Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері


Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау



бет2/2
Дата15.06.2016
өлшемі410.59 Kb.
#138214
1   2

2.3 Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау
Теңгенің айырбас бағамына ықпал ету немесе бұрынғы деңгейінде қалдыру мақсатымен сұраныс пен ұсыныстың арасындағы айырмашылықты жабу үшін Ұлттық банк валютаны сатады немесе сатып алады. Бұл – Ұлттық банктің валюта бағамына тікелей ықпал ету әдістері. Алайда, капиталдың кезеңі көбірек болса, ұлттық валютаның тұрақты бағамын қолдауға талпынған жағдайда Ұлттық банктің валюталық резервтері тез сарқылады. Ондайда Ұлттық банк валюта бағамына әсер етудің жанама шараларын қолдана алады. Олардың негізгілері резервтік мөлшер мен есептік ставканы өзгерту болып саналады.

Резервтік мөлшер – өз операцияларын жүзеге асыру үшін коммерциялық банктердің пайдалануына қақысы жоқ банк депозиттерінің бөлігі. Оны реттей отырып монетарлық биліктер елдегі жиынтық ақша массасын көбейтіп немесе азайтады. Ол өз кезегінде валюта бағамын азайтады немесе көбейтеді.

Ұлттық банк резервтегі мөлшерді көбейткен кезде коммерциялық банктер несие эмиссиясын төмендетуге мәжбүр болады. Резервтік мөлшердің өсуі коммерциялық банктердің ағымдағы шоттарын қысқартуға және қаржы бөлігіндегі резервтерді жоғарлатуға және бағыттауға мәжбүр етеді. Бұл несие бойынша пайыздардың өсуіне, соның салдарынан елде ақша массасының азаюына және ұлттық валюта бағамының көбеюіне қозғау салады. Ұлттық банк резервтік мөлшерді төмендеткен кезде ақша массасы көбейіп, ұлттық валюта бағамы төмендейді.

Есептік ставканы өзгерту тетігі де соған ұқсас әрекет етеді. Есептік ставка – Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген ссудалары бойынша пайыз. Оның өсуі несие алуға деген коммерциялық банктердің ықыласын төмендетіп, яғни елдегі ақша ұсынысын азайтады, сондықтан төмендеу оны да, соған сәйкес өзгені де ұлғайтады.

Валюта нарығының және бағалы қағаздар нарығы құралдарының қарқынды өзара сіңсуі және тұтасуы қаржы нарығында мемлекеттік реттеудің міндеттерін айтарлықтай күрделендіріп және бұл процес үлкен шығынды талап ету жағдайына ұшыратады. Осыған байланысты сыртқы сауда операцияларында алтын-валюта активтерін тиімді және оңтайлы пайдалануда, сыртқы несие ресурстарын қарызға алуда, батыс елдерінің өтімділігі жоғары қағаздарын инвестициялауда, валюта айырбастау мәмілелерінде және шетел мемлекеттерінің валюталық девиздерін тарту бойынша операцияларда проблемалар туындайды.

Алайда резервтік активтерді қолданған кезде шешім қабылдаудың шекараларын анықтайтын бірқатар факторларды есепке алу қажет. Ондай факторларға мыналар жатады: трансакциялық шығындардың мөлшері, өтімділік, несие тәуекелдігі бойынша шектеу, резервтік қаржының құрылымына мүмкін өзгерістердің енгізілу жылдамдығы.

Қазақстанның валюта саясаты — ұлттық валютаның әлемдік қаржы нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оның валюта бағамының салыстырмалы тұрақтылығына инфляциямен сауда және төлем балансы сальдосының деңгейлері арасындағы нақты арақатынастарын реттеу жолымен қол жеткізіледі. Мемлекеттің сыртқы резервтік активтерінің түпкілікті есебіне төлем балансы тапшылығын қаржыландыру соңғы саты болып саналады. Оны теңестіру теңгенің, валюта бағамының ауытқуын шектеуді тікелей мақсат ететін валюта нарығындағы валюталық интервенцияның тетігі арқылы жүзеге асырылады.

Алтын-валюта резервтерін қалыптастыру және пайдалану мемлекеттің валюта саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Халықаралық өтімділіктің көлемі мен құрылымы елдің халықаралық міндеттемелерінің қажетті төлем қаржыларымен қамтамасыз етілу дәрежесін анықтайды. Резервтік активтердің қосалқы қорлары үкімет органдарының да, елдің коммерциялық және қаржы құрылымдарының да борышқорлық міндеттемелерін өтеудің халықаралық есеп айырысуын жүзеге асыруға қолданылуы мүмкін. Алтын-валюта активтерін тиімді пайдалану валюта резервтерінің төтенше жоғары дәрежеде болуын, валюта қоржынын әртараптандыруды, активтердің құрылымдарын оңтайландыруды талап етіп, сонымен қатар ол сыртқы экономикалық қызметке мүмкіндігінше және барынша жәрдем көрсетуге, сонымен қатар ұлттық ақша бірлігінің валюта бағамын тиімді реттеуін қамтамасыз етеді.

Еркін айырбасталатын валюта резервтері елдің төлем балансын теңестіру үшін тікелей пайданылады. Ресми резервтердің құрамында болатын алтын авуарлары осы мақсаттарға своп операциялары арқылы немесе өздеріне қойылған баға бойынша нарыққа еркін айырбасталымды валютаға айналу сатысынан өткеннен кейін ғана пайдаланылуы мүмкін.

Республиканың төлем балансында көрінетін резервтік активтер ішкі қорланымның жылыстауы және елге шетел капиталы түсімінің нәтижесінде алтын-валюта авуарларының өзгерісінің жағдайын көрсетеді. Төлем балансы тапшылығын жабу үшін, яғни үкімет сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етудің негізгі көздерінің бірі саналатын қаржы тартатын алтын-валюта резервтерін қолданады. Халықаралық Валюта Қорының қарыздарымен және айрықша қаржыландыру бойынша операциялармен бірге резервтік активтер Қазақстанның халықаралық есеп айырысуын теңестіру үшін, өтімділіктің баламалы қаржылары ролінде шығады.

Алтын-валюта активтерінің елеулі көбеюі және ел экономикасына шетел валютасының айтарлықтай массасының түсуі, біріншіден, инфляцияны шұғыл жоғарылатуы, екіншіден, ұлттық акция бірлігі бағамының құлдырай құлауына соқтыруы мүмкін. Осы жылдарда жинақталған артық өтімділікті айықтырмай ақша базасын тұрақтандыру және инфляциялық үдірістердің дамуына қарсы әрекет ету мүмкін болмады. Сондықтан таза халықаралық резервтер салық банкісінің қысқа мерзімді ноталарын шығару және тарату бойынша активтендірумен бейтараптандырылды. Ұлттық банктің ноталар эмиссиясының көлемі 2006 жылғымен салыстырғанда 2007 жылы 12,2 %-ке, 156,4 млрд. Теңгеге дейін, айналыстағы нота көлемі 2,8 есе, 24,6 млрд. теңгеге дейін төмендеп, соған қарамастан 2007 жылы қысқа мерзімді ноталар өтімділікті реттеудің негізгі құралдарының бірі болып қалды.

Сыртқы нарықта қазақстандық тауарлардың баға бәсекесіне қабілетілігін қолдау үшін ақшаның сұранысы мен ұсынысына тәуелді бағамның ауытқуына себепші болатын, сондай-ақ теңгенің өзгермелі айырбас бағамы тәртіптемесін 2003 жылы Ұлттық банк сақтап қалды. Жыл бойы АҚШ доллары қатынасына қарай теңгенің нығаюға беталысы іс жүзінде байқалды. Ішкі валюта нарығына шетел валютасының елеулі түсімінің түсуі теңгенің нығаюына мүмкіндік туғызды. Ағымдағы жылдың басынан бері әлемдік нарықтағы энергетикалық ресурстардың жоғары бағалары, мемлекеттік меншік үлесін жекешелендіру, сонымен бірге корпоративтік сектор мен екінші деңгейдегі банктердің сыртқы нарықтағы қарыз алуы себепші болған экспорттың ақшалай валюта түсімінің елеулі көлемі шетел валютасының негізгі түсім көзі болып саналады.

Ішкі валюта нарығына шетел валютасының елеулі түсімінің түсуі жағдайында Қазақстанның қор биржасынан және банкаралық валюта нарығынан шетел валютасының Ұлттық банк сатып алған таза көлемі 2007 жылы 4,2 млрд.-қа жуық АҚШ долларын құрап, соның жартысынан астамы Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталар шығарылымымен айықтырылды. Одан басқа Ұлттық Қордың активтерін толтыру мақсатын көздеген Ұлттық банк Қаржы министірлігіне 1,3 млрд. АҚШ долларына, валюта сатты.

Теңгенің орташа салмақталған айырбас бағамы 2008 жылы 1 АҚШ долларына шаққанда 149,45 теңге құрады. 2008 жылы теңге номиналы АҚШ доллары қатынасына қарай 8,03 %-ға нығайды. Саудадағы негізгі серіктес елдердің валюталарының қатынасына қарай теңгенің нақты девальвациясы 2003 жылы 2,5 % құрады. АҚШ доллары қатынасына қарай теңгенің елеулі нығаюына қарамастан қазақстандық экспорттаушылардың сыртқы бәсекеге қабілеттіліктерін қамтамасыз ететін жағдай саудадағы негізгі серіктес елдерге ара қатысы бойынша жалпы алғанда 2005 және 2006 жылдармен салыстырғанда 2007 жылы тым қолайлы деңгейде сақталды.

Теңгенің орташа алынған айырбас бағамы 2008 жылы бір доллар үшін 145 теңге болды. Кезең аяғындағы биржалық бағам бір доллар үшін 149,77 теңге болды. Жыл басынан бері номиналдық көрсеткішпен теңге долларға қарағанда 2,9% әлсіреді. Ең жоғары құнсыздану жылдамдығы наурыз және маусым айларында байқалды (тиісінше 1,82% және 1,95%). 2008 жылы теңгенің еуроға қатынасы бойынша ресми бағамы 6,69% нығайды, ресей рубліне 0,22% құнсызданды.

2008 жылы доллар позициясындағы биржалық сауда-саттық көлемі 2007 жылы осындай көрсеткіштен 26,3% 11,7 млрд. долларға дейін асып түсті.

Биржадан тыс валюталық нарықтағы резидент банктердің мәмілелер көлемі 19,6 млрд. долларға дейін 126,4% ұлғайды (1 сурет).

1 сурет Теңгенің АҚШ долларына, еуроға және ресей рубліне бағамның өзгеру динамикасы

Ресей рублімен және еуромен жасалған операциялардың валюталық нарықтың биржалық және биржадан тыс сегменттерінің айналымында шамалы үлесі болды. Биржалық нарықта ресей рублімен және еуромен жасалған операциялардың көлемі 11,5% және 62,9% тиісінше 106,7 млн. ресей рубліне және 18,6 млн. еуроға дейін азайды. Биржадан тыс валюталық нарықта ресей рублімен және еуромен жасалған айырбастау операциялардың көлемі 12,1% және 15,4%, тиісінше, 1306,8 млн. ресей рубліне және 87,1 млн. еуроға дейін азайды.

Қолма-қол шетел валютасы нарығында өткен жылдардағыдай долларға артықшылық берілді және тиісінше нарықтың бұл сегментінде осы шетел валютасын сатып алу жөніндегі операциялар басым болды. Мәселен, 2008 жылы айырбастау пункттерінің долларды нетто-сату көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 2,3 есе ұлғая отырып, 7087,8 млн. доллар болды.

Бір жылдың ішінде айырбастау пункттерінің еуроны нетто-сату көлемі 35,4% 523,1 млн. еуроға дейін көбейді.

Айырбастау пункттерінің ресей рублін сатып алу және сату көлемі іс жүзінде өзара сәйкес келеді, мұны жинақ ақшаға қарағанда туристік мақсат және іссапар шығыстары үшін осы валютаға қажеттіліктің басым болуымен түсіндіруге болады. 2008 жылы айырбастау пункттерінің ресей рублі нетто-сату көлемі 96,0%-ға 1895,4 млн. рублге дейін көбейді.

Алдын ала деректер бойынша теңгенің нақты тиімді айырбас бағамының (НТАБ) индексі 2008 жылғы қараша айында 2007 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 6,8% өсті. 2008 жыл теңгенің долларға және еуроға қатысы бойынша нақты нығаюы тиісінше 1,5% және 15,9% болды. Ресей рубліне қатысы бойынша теңге нақты көрсетуде 2,6% әлсіреді.

Ұлттық Банк 2008 жылы 1960,2 млрд. теңгеге қысқа мерзімді ноталар шығарды (2007 жылмен салыстырғанда 3,5 есе ұлғайды). Ноталардың ең төменгі эмиссиясы (207,7 млрд. теңге) 2008 жылғы І тоқсанда болды, қалған тоқсандарда ноталардың эмиссиялары үлкен көлемдермен жүзеге асырылды (ІІ тоқсанда – 538,3 млрд. теңге, ІІІ тоқсанда – 645,0 млрд. теңге, IV тоқсанда – 569,3 млрд. теңге).

Жоғары банктік өтімділікпен қатар осындай күрт өзгерудің себебі қысқа мерзімді ноталардың айналыс мерзімдерінің қысқаруы және тиісінше бұрын шығарылған ноталардың көлемін неғұрлым қысқа мерзімге ауыстыру болып табылғанын атап өту қажет. Осылайша қысқа мерзімді ноталар бойынша дюрацияның көрсеткіші 2007 жылдық аяғында 121,7 күнді, ал 2008 жылдың аяғында 15,2 күнді құрады.

Бұл ретте қысқа мерзімді ноталарды өтеу көлемі есептік кезеңде 2210,3 млрд. теңгені құрады, нәтижесінде олардың айналыстағы көлемі 2007 жылдың аяғындағы 596 млрд. теңгеден 2008 жылдың аяғында 361 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Қысқа мерзімді ноталар бойынша тиімді кірістілік 3,21%-дан 2,24%-ға дейін төмендеді (жылдың соңғы айындағы орташа алынған кірістілік).

Экономикада сыртқы және ішкі баланстылықты қамтамасыз ету ақша-несие және валюта саясатының стратегиялық мақсаттары болып саналады. Оған жетудің жолдары 2-суретте көрсетілген.

2 сурет Ақша-несие және валюта саясатының стратегиялық мақсаттары
Осы мақсаттарды іске асыру үшін сұраныс пен ұсыныс тәуелділігінде бағамның ауытқуына себепші болатын теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының тәртіптемесін сақтау қажет. Бұл – сыртқы нарықта Қазақстан тауарларының баға бәсекесіне қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік береді. Ұлттық валюта бағамын қалыптастыруға монетарлық биліктің араласуы аз шамада болу керек. Ішкі валюта нарығында айырбас бағамына алыпсатарлықтың алдын алу қажеттілігі туғанда оған монетарлық билік қатысады.

Ақша-несие және валюта саясатының негізгі мақсаты 2006-2007 жылдары орташа жылдық инфляцияны 5-7% шекте ұстау және 2008- жылдың аяғына дейін оны 4- 6%-ға дейін төмендетуге тиіс болатын.

Ақша-несие, валюта саясаты, экономиканың ақша-несие және валюталық реттеуі қаржы және валюта нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының және бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуына, банк жүйесінің нығаюына, экономиканың нақты секторындағы банкілердің келешектегі несие беруінің өсуі үшін жағдай жасауға, сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге мүмкіндік туғызады.

Ақша-несие және валюта реттеуінің 2007-2008 жылдарындағы негізгі құралдары РЕПО (Қысқа мерзімді капиталды тартуға арналған қаржы құралы) операциялары және вексельдермен жасалатын қайта есептеу операциялары тәрізді ашық нарықтың операциялары болуға тиіс. РЕПО (Қысқа мерзімді капиталды тартуға арналған қаржы құралы) мөлшерлемесі және вексельдер бойынша есептік ставка сияқты ресми ставкалардың реттеушілік ролдерін күшейту үшін Ұлттық банк шара қолдануға тиіс. Бұл 2007-2008 жылдары экономиканы ақша-несие және валюталық реттеудің инфляцияны шектеуге (таргетирование) көшуіне дайындық үшін база болады.

Қайталама нарықтағы репо операцияларының көлемі есептік кезеңде 477,4 млрд. теңге болды, бұл өткен жылға қарағанда 39,0% аз. Осы операциялар бойынша мерзім 1,5 күн, кірістілік – жылдық 1,57% болды. Бұл ретте 2008 жылғы 1 қыркүйектен бастап тікелей репо операцияларын жүргізу практикасы, сондай-ақ мерзімдері 1 жұмыс күнінен аспағандықтан «овернайт» және «овердрафт» заемдарын ұсыну уақытша тоқтатылды.

Кері репо операциялары 7,9 млрд. теңгеге жүргізілді, олар бойынша мерзім 3,6 күн, кірістілік – жылдық 6,12% болды.

2008 жыл ішінде Ұлттық Банк мемлекеттік бағалы қағаздарды сату бойынша операциялар жасаған жоқ. Сатып алу көлемі жылдық 5,38% өтеуге орташа алынған кірістілікпен 967 млн. теңге болды. Өтеуге дейінгі мерзім 1897 күн болды.

Инфляцияны шектеуге (таргетирование) көшуі Ұлттық банктің 2002 жылы басталған монетарлық саясатының басым бағыты болып есептелмейді. Ұлттық банк бағалардың әр алуан индекстерін қадағалап, аралық мақсаттарға тіпті ақша агрегаттарын да пайдаланды. Бірақ инфляцияны шектеу жағдайында инфляцияның мақсатты бағдарын жариялау белгілі кезең ішінде оны ұстау бойынша міндеттеме нысанаға ие болып, ол осы процестің өзіне тән бірқатар белгілерге себепші болады. Жалпыға белгілі шарттарды орындауды талап етеді. Солардың ішінде валюта бағамы да бар экономикалық көрсеткіштерді нысаналаудан бас тарту болып табылады. Теориялық көзқараспен қарағанда, яғни инфляцияның мақсатты көрсеткішін жариялау негізінде ақша-несие саясатының түпкілікті мақсаты – баға тұрақтылығына жетудің тиімді тетігі болып саналады. Бірақ, инфляцияның негізгі көрсеткіші тұтыну бағасының серпініне көптеген факторлар әсер етіп, олардың қатарына ұлттық валютаның айырбас бағамы да кіреді. Одан басқа, отандық экономиканың бұрынғыша экспортқа бағдарланған бағытының үстем болуы нарықтың берекесіз жағдайында валюта бағамын қалыптастыруға, монетарлық билікке толық сенуге мүмкіндік бермейді.

Біздің ойымызша, істің нақты жағдайы мынадай: Ұлттық банк қазір инфляция мен валюта бағамын бір мезгілде нысаналайды. Бірақ, бұл инфляциялық нысаналаудың принциптеріне сөзсіз қайшы келеді.

Елдің алтын-валюта резервтері тауар және қызмет көрсету импортының 3 айдан астамын жаба алатын деңгейде ұсталады.

Ақша агрегаттарының болжамды жылдық өсімі болжанған экономикалық өсу қарқынына бара-бар болады. 2007 жылы ақша базасының өсімі 12,9%-ға, 2008 жылы 14,7%-ға және 2007 жылы ақша массасы 16,6%-ға, 2008 жылы 15,5%-ға өседі деп болжанған. Инфляцияның қарқыны 2007 жылдан аяғына қарай қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін жылдық 6,9%-ға дейін, ал 2005 жылдың аяғына қарай 7,5%-ға өсті. 2007 жылы резиденттердің депозиттері 17,4%-ға, 2008 жылы 15,9%-ға және соған сәйкес банктердің несие қызметтерін кеңейту есебінен 2007 жылы несие көлемінің өсуі 18,0%-ға, 2008 жылы 17,0%-ға өсетіні болжанады.

Дегенмен 2007 жылы экономикалық өсудің жоғарғы қарқынының сақталуына қарамастан ақша ұсынысының ұлғаю қарқыны 2008 жылғымен салыстырғанда біршама қысқарды.

2008 жылы ақша базасы 863,0 млрд. теңгеге дейін 14,7% кеңейді, бұл Ұлттық Банктің таза ішкі активтерінің өсуіне байланысты болды. Дегенмен оның кеңею қарқыны 82,3% дейін өскен 2007 жылмен салыстырғанда біршама бәсеңдеді. Өсу қарқынының төменденуінің негізгі факторы Ұлттық Банктің таза сыртқы активтерінің азаюы болды.

Резидент еместердің инвестициялық бағалы қағаздарына салынған инвестициясында валюталық реттеу тәртіптемесін жұмсарту, шетелге тікелей инвестиция жасау операциясын ынталандыру, сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру кезіндегі шектен тыс әкімшілік кедергілерді жою бағыттарында Қазақстан Республикасының валюталық тәртіптемесін ырықтандыруды жалғастыру қажет. Капитал ағынымен байланысты тәуекелдікті төмендету үшін, шоғырландырылған негізде пруденциалық қадағалауды жетілдіру, банктерде, жинақтаушы зейнетақы қорларында және сақтандыру компанияларында тәуекелдікті басқаратын ішкі жүйе енгізу, ішкі валюта нарығының ірі қатысушылары – қаржыдан тыс ұйымдар тарапынан болатын алыпсатарлықты бақылау және тежеу тетігін әзірлеу қажет.



3 Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы
Қазақстан Республикасының валюталық саясаты ұлттық валютаның және ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.

Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарады.

ҚР Ұлттық банкі түрлі күрделі операцияларды орындайтын және ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк болып есептеледі.

Валюталық және өзге де экономикалық халықаралық қатынастар аясында жүзеге асырылатын валюталық саясат, шаралардың жиынтықтағы нарықтық экономиканы реттеу жүйесінде маңызды орын алады. Ел дамуының белгілі бір кезеңінде сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асыру және ұлттық экономиканың өсуі соның тиімділігіне байланысты болады. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат аса маңызды орын алады. Сондықтан да, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары анықталған, соның ішінде негізгі мақсат болып ақша-несие саясаты екендігі баса айтылған. Себебі, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және экономикалық өсу мен ынталандыруды қатамасыз ететін негізгі бағыт екені айқын көрсетілген.

Сондықтан да, валюталық саясаттың мақсаты негізінен орнықты экономиканың өсуін, жұмыстылықтың жоғары деңгейін, бағаның тұрақтылығын (құнсызданудың төменгі деңгейі), сыртқы экономикалық тепе-теңдікті (төлем балансы тепе–теңдігін) қолдауды қамтамасыз етеді. Валюталық саясаттың шеңберіне ішкі валюта нарығын бақылау да кіреді.

Валюталық саясаттың нақты міндеттеріне мыналар жатады: валюта жүйесі мен валюта нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюта дағдарысын жеңіп шығу, валютаның және ұлттық валютаның бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету; валюталардың айырбасталымдылығына көшу, валюта операцияларын ырықтандыру және тағы басқалары.

Мемлекет әзірлеген салық-бюджет, ақша-несие және сыртқы экономикалық саясаттардың негізінде валюталық саясат қалыптасады. Олардың барлығы өзара байланысты болып, экономикалық мақсаттардың жалпы жүйесінен туындайды. Әрбір мемлекеттік саясат үшін өзіндік жеке жүйе құрылып, оларды іске асырудың әдістері таңдалады.

Валюталық саясатты үкіметпен бірлесе отырып Орталық банк ойластырып, ол заң негізінде бекітіледі. Валюталық саясатты валюталық стратегияның, валюталық реттеуімен ұштастырылуы ретінде қарастыруға болады. Валюталық стратегия саласына валюта бағамы тұжырымдамасын, сол бағамға ықпал ету әдістерін таңдау.

Валюталық саясаттың әдістері, нысандары мен бағыттары елдің валюталық-экономика жағдайына, әлемдік шаруашылықтың өрістеуіне, дүниежүзілік аренада күштерді орналастыруға байланысты. Әр алуан тарихи кезеңдерде валюталық саясаттың мынадай нақты міндеттері алғашқы жоспарға қойылады: валюта дағдарысынан шығу, валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, валюталық шектеу, валютаның айырбасталымдылығына көшу, валюта тәртіптемесін ырықтандыру және басқалары.

Абсолютті дербес ұлттық экономикалық саясат, соның ішінде валюталық, несиелік, қаржылық елдердің өзара тәуелділігінің дамуымен және әлемдік шаруашылықтағы бірігуімен сыйыспайды.

Валюталық саясатты заңды түрде, яғни валюталық құндылықтармен ел ішінде және тыс жерде операцияларды жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нысандары жиынтығы – валюталық заңдармен, сонымен қатар валюта проблемасы бойынша мемлекеттер арасында жасалатын екі жақты және көп жақты валюталық келісімдермен рәсімделеді.

Валюталық саясатты жүзеге асырудың бір құралы – халықаралық есеп айырысуды және валюта операцияларын жүргізу тәртіптерін мемлекеттің реттеуі. Ол ұлттық, мемлекетаралық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады. Тікелей валюталық реттеу заң актілері және атқарушы үкіметтің әрекеті арқылы орындалса, ал жанама реттеу экономикалық, соның ішінде валюта-несие әдістерімен нарықтағы экономикалық агенттердің мінез-құлқына ықпал ету жолымен іске асады. Шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру мемлекетаралық валюталық реттеудің дамуына әсер етеді. Ол мынадай мақсаттарды көздейді: жекелеген елдердің валюталық саясатын үйлестіру, валюта дағдарысынан шығудың бірлескен шаралары, бұл турасында басқа елдерге қарағанда жетекші мемлекеттердің валюталық саясатымен келісу.

Қазақстаннң Ұлттық банкі ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге және отандық өндірушілер үшін жағымды бәсекелестік ортасын сақтауға бағытталған саясатын жүргізуде.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы отырысында теңгенің айырбастау бағамы ауытқуларының дəлізін жою жəне 2011 жылғы 28 ақпаннан бастап теңгенің басқарылатын өзгермелі айырбастау бағамының режиміне өту туралы шешім қабылданды.
«Басқарылатын өзгерудің пайдасына валюталық дəлізден бас тарту теңгенің, қажет болған жағдайда, теңбе-тең, экономика үшін «қолайлы» деңгейде нығаюына, алтынвалюта активтерін ұлғайтуға жəне валюта нарығындағы ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай жасайды», - деп өз шешімдерін өткен отырыстың мүшелері басым бөлігі негіздеді.
Валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыруға жəне халықтың девальвациялық күтулерін төмендетуге бағытталған уақытша шара ретінде
енгізілген валюталық дəліз теңгенің нығаюына күшейіп келе жатқан үрдіс жағдайларында өз қажеттілігін жойды. Бұған əлемдік нарықтардағы қазақстандық экспорттың негізгі позицияларына оңтайлы баға конъюнктурасы жəне төлем балансының жай-күйі себепші болды.
Соңғы бір жарым жылда мұнай, металдар жəне астықтың əлемдік бағаларының өсу үрдісі байқалып отыр. Нəтижесінде ішкі валюта нарығындағы шетел валютасы ұсынысының ұлғаюы теңгенің нығаю жағына қарай айырбастау бағамына қысым көрсетіп отырды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің айтарлықтай нығаюын болдырмау мақсатында соңғы айлар ішінде сол арқылы оның
ұсынысын қысқарта отырып жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің көлемін ұлғайта отырып, ішкі нарықта айтарлықтай көлемде шетел валютасын сатып алуда.
Мəселен, егер 2010 жыл бойы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің нығаюын алдын алу мақсатында нарықта 2,0 млрд. АҚШ долларын сатып алса, тек ағымдағы жылдың қаңтарында жəне ақпанында ғана 4,5 млрд. АҚШ долларына жуық сатып алды, бұл өткен жылдың жылдық көлемінен екі еседен астам көп.

Валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын уәкілетті банктер арқылы жүргізген кезде резидент (резидент емес) уәкілетті банкке мынадай құжаттар ұсынады:

- жеке басын куәландыратын құжат (жеке түлғалар үшін);

- Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (жеке түлғалар - шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін), егер болса;

- Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу (есепке алу) туралы куәлік (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын резидент жэне резидент емес заңды тұлғалар үшін), егер осы құжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уэкілетті органы берген КҮЖЖ коды берілгенін растайтын құжат (Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелген заңды түлғалар үшін), егер осы құжат бұрын үсынылмаған не өзгерген жағдайда;

- салық төлеушінің мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат, не салық органының осы тұлғаның Қазақстан Республикасының салық органында тіркеу есебінде түрмағаны туралы қүжаты, егер осы қүжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;

- валюта шарты;

- Ережедегі көзделген жағдайлардағы лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлігі;

- мәміле паспорты (мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) экспортына немесе импортына байланысты мәмілелер бойынша);

- міндеттемелердің орындалғанын растайтын немесе, не соның негізінде орындалуы қажет қүжаттар (экспортпен немесе импортпен байланысты мәмілелер бойынша).

Мәміленің жағдайларын нақтылау және оның. қатысушыларын жіктеу мақсатында резидент және резидент емес заңды тұлғалар сондай-ақ уәкілетті банктердің талап етуі бойынша құрылтай қүжаттарын ұсынады.

Резидент (резидент емес) осы тармаққа сәйкес талап етілетін қүжаттарды және мэліметтерді ұсынбаған жағдайда уәкілетті банк осы Ереженің 7-тармағының екінші абзацында, 8 және 10 тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізбейді.

Резидент лицензия жэне (немесе) тіркеу куәлігі және (немесе) хабарлама туралы куәлік талап етілетін валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізген кезде резидент уәкілетті банкке осындай қүжаттардың түпнүсқасын жэне көшірмесін береді. Оларды салыстырғаннан кейін көшірмелері уәкілетті банкте қалады, ал түпнұсқалары резидентке қайтарылады. Осы Ереженің 69-тармағында көзделген жағдайларда тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) түпнұсқасының орнына нотариалды куәландырған немесе Ұлттық Банк растаған тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) көшірмесін үсынуға рұқсат етіледі.

Резидентте хабарлама туралы куэлік болмаған жағдайда уәкілетті банк оны алу қажеттігі туралы резидентке кез келген түрде хабарлай отырып, операцияны жүргізеді. Бүл ретте уәкілетті банк ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына резиденттерде хабарлама туралы куәліктер болмаған кезде олардың тапсырмалары бойынша жүргізілген операциялар туралы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп береді.

Тіркеу куәлігі талап етілетін валюталық операция жүргізу нәтижесінде алынған ақша резиденттің пайдасына түскен кезде уәкілетті банк резидентке тіркеу куәлігін ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды және түскен ақшаны. резиденттің банктік шотына ол тіркеу куәлігін ұсынғаннан кейін ғана есептейді.



Қорытынды
Курстық жұмыстың жазылуын аяқтай келе төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болады.

Жалпы, курстық жүмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.

Бірінші бөлімде Халықаралық валюта жүйесінің экономикадағы ролі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен бірге Халықаралық валюта қордың ақша - несие саясатының түрлері қарастырылды.

Осы бөлімде Халықаралық валюта қордың қажеттілігінің мәні, мазмүны ашылды. Халықаралық валюта қордың жэне Қазақстан Республикасының арасындағы келісімдер қарастырылып, бұл келісімдердің шарттары анықталды..

Екінші бөлімде, валюта бағамына, оның көлеміне әсер ететін факторлар және осы факторлардың валюта бағамына әсер ету көлемі маңыздылығы қарастырылды. Сонымен қатар әр фактор жекелей талқыланып, талдалды деген қорытындыға келуге болады. Талдау нәтижесінде осы осы факторлардың, атап айтқанда инфляция екпіні, елдің төлем балансы, үлттық табысы, жағдаятты факторлар, валюта бағамына тікелей немесе жанама және қандай көлемде әсер тигізетіні анықталды деп ойлаймын.

Осы бөлімде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының теңгенің қызмет етуін қамтамасыз ететін шаралар анықталып, талқыланды. Статистикалық мәліметтер көрсетілген.

Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасының ұлттық валюта жүйесіне тоқталдық. Оның пайда болуының алғышарттары, жүргізелетін саясатының негізігі мәселелері мен оларды жетілдіру жолдарына сипат берілді. Сонымен қатар валюта жүйесін реттеу жолдары қарастырылды.

Курстық жүмыстың жазылу барысында жэне тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет -журналдар беттеріндегі жарияланған мақалалар, маңызы деректер, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.



Пайдалынған әдебиеттер тізімі:

1 Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы / Ә.Әбдіманапов.  бас. Алматы. Евразия, 2005.  230 б.

2 Байгужаева Ж.Н. Сборник методических рекомендаций по применению международных стандартов финансовой отчетности / Алматы: 2006 ж  132 б.

3 Бакирова І. Ізденіс / Алматы, 2000 ж189 б.

4 Бухгалтерлік бюллитені, № 22, 2005 ж  16 б.

5 Ғабдуллин Т.Ғ. Бухгалтерлік есептің салалық ерекшелігі / Т.Ғ.Ғабдуллин   бас.  Алматы:Ғылым 2004 ж  556 б.

6 Ғабдулин Т.Ғ. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп / Өңделіп және толықтырылып -ші басылым.  Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2002  656б.

7 Есенғалиева К.С., Тілеужанова М.Ә. Экономика: Оқу құралы / К.С.Есенғалиева, М.Ә.Тілеужанова  бас.  Алматы: Жеті жарғы, 2003  240 б.

8 Заң газеті, 10 наурыз, Алматы, 1999 ж  4 б.

9 К.Маркс. Капитал / Алматы, 1968 ж  564 б.

10 Тұраров Н. С. Ақша-несие саясаты // Саясат. – 2006, №7.

12 Тактамысова Д. А. Экономическая теория: ответы на вопросы студенту. – М.: Экзамен, 2006 ж. – 58 б.

13 Хамитов Н. Н. «Банк ісі» «Экономика», Алматы – 2006 ж. – 49-55 б.

14 Шамрай И. Н. Ақша, несие, банктер : Оқу құралы / И. Н. Шамрай,





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет