«Хабар дайындаудың аудиотехникалық және цифрлық технологиясы» пәнінің



бет1/6
Дата30.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#169051
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейдегі СМЖ құжат

УМКД




«Хабар дайындаудың аудиотехникалық және цифрлық технологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

2012 ж.

№ 1 басылым


УМКД 042-16.1.7/03-2013









5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған

«Хабар дайындаудың аудиотехникалық және цифрлық технологиясы» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ-2013


Мазмұны

1 Глоссарий.........................................................................................................

2 Дәрістер...........................................................................................................

3 Практикалық сабақтар.................................................................................

4 Курс жұмысы және дипломдық жоба........................................................

5 Студенттердің өздік жұмысы......................................................................

1 ГЛОССАРИЙ
АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.

ГЛОССАРИЙ

АВТОБИОГРАФИЯ     -     қандай     да     бір     тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.

АВГОГРАФ - біреудің екінші бір адамға қолтаңба жазып  беруі.

АВТОР  -  түрлі   салаларда   шығарма   жасаушы   тұлға. Әдебиеттегі,   өнердегі,   ғылымдағы,   т.б.   творчестволық еңбек иесі.

АГИТАЦИЯ - ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке   идеялар   мен   лозунгілер   таратып,   саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.

АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. Кезең-кезең сайын шығып тұруы мүмкін.

АНАЛИЗ    -    тиісті     объектіні     жан-жақты     талдап көрсететін, ғылыми-логикалық тұрғыдан ой-топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.

АННОТАЦИЯ - кітап мазмұнына қысқаша түсініктеме жасау.

АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.

АРГУМЕНТ - бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалқ тұжырым.

БИБЛИОГРАФИЯ - кітаптар мен журналдардың ішіндегі мәліметін, анықтамасын білдіретін көрсеткіштер.

 БРОШЮРА   -   шағын   көлемдегі   шығарма   берілген, жұмсақ мұқабамен шығатын жүқа кітап.

ВЕРСТКА   -  терілген   материалдар  гранкілері   арқылы типографияда газет, журнал беттерін дайындау.

ДЕЗИНФОРМАЦИЯ      -      жалған      хабар      арқылы жаңылыстыру.

ДЕНЬ ПЕЧАТИ - дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28 маусым күні аталып өтеді. "Түркістан уалаяты" газетінің 1870    жылы    алғашқы    нөмірі    шыққан    күнге    орай белгіленген.   Аталмыш   мерекелік   күні   творчестволық конкурста жүлде алған журналистерге арнайы сыйлықтар тапсырылады.

ДИСКУССИЯ - жиналыста немесе баспасөзде әлдебір мәселені қызу талқылау.

ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.

ЖУРНАЛИСТ - бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жұмыс істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы идеологиялық, қоғамдық саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек етеді. Отанға, халыққа қызмет етіп, публицистика саласында шығармалар береді. Ішкі-сыртқы саяси мөселелерге белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.

ЗАМЕТКА - бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.

ИДЕОЛОГИЯ - қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат, мораль, ғылым, өнер, дін жөніндегі ұғымдар мен көзқарастар жиынтығы. Ол қоғам дамуына белсенді әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы да мүмкін.

ИЛЛЮСТРАЦИЯ - кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.

ИНТЕЛЛЕКТ- ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.

ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ - ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен ғылымның әр түрлі салаларынан арнаулы білімі бар мамандар. Мысалы, дәрігер, ғалым, жазушы, артист, мұғалім, инженер, мемлекеттік аппарат қызметкерлері т.б.

ИНТЕРВЬЮ - сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты.   Оның   зәру   мәселе   бойынша   пікірлері   мен көзқарасын,    берген    мәліметін    бұқаралық    ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы.

ИНТЕРПРЕТАЦИЯ   -   бір     нәрсенің     мәнін     ашу, ұғындыру. Қайсыбір текске түсіндірме жасау.

КАЛЛИГРА ФИЯ - анық, әдемі жазу өнері.

КОММЕНТАРИЙ - кітап немесе текс туралы қысқаша түсіндірме беру.

КОММЮНИКЕ -мемлекетаралық және дипломатиялық келіссөздер туралы үкіметтің ресми хабарлары.

КОНСПЕКТ - лекцияны,  шығарманы,  сезді  қысқаша мазмұндап жазу.

КОНСТАТИРОВАТЬ -  фактіні  анықтау,  сендіру,  куә болу.

КОНТЕКСТ -  тығыз  байланыстылық,   мәні   жағынан бітіп тұрған текс үзіндісі.

КОНЦЕПЦИЯ -   өмір  құбылысына   көзқарас   білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.

КОРРЕКТОР - баспасөз материалдрын баспаханада теру кезінде    кеткен    кателерді    гранкіден,    не    версткалау кезінде   беттерден   жөндеп,   түзететін    қызметкер.    Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы керек.

КОРРЕКТУРА - баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған кателерді жөндеу.

КОРРЕСПОНДЕНТ - бұқаралық ақпарат кұралдарының жер-жерден     хабар     жинап     беріп     тұратын     тілші қызметкері.

КОРРЕСПОНДЕНЦИЯ - публицистика жанры. Өмірдің бір бөлшегін көрсету арқылы, фактілерге талдау жасап, баға   беру.   Саяси,   экономикалық  және   мәдени   өмір объекті етіп алынуы мүмкін. Тақырыбы, алынатын жері нақты көрсетіледі. Жалқыдан жалпыны түйіндейді.

КОПИЯ - тупнұсқаның тура көшірмесі.

КУРСИВ   -   формалық   тұрғыдан   қолжазба   әріптерге ұқсайтын типорафиялық қаріп.

ЛЕЙТМОТИВ - негізгі, жетекші ой.

ЛЕТУЧКА - редакция ұжымының жедел әрі қысқаша өткізетін өндірістік жиналысы.

ЛИНОТИП -  типографияда  редакция  материалдарын жол етіп құятын терім машинасы. XIX ғасырдың 80-ші жылдары жасалған.

МАКЕТ - арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет   беттерінің   дәл   жасалынған    жоспары.    Соның үлгісінде      шығатын      газет      беттері      дайындалып безендіріледі.

ОРИГИНАЛ - көшірмеден бөлек, шығарманың негізгі түпнұсқасы, типограифялық терімге берілетін материал.

ОРИЕНТАЛИСТ    -     шығыс     халықтарының     тілін, мәдениетін білуші.

ОРФОГРАФИЯ - белгілі бір тілдің сөздерін  бірыңғай жүйе бойынша дұрыс жазу тәсілі.

ОТТИСК  -  терілген   беттің  типографиядағы   алғашқы байқау басылымы.

ОФИЦИАЛЬНЫЙ - бір нәрсенің ресми қызметтік мәні.

ОФСЕТ - - типографияда жасалған цинк қаңылтырдағы газет бетінің  бейнесі сол  күйінде  резина  пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын тәсіл.

ОЧЕРК  -   көркем   жанрға   жатады,   публицистикалық сарында жазылады. Негізінен фактіге құрылады, ойдан шығарылмайды. Оқиға, фактілер зерттеліп, баяндалады.Оның кейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер баяндалады.    Көбіне   кейіпкерлер   бейнесі    суреттеліп беріледі.

ПАМФЛЕТ - заманға кереғар, қоғамдық-саяси өмірдегі кейбір   келеңсіз   құбылысты,   сондай-ақ   әлдебір   жеке қайраткерлер туралы әшкерелеу, келемеж мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.

ПАРАДОКС -  әдеттегі  қалыптасқан   жағдайдан   бөлек күтпеген тосын пікір, құбылыс

ПАРАЛОГИЗМ   -   логикалық   қателесуге   байланысгы жалған ойлау, яғни, ойдың бұзылуы.

ПАРАФРАЗА   -   басқа   біреудің   тексін,   ойын   өзіндік сөзбен жеткізу, сипаттау.

ПАТЕТИЧЕСКИЙ - адамды толқынысқа түсіретін күшті сезімдегі жоғары пафос, екпін.

ПАФОС - көтеріңкі көңіл-күй сезімі, әсері.

ПЕРСОНАЖ - әдебиет, өнер шығармаларындағы кейіпкерлер.

ПЕТИТ - ұсақ типографиялық шрифтінің түрі.

ПЛАГИАТ -  әдеби ұрлық,  біреудің шығармасын  өзіне пайдаланып кету.     

 ПЛЮРАЛИЗМ - дүниені бір текті қарамай, көп түрлі санайтын, әр түрлі көзқарас, пікір алуандығы.

ПОДБОРКА   -   бірыңғай   тақырыптағы   бірнеше   газет материалының ортақ рубрикаға біріктіріліп берілуі.

ПОЗИЦИЯ - белгілі бір іске,  мәселеге  көзқарас  пен қарым-қатынасты     анықтайтын     адамның     іс-әрекет сипаты, ұстанған бағыты.

ПОЛЕМИКА   -   баспасөзде,   жиналыста    бір   нәрсені талқылау кезінде болатын айтыстар.

ПОЛИГЛОТ- көп тіл білуші.

ПОЛИГРАФИЯ   -    баспа    өнімдерінің    барлық    түрін шығаратын өндіріс саласы.

ПОЛИТИКА - мемлекеттік, қоғамдық іс ірі әлеуметтік топтар     мен     халықтар    арасындағы     қарым-қатынас жұмыстары,   саясат.   Оның   қоғамдық  өмірдің   барлық саласына ықпалы бар.

ПРЕССА     -     мерзімді    басылымдар,     газеттер     мен журналдар т.б.

ПРЕСС-БЮРО - жалпы  қоғам  мен  баспасөзге  арнап ағымдағы оқиғаларды жариялау үшін үкімет және басқа да басқару органдары жанынан құрылған арнаулы орган.

ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ  -   информациялық   тұрғыда әңгімелесу     үшін,     саяси     мәселелерді     айту     үшін мемлекеттік, саяси, қоғамдық қайраткерлердің баспасөз өкілдерімен   кездесуі.  Журналистер   сұрақтарына   ішкі-сыртқы жағдайлар туралы жауап беру үшін өткізілетін жиналыс.

ПРИНЦИП - негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртібі.

ПРОБЛЕМА - теориялық және практикалқ шешімін күткен өзекті де, аса қажетті мәселе.

ПРОГРАММА   -  атқарылатын   істің   жоспары, оның мақсаттары мен міндеттерінің бағыты, жиынтығы.

ПРОГРЕСС -  алға  жылжу,   қоғамда   неғүрлым  жақсы жағдайға жету, дамудың жоғары сатысына өту.

ПРОКЛАМАЦИЯ - листовкалық басылым секілді үгіттік сипаттағы үндеу.

ПРОМУЛЬГАЦИЯ      -  қайсыбір өкімет актісін жұртшылыққа хабарлау.

ПРОПАГАНДА -  ілімді,  саяси теорияны,  көзқарасты, идеяны баспасезде және ауызша  түрде  тарату  мен түсіндіру, насихаттау.

ПУБЛИКАЦИЯ     -  баспасөзде  жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал.

ПУБЛИЦИСТ - қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер.

ПУБЛИЦИСТИКА - мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық  өмір   мәселелерінің  жазылып, жариялануы. Журналистика саласының материалдары.

ПСЕВДОНИМ -  жазушы,   журналистердің  баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркемшік есімді пайдалануы.

ПУНКТУАЦИЯ   -   тыныс белгілерін   дұрыс қолдану туралы ереже.

РЕДАКТОР - мерзімді басылымның жетекшісі,редакция коллективінің басшысы. Газет, журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.

РЕПОРТАЖ - қайсыбір оқиға туралы журналистің өзі қатысып. көзімен көргенін жұртқа сол күнде айна-қатесіз жедел жеткізуі, айтуы, көрсетуі.  Оқырманның, не көрерменнің өзі болғандай әсер беруі.

РЕПОРТЕР - болған оқиғалар туралы жергілікті жердеп мәліметтер беретін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

РУБРИКА    -    газет    бетіндегі    біріктіріліп     берілгеп материалдарға,   сондай-ақ   жүйелі   түрде   жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ айдар.

РУКОПИСЬ  -  кез  келген   шығарманың,  текстің  т.б. қолжазбасы.

СЕНСАЦИЯ    -    қоғамды,    жұртты    дүрліктірген,    шу көтерген әлдебір оқиға, хабар.

СОБКОР - редакцияның жергілікті аймақтарда тұрып жұмыс   істейтін   меншікті   тілшісі.   Ол   сол   жерлерден тұрақты түрде хабарлар жолдап тұрады.   Редакцияның штатты қызметкері болып есептеледі.

СОЮЗ ЖУРНАЛИСТОВ КАЗАХСТАНА - Қазақстанның Журналистер одағы, яғни журналистердің республикалық кәсіби творчестволық ұйымы.  Бққаралық ақпарат құралдарында істейтін мыңдаған  мүшесі бар. Жоғарғы органы - съезд, арнаулы уставы қабылданған. Үйымның төрағасы мен  секретариаты жұмыс  істейді.  Жергілікті жерлерде бөлімшелері құрылған.

СТАТЬЯ - мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ жасалып,  теориялық және  практикалық тұрғыдан       жинақталып,       қорытылады.       Маңызды қоғамдық-саяси    тақырыптар    қамтылып,     зерттеледі. Мақаланың бірнеше түрлері бар.

СТЕНОГРАФИЯ -ауызша сөзді ерекше белгілер арқылы қысқартып әрі тез жазу

СТИЛЬ - қаламгерлер творчествосының, шығармаларының өзгеге ұқсамайтын ерекшеліктері. Әдіс, тәсіл, мәнер сипаттары.

СПЕЦКОР- айрықша бір мәселелер жөнінде тапсырма алып, оқиға болған жерден материал дайындап әкелетін газет-журналдар редакциясының арнаулы тілшісі.

СЦЕНАРИЙ - экранда көрсетілетін телехабарлардың композициялық, сюжеттік желісі, жобасы. Жүргізушінің немесе диктордың қысқаша мазмұндалған текс жүйесі. Онда берілетін хабардың процесі, реті қалай болатыны айқындалып, көрсетіледі. Соның негізінде хабар дайындалып экранға шығарылады.

ФЕЛЬЕТОН - публицистикалық көркем жанр.  Сатира мен юмор элементтері пайдаланылады. Жазылу стилінде  образдылық   байқалады.   Нақты   кемшіліктерді   сылап, мінейді.  Одан  арылуға  әсер етеді.  Деректерге  сүйеніп, анықталған фактілерді арқау етеді. Қоғамдық мәселелер көтеріліп, көркем тіл қолданылады. Актуальді тақырып

алынып,   шындық   жазылады.   Өмір   құбылыстарының маңызы бағаланады.

ЦЕНЗУРА   -   баспасөзде   жарияланатын   шығармаларға ерекше бақылау жасау.

ЦИКЛ    -    тақырыбы,     кейіпкері,     мазмұны     ортақ шығармалар жиынтығы.

ЦИТАТА - ой-түжырымды, пікірді дәлелдеп, дәйектеу үшін басқа біреудің шығармасынан өзгертпестен үзінді сөздер келтіру.

ШАБЛОН - жауыр болған сөздер мен ойларға  көзссіз еліктеп, үлгі түту.

ШРИФТ -  баспасөз  үшін  терім  жасалатын  типографиялық қарып түрлері.

ЭКЗЕМПЛЯР - бірыңғай заттың бір ғана данасы, үлгісі.

ЭРУДИЦИЯ   -    ғылымның,    пәннің    саласын    терең оқығандық, зор білімділік, түбегейлі таным.

ЭССЕ -   публицистикалық  сарындағы   очеркке   ұқсас  шығарма.     Мысалы,     ғылыми     эссе,     тарихи     эссе, публицистикалық эссе т.б.

ЭТИКА -адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттері жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғам жөнінде өзара       қарым-қатынас       мәселелерін,        міндеттрін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.


2 ДӘРІСТЕР

Дәріс сабағының құрылымы:



1-Дәріс. ДЫБЫС ЖАЗУ – ЭЛЕК ТРОНДЫ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ
Дәріс сабағының мазмұны:

1. Дыбыс – ауа тербелісі, толқын.

2. Толқындар ұзын, орта, қысқа толқынға бөлінеді.
Адамзат дыбыстар әлемінде, түрлі дыбыстардың ортасында болады. Адам өміріне дыбыстың етене еніп кетендігі соншалықты сағаттың тықылы, машинаның гүрілі т.б. сияқты айналадағы тұрмыстық шулар еленбейді. Ал, құлаққа сіңіп, үйреншікті болған дыбыстар ортасынан бөліне қалған жағдайда, сол дыбыстардың жетіспей тұратындығы аңғарылады.

«Радионың өзі - дыбыс искусствосы. Дыбыс адамның нәзік түйсігіне соғып, ұғым туғызатын эмоциялық құбылыс. Дыбыс өнері өмір шындығын, көркем образдарды естірту арқылы бейнелейді. Бұл оның бейнелеу тәсіліндегі өнердің басқа салалардан ерекшелігі, өзіне тән ерекше сипаты», - деп жазады радио зерттеушісі, профессор Н. Омашев. Яғни, радиожурналистикада дыбыстың алатын орны ерекше екендігін ескере отырып оның табиғи сипатына көңіл бөлінеді.

Айналаны қоршаған ортадағы құбылыстар, адамдардың сөздері, дауыстары, құстардың сайрағаны, музыка аспаптарының дыбысы, ағаштардын, жапырақтардың сыбдыры, күннің күркіреуі, машинаның гүрілі т.б. күнделікті кездесетін, адам өмірі үшін қажетті заттар дыбыс шығарады.

Дыбыс – ауа тербелісі, толқын. Дыбыс естілгенде белгілі бір көзден шығып, белгілі бір межеге жетеді. Егер дыбыс репродуктордан шықса, оның шеңберін бойлай бекітілген жеңіл диск-мембрана тербеледі. Ал, музыкалық аспаптарды қолданғанда, ондағы дыбыс көзі сол аспаптын ішегі, тербеліп тұрған ауа бағаны болып табылады. Адамның есту мүшесі мен дыбыс көзінің арасын ауа бөліп тұрады, яғни естілген дыбыс адамның есту мүшесіндегі жарғақ толқын арқылы тербеліске түседі де, ми қабаттарына дыбыстың берілгені жайлы сигнал түседі. «Дыбыс кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы, тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс» - деп көрсетіледі «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында.

Адам өмірінде дыбыс толқындарының маңызы және оны зерттейтін ғылым ретінде акустиканын атқаратын рөлі орасан зор. Дыбыстың барлық сипатын зерттеу әскери өндіріс саласында, халық шаруашылағын дамытуда, музыка аспаптарын жасауға т.б. және хабар таратудын жетілген жүйесін дамытуға тиісті үлес қосады. Әсіресе, электронды БАҚ-тың қоғамдағы рөлін арттыруда өте қажет. Өйткені, дыбыстық әсерлерсіз радиохабарлардың жасалуы мүмкін емес.

Дауысты құбылтып, түрлендіріп беру тәсілімен дыбыстық картиналар жасау арқылы электронды хабар берудің сипаты өзгеріске түседі. Ресми маңызды деген хабардың өзін бір қалыпты дыбыспен беру адамның логикалық ойлау жүйесін іске қосқанымен, сезіміне әсер ете алмайды. Яғни хабардың эмоциялық ықпалы нөлге тең. Мұндай адам психологиясына әсері жоқ хабарлардың қабылдануы ауыр болғандықтан, тыңдарман аудиториясын тез шаршатып, жалықтырып жібереді. Сондықтан да, хабардың мазмұнын ғана емес, эфирден берілу формасы, естілу ерекшеліктері ескеріліп, тыңдаушыны тартып, жетелеп отыруы тиіс. Дәлірек айтқанда, негізгі жүкті көтеретін, басты қызмет атқаратын нәрсе - сөйлеушінің дауыс ырғағы. Адам даусының ырғақтарын, үн реңдерін қағазға түсіру мүмкін емес. Қағазға жазылған сөз өзінің қосымша бейнелеуші қасиеті - үннен жанды дауыстан айырылады, сол арқылы оның мазмұны да кемиді. Сондықтан да, радиохабарларының естілу арқылы жасайтын әсері басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда басымырақ.

Дыбыстың таралуына қарай түрлі өлшемдерге жіктеуге болады. Мысалы, адам сөйлеп тұрған кезде шығатын дыбыс 50 дб-ден асса, онда қаттырақ сөйлегені 60 дб немесе 100 дб деп естілуін есептеуге болады. Децибелл (дб) – дыбыстың естілуін, таралуын есептейтін бірлік. Аса жақсы акустиқалық жарақтандырылған бөлмеде дыбыстың естілу шамасы 0 дб, ал тыныш бөлмеде 30 дб болады. Радио үйінде хабар жасалатын бөлмелер арнайы акустиқалық жабдықталған. Естілуі 10 дб-ге тең. Уақыт өтуімен ілесе кеңістікке таралатын тербелістер толқын деп аталады. Дыбыс таралған кезде дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне толқын арқылы жетеді. Бүкіл толқын атаулының негізгі қасиеті – олардың физикалық денені тасымалдамай, энергияны тасымалдауы. Біртекті ортада толқындар жарық сәулелер тәрізді түзу сызық бойымен таратылады. Бұлай таралу еркін таралу деп аталынады да, тек космоста ғана пайдаланылады. Жер бетіндегі толқындардын таралу сипаты «еркін таралудан» өзгеше болады. Яғни жердегі толқындар «жағалай» таратылады. Биіктеген сайын атмосферада сыну қөрсеткіші артады да, рефракция (дыбыс сәулелерінің қиысуы) құбылысы салдарынан радио сәуле жерге қарай ойысады.

Ауада таралатын толқындар қума толқын болып табылады. Ауаның дыбыс өткізгіш екенін 1660 жылы ғалым Р. Боиль тәжірибе жасап, дәлелдеген. Ауаның дыбыс өткізу қасиетіне арналған қарапайым тәжірибе: егер ішіне электр қоңырауы орнатылған шыны қораптың ішіндегі ауа шығарылып тасталса, онда қоңыраудың дыбысы естілмейді, өйткені өткізгіш ауа жоқ. Егер ауа қайтадан толтырылса, онда қоңырау шылдыры естіледі. Дыбыс сұйық ортада да, қатты ортада да тарала алады. Мысалы, су астындағы адам кеменің есу тетіктерінің дыбысын, тастың тасқа соғылған дыбысын жақсы ести алады.

Дыбыс туралы екі ұғым бар:

Бірі - қоршаған ортада, ауада, суда т.б. жағдайда жан-жаққа бір қалыпты толқын тәріздес тарайтын тербелістен туатын физиқалық құбылыс.

Ал, екіншісі - есту органдарына дыбыс толқындары арқылы пайда болатын ерекше сезім. Дыбыс табиғатының осындай екі жақты қасиетіне қарап, музыкалық немесе музыкалық емес, естілетін яки естілмейтін, тіпті көрінетін не болмаса көрінбейтін дыбыс деп бөле қарауға болады. Дыбыстың туу табиғаты, таралу жолдары, белгілі бір дененің тербеліс қозғалысына келуінен дыбыс туатындығы және оның толқын түрінде тарайтыны тәжірибеде дәлелденген. Сондықтан да, дыбыс толқыны кез-келген толқын сияқты тербеліс амплитудасын (ауқымын), жиілігін (белгілі бір уақыт ішінде тарап үлгеретін толқын санына негізделген) сақтайды.

Айналаны қоршаған ауқымдағы, әр түрлі толқындағы дыбыстардың ішінен адам құлағы 16 Гц-тен 20 Гц-ке дейінгі жиіліктегі дыбыстарды ести алады. Адамның есту қабілетінен төмен жатқан немесе 16 Гц төмен болатын дыбыстар инфрадыбыс деп, ал 20 Гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды. Адамға естілмейтін дыбыстарды қейбір жануарлар (жарғанат, дельфин т.б.) ести алады. Мысалы, мұхитта апатқа ұшыраған кемедегі адамдарға дельфиндер көмекке келген, сонда алдымен аяғы ауыр әйелге көмеқтесуі инфрадыбыстардың әсерінен болғаны анық. Аталып өткен екі дыбыс та өндірісте, медицинада, қорғаныс ісінде қолданылады. 20-дан 20 мың Гц-ке дейінгі дыбыстың кез-келген түрін қазіргі дыбыс жазу аппараттары қайталай алады.

Халықаралық комитет радиотолқындарды бірнеше диапазонға бөліп, жіктеген: Алғашқы диапазон - 3 Гц-тен 30 Гц аралығы немесе толқынның ұзындығы 100 мыңнан 10 мың шақырымға жетеді. Шеткі төменгі жиілік немесе декаметрлік толқын деп аталады. Ол тек ғылыми зерттеулер мен астрономияда ғана қолданылады.

Екінші диапазон - шамадан тыс төмен жиілік, 30 бен 300 Гц аралығы. 10 мыңнан бір шақырымға жетеді. Мегометр деп аталынады. Онымен су астындағы қайықтармен морзе әліппесі арқылы байланыса алады.

Үшінші диапазон - инфратөмен 300 Гц-ден 3000 Гц-қе дейін. Яғни 1000 мен 100 шақырым аралығы.

Төртінші диапазон - өте төменгі жиілік 3 тен 30 қГц-ті метрлік деп атайды. Бұл жиілікте жұмыс істеу үшін үлкен антенна, жоғары қуаттылық қажет және ауа райы бір қалыпты болу керек. Сонымен қатар, толқындар ұзын, орта, қысқа толқынға бөлінеді. Ұзын толқында радионың бірінші арнасы бойынша берілетін хабарлар және жергілікті радиостанциялардың хабарлары таратылады. Орта толқындар «S0S» беруге, шұғыл шараларды хабарлауға қолданылады. Кейбір жиіліктерде түрлі жергілікті радиостанциялардың жұмыс істеуіне рұқсат етілген. Қысқа толқындар арқылы жер шарының қез-қелген нүктелерімен байланыс жасауға болады. Әуе кеңістігінде ұшақтарды ұшыру, қондыру сәттерінде де осы жиілік пайдаланылады.

Соңғы диапазонға - ультрақысқа толқындар кіреді. Бұған бүкіл радиотолқындар кіреді. Қысқа толқындарда негізінен көп каналды байланыс орнатылып, телефон, радио, теледидар арқылы кең көлемде хабар таратуға, қабылдауға мүмкіндіқ туып отыр. Сонымен қатар бұл толқында түрлі объектілерге дейінгі қашықтықты және бағытты анықтауда, атмосфераның жоғарғы қабаттарының, планеталардын құбылысы жайлы деректер де алуға да қолданылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Дыбыстың табиғаты.

2. Оның функциялары және қоғамдағы орны.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.

2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000

3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976

4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989

5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997

6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999

7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980

8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988

9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.

Алматы., 1978
2-Дәріс. РАДИОБАЙЛАНЫСТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТОЛҚЫНДАР АНЫҚТАМАСЫ
Дәріс сабағының мазмұны:

1. Ұзын толқын.

2. Орта толқын.

3. Қысқа толқын.


Ұзын толқын – шақырымдық, ұзындығы 1-20 шақырым, жиілігі 148-408 қГц. Қалалы, таулы жерлерде қолдануға ынғайлы. Ең ұзақ таралуы - 2000 шақырым.

Орта толқын – гектометрлік, ұзындығы 575-187 метр, жиілігі 535-1605 кГц. Бұл толқын күндізгіге қарағанда жақсы таралады. Яғни, алыс қашықтықтарға радиобайланыс қөбінесе түнде тара-лады.

- декаметрлік, толқын ұзындығы 90-11 метр, жиілігі 3,95-26,1 кГц. Бұл толқын көбінесе шетелдерге хабарлар тарату үшін қолданылады. Космостық байланысқа жарамайды.

Ультрақысқа толқын – (УҚВ -1, УҚВ - 2, ГМ) метрлік, ұзындығы 4,6 - 2,8 метр, жиілігі 65,9 - 108 МГц.

ҒМ - радиостанцияларының біздің елімізде жұмыс істей бастағанына біршама уақыт болды. Алайда, өздерінің жоғары сапалылығымен эфирді жаулап алды. Көптеген үлкен қалалар радиостанциялары осы толқынмен хабар таратады.

Секундына 300 мың км/секунд жылдамдықпен таралатын радиотолқындардың жердін бетімен таралатындары - жоғары толқындар деп аталады.

Ал, әр түрлі бұрыштарға, тұйықтарға таралатын толқын - қеңістік толқындар деген атауға ие. Әуе қеңістігі бір қалыпты емес. Төменгі 10-15 шақырымдағы қабат тропосфера, ал жоғары қабаттағы 500-ден 600 шақырымға дейінгі аралық ионосфера деп аталады. Ауа жәй тұрған қүйінде электр тоғын өткізбейді, ал күннің сәулесінің әсерінен ионизация процесі өткен сон тоқ өткізгіштік қасиетқе ие болады. Осы иондану қезінде радиотолқындар бағытына өзгеріс енеді. Олардың мүлде өшіп қалуы, шағылуы бұрылуы сияқты әсерлері толқынға ион жасайды. Атмосферада неғұрлым иондану қөп болса, соғұрлым радиотолқындардың қисаю процесі көбейеді. Ал, жердің қисық траекториясына қарай радио толқындар қисық пішін алуы рефракция деп аталса, ал толқын алдындағы кедергіге кездесіп, ол бағытынан бұрылады, яғни дифрақция процесі өтеді.

Радиотолқындардың шағылуы, жаңғырықтың пайда болуы радиолокацияның негізі болады. Көрінбейтін заттардың тұрған жерін радиотолқындар әсері арқылы анықтау радиолокация деп, ал оған пайдаланылатын құралдар радиолокатор деп аталады. Бұл құралдар қөбінесе әскери техникада, көлік инспеқцияларында қолданылады. Радиолокацияда радиопередатчиктен антенна арқылы таралған радиотолқын кез келген заттан, әсіресе электр өткізгіш заттардан тез шағылады. Мысалы, самолеттер, кемелер, су асты қайықтары т.б. яғни, радиопередатчиктің антеннасы арқылы тараған толқын алдындағы обьектіден жан жаққа шағылды, бірақ энергияның бір бөлігі бұрынғы шыққан жеріне қайтып, қабылданғыш антеннаға келеді.

Радиотолқынның бір секундтағы жылдамдығы үшін жүз мың шақырымға тең. Қазіргі кезде осы толқын жылдамдығынан да тез ұшатын самолет ойлап шығарылып отыр. Әрине, адамзат ой-қиялынын шарықтау шегінде тұрған кезеңде электронды техниканың дамуының да заңды құбылыс екені айқын.

Радиотолқындар микросекундтарымен яғни секундтық миллиондық өлшемімен өлшенеді, ондай толқындармен жұмыс істеу үшін электронды сәулелі трубкалар пайдаланылады. Егер радиотолқынды пайдалану жөніндегі ғылыми жаңалықтар ашылмаса, дүние жүзін өрмекшінің торындай сымдар басып қететін еді. Сонымен бірге әуе кеңестігінде байланыстар жүйелі жүргізілмейтін, ұшақтардың қауіп-қатерге ұшырамай ұшулары қамтамасыз етілмейтін еді. Дәл осы сияқты су астындағы байланыс, әскери қорғау жұмыстарына да радиотолқындар табысты түрде пайдалануда.

«Дыбыстың қарқындылығына байланысты анықталатын дыбыстың субъективті сипаттамасы дыбыс қаттылығы» (Қазақ энциклопедиясы) деп аталады. Бір тонды дыбыстардын қаттылығы әр түрлі болуы мүмкін. Дыбыстың бұл қасиеті тербіліс энергиясы амплитудасымен байланысты. Ал, дыбыстың қаттылығы мен амплитудасының аралығында тұрақты байланыс болады. Дыбыстың қаттылығы жөнінде бірі екіншісінен екі есе, үш есе, миллион немесе миллиард есе қаттырақ деп атауға болмайды. Қаттылығы әр түрлі дыбыстар туралы біріншісі екіншісінен осынша есе көп қатты емес, осынша бірлікке қатты деп айтылады. Өйткені, дыбыстың қаттылық бірлігі бар, ол – децибелл (дц). Яғни, қаттылық бірлігі децибеллмен өлшенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет