Халықаралық валюта қоры сыртқы байланыстар



Дата11.07.2016
өлшемі175 Kb.
#192089





ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ҚОРЫ

СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР

ДЕПАРТАМЕНТІ



Жұртшылыққа арналған ақпараттық хабар



Жұртшылыққа арналған ақпараттық хабар (PIN) № 07/хх

ЖЕДЕЛ ШЫҒАРУ ҮШІН



Халырақаралық Валюта Қоры

АҚШ, Вашингтон, Колумбия округі, 20431

19-шы көше, солт-батыс, 700



ХВҚ Атқарушы кеңесі IV бапқа сәйкес Қазақстан Республикасымен
2007 жылғы консультацияларды аяқтады

Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) Атқарушы кеңесі 2007 жылғы 27 маусымда IV1 бапқа сәйкес Қазақстан Республикасымен консультацияларды аяқтады.
Жалпы мәліметтер

Өткен жылдың ішінде инфляция деңгейі біршама жоғары болғанына, осалдық факторларының кеңдігіне қарамастан, әсер қалдырарлық экономикалық факторлар сақталды. Өндіріс көлемі 2006 жылы 10,6 пайызға өсті және осы жыл қатарынан өсу қарқыны 10 пайызға жуық болған жетінші жыл болды. Жұмыспен қамтудың өсуі жалғасты және нақты жалақы жоғары қарқынмен өсті. Экспорттың қарқынды өсуіне қарамастан ағымдағы операциялардың шоты бойынша импорттың тез өсуіне негізделген қалыпты дефицит болды. ШТИ деңгейінің күрт өсуі және банктердің сырттан қарыз алу деңгейінің айтарлықтай көтерілуі капиталмен жүргізілетін операциялардың шоты профицитінің айтарлықтай ұлғаюына және, нәтижесінде, ресми резервтердің 11 млрд АҚШ доллары мөлшерінде жинақталуына себепші болды. Дегенмен банктердің сыртқы міндеттемелері 2006 жылы ЖІӨ-нің 41 пайызына жете отырып, екі еседен астты, бұл инфляция деңгейі айтарлықтай жоғары болған кезде сыртқы берешектің өсуіне байланысты осалдықтың өскендігін білдіреді.


Шетел валютасының көп әкелінуі ақша-кредит саясатын және пруденциалдық саясатты жүргізу міндетін қиындатады. Өтімділікті шектеу жөніндегі шараларға, оның ішінде саланы кеңейтуге және міндетті резервтер нормативтерінің деңгейлерін көтеруге, сондай-ақ үстемдік ставкаларының көтерілуіне қарамастан, ақша-кредит агрегаттары тез өсуде. Банк кредиттерінің және сырттан қарыз алудың өсуін бәсеңдету үшін пруденциалдық нормативтер қатаңдатылды. 2006 жылдың ортасынан бастап банктердің қысқа мерзімді сыртқы заемдарына лимиттер белгіленді, үй шаруашылықтарының борышына қызмет көрсетудің олардың кірістеріне қатынастарының критерийлері белгіленді, банктердің ашық валюталық позицияларының нормативтері қатаңдатылды, ал жақында олардың сырттан қарыз алуларының жалпы көлеміне лимиттер енгізілді. Теңгенің АҚШ долларына бағамы 2006 жылы 4 пайызға және 2007 жылғы қаңтар-сәуірде тағы да 6 пайызға көтерілді.
2006 жылы инфляцияның одан әрі өсуінің алдын алуға мүмкіндік жасайтын қадағалаушы салық-бюджет саясаты жалғастырылды. Жиынтық профицит ЖІӨ-нің 7,5 пайызына дейін өсті, сонымен қатар оның 90 пайызынан астамы Ұлттық қорда жинақтауға жіберілді. 2007 жылы мұнай бағасының төмендеуіне және мемлекеттік шығыстардың жедел өсуіне байланысты профицит ЖІӨ-нің 4,3 пайызына дейін қысқарады деп күтілуде.
Атқарушы кеңестің бағалауы
Атқарушы директорлар ел билігінің парасатты макроэкомникалық саясатына және олардың мұнайдан түскен кірістерді сенімді басқаруына оң баға берді, бұл Қазақстанның жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуіне мүмкіндік жасады. 2006 жылы нақты ЖІӨ-нің табанды өсу қарқыны сақталды, жұмыспен қамту жалғасты, ал әлеуметтік көрсеткіштер одан әрі жақсарды, ал сол кезде мұнай және мұнайға жатпайтын секторлардан түскен кірістердің қарқынды өсуімен қолданатын бюджеттік ұстаным біршама орнықты болды. Осы табыстар инвесторлардың мүддесін ынталандырды және капиталдың ірі ағынына алып келді, бұл кредиттеудің өсуін және инфляциялық қысымның күшеюін туғызды.
Директорлар Қазақстан экономикасының даму перспективаларының айтарлықтай қолайлы деп отыр. Олар жақын арада сыртқы жағдайлардың оң болуы мүмкін болса да, қолайлы макроэконмикалық перспективалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін инфляцияны азайтуға және банк секторындағы өспелі тәуекелдерді төмендетуге бағытталған шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті. Инвестициялық ахуалды әртараптандыруды және жақсартуды одан әрі арттыруға бағытталған құрылымдық реформалар орта мерзімді кезеңде жоғары экономикалық көрсеткіштердің сақталуына көмектеседі.
Директорлар билікті ақша-кредит саясатын қатаңдату үшін одан әрі шаралар қабылдауға шақырды. Олар өтімділікті шектеу үшін өткен жылы қабылданған шараларды мақұлдады, бірақ ақша массасының және кредиттеудің өсу қарқыны жоғары болып отырғанын атап өтті. Директорлар жақын арада міндеттті резервтердің нормаларын сыртқы және ішкі міндеттемелерге арналған нормалар арасындағы неғұрлым ауқымды дифференциал болатындай етіп қосымша ұлғайтуды, сондай-ақ үстемдік ставкаларын көтеруді ұсынды.
Директорлар теңгенің неғұрлым күшті және икемді бағамының инфляцияны төмендету және капиталды алып-сатарлық жолмен әкелуді шектеу үшін ақша-кредит саясатын қатаңдатуға көмектесетінін атап өтті. Олар нақты айырбас бағамын көтерудің ұзақ мерзімді экономикалық детерминанттарға сәйкес келетінін де атап өтті және номиналдық бағамның инфляцияның жоғары қарқынына қарама-қарсы көтерілуі тұрақтандыруға айтарлықтай мүмкіндік жасайды деген болжам айтты.

Директорлар банктік кредиттеу мен сырттан қарыз алудың тез өсуіне байланысты тәуекелдерді шектеуге бағытталған жақында қабылданған пруденциалдық шараларды, әсіресе капиталдың мөлшеріне негізделген сырттан қарыз алуға арналған лимиттерді, үй шаруашылықтарының борышына қызмет көрсетудің олардың кірісіне қатысты критерийлерін және банктердің ашық валюта позияцияларының неғұрлым қатал нормативтерінің енгізілуін құптады.


Директорлар банктік кредиттеу және сырттан қарыз алудың және онымен байланысты тәуекелдердің тез өсуіне байланысты билік иелерінің пруденциалдық нормативтерді одан әрі қатаңдату мүмкіндігін қарастыруы жөнінде ұсыным берді. Олар, атап айтқанда, резервтерге есептеулер нормасын көтеруді және кепілмен қамтамасыз етудің барынша қатал ережелерін, сондай-ақ қамтамасыз етілмеген тұтыну кредиттеріне арналған тәуекел салмағын енгізуді ұсынды.

Директорлар банктердің талаптарды орындауын қамтамасыз ету үшін қадағалау органдары тарапынан нақты іс-әрекеттер қажет екендігін атап көрсетті. Сондықтан олар Қаржылық қадағалау агенттігінің қадағалау өкілеттіктерін күшейтетін жақында қабылданған заңнаманы, сондай-ақ оған қосымша ресурстар ұсынатын жоспарды құптады. Директорлар алдын ала ескерту индикаторларын және күтпеген оқиғалар болған жағдайдағы іс-әрекеттер жоспарын әзірлеуде билік иелері қол жеткізген прогресс тәуекелдерді шектеуге арналған маңызды алдын алу шаралары болып табылады деп пайымдайды. Директорлар билік иелерін халықаралық стандарттарға сәйкес ААК/ТҚК заңнамасын күшейтуді жалғастыруға шақырды.


Директорлар салық-бюджет саясатының саналы түрде қалуын ескертті, бірақ оны 2007 жылы жеңілдеткендіктен, ақша-кредит саясатын қосымша қатайту және инфляцияның өсуін болдырмас үшін айырбастау бағамын көтеру қажеттігін баса айтты. Мемлекеттік шығыстар қарқынын жеделдету бұрынғысынша Қазақстанның әлеуметтік саладағы және инфрақұрылымды дамыту саласындағы маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталғандығын көрсете отырып, олар шығыстарды барынша тиімді кеңейткен жағдайда ашылатын басымдылықтарды атап көрсетті. Осыған байланысты Директорлар билік иелерінің Дүниежүзілік банктің көмегімен мемлекеттік қаржыны басқаруға шолу жасау ниетін құптайтындығын білдірді.
Директорлар бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және мұнайға жатпайтын секторды дамыту перспективаларын жақсартуға арналған құрылымдық реформаларды күшейтудің маңыздылығын атап көрсетті. Олар ДСҰ-на жедел түрде кіру, кедендік басқару реформаларын жүргізу және аймақтық сауданы кеңейтуде одан әрі прогреске қол жеткізу өнімділіктің өсімін қамтамасыз ететіндігін атап өтті. Директорлар мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру бағдарламасын жариялауды құптады, ол кәсіпорындарды қайта құруды жеңілдетуге және бәсекелестікті қамтамасыз ету саясатын күшейтуге әкелуі тиіс.
Директорлар сыртқы борыш туралы деректерді жақсартудағы, атап айтқанда, қалдық өтеу мерзімі негізінде оның мониторингін жүргізудегі қол жеткізген елеулі прогресті бағалады. Олар осалдық факторларын бағалау экономиканың мұнай және мұнайға жатпайтын секторлар бойынша импорт туралы деректерді біріктірмей қол жеткізген прогресс нәтижесінде қосымша жақсаратындығын атап өтті. Директорлар мемлекеттік борыш тұжырымдамасын кеңейту жобасын, оған мемлекеттік даму кәсіпорындары мен мекемелерінің міндеттемелерін қоса отырып, тез аяқталуын талап етті. Олар Өндіруші салалардағы айқындылықты қамтамасыз ету бастамаларын (ӨСАҚБ) орындаудағы қол жеткізген прогресті құптады және сыртқы аудит туралы есептің тез арада жариялауға шақырды.




Жұртшылыққа арналған ақпараттық хабарлар ХВҚ пікірлерінің айқындылығын және экономикалық өзгерістер мен саясатқа жасалған талдауын қамтамасыз етуге ықпал ету күштері шеңберінде жарияланады. Тиісті мемлекеттің (немесе тиісті мемлекеттердің) келісімімен жұртшылыққа арналған ақпараттық хабарлар Атқарушы кеңес IV бапқа сәйкес мүше мемлекеттермен аймақтық деңгейде болып жатқан өзгерістерге жасаған қадағалау нәтижелерін, бағдарлама аясының кезеңінде жүргізілген мониторингті және мүше мемлекеттердегі ахуалдарды ретроспективті бағалауды, ұзақ кезеңнен астам уақыт бойынша жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларды талқылағаннан кейін жарияланады. Жұртшылыққа арналған ақпараттық хабарлар Атқарушы кеңес өзге шешім қабылдаған ерекше жағдайлардан басқа, Атқарушы кеңес саясаттың жалпы мәселелерін талқылағаннан кейін жарияланады.




Қазақстан. Жекелеген экономикалық көрсеткіштер



















Алдын-ала.

Болжам-дық1/




2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007




(Пайызбен өзгерістер)

Нақты экономика






















Нақты ЖІӨ

13,5

9,8

9,3

9,6

9,7

10,6

9,5

ТБИ (кезеңнің аяғында)

6,4

6,6

6,8

6,7

7,5

8,4

8,5




(ЖІӨ-нің пайызымен)

Мемлекеттік қаржы






















Мемлекеттік кірістер және гранттар

25,7

22,5

25,4

24,6

28,1

27,9

27,6

Мемлекеттік шығыстар

23,0

21,0

22,6

22,1

22,3

20,4

23,4

Мемлекеттік басқару секторының сальдосы 2/

2,7

1,4

2,7

2,5

5,8

7,5

4,3

Мемлекеттік басқару секторының мұнайға жатпайтын сальдосы

-3,9

-3,0

-3,2

-4,6

-4,8

-2,8

-4,3

Мемлекеттік басқару секторының борышы (кезеңнің аяғында) 3/

19,7

17,4

15,5

11,9

8,0

6,5

5,4




(Пайызбен өзгерістер)

Ақша және кредит






















Ақша базасы

30,9

19,1

52,2

82,3

14,7

126,5

...

Кең ақша массасы

42,8

34,1

27,0

69,8

25,2

79,9

...

Банк секторының экономикадағы кредиті

78,9

34,9

45,6

52,4

73,2

86,3

...

ҚҰБ ноталары бойынша пайыздық ставка (кезеңнің аяғында)

5,8

5,9

5,2

4,0

2,2

4,76

...




(ЖІӨ-нің пайызымен)

Төлем балансы






















Сауда балансы 4/

5,3

8,1

11,9

15,7

18,1

18,2

13,3

Ағымдағы операциялар шотының сальдосы 4/

-5,4

-4,2

-0,9

0,8

-1,9

-2,2

-3,3

Сыртқы борыш

68,5

74,2

74,3

75,8

76,0

91,3

91,5

Жалпы халықаралық резервтер






















Млрд.АҚШ долларымен, кезеңнің аяғында

2,5

3,1

5,0

9,3

7,1

19,1

25,6

Тауарлар мен факторлық емес қызмет көрсету импортының айларында

2,8

3,3

4,5

5,9

3,3

7,0

8,2




(Пайызбен өзгерістер)

Айырбас бағам






















Теңгенің АҚШ долларына (кезеңнің аяғында)

3,8

3,3

-8,0

-9,3

2,9

-5,1

...

Теңгенің Ресей рубліне (кезеңнің аяғында)

-3,0

-2,1

-0,8

-4,0

-0,4

3,7

...

Нақты тиімді айырбас бағамы (кезең үшін орташа) 5/

0,9

-3,8

-3,6

5,8

3,1

7,7

...

Дерек көздері: Қазақстандағы билік иелерінің деректері, ХВҚ қызметкерлерінің бағалары мен болжамдары.

1/ ХВҚ қызметкерлерінің болжамдары.

2/Осы айқындамаға сәйкес мемлекеттік басқару секторының сальдосы, жекешелендіруден түскен түсімдер қаржыландыру баптарына жатқызылады және статистикалық айырмашылықтарды қоса алғанда, қаржыландырудан шығара отырып, соның шеңберінде өлшенеді.

3/ Жалпы ішкі және сыртқы борыш, үкімет кепілдік берген борышты қоса алғанда.

4/ Есептілікте көрсетілген 2001 жылғы цифрлар ХВҚ қызметкерлерінің экспорт сомаларын төмендету бағасын ескере отырып түзетілген.

5/ «Плюс» белгісімен бағамның нығаюы белгіленеді.



1 ХВҚ-ның Келісімі баптарының IV бабына сәйкес Қор, әдетте, жылына бір рет оның мүшелері болып табылатын мемлекеттермен екі жақты талқылаулар жүргізеді. ХВҚ қызметкерлерінің тобы елге келеді, экономикалық және қаржылық ақпарат жинайды және ресми тұлғалармен елдің экономикасына өзгерістерді және оның экономикалық саясатын талқылайды. Қызметкерлер штаб-пәтерге қайтып келгеннен кейін Атқарушы кеңесте талқылау үшін негіз болатын баяндама дайындайды. Талқылау аяқталғаннан кейін Директор-басқарушы Кеңестің төрағасы ретінде атқарушы директорлардың пікірлерін қорытындылайды және осы қорытындыны елді биліктеріне жібереді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет