Арнайы рейд «Жарты жыл желім иіскедім, одан қатты қасірет шектім»



Дата16.06.2016
өлшемі32 Kb.
#138492
АРНАЙЫ РЕЙД
«Жарты жыл желім иіскедім, одан қатты қасірет шектім»

дейді он жеті жасар жасөспірім


Облыстық «Жетісу» газеті №17,

9 ақпан 2008 жыл


Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, өмірдің өзге дәмін ерте тататын, білім алудың орнына үйден қашып, көше кезетін балалардың бірді-екілі болса да әр ортада кездесіп жататыны жасырын емес. Соңғы жылдарда бас айналдырар уытты заттарға үйірсек келіп, оның ішінде желім иіскеп, «жерігін» қаныдратын жасөспірімдер легі пайда болды. Осындай балалармен жұмыс жасайтын облыстық наркологиялық диспансер есебінде бүгінде 411 жасөспірім тіркеуде тұрса, оның 300-ге жуығын токсикомандар құрайды. Бұл ресми дерек, ал шындығына жүгінсек, олардың қатары бұдан әлдеқайда көп көрінеді. Алайда, осының өзінен-ақ, басқаға қарағанда токиндік заттарға әуестенушілік жасөспірімдер арасында басым екендігін бағамдау қиын емес.

Алма Есенбаева
Жасөспірімдер арасында осы жағдайдың алдын алу мақсатында Алматы облысы бойынша балалар құқығын қорғау департаменті мен Талдықорған қалалық ІІД – нің кәмелетке жасы толмағандармен жұмыс жөніндегі бөлімі бірлесе отырып, арнайы рейдке шықты. Талдықорған қаласы бойынша тіркеуде тұрған 19 токсикоман бар. Олардың ішінде қыздардың да кездесуі бүгінде таңғаларлық жағдай емес.

Мұндай балалардың үнемі қадағалауында ұстайтын учаскелік полицейлер бастаған рейдтік топ өкілдері олардың үйлерін аралады. «Тәрбие отбасынан басталады» демекші, теріс жолға түскен жасөспірімдердің тұрмыс тіршілігімен таныса жүріп, біз негізгі кінәнің балаладан бұрын, олардың ата-аналарында жатқандыған көз жеткіздік. Осы мектеп жасындағы балалар тұратын үй ішінің сұрықсыз көрінісі темекі мен арақ сіңген иіс, отбасының берекесіздігі кімді болса да бұл ортадан қашырары анық. Тек осындай үйде балалардың тәрбиеленіп жатуы көңілге кірбің ұялатады.


Біз алғаш бас сұққан үйде 1995 жылы туған Светлана есімді қыз тұрады. Ал үйдің ішкі көрінісі адам шошырлық. Мұрынды жарар ащы иістен бұл үйдегі тазалық атаулының ауылы алыста екендігін түсіну қиын емес. Ал, ата-ана қадағалауының әлсіздігінен Светлана 10 жасынан бастап, қасындағы құрбысымен бірге токсиндік заттарды қолдана бастаған.Оның наркологиялық диспансерде есепте тұрғанына биыл екінші жыл. Әке-шешесінің сөзіне сенсек, ендігі уақытта Светлана бұрынғы құрбысымен қарым-қатынасын үзген. Кейінгі кезде теріс қылығы байқалмаған.

Біз арнайы іздеп барып, келесі бір табалдырығын аттаған шаңырақта Андрей есімді ұл тұрады. Ұзақ уақыт токсиндік заттарды қолданғандықтан биыл жасы 17 – ге толса да, бойы өспей қалған, тұрпаты 5 – сыныптың оқушысына ұқсайтын жасөспірім рейдтік топ өкілдерін ашулы қарсы алды. Оның қал-жағдайы мен ондай жолға не үшін түскендігін сұраған үлкендерге: -Сізге не осы да қызық па ? деп дүрсе қоя берді. Одан соң қараңғы бөлмеге кірді де, шықпай қойды. «Жап-жас баланың осынша ашушаң болуының өзі токсиндік заттарды қолданудың салдарынан, ол баланың жүйке жүйесіне және дамуына кері әсерін тигізбей қоймайды» дейді осы сала мамандары.

Ал Андрейдің шешесінен «Сіз балаңыздың токсиндік заттар қолданып жүргенінен хабардарсыз ба?» деп сұрағанымызда: «Осыдан бір ай бұрын наркологиялық диспансер маманы келіп айтты. Мен баламды қолыммен ұстап алған жоқпын ғой.Сондықтан сене алмаймын. Сенгім де келмейді», -деп бұл мәселеге өз дәрежесінде көңіл бөлмейтіндігін байқатты.



Бұрын токсиндік заттармен әуестенген, бірақ қазір оған деген тәуелділіктен толық айыққан Анатолий есімді жасөспірімге де жолығып, сөзге тарттық.

«Мен желімді жарты айдай иіскедім. Маған оны бір досым үйретті, мен басқаларды да осыған тарттым. Бірақ маған ақыл айтып, көмек көрсеткен адамдардың арқасында оның қате екендігін түсіндім. Сондықтан ондай бол деп ешкімге кеңес бермеймін. Өйткені, уытты заттардың денсаулыққа қалай әсер ететіндігін білмеймін. Желімді иіскеп жүрген кездерде қатты басым ауырды. Кез-келген ауруғ тез бой алдырдым. Есіл дертім, соған ғана ауып, сабақ оқуды да, достарыммен де араласуды да қойдым. Ешкімнің сөзін көтере алмайтындай ашушаң болдым. Қазір сол өзімнің жанымды қинаған қорқынышты кездерімнің артта қалғанына қатты қуанамын» - дейді 17 жасар жасөспірім. Анатолийдің бұл мойындау, өз басын қатерге тігіп, денсаулығына да қаншалықты зиян келтіріп жатқанын бағамдай бермейтін жасөспірімдерге сабақ болар дейміз.
Каталог: fileadmin -> user upload -> files -> Almaty obl
Almaty obl -> Алма Есенбаева
Almaty obl -> ҚОҒАМҒА Қажеттісі – елжанды ұрпақ
Almaty obl -> Газета «Жетісу» №68 16 маусым 2009 жыл Акция «Балалар еңбегінің қаналуына жол жоқ»
Almaty obl -> «Жетісу» газеті 17-мамыр 2008 ж. №55 ата-ананың ҚАМҚорлығынсыз қАЛҒан балалар саны артуда
Almaty obl -> Жетісу №6(17132) 17 қаңтар 2009 жыл Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бас маманы Маргулан Қатубеков Өзін-өзі тани білу Орыс жазушысы Л. Толстой айтқандай: «Тән үшін өмір сүрген азап шектіреді
Almaty obl -> «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
Almaty obl -> «Огни Алатау» 24 мая 2008 года №58
Almaty obl -> А. Үшкемпірова, Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы. Жанашыр азаматтарға құрмет Үстіміздегі жылдың маусым айында Алматы қаласында білім жүйесіне қолдау көрсетіп жүрген азаматтарды салтанатты
Almaty obl -> Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің қызметі жайлы ақпарат
Almaty obl -> «Жетісу» облыстық қоғамдық-саяси газет №44 19 сәуір 2008 жыл “Біз Қазақстан балаларымыз”


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет