Сабақтың тақырыбы Қағаз түрлерінен орындалатын апликациялық жұмыстың түрлері Сабақтың жалпы мақсаты



Дата23.02.2024
өлшемі121.51 Kb.
#492991
түріСабақ
1513881861(1)




Технология және оқыту әдістемесі

Халмурзаева А.М

24.02.2022

Сабақтың тақырыбы

Қағаз түрлерінен орындалатын апликациялық жұмыстың түрлері

Сабақтың жалпы мақсаты:



Қағаздың шығу тарихы туралы мәлімет беру. Білім алушыларға қағаз түрлері туралы түсініктерін кеңейтіп оларды ажыратуға үйрету.
Оқушылардың бұрыннан алған білім, білік, дағды машықтарына сүйене отырып, қағазбен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту.
Оқушылардың логикалық қабілетін арттыру, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық шеберлігін қалыптастыру.
Адам мен тірі табиғат арасындағы байланыс туралы мағлұмат бере отырып, қоршаған ортаны қорғауға, әсемдікті сезіне білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Бейнебаян, апликация түрлері, интерактивті тақта,жұмбақ шешу, кескін карталар.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:

түсіндіру, ой қозғау, сызбалар, ой шақыру, сын тұрғысынан ойлау, талдау, жинақтау.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық дайындық

Амансың ба,Алтын күн!
Амансың ба,Көк аспан!
Амансың ба,достарым?
Сендерді көрсем қуанам!

Топқа бөлу

Тақырыпқа байланысты үш топқа бөлу

Ой қозғау

Қағаз туралы бейнебаян

Жаңа сабақ

Қағаз жазуға, сызуға, сурет салуға және түрлі қажеттіліктерге жарайтын ағаштан жасалған материал. 
Қағаз жасайтын шикізатты дайындау үшін ағаштарды кеседі. Бұтақ, жапырақ, тамырынан тазартады. Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де, ол ұнтағы шыққанша майдалана береді. Бұдан соң ұлпа әр түрлі өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, тығыз да теп – тегіс аппақ қағазға айналады.
Қағаз тұңғыш рет 2-ғасырда Қытайда жасалды, Еуропада 11 – 12-ғасырларда пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендірпайдаланылды. Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:
Баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді. 
Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді. 
Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш-орамдық, т.б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады. 
Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді. 
Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады.
Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады. 
Орамдық қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады.
Өнеркәсіптік-техникалық қағаз патрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау



Қазіргі заманда қағазды қарағай немесе емен ағаштарынан жасау көп белең алған. Фабрикаға осы ағаштарды кесіп әкелген соң, оларды сыртқы қабықтарынан тазартып, қырады.



Содан соң, арнайы үгіткіш машина арқылы өңделген діңдерді үгітіп, ұсақтайды. Діңдер керекті деңгейде үгітілген соң, оны електен өткізіп, көлеміне қарай үгінділерді бөледі. Осылайша өңделген шикізатты арнайы қазанға салып, қайнатады. Қайнау үстінде қазанға арнайы қышқыл қосылуы керек. 



Пайда болған ақшыл ботқаны арнайы машиналар арқылы лента күйіне түсіреді. Осылайша бірнеше рет өңделіп пайда болған лента таспаларға оралып, оларды қиып, дәптер күйіне түсіру үшін типографияға жібереді. 



Қағаздар типографияда арнайы қайшылар арқылы қиылып, бізге жол тартады.




Ой қозғау

Жұмбақ шешу
1.Жарқылдаған қос қылыш.
Қолға тисе жоқ тыныш. (Қайшы)
2.Бас екеу,
Аяғы да екеу. (Қайшы)

Қауіпсіздік ережесі

1.Қайшыны лақтырма, сермеме. Қайшының ашасын ашық тастама. 
2. Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой. 
3. Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер. 
4. Желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсе. 
5. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе. 
6. Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу. 

Практикалық жұмыс

Қатырам қағаздан апликация жұмысын орындау

Сергіту сәті

Топ-топ әнімен қимыл қозғалысын жасау

Ой толғаныс

Сұрақ-жауап

Үйге тапсырма беру.

Сәндік апликация түрін тақырыпқа сай орындау

Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап,жасаған жұмыстарын бағалау.

Рефлекция

«Не үйрендім»?» «Не білдік»? Смайликтер жапсыру


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет