеніміз сол мәтіндегі фактілі ақпаратты ала білу және оның мәнін түсіну. Мәтінді түсіну жекелеген фактілерді түсінуден, олардың арасындағы байланысты анықтаудан, сөйтіп оларды біртұтас мәндік единицаға бірлестіруден құралады. Ол үшін оқушы мәтіннің жеке элементтерін – таяныш сөздерді , маңызды фактілерді ажырата білуге уйренуі керек және алынған фактілерді жинақтап, синтездеуге , оларды мәндік үзінділерге біріктіруге үйренуі керек.

, яғни мәтінді мән деңгейінде түсіну үшін оқушылар алынған ақпараттан қорытынды шығарып, мәтіннің идеясын, түпкі ойын анықтауға, келтірілген фактілерді бағалай білуге, оларды өзінің білімімен тәжірибесімен ұштастыра білуге тиіс.

Алынған ақпаратты өңдеуге арналѓан жаттығулар мыналар: абзацтың негізгі ойын анықтаңдар; абзацтан мына ойды дәлелдейтін жерді табыңдар:абзацтың негізгі ойын анықтаңдар: абзацтан мына ойды дәлелдейтін жерді табыңдар; абзацтың жалғасын табыңдар (жалғасы қандай болатынын алдын ала айтыңдар) ; абзацқа тақырып табыңдар: айтылған ойға баға беріңдер т.б. Көмекші жаттығулар ретінде мына жаттығуларды қолдануға болады: таяныш сөзді (сөйлемді) анықтаңдар, олардың астын сызыңдар, абзацты қысқартыңдар, оларды көшіріп жазып алыңдар, дауыстап оқыңдар; абзацты қысқартыңдар (толықтырыңдар); абзацта келтірілген фактілердің санын анықтаңдар т.б.

Жоғарыда аталған жаттығулар оқудың сөз әрекеті қызметін атқаруына қажетті алғышарттарды жасауға бғытталған. Алайда оқушылар оқуды өздерінің интеллектуалдық даму атысына сәйкес сөз әрекеті деп қарау үшін белгілі шарттар орындалуға тиіс.

1.Мәтіндердің мазмұны белгілі жастағы оқушылар үшін құнды болуға тиіс.

2.Шетел тіліндегі материал басқа пәндермен кластан тыс шұғылдануына жарайтындай болуы керек.

3.Шетел тіліндегі мәтінді оқыр алдында оқушыларға ана тілінде оқығандағыға ұқсас тапсырмалар беру керек --- мәтіннің жалпы идеясын анықтау, белгілі ақпаратты табу, мәтінге, автордың идеясына , жеке фактілерге баға беру т.б.

4.Оқушыдан оқыған мәтіннің мазмұнын түсінуді ғана талап ету керек (мысалы, мәтіннің тіл материалын есте сақтауды, оны кейін қайта қалыптастыруды талап етуге болмайды). Ол үшін мұғалім мәтінді оқу барысында тіл материалын бекіту жұмысын тоқтатқаны жөн, оқушылардың назары толығымен мәтінің мазмұнына аударылуы керек.

5.Мәтін бір тұтас мазмұндық единица болуы керек; тапсырманы өзгертпей, мәтінді қайталап оқымаған жөн.

Оқушы мәтінді қалай оқуы оның мақсатына байланысты. Оқу мақсатын мұғалім берген тапсырмаға сай анықтауға болады. Мұғалім оқығанды қалай тексерсе , оқушы мәтінді солай оқиды. Сондықтан тексеру түрі, мәтін оқу түріне сәйкес болғаны жөн.

Жоғарыда оқудың үш негізгі түрі аталған: таныса оқу, зерттей оқу және қарап шығу. Осылардың ішінде орта мектепте қарап шығудың тек кейбір элементтерін ғана үйрету керектігі деп айтылған. Негізінен оқудың екі түріне – таныса оқумен, зерттей оқуға үйрету керек. Енді соларды қысқаша қарастырып өтелік.



Таныса оқу. Оқудың бұл түрін дамыту үшін едәуір ұзақ мәтіндер пайдаланылады.V-VI кластарда мәтіндерді класта оқимыз, өйткені оқушыларға қалай оқу керектігі үйретіледі. Бұдан соң мәтінді оқушылар өз бетімен үйде оқиды. Дегенмен, айына бір рет класта да оқуға көңіл бөлінеді.

Таныса оқудағы тапсырмалар мен тексеру түрлерінің үлгілері:

-Мәтінді оқып, оның негізгі мазмұнына қойылған сұрақтарға жауап беріңдер. Мәтіннің мазмұнына қойылған сұраққа оқушылар бір сөйлеммен ғана жауап бермей, бірнеше сөйлемді біріктіріп жауап бергені дұрыс. Мұндай тексеру тәсілінің әр түрлі ұйымдастыру түрі болуы мүмкін: а) мұғалім ауызша сұрақ қояды – оқушы ауызша жауап береді; ә) сұрақ ауызша – жауап жазбаша; б) әр сұраққа 3-4 дайын жауап бар, оқушы соның ішіндегі дұрысын тауып, таңдап алуға тиіс.

- Мәтінді оқып, соңында берілген сөйлемдердің ішінен оның мазмұнына сәйкес келетіндерін белгілеңдер. - -Мәтінді оқыңдар. Мұғалімнің йтқанының қайсысы дұрыс екенін айтыңдар, дұрыс емесін түзетіңдер. Мұғалім мәтіндегі біраз фактілерді отайды, олардың кейбіреулерін әдейі қате атайды. Оқушылар мұғалімнің айтқандарымен келісе отырып, қате жерлерін түзетүге тиіс.

- Мәтінді оқып, мына сұрақтарға жауап болатын сөйлемдерді белгілеңдер: 1. ..., 2. ...

- Мына қағиданы дәлелдейтін мәтіндегі барлық фактілерді атаңдар. Мәтіндегі оқиғаның дамуына сәйкес мына сөйлемдерді реттеңдер т.б.

Таныса оқудыф тексеру тәсілі ретінде ана тілінде аударады қолдануға болмайды, өйткені оқушылар аударманы қолданатынын білсе, мәтінді түгел аударады, онда ол таныса оқу болмай, оқудың басқа түріне, зерттей оқуға, айналып кетеді.

Зерттей оқу. Оқудың бұл түрін дамыту үшінжұмыс істеу VIII кластан басталады. Ол үшін шағын мәтіндерді бір бөлігін (2-3 абзац) пайдаланады. Оқудың бұл түрінің мақсатын- мәтіндегі барлық ақпаратты дәл түсіну.Әуелде зерттей оқу класта жүргізіледі кейін ондай тапсырманы үйге беруге болады. Мәтінмен істелетін жұмыс оны түгелдей жедел қарап шығудан басталады, оның тақырыбын, бірінші және соңғы сөйлемін оқу арқылы оқушылар бұл мәтінді не турлы әңгіме болып отырғанын анықтайды.. Оқудың бұл түрінде мазмұнын түсінгенін тексеру тәсілі ретінде ана тіліне аудару қолданылады.Сөйлемнің қиын жерлері талданады. Ана тіліне аударудан басқа сұрақ-жауап арқылы, мұғалімнің дұрыс және қае сөйлемдерді атауы арқылы да мәтіннің мәтіннің мазмұнын дәл түсінгендігін тексеруге болады. Тексеру таныса оқудағы сияқты мәтіннің тақырыбын, оны ашу сипатын анықтаумен және мәтіндегі оқуларға баға берумен аяқталады.

Жоғарғы кластарда АҚШ-та шығатын “Times”, “News” Шымкентте шығатын “Week-end” газеттерін оқуға болады.

Газетті жұмысты бастамас бұрын мұғалім әуелі оқушыларды сол газеттермен таныстырып алуға тиіс. Мұнда ол бұл газеттердің қашаннан бері шыға бастағаны, аптасына қанша рет шығатыны, кімнің органы екені туралы, газеттің материалы қалай орналасқан, ол қандай тақырыптарды қарастырады, қандай материал газеттің қай бетінде болады, осының бәрін мұғалім мұғалім оқушыларға алдын ала айтып беруге тиіс. Сосын мұғалім оқушылардың назарын газетте интерноционалдық сөздер жиі кездесетініне аударады. Мұндай сөздердің мағыналарын түсіну әдетте оқушыларға оншалықты қиындық келтірмегенмен, олардың айтылуы едәуір қиын. Ол қиындықты жоюда магнитафон көмектеседі. Оқушылар магнитафоннан интернационалдық сөздерді тыңдайды да, әр сөзден кейінгі үзілісте дикторға ілесіп қайталап айтады. Содан кейін мұғалім үйге тапсырма ретінде бір мақаланы немесе соның бір үзіндісін оқуды жүктейді, оның үстіне оқушылар өздері оқыған үзіндіде кездескен интернационалдық сөздерді көшіріп жазып алулары керек.

Үйде газеттен бір мақала оқуға тапсырма берерден бұрын мұғалім қандай граматикалық құбылыстардың оқушыларға қиын тиетнін анықтап, алдын ала түсініктеме беруге тиіс, әйтпесе оқушылар мақаланы түсінгенше көп уақыт жоғалтады. Кейбір қысқарған сөздерді оқушылар білмейді, сондықтан оларды мұғалім алдын ала түсіндіруге тиіс ( E.t.c т.б.)

Тиісті түсініктемелерден кейін оқушыларға біраз аудио-визуалды жаттығулар жасатқан тиімді. Яғни оқушылардың көз алдында жазбаша түрде сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер тұрады, соған қарап отырып оқушылар осы сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді магнитафоннан тыңдайды да, дикторға ілесіп оқиды. Осындай тәсілмен географиялық атауларды , сандарды, даталарды, интернационалдық сөздерді дұрыс айтуға, дұрыс оқуға үйретеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет