Хаттама №2 «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде 5 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті. 25. 12. 2014 ж. Жалпы оқушы саны – 24 Қатысқаны – 13 ата-ана Күн тәртібінде



Дата01.07.2016
өлшемі35.5 Kb.
#169595
№9 орта мектеп

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Сынып: 5 «Ә»

Сынып жетекшісі: Кункенова Ж. А.

Қостанай 2014

Хаттама № 2

 

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде 5 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті.



25.12.2014 ж.

Жалпы оқушы саны – 24

Қатысқаны – 13 ата-ана

Күн тәртібінде:


  1. Оқушылардың ІI тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.

  2. Балалардың жетістіктері туралы ата-аналарға хабарлау.

  3. «Қауіпсіздік ережелері» туралы.

  4. Мектеп психологы Тлебаева Дананың баяндамасы

  5. Әр түрлі сұрақтар

Тыңдалды:

       1 сұрақ бойынша  сынып жетекші Жанар Амангельдиновна сөз сөйледі. Оқушылардың 2-тоқсан бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан «қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Ата- аналар жиналысына шақырылған пән мұғалімдері Жунусова А. Е., Жумалдина Д. Б. оқушылар туралы айтты.

2 сұрақ бойынша сынып жетекші оқушылардың жетістіктері туралы айтты. «Ақ Бота» олимпиадасына қатысқаны туралы, 1 орынға ие болған оқушылар тізімі айтылды. КВН ойынында келесі турға жолдама алғаны туралы айтылды. Қазақ тілі және әдебиет, математика, физика, информатика пәндері апталығында белсенді қатысқан оқушылар туралы айтылды.

   3 сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата-аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата-аналарға үгіт-насихат жұмыстар жүргізіп, қол қойғызды.

4 сұрақ бойынша мектеп психологы Тлебаева Дана суицид туралы баяндама оқыды.

Жиналыс қаулы етеді:


  1. 3 тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру.

  2. Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.

  3. Сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуін сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, ата-аналар бірлесіп жұмыс жасау.

  4. Оқушылардың тәртібіне және күнделіктеріне назар аудару.

  5. Кабинетке тақырыптық стенд жасау.

Ата-аналар комитетінің

төрайымы: Оспанова Роза Жалгасбековна

     


Хатшы:   Кункенова Жанар Амангельдиновна                                              

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет