Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет74/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

«Хайрат» – «Хайратул - Аброр» – Әлішер Науаидың «Хамса» топтамасындағы бірінші 
дастан.
130
«Фархад» – «Фархад во Ширин» – «Хамсадағы» екінші дастан.
131
Сабға – «Сабьаи сайер» – «Хамсадағы» төртінші дастан.


527
Сақтадым кебежеде асыл бардай,
Жүректің түкпіріне жасырғандай.
Табынып ұйығандай жаным хаққа,
Көңілім алып ұшты Жәми жаққа.
Ақтарып ой қатпарын, білім кенін,
Қолдады пайғамбардай пірім
132 
менің.
Ұстаздан үйренуден жалықпадым,
Қанықтым мән-жайына, алып тәлім.
Құдайым кезіктірме қырсығыңа,
Аттандым жұмбақ әлем тылсымына.
Жолында асыл мұрат жан садаға,
Сарылған маған дейін қанша дана.
Низами ақындардың ғұламасы,
Сөзінің жоқ еді бір құрамасы.
Шаршамай шарықтады ой қуалап,
Атағы күллі әлемге жайды қанат.
Тасумен таудай жүкті тік белеске,
Отыз жыл қан-сорпасы шықты емес пе!
Жандырып ел үмітін өшкен іште,
Ақыры тапты кілт «Бес кенішке».
Шебердің талай жылғы жанды еңбегі,
Жұлдыздай даңқы көкке мәңгі өрледі.
Шұлғытып тақта отырған сан сабазды,
Низами, міне, осылай «Хамса» жазды.
Жалғанның есіне алмай шаттығын да,
Халықтың қамын ойлап батты мұңға.
Аянбай өрге қарай тартты арбаны,
Бұлқынтып буырқанған дертті арманы.
132
Пір – ақынның ұстазы Әбдірахман Жәми меңзеледі.


528
Түркі еді Хирасу
133 
да – жыр тірегі,
Үндіше лақап атпен дүркіреді.
Қамалды бұзған ол да қайратпенен,
Мәніне аңыздардың бойлап терең.
Жетем деп мақсатына зарықтырған,
Ғұмырын қырық жылдай сарп қылған.
Әлде шын, әлде өтірік – кім біліпті,
Әйтеуір ойлағанын тындырыпты.
Қайтеміз санамалап күндерді өткен,
Оларға, уа дариға, кімдер жеткен!
Пенде жоқ темір өзек, туған -өлер,
Ел үшін өмір-бақи тырбанады ер.
Таң атса, сабыласың күн батқанша,
Бағасы әрбір сәттің қымбат қанша.
Құлағың сарсылса егер дау-дамайдан,
Тыныштық бола қойсын жанға қандай.
Тебірен, тула, толқы, қозғал, жаным,
Теріп шық екі жылда-ақ сөз маржанын.
Күбірлеп қызыл тілің мүдірместен,
Қаламың жорғаласын кідірместен.
Ақындай жанның бәрі құйғытпайды,
Шабан ой жүз жыл бойы мимырттайды.
Мінеки, алты ай бойы аласұрдым,
Шарпылып жарқылына сан асылдың.
Қиыннан кей мезетте жол таппадым,
Пірімнің қабағына жалтақтадым.
Қалғандай қамауында қысалаңңың,
Қамықтым, қайғы жұттым, құсаландым.
Жүдедім, жапа шектім, талды қолым,
Мұң шақтым күнде барып алдына оның.
133
Хисрау – атақты үнді ақыны Әмір Хисрау.


529
Отының басын сүйдім медет көріп,
Жебеді жарылқаушым көмек беріп.
Тәмамдап апарғанда «Хамсаны» мен,
Құптады разы боп жан-тәнімен.
Таратып айтып шықтым тапқанымды,
Қойнауы қазынамның ақтарылды.
Асықпай, ілтифатпен парақтады,
Мұқият әр сөзіне қарап тағы.
Үңіліп сәл күңгірттеу ой-тұспалға,
Сынады сұрақ қойып кей тұстарда.
Тапқандай іздегенін күллі өмірден,
Сүйсініп, бата берді шын көңілмен.
Оқыды күндіз-түні шөлі қанбай,
Бола ма бас-аяғын шолып алмай.
Төгілді жыр тасқыны тартып арна,
Мұхиттай түркі сөзі таусылар ма!
Өзіңе өз кемісің білінбес тез,
Болған ба мүдірмес тіл, сүрінбес сөз. 
Көрінер көрікті боп көз қанардай,
Өзектен шыққан сөзің өз балаңдай.
Жырыңнан ел жерінсе, құның қалмас,
Қолқалап жалынсаң да ырымға алмас.
Өлең де бір жас сәби емірендідер,
Оятып сезіміңді тебірендірер.
Мәпелеп ұшырады әр қияға,
Перзентін жамандыққа жан қия ма?
Байғыз да балапанын сұлу көрер,
Тек соған жүрегінен жылу берер.
Мүскінге көрген әбден сүргін-бейнет,
Елестер кепкен қурай сүмбілдей боп.


530
Атағым жайылса да жалпақ елге,
Кім білсін жетем енді қанша жерге.
Шығар ма болмай әлде жырымда мән,
Апыр-ай, не дер екен пірім маған?
Осынау пенделерді мұңға бөккен,
Талайлар маған дейін жырлап өткен.
Жандары жәннатта боп әр бірінің,
Бақидың мұрат тұтсын мәңгілігін.
Бас иіп рухына аруақтардың,
Қадірін, қасиетін ардақтармын.
Сөзімнен сәулесі мол өмір көріп,
Ұстазым қақты арқамнан көңілденіп.
Түскендей иығымнан ауыр жүгім,
Қобалжып, қуаныштан абыржыдым.
Бөледі шуағына парасаттың,
Шығарып тұғырына марапаттың.
Танытып менменсінбей тектілігін,
Сенім мен ізгіліктің төкті нұрын.
Айтпай-ақ дүние сырын түсіндірді,
Көп жайды көз жетпеген ішім білді.
Жүр екен бақ ішінде бір барғанда,
Кім көрген мұндай ғажап бұл жалғанда.
Тосында именесің басуға аяқ,
Жәннат та болған шығар осындай-ақ.
Бұрылды мені байқап ақылманым,
Қасына жедел басып, жақындадым.
Ағаштың қалқасынан тұмшалаған,
Көрінді сол мезетте бір топ адам.
Біреуі ұшып тұрып қарсы жүрді,
Ұққандай анадайдан жан сырымды.


531
Ақ жарқын ақын еді аңқылдаған,
Жүзіндей көк семсердің жарқылдаған.
Сағынып кездескендей сүйініп бек,
Ізетпен сәлемдесті иіліп кеп.
«Сыйластық салтымыз ғой әуел бастан,
Ілтифат, – деді, – үлкеннен, сәлем – жастан!»
Әлгіге ере аяңдап ілгерледім:
«Отырған сұхбаттасып кімдер?» – дедім.
Ол айтты: «Жырдың өрен саңлақтары,
Мәңгі өлмес қос тағанды тармақтары!
«Хамсаның» хас шебері шеттерінен,
Жұлдыздар орын алған көк төрінен.
Жетелеп сені де арман сапарына,
Жайсаңдар қосып алмақ қатарына.
Ал енді Хасан деген мен боламын,
Дехлауи
134 
лақап атым елге мәлім».
Шалқыдым мына сөзден бал-бұл жанып,
Алдымнан атқандай бір таң нұрланып.
Жан екен болатындай ерге серік,
Табыстым құшақтасып мен де сеніп.
Хасан да сол арада аз бөгелді,
Бір-бірлеп таныстырды өзгелерді.
Деді ол: «Ортадағы ана, отырған-
Піріміз бізге бола жаратылған.
Шайхтай
135 
данышпанға табынғайсың,
Қасынан әрқашанда табылғайсың.
Ұлыдан үйренгеннің жанбақ бағы,
Шәкірті Әмір Хисрау – оң жақтағы.
Адамның асыл текті ақылманы – 
Өз пірің – сол жағында отырғаны.
134


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет