Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет47/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – Алматы: «Атамұра», 
2003. – 208бет. 
2. Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. Мақалалар, хаттар, 
А.Байтұрсынұлы туралы құжаттар мен материалдар. – Алматы: «Ел шежіре», 2013, 
Т.YI. – 384б. 
3. Қамзабекұлы Д. Алаш арқауы (зерттеу мақалалар). – Алматы: «Қазақ 
энциклопедиясы» баспасы, – 2017. – 408 бет. 
 
 


84 
МЕН БІТКЕН ОЙПАҢ ЖЕРГЕ АЛАСА АҒАШ 
Хамитова Құралай Козыкина 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Аннотация В статье начинание Великого просветителя И.Алтынсарина получило 
дальнейшее развитие, поднято на настоящий научный уровень, доведено до предела. 
Рассмотрены жизнь и творчество Ахмета Байтурсынулы, который был родоначальником 
целого поколения. 
Ключевые слова:
публицист, тюрколог, гуманист, реформатор, теоретик
Annotation. In the article, the initiative of the Great Enlightener I. Altynsarin was further 
developed, raised to a real scientific level, brought to the limit. The life and work of Akhmet 
Baitursynuly, who was the ancestor of a whole generation, are considered. 
Keywords: publicist, Turkologist, humanist, reformer, theorist 
Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов 
Білемін бұл үш ердің айтпай жайын. 
Кешегі қара күнде болмап па еді 
Бірі –Күн, бірі 

 Шолпан, Бірі 

 Айым. 
Сұлтанмахмұт Торайғыров 
XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен 
қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен 
әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына 
демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. 
Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі 
Ахмет Байтұрсынұлы еді. 
Ахмет Байтұрсынұлы 1972 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, 
Жангелді ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. 1937 жылы 8 желтоқсанда 
65 жасында Алматыда дүние салған. 
Атасы Шошақ оның немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл 
ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы 
Ахметті Торғайдағы 2-сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы 
бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы 
Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс қазақ мектептерінде оқытушы, 
Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ахмет 
Байтұрсынұлы өте кемеңгер білімді тұлғаның бірі болған.[1]. 
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, 
түріктанушы, публицист, педагог аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ 
халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, 
мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін 
салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда 
өкіметінің мүшесі. 


85 
А.Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылы басталып, 
Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы 
(арыз тілегі) авторларының бірі болды. Қарқаралы петинциясында жергілікті 
басқару,сот,халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес 
өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет 
шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ 
елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Ресей ІІМ-ң 
Ерекше кеңесі 1910 жылы 19-ақпанда Ахмет Байтұрсынұлын қазақ 
облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге 
сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың 
соңына дейін осында тұрады. А.Байтұрсынұлы өмірінің Орынбордағы кезеңі 
оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Осы қалада өзінің 
ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, қалың қазақ 
зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпы ұлттық «Қазақ» газетін 
шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер,білімді игеруге шақырып, «Қазақ 
газеті» арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды.[2]. 
А.Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке атсалыса жүріп,сонымен бір 
мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстыздық жұмысынан да қол 
үзбеген. 1921-1925 жылы Орынбордағы, 1926-1928 жылы Ташкенттегі Қазақ 
халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы 
пәндерінен сабақ берген. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогика 
институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына 
профессор қызметіне ауысты. 1928 жылы 2-маусымда Алаш қозғалысы 
қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып,осы жылдың соңына 
қарай тергеу үшін Мәскеудегі бутирка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық 
комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 жылғы 4 сәуіріндегі 
шешіміне сәйкес А.Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше 
рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға коцлагерьге 
ауыстырылса, 1932ж. Қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп 
ұйғарылды. 1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты 
қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) 
бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы 
Е.П.Пешкованың көмегімен А.Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын 
босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, 
түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 тамызда 
тағы да қамауға алынып, сол жылы 8-желтоқсанда атылды. [3]. 
Тұтас буынның төл басы болған Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы кітабы - 
«Қырық мысал» атты аударма жинағы 1909 жылы жарық көрді. Бұл еңбегінде 
Ресей отаршыларының зорлық зомбылығын, елдің тұралаған халін 
жұмбақтап,тұспалдап жеткізеді. А.Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты 
формасы,ұғымды идеасы,уытты тілі арқылы әлеуметтік сананың оянуына ықпал 
етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой толғамдары кестеленген өлеңдері 
«Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді. «Масаның» негізгі идеалық 
қазығы жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек 
етуге үндеу болатын. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, 


86 
гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы 
ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына 
көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған -терген», 
«Тілек-батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» тағы басқа өлеңдерінің мазмұны 
осыны білдіреді. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына 
тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді. 
Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты 
кемшіліктерден арылтуға тырысты. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын 
көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды. 
Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы- оның ел 
аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. 
Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу 
қаласында 1926 жылы «23 жоқтау» кітаптары жарық көрген. 
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы түрлендіруші реформаторы, 
теоротигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым. 
Араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. 
Өзінің «Оқу құралы », «Тіл құралы», «Әліпби», «Жаңа әліпби » тәрізді 
кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін 
кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. 
Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл 
анықтамалар берді.[4]. 
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш 
әдебиет теоротигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик ретінде тұлғасын 
айқындаған басты еңбегі 

«Әдебиет танытқыш » кітабы. Еңбек 1926 жылы 
Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ 
әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін сипаттап, әдебиеттану 
ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады. 
«Әдебиет танытқыш » кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде 
көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс- тәсілдері талданса, екінші 
бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. 
Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер атаулыны екі топқа бөледі. 
Оның бірі тірнек өнері,екіншісі көрнек өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет 
(архитектура) өнерін, сымбат (скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, 
әуен (музыка) өнерін және сөз (әдебиет) өнерін жатқызады. 
«Өнердің ең алды 

сөз өнері саналады. «Өнер алды 

қызыл тіл» деген 
қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз 
қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрініңде қызметін шама 
қадірінше сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай 
сымбатты әрі кескінді суреттер болсын, қандай ән- күй болсын, сөзбен сөйлесіп 
суреттеуге,көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан 
келмейді.» деп жазады Ахмет Байтұрсынұлы. 
Әдебиеттің көркем бейнелеу құралдары, жанрлары жөнінде талдау жасай 
келіп, А.Байтұрсынұлы олардың, әрқайсысына әлемдік әдебиеттану 
ғылымындағы атауларға сәйкес дәлме-дәл қазақша балама атаулар береді. 
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында қолданылып жүрген ұғымдар мен 


87 
категориялардың атауларын термин дәрежесіне көтеріп, қолданысқа енгізген 
Ахмет Байтұрсынұлы дейтініміз сондықтан. 
Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз 
ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген 

Ахмет 
Байтұрсынұлы 
Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туған тілдің, туған мәдениеттің 
басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Ахаң ашқан қазақ 
мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілік ұраны-қан 
жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажыма- 
ғанқайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. 
Мұны жалпы қазақ елі біледі. Бұның шындығына ешкім дауласа алмайды. 
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ елі үшін қасиетті есім. Ол өз ұлтының бағы 
жануы үшін өмірдің барлық саласына араласты. Бұған оның атақ-даңқы дәлел. 
Биыл еліміз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өтуде. Ол шын 
мәнінде ұлт ұстазы,халқымыздың рухани көсемі бола білді. 
Асыл мен жасықтың, саф алтын мен сары жездің айырымын ажырата 
білетін кейінгі ұрпақ Ахмет атамыздың жасаған көзсіз еңбектеріне, ғылыми 
ізденістеріне, ғаламат аудармаларына, отты көсемсөздеріне ғылыми тұрғыдан 
лайықты бағасын береді деп сенеміз. Бар ғұмырын ұлтының болашағы үшін 
қиған, өз кіндігінен тараған ұрпағы болмаса да, әр қазақ баласы кішкене болсын 
білім мен өнер үйренсін деп, ауыр да азапты, қамшының сабындай ғұмырын 
ғылым жолына, ұлт жолына арнаған Ахмет Байтұрсынұлы –кейінгі ұрпақ үшін 
идеал тұлға! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет