Ххі ғасырдағы мектеп қандай болуы тиіс?



Дата27.09.2023
өлшемі16.23 Kb.
#478868
оқушы эссесі


Эссе
ХХІ ғасырдағы мектеп қандай болуы тиіс?
Кез келген мектеп оқушысының арманы- ХХІ ғасыр – технологиялар заманында, заманауи талаптарға сай мектепте білім алу. Мен де сол арманшыл оқушылардың қатарынанмын. Мен армандаған жаңашыл мектеп қандай болуы керек?
Сонымен, менің арманымдағы мектеп үш қабатты, өте кең, сыныптары жарық, соңғы техникамен жабдықталған болғанын қалар едім. Мектеп дәліздері де кең әрі ұзын болғанын қалаймын. Арманымдағы мектептің бірінші қабатында тренажерлармен жабдықталған үлкен спорт залы мен бассей және түрлі жиын өткізетін, әр түрлі музыкалық аспаптармен жабдықталған акт залы болады. Сонымен қатар, бірінші қабатта кітапхана болады. Кітапхана екі бөлімнен тұрып, бірінде орындықтардың орнына ыңғайлы креслолар мен түрлі жанрдағы кітаптар болса, екінші бөлімінде жылдам Интернет желісіне қосылған заманауи компьютер мен қажетті қазғаздарды шығарып, көшірме түсіріп алатын көпфункционалды құрылғылар, сөрелерде қажетті кеңсе тауарлары ұсынылады..
Екінші және үшінші қабатта оқу сыныптары орналасады. Әрбір сыныпта интербелсенді тақта, маркермен жазатын тақта, әрбір оқушының өзінің жеке үстелі болады.
Тегін асхана екінші қабатта орналасады. Онда күнделікті дәмді тағамдар әзірленіп, барлық оқушылар тегін тамақтанатын болады.
Тағы бір арманым – әрбір оқушының жеке заттарын сақтау үшін кішкене шкафы болса. Үй тапсырмасы мектепте жасалып, сабақ сағат үште аяқталатын болады.Қиялдай берсем, жазарға бет жетпес. Менің арманымдағы мектепті жұмысқа қосу аса бір қиын дүние емес. Біз білім алып жатқан Қарабұлақ орта мектеп- бақшасы да жылдан жылға жағалықтарға толығып, мен армандаған мектепке айналары сөзсіз.

6 А сынып оқушысы Еркінбекова Меруерт


.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет