Жоспары:
1.Мектеп – жас ұрпаққа білім нәрі мен өнегелі тәрбие сіңдіретін орта.
2.Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтерудің жұмыс түрлері және нәтижесі.
3.Жаңа тұрпатты педагогты қалыптастыру жүйесінің белгіленген сатылары.
Лекция мақсаты: студенттерді 12-жылдық білім берудегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне қойылатын талап тар таныстыру
Лекция мәтіні (қысқаша):
"Сен ешбір жаңа нәрсе менгермеген және
өзіңнің біліміңе ештене коспаған осынау
күнді немесе сағатты бакытсыз сана".
Я.А.Коменский
1.Мектеп – жас ұрпаққа білім нәрі мен өнегелі тәрбие сіңдіретін орта.
Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артты: адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеледі. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерде оқушыларға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқыту; оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын түбірімен жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыл енгізуді жүзеге асыруды талап етеді.
Адам өмірінің алтын бесігі – мектеп, ол халқымыздың ата-бабамыздан қалыптасқан ізгі адами қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. Заңғар жазушы М.Әуезов «Халықты халықпен теңестіретін – білім» деп атап көрсеткендей, қай елдің болсын өркендеп өсіп-өнуі сол елдің білім деңгейімен даму жүйесіне байланысты. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, оның нәрін бойына сіңірген ұрпақ елімізді гүлдендіріп, болашағымызды дамыта алады. Ал сол білімді шәкірт санасына себуші – ұстаз. Ендеше, мұғалімдер жаңалықтардан қалмай жасы мен қызметіне қарамай, үнемі білім алып, ақпараттық дәуірдің белсенді мүшесі болуы керек. Бұл орайда мемлекетіміздің білім беру жүйесін модернизациялаудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында "Орта білім берудің мақсаты: жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы осы саланы модернизациялаудың ұзақ мерзімді бағдарламасы болса, Қазақстан Республикасында 12-жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы қазақстандық білім беруді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатындағы стратегиялық бағыттардың бірі ретінде 12-жылдық білім беруге көшуді ұсынады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында негізгі басымдықтар ретінде нәтижеге бағытталған білім беру көзделіп, оның негізгі көрсеткіші ретінде кұзырлық ұстанымдарына көшу бағыттары анықталған. Бұл дегеніміз: оқу үрдісінде баланың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы оның жеке тұлға ретінде жан-жақты үйлесімді дамуына өз пікірі мен ойын ашық жеткізе білуіне, шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ете отырып, өзгермелі даму үстіндегі қоғамға бейімді жаңа буын тәрбиелеу.
12-жылдық білім беруге көшу - бұл барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол "жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзыретті тұлғаны қалыптастыруды және дамьпуды" алдын ала болжайды.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқьпудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек», - деп көрсетті.
Қоғам сұранысынан туындап отырған осындай талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12-жылдық білім беруге көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.
XXI ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12-жылдық білім беру жүйесінің енгізілуі қазіргі таңда уақыт талабы болып отырғаны бізге мәлім. «Мектеп -білім беру жүйесінің ядросы» сапалы да саналы білім кеңістігіне сәйкес білім беру мақсатында 12-жылдық білім жүйесіне ұзарту - таза психологиялық, физиологиялық және ғылыми жағынан құптауға болады. Әрине кез-келген мәселенің қабылдануы, оны сезініп пайдалануы, содан кейін оның мойындап іске асуы бір-бір сәтте орындалмайды, ол бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ процесс. 12-жылдық білімді шәкірт бойына жеткізу үшін ұстаздар қауымына: "Өзің дайынсың ба?"- деген сауал туындайды. Мен өзіме-өзім сондай сұрақты қайта-қайта қойып жүрмін. Ал, осы сұракка "Өз білімінді жетілдір, уақытыңды ұт, ақпаратқа көңіл бөл, шақырып отырған орталықтарға (конференция, семинар т.б.) жүйелі қатысып отыр", - деп жауап бергім келеді.
2.Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтерудің жұмыс түрлері және нәтижесі.
Бүгінгі мектеп өмірі мен оның рухани байлығы тұтасынан алғанда мұғалімге, онын енбегі мен ізденісіне, білімі мен қабілетіне, жаңалыққа, көзқарасына тікелей байланысты. Өзінің табиғатына қарай мұғалім еңбегі шығармашылық сипатқа ие. Ұстаз шығармашылығы - бұл белсенді еңбек үрдісі. Ұдайы ізденіс, зерттеу, өз жұмысына ғылым жаңалықтары мен озат тәжірибенің ұсыныстарын тиімді пайдалана білуі - оның айқын белгісі. Егер мұғалім жаналықты қабылдай алмаса, онда жұмысы нәтижесіз болмақ.
Оқу-тәрбие жұмысының сапасын көтеру үшін мұғалім пайдаланатын сан алуан әдіс-тәсілдер мен өмірде сыналған озық тәжірибелер бар. Педагогикалық жаңалықты, өзара тәжірибені өз іс-тәжірибесінде пайдалану үшін мұғалімдер алдымен оны игеру жолдарын білу» қажет. Олардың арасынан ең тиімдісін тандай білу - мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы шығармашылық еңбегінің жемісі, ізденісі, кәсіби шеберлігі.
12-жылдық білім беруде оқу жүктемесін жеңілдетіп, оқушының бос уақытын жеке қабілеті мен ізденушілігін тудыруға мүмкіндік жасау көзделеді. Жеке тұлғаға бағдарланған білім беру жүйесінде окушы субъект ретінде қабылданатын болғандықтан, әрбір окушының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп, оның дамуына жағдай жасалады. Бұл білім беру парадигмасының пәндік білім беруден тұлғалық бағдарлық бағытқа көшуінен туындап отыр. Ондай жағдайда мұғалімнің рөлі білім беру, біліктіліктер мен дағдыларды сіңіруде ғана емес оқушы өзінің жеке әлеуетіне сүйенетін және оқытудың жаңа технологиясын пайдалану жағына көңіл бөлу керектігін көрсетеді.
Мұғалім өзінің шеберлігімен педагогикалық үрдісті шығармашылықпен түрлендіреді. Жеке тұлғаға бағдарланған оқытуды ұйымдастыру мұғалімдерден төмендегідей міндеттерді іске асыруын көздейді:
- білім берудің басты міндеттерін шешуді, ягни онын әдістерін, тәсілдерін өзінің іс-
әрекетін шығармашылықпен ұйымдастыруы;
- жекелеген пәндер ізденімпаздық, шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыра білуі.
Осы міндеттерді жүзеге асыру мұғалімнің біліктілігін, кәсіби шеберлігін қажет етеді.
«Біліктілік» деп қандайда бір енбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы керек. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
-
Мұғалімнің кәсіптік жұмысынын мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұскауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.
-
Білім беру аясында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады.
-
Қызметтік (мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).
-
Мазмұндық (әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу.)
-
Басқарушылық (талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу.)
«Мұғалім - өзі де оқуы керек...», - деп П.Ф.Каптеров айтқандай, осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі. Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педогогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады.
Елбасы атап көрсеткеніндей «Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мүғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана коймай, сонымен бірге, ең бастысы - оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек». Мұғалім - біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында.
3.Жаңа тұрпатты педагогты қалыптастыру жүйесінің белгіленген сатылары.
Педагогтардың кәсіби-педагогикалық икемділіктерін қалыптастыру, жетілдіру жұмысына сапалық серпіліс жасауға, оған шын мәнінде үздіксіз, біртұтастық сипат беруге, мектептен бастап, білім беру мекемелерінің, арнаулы, жоғары білім беретін оқу орындарының бірігіп ғылыми-практикалық және әдістемелік тұрғыда жұмыс жасауын қолға алуға, яғни үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің біртұтастық, бірізділік, икемді, динамикалық, т.б. қасиеттерге ие интегративті сапасын өмірде пайдалануға баса назар аудару бүгінгі күн талабы болып отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі" тұжырымдамасында анықталған негізгі бағыттарды басшылыққа ала отырып, жаңа тұрпатты педагогті қалыптастыру жүйесінің белгіленген 5 сатысынын сапасын жақсарту ең басты мәселе болып табылады.
Соның ішіндегі бірінші сатысы - жоғары оқу орнына дейінгі кәсіби бағдар беретін бейінді оқу, яғни бұл мұғалім мамандығына кәсіби бағдар беру сатысы. Болашақ барлық маман өз бастауын мектептен алады. Бірақ солай бола тұра, сол мыңдаған жеткіншек арасынан мектеп өзіне қажетті, болашақта сапалы педагог бола алатын тұлғаны таңдап, кәсіби бағдарлауға мән бермесе, мұғалім мамандығынан басқа мамандыққа беріле бермейтін зор мүмкіндіктерін қолдана алмаушылық болады. Еліміздің бәсекеге қабілеттілігі білімді, білікті жастарына, оларды оқытатын мұғалімдерге байланысты десек, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің бірінші сатысы мектептен басталуы қажет.
Екінші саты - педагогикалық колледж, үшінші саты - бакалавриат дайындайтын педагогикалық институт, төртінші саты - магистратура, докторантура. Ал бесінші саты -педагогикалык кадрлардың біліктілігін көтеру. Қазіргі заманғы біліктіліктің өзіне тән сипаты оның динамизмі болып табылады. Бір жолғы алынған біліктілік кәсіптік білімдер мен машықтардың қайсыбір тұрақты жиынтығы деуге болмайды, ол жаңа технологиялардың дамуына орай үнемі жаңартылып отыруға тиіс.
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру жұмыс түрлері ретінде жас маман мектебі; жетістікке бағыттау мектебі (санатсыз мұғалімдерге); педагогикалық клуб(екінші санатты мұғалімдерге); жетекшілер мектебі (жоғары, 1 санатты педагогтарға, тәлімгерлер, ӘБ жетекшілері); әдістемелік бірлестіктер; жетістіктер және жобалар фестивалі; ғылыми-практикалық конференциялар; кәсіби сайыстар сияқты шараларды атауға болады.
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру жұмысының нәтижесі: мұғалімнің өз білімін жетілдіруі арқылы инновациялық шығармашылық тұрғыдан ойлауы, алға қойған міндеттерді өз бетінше шеше алуы, оларға кәсіби іс-әрекетінің қоғамдық қажеттілігін сезіне отырып, нәтижеге жету жауапкершілігі артады.
Сонымен, бүгінгі таңда Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің даму векторын біліктілік педагогикасы арнасына ауыстыру үшін ҚР-да негізі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер ұлттык білім берудің даму бағыттылығын елдің шын мәніндегі жаһандануға, еуропалық кеңістікке, білім беруге біліктілік парадигмасын енгізу үрдістеріне шоғырлануын қамтамасыз етеді.
Бақылау сұрақтары:
1.Мектеп – жас ұрпаққа білім нәрі мен өнегелі тәрбие сіңдіретін орта
2.Жаңа тұрпатты педагогты қалыптастыру жүйесінің белгіленген сатылары.
3.Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтерудің жұмыс түрлері және нәтижесі.
Лекция №12
Достарыңызбен бөлісу: |