"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 тамыздағы № 972 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 29 қыркүйектегi № 165-166 (26859)
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақта:
3) тармақшадағы «қаржыландырудың ережесi бекiтiлсiн.» деген сөздер «қаржыландырудың ережесi;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы;
5) Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекiтiлсiн.»;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасымен және Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасымен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 27 тамыздағы
№ 972 қаулысына
1-қосымша
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру, қаржыландыру және оларға халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртiбiн айқындайды (бұдан әрi - Қағида).
2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтар және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушiлер туралы мәлiметтер «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде орналастырылады.
2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
3. Әлеуметтiк жұмыс орындары жұмыс берушiлерде олардың меншiк нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
4. Әлеуметтiк жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшелiктерi бар:
1) арнайы нысаналы топтарға арналған;
2) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды.
5. Уәкiлеттi орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыс берушiлерге әлеуметтiк жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелерi бойынша консультация бередi;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлерден осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм жинауды жүзеге асырады;
3) барлық ұсынылған өтiнiмдер үш жұмыс күнi iшiнде бiрыңғай тiзбеге жинақталып, тиiстi ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгiне қарауға және бекiтуге ұсынылады.
6. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгi жыл сайын тiзбенi алғаннан кейiн 15 жұмыс күнi iшiнде өзiнiң шешiмiмен өңiрлiк еңбек нарығындағы қажеттiлiкке сәйкес әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлердiң тiзбесiн бекiтедi.
Бекiтiлген тiзбеде кәсiптер (лауазымдар) бөлiнiсiнде әр жұмыс берушi бойынша:
1) Ұйымдастырылатын әлеуметтiк жұмыс орындарының саны;
2) айлық жалақы мөлшерi;
3) жұмыстың ай бойынша ұзақтығы;
4) мемлекеттiк бюджет қаражатынан өтелетiн айлық жалақының мөлшерi көрсетiледi.
7. Уәкiлеттi орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы бекiтiлген тiзбеге сәйкес жұмыс берушiмен осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру туралы шарт жасайды.
3. Азаматтардың әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасуына жәрдемдесу
8. Уәкiлеттi органдар және/немесе халықты жұмыспен қамту орталықтары:
1) азаматтарға әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасуға байланысты мәселелер бойынша консультация бередi;
2) жасалған шарттарға сәйкес халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасу үшiн жұмыс берушiлерге жiбередi.
9. Азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасу үшiн жiберу кезiнде мыналар ескерiледi:
1) жiберiлген азаматтар уәкiлеттi органда немесе халықты жұмыспен қамту орталығында «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес жұмыссыз ретiнде тiркелген және халықтың нысаналы топтарына жатуға тиiс;
2) жолдама беру сәтiнде жiберiлетiн азаматтар үшiн уәкiлеттi органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек.
10. Азаматтар ұйымдастырылған әлеуметтiк жұмыс орындарына он екi айлық кезеңде бiр рет қана орналаса алады және тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады.
11. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша әлеуметтiк жұмыс орнына қабылданған азамат жасалған еңбек шартының мерзiмi аяқталғанға дейiн тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкiн. Бұл ретте жұмыс берушi уәкiлеттi органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмесiн жолдайды.
4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру
12. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушiнiң шығыстарын өтеуге мемлекеттiк бюджеттен субсидия берудi қамтиды.
13. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыс берушiлермен жасалған шарттар негiзiнде, ай сайын қаржыландырудың бекiтiлген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерiнде көзделген сома шегiнде уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
14. Уәкiлеттi орган ай сайын, жұмыс берушiнiң осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған мәлiметтерi негiзiнде, жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастырылған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарын өтеуге арналған соманы жұмыс берушiнiң есеп айырысу шотына аударуды жүргiзедi.
15. Жұмыс берушi әлеуметтiк жұмыс орындарына орналастырылған азаматтарға еңбекақы төлеудi ай сайын, нақты орындалған жұмыс уақыты үшiн еңбек шартында белгiленген мөлшер негiзiнде жүргiзедi.
Орындалатын жұмыстың көлемiне, сапасы мен күрделiлiгiне қарай жұмыс берушi нақты орындалған жұмыс үшiн өзiнiң жеке қаражаты есебiнен қосымша үстемеақы белгiлеуге құқылы.
5. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы есептiлiктi ұсыну
16. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкiлеттi органдары ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 2-күнiне қарай облыстардың уәкiлеттi органдарына Қазақстан Республикасының статистика саласындағы уәкiлеттi органы бекiткен нысан бойынша есептi ұсынады. Аталған есепте:
1) әлеуметтiк жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың саны туралы;
2) әлеуметтiк жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың жалақысының орташа айлық мөлшерi туралы мәлiметтер қамтылады.
17. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкiлеттi органдары ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 4-күнiне қарай орталық атқарушы органға өңiр бойынша Қазақстан Республикасының статистика саласындағы уәкiлеттi органы бекiткен нысан бойынша тиiстi жиынтық есептi ұсынады.
Әлеуметтiк жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидасына
1-қосымша
____________ауданының,
қаласының уәкiлеттi органына
_________________________
_________________________
_________________________
Өтiнiм
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жұмыс берушiнiң толық атауы, мекенжайы, СТН, байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)
халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.
Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:
Р/с
№
|
Қандай кәсiпке
қабылдау
жоспарланып отыр
|
Жұмыс
орындарының
жоспарланған
саны
|
Жұмыстардың
жоспарлы
ұзақтығы
(айлар)
|
Айлық жалақы
мөлшерi,
теңге
|
Өтемақының
жоспарлы
мөлшерi, теңге
|
1.
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
|
Қосымша:
1. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
2. Ұйым жарғысының және/немесе құрылтай шартының көшiрмесi.
Басшы Күнi
М.О
Әлеуметтiк жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидасына
2-қосымша
Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру туралы
№ _____ шарт
_____________с (қ.) 201__жылғы "__"_________
Бұдан әрi Тапсырыс берушi деп аталатын _______________ ауданының (қаласының) уәкiлеттi органының (халықты жұмыспен қамту орталығының) атынан бастығы (директоры)
______________________________________________________________,
(Т.А.Ә.)
және ____________________________________________________атынан
(жұмыс берушiнiң атауы)
_______________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә., лауазымы)
(бұдан әрi — Жұмыс берушi) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және _______________ауданы (қаласы) әкiмдiгiнiң 201___ жылғы «___» № __________ қаулысының негiзiнде төмендегi туралы осы келiсiмдi жасады:
1. Келiсiм мәнi
1. Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру мақсатында олар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру.
2. Шарт сомасы________________________________________
(жазбаша)
мың теңгенi құрайды.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
3. Тапсырыс берушi:
1) азаматтарды олардың келiсiмiмен Жұмыс берушiге
_____________________________________ адамды жiберуге;
(саны жазбаша)
2) жұмыс берушi ұсынған мәлiметтерге сәйкес жұмыс берушi белгiлеген жалақының _______ % есебiмен нақты орындаған жұмыс уақытына, алайда бiр адамға жұмыс iстеген толық айына ________________________________________________________
(сома жазбаша)
теңгеден асырмай жұмыс берушiнiң жұмысқа қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарын өтеудi жүргiзуге мiндеттенедi.
4. Жұмыс берушi:
1) жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуы үшiн азаматтарға мынадай әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынуға:
Р/с №
|
Қандай
кәсiпке
қабылдау
жоспарланып
отыр
|
Саны
|
Жұмыстардың
жоспарлы
ұзақтығы (айлар)
|
Айлық жалақы
мөлшерi, теңге
|
Өтемақының жоспарлы
мөлшерi, теңге
|
|
|
|
|
|
|
2) азаматтармен Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасуға;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес азаматтардың алған табыстарынан мiндеттi зейнетақы аударымдарын жүргiзуге, салықтардың барлық түрлерiн және әлеуметтiк сақтандыру қорына жарналарды ұстап қалуды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалуға, сондай-ақ азаматтарға төленетiн табыстар түрiнде жұмыс берушiнiң шығыстарынан әлеуметтiк салықты төлеу және әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды аударуға;
5) әрбiр азаматқа жеке қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқама өткiзуге;
6) қажет болған жағдайда, қабылданған азаматтарға өз қаражаты есебiнен қосымша үстемеақы төлеуге;
7) қажет болған жағдайда, азаматтарды арнайы киiммен, құралдармен, керек-жарақпен және т.б. қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиiстi еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге;
9) азаматтардың еңбек мiндеттерiн атқаруы кезiнде денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтеуге;
10) Тапсырыс берушiге әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған азаматтар туралы ұсынылатын ақпараттың нақтылығы үшiн жауапты болуға;
11) есептi айдың аяқталуынан бес жұмыс күнi бұрын Тапсырыс берушiге белгiленген нысан бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған азаматтар туралы мәлiметтi ұсынуға мiндеттенедi.
3. Еңбекақы төлеу
5. Жұмыс берушi әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеудi жасалған еңбек шарттарының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi.
4. Тараптардың жауапкершiлiгi
6. Осы шартта көзделген мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7. Осы шартты орындау кезiнде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
8. Шарт тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша бұзылуы мүмкiн, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемiнде бiр ай мерзiм бұрын ескертуге мiндеттi.
9. Осы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар тараптардың келiсiмi бойынша енгiзiледi.
5. Форс-мажор
10. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейiн туындаған еңсерiлмейтiн күштiң, яғни өрт, жер сiлкiнiсi, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери iс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың (форс-мажор) пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.
11. Осы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындау мүмкiн болмайтын тарап 2 жұмыс күнi iшiнде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзiмi және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге мiндеттi. Форс-мажор жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сiлтеме жасау құқығынан айырады.
12. Егер жоғарыда аталған жағдайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша мiндеттемелерiн одан әрi орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеудi талап етуге құқығы жоқ.
6. Қолданылу мерзiмi
13. Осы шарттың қолданылу мерзiмi 201__ жылғы «__» ________ бастап 201__ жылғы «__» ___________ дейiн.
14. Осы шарт қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
15. Шарт әрқайсысының бiрдей заңдық күшi бар екi данада жасалды.
7. Тараптардың заңды мекен-жайлары:
Тапсырыс берушi Жұмыс берушi
_________________ауданының _________________
(қаласының) уәкiлеттi органы _________________
(халықты жұмыспен қамту орталығы) _________________
мекенжайы:______________________ ЖСК
ЖСК БСН
БСН СТН
СТН Коды______________
Коды___________________________ (Т.А.Ә., қолы)
М.О.
(Т.А.Ә., қолы)
М.О.
Әлеуметтiк жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидасына
3-қосымша
____________________________________________________
(жұмыс берушiнiң атауы)
әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмыс iстейтiн азаматтар туралы
201__ жылғы ____________
МӘЛIМЕТТЕР
Р/с №
|
Т.А.Ә. (толық)
|
Жекекуәлiгiнiң №,
берiлген
күнi
|
Туған
күнi
|
Еңбек
шартының
нөмiрi
мен күнi
|
Шарт
бойыншажалақының
мөлшерi
|
Айдағы
жұмыскүндерiнiң
саны
|
Нақты
жұмысiстегенкүндер
|
Есептелгенжалақының
жалпымөлшерi,
теңге
|
Зейнетақы
қорынааударылғанаударымдар
сомасы
|
Бюджеттенөтемақытөленуге
тиiс,
теңге
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы_____________
Бас бухгалтер_____________
М.О.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 27 тамыздағы
№ 972 қаулысына
2-қосымша
Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида жастар практикасын ұйымдастыру, қаржыландыру және оның шеңберiнде техникалық және кәсiптiк бiлiм беру, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беру ұйымдарының түлектерi қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртiбiн айқындайды (бұдан әрi – Қағида).
2. Жастар практикасынан өту үшiн жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектер және осы жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушiлер туралы мәлiмет «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде орналастырылады.
2. Жастар практикасын ұйымдастыру
3. Жастар практикасы жұмыс берушiлерде олардың меншiк нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
4. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшелiктерi бар:
1) арнайы түлектердiң алған кәсiбi (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжiрибесiн жинақтауына арналған;
2) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi;
3) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
4) жолданатын түлектер уәкiлеттi органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретiнде тiркелуге және олардың жасы 29-дан аспауға тиiс;
5) жолдама беру сәтiнде жолданатын азаматтар үшiн уәкiлеттi органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек.
5. Уәкiлеттi орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жастар практикасынан өту үшiн жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелерi бойынша жұмыс берушiлерге консультация бередi;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде жастар практикасынан өту үшiн жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлерден осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм жинауды жүзеге асырады;
3) барлық ұсынылған өтiнiмдер үш жұмыс күнi iшiнде бiрыңғай тiзбеге жинақталып, тиiстi ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгiне қарауға және бекiтуге ұсынылады.
6. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгi жыл сайын тiзбенi алғаннан кейiн 15 жұмыс күнi iшiнде өзiнiң шешiмiмен өңiрлiк еңбек нарығындағы қажеттiлiкке сәйкес жастар практикасынан өту үшiн жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлердiң тiзбесiн бекiтедi.
Бекiтiлген тiзбеде кәсiптер (мамандықтар) бөлiнiсiнде әр жұмыс берушi бойынша:
1) ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны;
2) айлық жалақы мөлшерi;
3) жастар практикасының ай бойынша ұзақтығы көрсетiледi.
7. Уәкiлеттi орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы бекiтiлген тiзбеге сәйкес осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушiмен жастар практикасын қаржыландыру туралы шарт жасайды.
3. Жұмыссыз азаматтарды жастар практикасына жiберу
8. Уәкiлеттi орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өтуге байланысты мәселелер бойынша консультация бередi;
2) жастар практикасынан өту үшiн түлектер қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жасалған шарттарға сәйкес және кәсiптiк бiлiмiн ескере отырып, жұмыс берушiлерге жiбередi.
9. Түлектер жастар практикасына он екi ай кезеңiнде бiр рет қатыса алады және жұмыссыз ретiнде тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады.
10. Жұмыс берушi жастар практикасына қатысушылармен жасалған шарттардың және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмелерiн уәкiлеттi органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынады.
11. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жастар практикасына қабылданған түлек жасалған еңбек шартының мерзiмi аяқталғанға дейiн тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкiн. Бұл ретте жұмыс берушi уәкiлеттi органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмесiн жолдайды.
12. Жасалған еңбек шартының мерзiмi аяқталғаннан кейiн жұмыс берушi жастар практикасына қатысушының талабы бойынша практикадан өту туралы пiкiр (ұсыным хат) бередi.
4. Жастар практикасын қаржыландыру
13. Жастар практикасын қаржыландыру жастар практикасынан өту үшiн құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан түлектерге еңбекақы төлеуге мемлекеттiк бюджеттен қаражат берудi қамтиды.
14. Жастар практикасын қаржыландыруды жұмыс берушiлермен жасалған шарттар негiзiнде, ай сайын қаржыландырудың бекiтiлген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерiнде көзделген сома шегiнде уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
15. Уәкiлеттi орган жастар практикасынан өту үшiн жұмыс орындарына орналастырылған түлектерге еңбекақы төлеудi ай сайын, жұмыс берушiнiң осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған мәлiметтерi негiзiнде, нақты орындалған жұмыс уақыты үшiн еңбек шартында белгiленген мөлшер негiзiнде жүргiзедi және жастар практикасына қатысушылардың екiншi деңгейдегi банктерде ашылған жеке есеп шоттарына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырады.
5. Жастар практикасын ұйымдастыру туралы есептiлiктi ұсыну
16. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкiлеттi органдары ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 2-күнiне облыстардың уәкiлеттi органдарына Қазақстан Республикасының статистика саласындағы уәкiлеттi органы бекiткен нысан бойынша есеп бередi. Аталған есепте:
1) жастар практикасы шеңберiнде құрылған жұмыс орындарына орналастырылған түлектердiң саны туралы;
2) жастар практикасы шеңберiнде құрылған жұмыс орындарына орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мөлшерi туралы мәлiметтер қамтылады.
17. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкiлеттi органдары ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 4-күнiне орталық атқарушы органға өңiр бойынша Қазақстан Республикасының статистика саласындағы уәкiлеттi органы бекiткен нысан бойынша тиiстi жиынтық есептi ұсынады.
Жастар практикасын
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидасына
1-қосымша
________________ ауданының,
қаласының уәкiлеттi органына
_____________________________
_____________________________
_____________________________
Өтiнiм
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жұмыс берушiнiң толық атауы, мекенжайы, СТН, байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)
жастар практикасынан өту үшiн жұмыс орындарын ұйымдастыратын Жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.
Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда жұмыссыздарға тiзбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:
Р/с №
|
Кәсiбi (мамандығы)
|
Талап етiлетiн
бiлiм деңгейi
|
Жұмыс
орындарының
жоспарлы саны
|
Жастар
практикасының
жоспарлы ұзақтығы
(айлар)
|
1.
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
Қосымша:
1. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
2. Ұйым жарғысының және/немесе құрылтай шартының көшiрмесi.
Басшы
М.О
Жастар практикасын
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидасына
2-қосымша
Жұмыссыз азаматтарға арналған жастар практикасын қаржыландыру туралы
№ _____ шарт
____________ с. (қ.) 201__ жылғы «___»_________
Бұдан әрi Тапсырыс берушi деп аталатын _________________________ ауданының (қаласының) уәкiлеттi органының (халықты жұмыспен қамту орталығының) атынан бастығы (директоры) _________________________________________________________________,
(Т.А.Ә.)
және _______________________________________________________атынан
(жұмыс берушiнiң атауы)
__________________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә., лауазымы)
(бұдан әрi – Жұмыс берушi) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және __________________________ ауданы (қаласы) әкiмдiгiнiң 201__ жылғы «__» _______ №_____ қаулысының негiзiнде төмендегi туралы осы келiсiмдi жасады:
1. Келiсiм мәнi
1. Бастауыш, орта, ортадан кейiнгi және жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары түлектерiнiң қатарындағы жұмыссыз азаматтар үшiн оларды алған кәсiбi (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжiрибесiн алуы мақсатында жастар практикасын қаржыландыру.
2. Шарт сомасы _______________________________________________
(жазбаша)
мың теңгенi құрайды.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
3. Тапсырыс берушi:
1) жұмыссыздарды олардың келiсiмiмен Жұмыс берушiге жастар практикасынан өтуге_________________________________адамды жiберуге;
(саны жазбаша)
2) жастар практикасына қатысушыларға жұмыс берушiлердiң ұсынған мәлiметтерiне сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын шегере отырып, толық жұмыс iстеген айы үшiн нақты орындаған жұмыс уақытына _____________________________ теңге есебiмен жалақы
(сома жазбаша)
төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыссыз азаматтардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалуға, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарға төленетiн табыстар түрiнде жұмыс берушiнiң шығыстарынан әлеуметтiк салықты төлеу және әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды аударуға мiндеттенедi.
4. Жұмыс берушi:
1) жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өту үшiн мынадай жұмыс орындарын ұсынуға:
Р/с №
|
Кәсiбi (мамандығы)
|
бiлiмi
|
Жастар
практикасының
ұзақтығы,
айлар
|
Айлық
еңбекақының
мөлшерi,
теңге
|
|
|
|
|
|
2) жұмыссыз азаматтармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасауға;
3) Тапсырыс берушiге жастар практикасына қатысушылармен жасалған еңбек шарттарының көшiрмелерiн ұсынуға;
4) қажет болған жағдайда, қабылданған жұмыссыздарға өз қаражаты есебiнен қосымша үстемеақы төлеуге;
5) жұмыссыздың әрқайсысына жеке қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқама өткiзуге;
6) қажет болған жағдайда, жұмыссыздарды арнайы киiммен, құралдармен, керек-жарақпен және т.б. қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиiстi еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге;
8) жұмыссыздардың еңбек мiндеттерiн орындауы кезiнде денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтеуге;
9) Тапсырыс берушiге жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы ұсынылатын ақпараттың нақтылығы үшiн жауапты болуға;
10) есептi айдың аяқталуынан бес жұмыс күнi бұрын Тапсырыс берушiге белгiленген нысан бойынша жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы мәлiметтi ұсынуға мiндеттенедi.
3. Еңбекақы төлеу
5. Тапсырыс берушi жастар практикасына қабылданған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеудi, еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша әлеуметтiк жәрдемақы мен ақысы төленетiн жыл сайынғы пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн өтемақыны төлеудi жасалған еңбек шарттары негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi.
4. Тараптардың жауапкершiлiгi
6. Осы шартта көзделген мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiстi орындамағаны үшiн тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7. Осы шартты орындау кезiнде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
8. Шарт тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша бұзылуы мүмкiн, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемiнде бiр ай мерзiм бұрын ескертуге мiндеттi.
9. Осы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар тараптардың келiсiмi бойынша енгiзiледi.
5. Форс-мажор
10. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейiн туындаған еңсерiлмейтiн күштiң, яғни өрт, жер сiлкiнiсi, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери iс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың (форс-мажор) пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.
11. Осы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындау мүмкiн болмайтын тарап 2 жұмыс күнi iшiнде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзiмi және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге мiндеттi. Форс-мажор жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сiлтеме жасау құқығынан айырады.
12. Егер жоғарыда аталған жағдайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша мiндеттемелерiн одан әрi орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеудi талап етуге құқығы жоқ.
6. Қолданылу мерзiмi
13. Осы шарттың қолданылу мерзiмi 201__ жылғы «__» ________ бастап 201__ жылғы «__» ___________ дейiн.
14. Осы шарт қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
15. Шарт әрқайсысының бiрдей заңдық күшi бар екi данада жасалды.
7. Тараптардың заңды мекен-жайлары:
Тапсырыс берушi Жұмыс берушi
_________________ауданының _________________
(қаласының) уәкiлеттi органы _________________
мекенжайы:______________________ _________________
ЖСК ЖСК
БСН БСН
СТН СТН
Коды______________ Коды______________________
(Т.А.Ә., қолы) (Т.А.Ә., қолы)
М.О. М.О.
Жастар практикасын ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасына
3-қосымша
____________________________________________________
(жұмыс берушiнiң атауы)
жастар практикасына қабылданған жұмыссыз азаматтар туралы
201__ жылғы ____________
МӘЛIМЕТТЕР
Р/с №
|
Т.А.Ә. (толық)
|
Жеке куәлiгiнiң №, берiлген күнi
|
Туған күнi
|
СТН
|
ӘЖК
|
Айдағы жұмыс күндерiнiң саны
|
Нақты жұмыс iстеген күндер
|
Есептелген жалақының жалпы мөлшерi, теңге
|
Қызмет көрсетушi банк
|
20 мәндi карточкалық немесе ағымдағы шотының №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы_____________
Бас бухгалтер_____________
М.О.
Достарыңызбен бөлісу: |