17
1926 жылы жарияланған «Әдебиет танытқыш» қазақ әдебиеттануы, оның
ішінде әдебиет теориясы саласында қазақ тілінде жарық көрген тұңғыш
ғылыми зерттеу екені даусыз. «Әдебиет танытқыш» деп атаудың өзінде үлкен
мағына бар. Әдебиет – сөз өнері болса, оны жалпы халыққа түсіндіріп, кәсіби
тұрғыда таныту басты мақсат екенінА.Байтұрсынұлы осылай айқындап берді.
Әдебиет теориясы бізде қашаннан бар? Осы орайда академик З.Қабдолов
былай деген:
«Ахаң жоқта біздегі әдебиет теориясы басы жоқ кеуде секілді
еді. Ал басы жоқдене бола ма? Қайтейік, боладыдепкелдік... Бүкілдүниежүзілік
әдебиет теориясында Арнау деген бір-ақ түр; шауып шықса, бұған Шешендік
сұрау қосылып қана аздап ажарлануы мүмкін. Ал қазақ поэзиясында Ахаң
осының үстіне үш түр (сұрай арнау, зарлай арнау, жарлап арнау) қосып,
құбылтып, тотының түгіндей құлпыртып әкетеді.Әдеттегі дәстүр
жалғастығының заңына орай осы үш түрлі арнауды әрқайсымыз өзімізше
пайымдап, қисындап, кейде тіпті қиыннан қиыстырып, біз де (Жұмалиев те,
Ысмайылов та, Қабдолов та) кітаптарымызға кіргіздік. Бірақ, амал не, бұл
жаңалықты тапқан Ахаң екенін кезінде ашып айта алмай, Қажекеңе сілтеме
жасауға мәжбүр болдық.» (2:72).
Қазақ өлең құрылысының теоретигі академик
З.Ахметов «Әдебиет
танытқыштың» құндылығын былай деп анықтады:
«Әдебиет танытқышта»,
Достарыңызбен бөлісу: