Соөж тақырыбы



бет1/2
Дата19.05.2022
өлшемі56.9 Kb.
#457226
  1   2
Соөж 2 Ногай Ұ





Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті


СОӨЖ
Тақырыбы: Буын және дыбыс үндестігі
Орындаған:Ногай Ұлту
Факульте Педагогика және психология
Тобы:6В01303 Қабылдаған:Уайсова Гулнар



Жоспар:
  1. Кіріспе


  2. Негізгі бөлім
  • 2.1. Көркем мәтінге буын және дыбыс үндестігі тұрғысынан талдау жасаңыз.




Кіріспе


Қазақ тілінде дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымша арасында, сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үндесіп, үйлесіп айтылады. Түбір сөздің жуан не жіңішке болуына қарай қосымша да жуан не жіңішке болады және сөздің соңғы дыбысына қарай үйлесіп жалғанады. Сөздің бастан- аяқ үндесіп, үйлесіп, біркелкі әуезбен айтылуы үндестік заңы деп аталады.
Үндестік заңының екі түрі бар:
  1. буын үндестігі;


  2. дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. Мысалы, бала+лар, үйрек+ті, құдірет+ті, кітап+қа, т.б. Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болатын болғандықтан, буын үндестігі
дауысты дыбыстар арқылы орындалады. Буын үндестігі сингармонизм деп те аталады. Сингармонизм – грек тілінен енген термин. Sуn «бірге» және һаrmoni «байланысу», «үндесу» деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:
-мен, -бен, -пен – баламен, жұлдызбен, жолдаспен;
-қор, -паз, -қой – еңбекқор, өнерпаз, әуесқой;
-тал, -дар, -тай – өсімтал, кіріптар, шешетай;
-хана – емхана, дәріхана;
-нікі, -дікі, -тікі – Майранікі, атамдікі, Мақсаттікі;
-кер, -гер, -кеш – айтыскер, қаламгер, арбакеш;
-кес, -күнем – даукес, пайдакүнем;
-ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуезов(а), Серікбаев(а), Майлин(а);
бей – бейтарап, бейуақыт, бейтаныс.
  1. Негізгі бөлім


Буын және оның түрлері
Фонациялық ауаның кілт үзілуі не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын бір не бірнеше дыбыс тобын буын деп атайды.

    1. Жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буынды ашық буын деп атайды. Оның дыбыстық құрамы: А-ВА: ә- ке, а-на, ба-ла.

    2. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атайды. Оның дыбыстық құрамы: АВ: ат, ай, ән, ой-лан, әл-ден. АВВ: ант, ұлт, өрт.

    3. Ортасы дауысты болып, екі жағы дауыссыз болған буынды бітеу буын деп атаймыз. Бітеу буын қазақ сөздерінде үш дыбысты да, төрт дыбысты да болып келе береді. Буын құрамы: ВАВ: бір, бас-тар, бас-тық, тай. ВАВВ: тарт, қант, қарт.

Буын үндестігі


Дауыстылардың бір сөз көлемінде не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып ыңғайласып, үйлесіп келуін сингармонизм дейді немесе тіл үндестігі (буын үндестігі) деп те атайды. Түркі тілдерінде, әсіресе қазақ тілінде сингармонизм заңы алдымен тіл үндестігі түрінде танылып келді, сондықтан бұл екеуі (сингармонизм мен тіл үндестігі) бір-біріне синоним болып та қолданылады.
Тіліміздегі байырғы сөздер (түбірлер) бірыңғай жуан буынды немесе жіңішке буынды болып келеді. Бұл – бұлжымайтын сингармонизм заңы.
Қазақ тіліндегі қосымшалар түбірдің соңғы буынына толық тәуелді болады. Яғни түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымшалар да жуан болады: жұмыс-шы-лар-ымыз-дың, той-ымызға, қала-мыз-да т.б.
Соңғы жіңішке буынды түбірге жалғанатын қосымша да жіңішке буынды болып келеді: ән-ші-лер, өнер-лер-ің, ес-іміз-де.
Қосымшалардың ішінде түбірдің соңғы буынына тәуелді болмай, өз қалпын сақтап, өзгеріссіз жалғанатын қосымшалар да бар. Олар төмендегідей:

  • қар, -гер: қаламгер, сәулеткер, саудагер, майдангер, айлакер, тәлімгер

  • көй, гөй: ақылгөй, қаскөй, батагөй

  • қой: сәнқой, әзілқой

  • кеш: арбакеш, кірекеш

  • қор: бейнетқор, еңбекқор, дүниеқор, мансапқор.

  • паз: өнерпаз, әсемпаз, білімпаз, аспаз, келісімпаз.

  • хана: кітапхана, емхана, дәмхана

  • нікі, -дікі, -тікі: баланікі, қаланікі, сонікі

  • тал: сезімтал, өсімтал.

  • бен, -пен, -мен: атпен, қағазбен, қаламмен, жырмен.

Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін ерін үндестігі дейді. Бұл туралы акад. І.Кеңесбаев былай дейді: “Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да ерін үндестігі байқалады. Ерін үндестігінің күші үш буыннан аспайды: әсіресе екі буынды сөзде ерін дауыстымен келген алғашқы буынның еріндік ықпалы анық сезіліп тұрады; үшінші буында солғындау сезіледі. Яғни қазіргі қазақ тілінде бірінші буында еріндік дауыстылар (о, ө, ұ, ү) келіп, екінші буында езулік е, ы, і әріптері жазылса, онда олар (е, ы, і) сөзсіз еріндік (ө, ұ, ү) болып айтылады. Мысалы: орын (орұн), құлын (құлұн), көрік (корүн), күдік (күдүк), көріктің, күдікті — дегенде (үшінші буында) ү емес, і-мен айтылады (көмескі түрде). Немесе, өлең (өлөң), күрек (күрөк).
Сөзбен сөз арасында, түбір мен қосымша арасындағы дыбыстардың бір- біріне ықпал етіп, өзгеріп, айтылуын немесе жазылуын үндестік заңы дейді. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.
Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалын үшке бөліп қарауға болады:

  1. прогрессивті (ілгерінді ықпал) ассимиляция

  2. регрессивті (кейінді ықпал) ассимиляция

  3. тоғыспалы ассимиляция

а) Прогрессивті ассимиляция
Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін прогрессивті ассимиляция дейді. Прогрессивті ассимиляция бір сөз көлемінде де (негізгі сөз бен қосымша аралығында), екі сөз көлемінде де, біріккен сөз, қос сөз көлемінде де, негізгі сөз бен көмекші сөз аралығында да ұшырай береді.
Прогрессивті ассимиляцияның жиі кездесетін түрлері мынадай:

  1. Түбір сөздің соңғы дыбысы ұяң дыбыс (з,ж) болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да көбіне ұяң болып келеді. Бұл тұста есте болатын нәрсе: қазақ тілінде ұяң дауыссыздардан ж, з дыбыстары ғана сөз соңында келеді. Оның өзінде ж дыбысына аяқталған сөздер санаулы-ақ (лаж, мұқтаж, уәж). Мысалы: жазға, қаздар, тұздық, лаждап.

  2. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді дыбыс болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дауыссыз дыбысы ұяң не үнді болып келеді. Мысалы: мал -дың, қала - лық, ай - лы, ем - ді.

  3. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымша да қатаңнан басталады. Мысалы: тас - пен, пеш – ті, кес – се.

  4. Түбірдің соңғы дыбысы “ш” – ға аяқталған сөздерге “с” дыбысынан басталатын қосымша жалғанса, айтуда “с” дыбысы “ш” дыбысына алмасады (бірақ жазуда “с” дыбысын сақтаймыз). Мысалы: шаш – са (шашша), шеш – се (шешшін), ұшс- са (ұшша), аш – сын (ашшын), қаш – сын (қашшын), т.б.

  5. Алғашқы сөздің соңғы дыбысы дауысты, үнді, ұяң болып, одан кейінгі сөздің алғашқы дыбысы қатаң қ, к болса, айтуда бұл қатаң дыбыстар ұяңдап, ғ, г дыбыстарына айналып кетеді (жазуда бұл да ескермелмейді). Мысалы: қара қой (қарағой), боз құнан (бозғұнан), ала кел (ала гел), қой қора (қойғора).

  6. Тіркестегі сөздердің алдыңғысы қатаңдарға аяқталып, келесі сөз ұяң б, г, ғ дыбыстарынан басталса, онда олар қатаңданып айтылады: кешполды (кеш болды), көппала (көп бала), бесқасыр (бес ғасыр).

ә) Регрессивті ассимиляция
Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивті ассимиляция деп атайды.
Регрессивті ассимиляцияның жиі кездесетін түрлері:

    1. Соңы н дыбысына біткен сөздерге тіл арты қ, ғ және к, г дыбыстарынан басталатын қосымшалар жалғанған кезде н дыбысы айтылуда өзгеріп, ң дыбысына айналады. Бұл өзгеріс жазуда ескерілмейді. Мысалы: сеңген (сенген), жөңге (жөнге), Амаңқұл (Аманқұл), сәңқой (сәнқой), Дүйсеңғали (Дүйсенғали), бүгіңгі (бүгінгі).

    2. Соңы н дыбысына аяқталған сөздерге б, м, п дыбыстарынан басталған қосымша жалғанғанда, к дыбысы айтылуда м дыбысына айналады: жамбады (жанбады), сембе (сенбе), айтқаммен (айтқанмен), әммен (әнмен). Мұндай өзгеріс сөз бен сөздің аралығында да байқалады: омбес (он бес), омбет (он бет), жамберді (жан берді), жампида (жан пида), Жампейіс (Жанпейіс), омпарақ (он парақ).

    3. Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, ол екеуі де айтылуда ш дыбысына айналады. Бірақ жазуда бұл ескерілмейді. Мысалы: сөзшең (сөшшең), жазшы (жашшы), жүз шақ (жүшшақ), жұмысшы (жұмышшы).

    4. Алғашқы сөздің соңғы дыбысы з болып, одан кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, з дыбысы өзгеріп, ж дыбысына айналады. Бірақ сөздің түбірі сақталып жазылады. Мысалы: жүз жаса (жүжжаса), боз жорға (божжорға), мұз жарғыш (мұжжарғыш), Ораз жан (Оражжан).

    5. Түбірдің соңы з дыбысына бітіп, қосымша с дыбысынан басталса, з дыбысы өзгеріп, с дыбысына айналады: сөзсіз (сөзсүз), тұзсыз (тұссыз), сізсіз(сіссіз), жүз сом (жүссом). Ал қатаң т – ның алдынан келгенде с-ға жуықтайды: Қазтай (Қастай), із-түссіз (істүссіз), жүз тауық (жүстауық).



    6. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет