«
ә»дауыстысын «
а» дыбысының варианты ретінде түсініп, оны дербес фонема деп
есептеген жоқ [6.5]. Ал Радлов қазақ тілінде тоғыз дауысты дыбыс бар деп дұрыс айтқан.
Ол «и», «у» дыбыстарын сонорларға қоспай, аралық немесе жарты
дауысты деп, дауыссыз
дыбыс ретінде таныған [3.6]. В.В.Радлов түркі тілдерінде екі дауысты дыбыстан тұратын
дифтонг бар деп, «уат, уан, қуан, жуан» сөздерін мысалға келтірген, трифтонгтар да түркі
тілдерінің дыбыстық құбылысына тән, сондықтан үш дауысты дыбыс тіркесіп, екі буынға
бөлініп айтылады деп, «әуе, сүйеу» деген сөздерді мысал еткен еді [3.28-30]. Ол дауысты
дыбыстарды жуан,
жіңішке деп жіктеп алып, оны өз ішінде тағы да бөледі. Мысалы жуан
дауыстылар жуан еріндік (о, ұ), жуан езулік (а, ы), сол сияқты жіңішке дауыстылар
жіңішке еріндік (ө, ү), жіңішке езулік (ә, і, е). Бұлай бөлуді ғалым «дауыс түтігінің екі
шегіндегі үйлесімдігіне» қарай деп есептейді [3.9]. П.М.Мелиоранский де тоғыз дауысты
дыбысты атайды да, оларға қоса
ай, ау, ей, еу, ой, өй, өу, уө, уа - деген т.б. қосарлы
дауыстылар бар деп, ал «
ә» фонемасын «
а» мен «
е»-нің аралығындағы
дыбыс деп санаған
[7]. Ғалымдар арасында «
ә»дауысты дыбысы туралы әр түрлі пікір қалыптасқан.
І.Кеңесбаев «ә» фонемасының қазақ тілінде сирек кездесуінің басты себебі – оның қазақ
тіліне басқа Шығыс тілдерінен келген сөздермен байланысты болуы керек» деп біледі
[1.230]. Ж.Аралбаев түркі тілдерінің кейбіреулерінде «ә» дербес фонема сапасында
қолданылса, енді бірінде дербес фонема бола алмайтынын, ал қарақалпақ тілінде «ә»
фонемасы көбіне араб-парсы тілдерінен келген сөздерде қолданылатынын айтып, бұл
фонеманы бергі кезеңде жасалған туынды фонема деп есептейді [8]. А.Байтұрсынов қазақ
тіліндегі дауысты дыбыстар саны 9 екенін анықтап, олардың тіліміз ерекшелігіне сай
жуан-жіңішке болып айтылатынын көрсетті. Қазақ тілі вокализм жүйесін А.Байтұрсынов
5 әріппен таңбалайды. Ғалым дауыстылардың сингармонизм заңдылығына сай жуан-
жіңішкелігінің фонологиялық табиғатын терең тануы нәтижесінде дауысты дыбыстардың
жуан-жіңішкелігін жеке-жеке әріппен, ал дауыссыздарды бір әріппен таңбалаған.
«Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса – дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылмақшы.
Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың хәріфлерінің айтылмағын белгілеп айырсақ,
дауыссыз дыбыстардың да жуан я жіңішке айтылмағын айырғанымыз»,- дейді
А.Байтұрсынов [9.381]. Осы орайда ғалым М.Жүсіпұлы: «Байтұрсынов қазақ тілінің
сингарможіңішке дауыстыларының дербес фонемалар
деңгейінде дамып жеткендігін, ал
қазақ тілінің сингарможіңішке дауыссыздарының дербес фонемалар деңгейінге дамып
жетпегенін анықтаған»,- дейді [10.44] . С.Мырзабеков
а, ә - ашық,
о, ө, е - жартылай ашық
дауыстылар да,
ұ, ү, ы, і, и, у - қысаң дауыстылар деп таниды. Ол: “Ашық дауыстыларды
айтқанда астыңғы жақ (үстіңгі жақ қозғалмайды) барынша төмен түседі де, қысаңдарды
айтқанда жоғары көтеріледі. Басқаша айтқанда, ашықтарды айтқанда екі жақ бір-бірінен
қашықтай түседі де, қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін
шығуына кедергі жасамайды. Ал жартылай ашықтар осы екеуінің аралығында айтылады”,
- дейді [11.37]. Екі қатаң дауыссыз арасындағы қысаң дауысты да дыбыссыз айтылуға
бейімдеу келеді екен [5.80]. Ж.Аралбаев: “Қысаң дауыстылар абсолюттік сан жағынан (
и,
у - дан өзгелері) келте, ашық дауыстылар созылыңқы айтылады”, - деген болатын [8.39].
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың фонемалық мәні, олардың
әріп-фонема-дыбыс
қатынасын төмендегідей сызбалар арқылы көрсетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: