Гуманитарлық пәндер


Публицистикалық шығармаларындағы патриотизм



бет22/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

2. Публицистикалық шығармаларындағы патриотизм. Армия қатарында жүріп, Баубек өзінің әдеби еңбегін одан сайын өрістете берді. «Алматы – менің туған қалам» деген романынының біткен бөлімдерін досы М.Иманжановқа жіберіп отырады. Ұлы Отан соғысы басталып кетіп Баубек бұл романын аяқтай алмайды.Оның ерекше қасиеті – Отанын жан-тәнімен сүйген жалынды патриот еді. Екінші бір ерекшелігі – орысшаға да, қазақшаға да бірдей болатын.Екі тілде бірдей көркем шығарма жаза алатын. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін ол жалынды әскери публицистикаға бой ұрды.
Соғыс кезінде «Комсомолская правда» газеті беттерінде Бұлқышевтың «Өмір сүргім келеді», «Өмір мен өлім туралы», «Жүріп келе жатырмын», «Шығыс ұлына хат», «Заман біздікі», «Тыңда, Кавказ!», «Жауыздық пен махаббат» т.б. тамаша публицистикалық мақалалары мен очерктері жарық көрген.
Баубектің бойындағы жазушылық талантты сонау отты жылдары көре білген сөз зергері Ғ.Мүсірепов: «Баубек дүниелік мәдениетпен, әр ағымдағы философиямен таныс ірі жазушы болғалы келе жатыр»,- деп әділ бағалаған еді.
Халықты күреске, ерлікке үндеу мен майдангерлердің қаһармандығын, тылдағы қажырлы еңбекті жедел суреттеуге прозаның шағын үлгілері де атсалысты.Бұл тұрғыда Бұлқышевтың публицистикалық мақалалары, әңгімелері мен очерктері елеулі қызмет атқарады.Соғысқа қатысқан жас жазушы Баубек Бұлқышев өзінің «Заман, жастар, біздікі», «Жауыздық пен махаббат», «Өмір мен өлім туралы», «Мен өмір сүргім келеді» сияқты публицистикалық еңбектерінде майдандағы жас адамның жүрек тебіренісін әңгімеледі.Туған жерін сүйе білген азаматтың дұшпанға деген кегі де, замандасына арнаған өмір туралы сыры да осы мақалаларда қамтылған.
«Шығыс ұлы» атты публицистикалық шығармасында жас жазушы халық басына түскен қатал соғыстың адамзат баласы басына түскен үлкен апат екенін айта келіп, оны қорғауға бүкіл қазақ қандастарын шақырады. Шығармада өз ойын былайша жеткізеді: « Шығыс ұлы! Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші. Ондағы мейірімді халықты, бізді тәрбиелеп өсірген Отан-ананы есіңе түсірші! Сен оларды сүйетін едің. Бүгін сол шын махаббатты іс жүзінде көрсету керек болып отыр.
Отан деген бір-ақ сөз. Бірақ осы сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ. Сол ардақты Отан бүгін қауіпте тұр.
Менің көз алдыма : «Қарағым, ұлым, тағдырым сенің қолыңда» деп тұрған ізгі ана –Қазақ әйелінің бейнесі келеді. Бұл маған Отан өміріне төнген қауіпті аңғартады. «Ұланым, туған еліңді сақтап қал!»дегендей болады. Осы лебіз жанды жанып, күш-қуатты тасытады. -Сақтаймыз, ана, өміріңді сақтаймыз,-дегің келеді, сөзбен емес, іспен ақтауға ұмтыласың.
Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр. Шығыс ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз. Ендеше қазақ қыздарының ғасырлар бойы «Елім-ай»деп сары даланы күңірентіп салған зарлы әнін бүгінгі күні жаңа күймен ұрыс алдында біз шырқасақ, оның айып-шамы жоқ. «Елім-ай» - елін сүйген қыз жүрегінен шыққан ән. Елін сүйген ер жігіт қазіргідей заманда «Елім-ай»десе, ол –ант! Ол –серт! Ұрыс алдында жауынгердің жүрегіне төтенше махаббат құймақ. Шығыс ұлы, кел, шырқатып «Елім-айды»салайық. Қайғымен емес, жауға бермейміз елімізді деп, жігерленіп салайық; қасіретпен емес, ел үшін, жер үшін өлімге қарсы жүреміз деп, серт бере салайық. Сен түстікте, мен батыста - бір фашистен өлтірсек, Отан екеу деп санайды.Біздің ән де, қимыл да осылай ұштасады».
Бұл шығармасында жазушы Отан басына түскен ауыртпалықты айта отырып, елді, жерді қорғауға барлық елдің ұлдарын кек алуға шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет